154
(немесе кіші мән - мәтіннің) пропозициялық мазмұнына үңілу қажет.
Осындағы қою әріппен берген
ал сөзі сөйленімнің негізгі модальдік
мағынасын беріп тұр. Тілдік модальділік жайлы сөз болғанда, ең
алдымен, осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай
категориясының маңыздылығы айтылады. Рай категориясы әлемнің
көптеген тілдерінде модальділік функционалды–семантикалық
тұтастығының парадигмаға түскен морфологиялық көрсеткіші
есебінде түсіндіріледі. Қазақ тіл білімінің негізін салушы
А.Байтұрсынұлы етістік райының он бес түрін көрсетеді: тұйық,
билік, ашық, шарты, ереуіл, реніш, қалау, сенімді, сенімсіз, болжал,
мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс. Біздің ойымызша, ғалым жекелеген
модальділік мағыналарды реңктеріне қарай жіктеп, оларды рай
категориясы ретінде қарастырған. Біз ғалымның рай түрлерін
көрсетуге негізінен олардың мазмұнына көңіл аударғанын аңғарамыз.
Ал мұның өзі
функционалды грамматиканың негізгі зерттеу әдісінің
бірі болып табылады. Модальділік мағыналарды білдіруде рай
категориясымен қатар модаль сөздер де ерекше қызмет атқарады.
Е.Жанпейісов қазақ тіліндегі, тіпті тіл білімінде модаль сөздердің
тілдік
табиғатына
арнаған
кандидаттық
диссертациясында
баяндаудың қайдан, кімнен алынғанын көрсетеді. Қуанышты, ренішті
және жеке сөйленімдердің арасындағы қатынасты білдіретін
(ақырында, қысқаша) тілдік фактілерге әңгімелесушісінің назарын
аудару үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері (естіген
боларсыз, байқайсыз ба) сөйлеушінің баяндауға қатынасын
білдірмейді деп есептейді. Бұл еңбек түркі тіл білімінде рай
категориясына, модальділікке арналған еңбектердің бастауы болды
десек артық айтқандық емес. С.Исаевтың еңбегінде алғаш рет модаль
сөздер сөз табы ретінде көрсетілсе, 2002 жылы шыққан «Қазақ
грамматикасында» оған толық түсінік берілген.
Достарыңызбен бөлісу: