Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет13/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196
(М.Әуезов).  Дәрменнің  өзгеше  мұңмен  аса  сезімтал  ажар  беріп 
айтқан әні амандық (амандықта), бейбітшілікте айтылатын сауық 
(сауықтың) әні тәрізді емес (М.Әуезов). Асқар төбе, ел (елге) кеттік 
(Ж.Жабаев).  Бұл  келтірілген  мысалдарда  барлық  септіктің 
қосымшасыз  формалары  қолданылған,  олардың  ауыстыруға  болатын 
қосымшалы  формалары  жақшаның  ішінде  беріледі.  Септіктердің 
қосымшалары  бола  тұра,  оның  сөйлемдерде  сөзге  бірде  жалғанып, 
бірде  жалғанбауы  туралы  түркологияда  түрлі  теориялар  бар.  Олар 
негізінен  мағыналық  ерекшелікке  байланысты,  мысалы,  мағынаның 
белгілілік, белгісіздігі, заттың белгісін білдіретін сөзге айналу, кейде 
сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы байланысуы да көрсетіледі. Әр 
зерттеуші өз теориясын аталған белгілердің біреуіне сүйеніп құрады. 
Түркі  тілдерінде  қосымшалы,  қосымшасыз  формалардың 
қалыптасу  сырын  ашу  қиын  және  оның  бір  ғана  себепке  негізделуі 
мүмкін емес, оған әкелген жол да, оның себебі де өте көп болуға тиіс. 
Оған бірнеше мысал келтірейік. 
1.  Астындағы  бөдес  қоңыр  құнанның  омырауы,  құлағы,  көзіне 
шейін тер басқан (М. Әуезов). Бұл сөйлемдегі үш бірыңғай мүшенің 
алдыңғы  екеуі  барыс  септіктің  нөлдік  формасында  тұр.  Осы 
сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысын  жіктеу,  даралауға  мән 
бермей,  олар  бірлікте  алынған,  сондықтан  оның  бәрінде  айтылуға 
тиісті барыс септік жалғауы мен шылау ең соңғы бірыңғай мүшемен 
берілген, бұл олардың тұтас топ ретінде алынғанын байқатады. 
Бұны  «мен»  шылауының  қолданылуы  анығырақ  дәлелдейді.  Бұл 
шылаудың байланыстыру, жақындастыру үшін қолданылатынын еске 
алсақ, онда ол арқылы байланысқан бірыңғай мүшенің алдыңғысына 
еш  уақытта  септік  жалғауы  жалғанбауын  түсіну  қиын  емес.  Ол 
арқылы байланысқан екі бірыңғай мүше тұтастық, бірлікте түсініліп, 


 
27 
септік  жалғауы  ол  тұтас  топтың  соңынан  ғана  жалғанады.  Мысалы: 
Үлкен үй мен отауға ғана бөліп қой (М.Әуезов).  
Бірыңғай  мүшелердің  алғашқыларының  септік  жалғауынсыз, 
қосымшасыз формасында қолданылуында тұтастық, бірлік мәні күшті 
болуын  төмендегі  мысал  да  дәлелдей  түседі.  Мысалы:  Тәкежан, 
Майбасар, Ысқақтармен ақылдасып, Шұбар жаңа сайлау алдында ел 
аңғарын  түймек  болған  (М.  Әуезов).  Осы  сөйлемдегі  бірыңғай 
мүшелердің  бәрінің  жекеше  мәні  түсінікті,  бірақ  соңғы  бірыңғай 
мүшеде  көптік  жалғауы  бар,  оның  қолданылуы  да  осы  адамдардың 
рухани  жақындығына,  тұтастығына,  бірлігіне  негізделіп,  соны 
аңғартудың  бір  тәсілі  ретінде  алынып,  септік  жалғауы  да  осы 
тұтастықтың  жалпы  тұлғасы  ретінде  соңғысына  жалғанған. 
Керісінше, әр ойды даралап, нықтап, әрқайсысына мән берілсе, септік 
жалғаулары  түспей,  сөйлемде  септіктің  қосымшалы  формасы 
қолданылады.  Мысалы:  Балаға  да, малшы  –  жалшыға  да  құрық  бар 
(М.Әуезов).  «Да»  шылауы  «мен»  шылауына  қарама–қарсы,  мұның 
бөлу,  даралау  мәні  күшті,  міне,  сондықтан  ол  қолданылған  жерде, 
септік  жалғауы  түспейді,  өйткені  онда  әр  сөздің  мәнін  нығарлау 
күшті, әрқайсысына көңіл бөлінеді. 
Бірыңғай  мүшелердің  сөйлемде  бір–бірінен  арасына  сөз  түсу 
арқылы  алшақтауы  да,  олар  үнемі  қосымшалы  формада  тұрады. 
Мысалы: Менің тілеулестігімді, бауырлық қуанышымды алдынан ала 
барыңдар (М.Әуезов).  
Бірыңғай мүшелердің әр сөзіне көңіл бөлу, оларды даралап, оның 
әрқайсысының  мағынасына  назар  аудару  әр  мүшенің  тек  қана 
септіктің қосымшалы формасында берілуі арқылы көрінеді. Мысалы: 
Парашылды, зорлықшылды, қиянатшылды таңбала, - деді (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет