Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


II ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет102/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

II ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАР 
 
1.1 Синтаксис ғылымы туралы түсінік және синтаксис 
саласының зерттелуі 
 
Синтаксис  ғылымы  –  жоғары  оқу  орындарында  филология 
мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі қазақ тіл білімі саласының 
бірі. «Қазіргі қазақ  тілінің» сөз тіркесі  және жай  сөйлем синтаксисі» 
ғылымы  -  сөзтұлғалардың  бір-бірімен  байланысу  амалдарын,  сөз 
тіркесі мен сөйлемді, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі 
бірліктерге  бірігу  тәсілдерін,  ондағы  жеке  сөйлемдердің  бір-бірімен 
қарым-қатынасын,  оның  тарихы  мен  нақты  теориясын  оқытады. 
Синтаксис  ғылымы  сөйлемнің,  сөз  тіркесінің,  мәтіннің  құрылысын 
зерттейтін  ғылым.  Ол  гректің  sintaxis  деген  сөзінің  негізінде  пайда 
болған  «құрау»,  «құрастыру»  деген  мағынадағы  лингвистикалық 
термин. Басқа ғылым салаларында қолданылмайды.  
Синтаксис саласы тіл білімі салаларының негізгі құрамдас бөлігі 
болып  табылады.  Оқу  құралының  мақсаты  теориялық  білімді 
жетілдіріп,  оны    тәжірибелік  тұрғыдан  пайдалана  білу.  Синтаксистік  
бірліктерді танып, оның орнын, ерекшелігін игеру. Демек, синтаксис 
заңдылықтарын  меңгерген  адам  ақпарат  құралдары  үшін  жақсы 
маман, қазақ тілін жеткізуші мұғалім мамандығын иеленеді. 
Синтаксис  термині  екі  мағынада  жұмсалады:  біреуі  сөйлеудің 
(высказывание)  құрылысы,  жүйесі  мағынасында,  екіншісі  -  тіл 
ғылымының (грамматиканың) бір саласы атауы мағынасында.  
Синтаксис ғылымы бірнеше салаға бөлінеді 
1. Сөзтұлға синтаксисі. 
2. Сөз тіркесі синтаксисі. 
3. Сөйлем синтаксисі. 
4. Мәтін синтаксисі. 
Қазақ  тіл  білімінің  ұлттық  тіл  негізінде  лингвистермен  зерттеле 
бастауы  Қазан  революциясына  дейін  қозғалып,  әсіресе,  одан  кейін 
түбегейлі  қолға  алынды.  Біз  көп  уақытқа  дейін  қазақ  тіл  білімінің 
зерттелуін  Қазақ  революциясынан  кейінгі  уақытпен  есептеп  келдік. 
1990 жылдарға дейінгі тұжырымдар осындай бағытта өрбігендігі рас. 


 
156 
Мұның өзі қазақ ғалымдарының 1932-1937 жылдар аясындағы тарихи 
қыспағының көрінісі деп білу керек. А.Байтұрсыновтың бір ғана «Тіл 
–  құрал»  еңбегі  қазақ  тіл  білімі  зерттелуінің  (фонетика,  лексика, 
морфология,  синтаксис)  Қазан  революциясынан  бұрын  екендігін 
көрсетті. 
Осы 
кез 
өкілдері 
Н.С.Жетпісбаев, 
М.Бегімов, 
М.Н.Бектеміров,Т.Шонанов,  М.Жұмабаев,  Т.Ахметов,  Ж.Барықұлы, 
Н.Төреқұлов, 
К.Төлебаев, 
Д.Арыстанұлы, 
Н.Залиұлы, 
К.Әлімұлы,Қ.Кемеңгеров  сынды  ғалымдардың  ақталуы  олардың 
еңбектерінің  жарық  көруіне  себеп  болды.  Бұл  зерттеушілер 
еңбектерінің  қазақ  тіл  білімі  үшін  белгісіз  жылдар  мерзімін  нақты 
толықтыратын  және  қазіргі  зерттеушілерімізге  басшылық  болғаны 
айқын. 
1930  жылдар  шамасында  қазақ  тіл  білімінің  әрбір  саласының 
дербес 
зерттелуіне 
Ж.Досқараев, 
Г.Б.Бегалиев, 
Х.Басымов, 
Ә.Ермеков,  Ш.Сарыбаев,  І.Кеңесбаев,  Н.Сауранбаев,  М.Балақаев, 
С.Аманжолов,  Ғ.Мұсабаев,  А.Ысқақов,  Т.Қордабаев,  И.Маманов 
сынды  ғалымдар  үлкен  еңбек  етті.  Аталған  ғалымдар  есімі  қазақ 
тілінің  әр  саласынан  оқулықтардың    жазылуына  мүмкіншіліктер 
туғызды.  Осы  негізде  жоғары  оқу  орындарының  ғылыми-
шығармашылық  деңгейі  өсті.  Осы  ғалымдардың  бағыты  арқасында 
тілімізге 
жаңа 
буын 
өкілдері 
келді: 
Ә.Қайдари, 
Р.Сыздық,В.А.Исенғалиева,К.Аханов,Ш.Сарыбаев,Ә.Әбдірахманов, 
Ә.Құрышжанов,  А.Қалыбаева,  Ж.Аралбаев,  Ә.Нұрмаханова,  Р.Әмір, 
Қ.Есенов,  К.Мұсаев,  Н.Оралбаева,  А.Жанұзақов,  М.Томанов, 
Ә.Болғанбаев, Ә.Хасенов, А.Төлеуов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев. Онан 
кейінгі  уақытта  Ө.Айтбаев,  М.Серғалиев,  Н.Демесінова,  Ә.Ибатов, 
Б.Хасанов,  Ә.Әбілақов,  М.Оразов,  Б.Сағындықов,  Ә.Нұрмағанбетов, 
С.Омарбеков,  Б.Қалиев,  Е.Жанпейісов,  Т.Қоңыров,  Ш.Бектұров, 
Б.Әбілқасымов,  Т.Сайрамбаев,  С.Исаев,  А.Аманжолов,  Х.Арғынов, 
О.Бүркіт, Ғ.Айдаров т.б. ғалымдарымыз өз үлестерін қосты.   
Қазақ  тіл  білімі  өкілдері  қатарында  Н.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев, 
Ә.Қайдари,  Р.Сыздық,  Ө.Айтбаев,  Ш.Сарыбаев,  М.Серғалиев  сияқты 
академиктер,  С.Аманжолов,  М.Балақаев,  Ғ.Мұсабаев,  К.Аханов 
сияқты мүше-корреспонденттер  бар.   
Қазақ тіл білімінің  синтаксис  ғылымы  және   оның объектілері 
туралы    әр  түрлі  пікірлер  орын  алып  келді.  1940  жылға  дейінгі 
еңбектерде  синтаксистің  объектісі  ретінде  тек  сөйлем  ғана  алынса, 
1950  жылдар  шамасында  сөз  тіркесі  синтаксисі,  ал  1980  жылдардан 
кейін  күрделенген  сөйлемдер  мен  күрделі  синтаксистік  тұтастық, 
тіпті  функционалдылық  мәселесі  енгізілді.  Т.Қордабаев,  Қ.Есеновтің 
құрмалас  сөйлем  мәселесіне,  Х.Арғынов,  Р.Әмір,  Ә.Хасенов, 
А.Әбілқаев,  О.Төлегенов,  М.Томанов,  Ә.Әбілақов,  Н.Демесінова, 


 
157 
Р.Әміров,  Т.Сайрамбаев,  М.Серғалиев  сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем 
синтаксисіне  кеңінен назар аударды. Бұл еңбектер қазақ тілінің 1970-
80  жылдар  ішінде  жан-жақты  зерделеніп,  жанрлық  түрленуі  мен 
қоғамдық қызметінің өскенін көрсетті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет