Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет11/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196
Тәуелдік  категориясы  және  тәуелдік  жалғау.  Зат  есімге  тән 
категориялардың бірі – тәуелділік. Тәуелділік категориясы деп белгілі 
бір  заттың  тәуелділігін  білдіретін  грамматикалық  категорияны 
айтамыз. 


 
22 
Қазақ  тілінде  тәуелдік  категориясы  үш  түрлі  тәсіл  арқылы 
беріледі: 
1.  Аналитикалық тәсіл арқылы
2.  Аралас тәсіл арқылы (морфология-синтаксис) 
3.  Синтетикалық тәсіл арқылы. 
Синтаксистік,  яғни  аналитикалық  тәсіл  сөздердің  тіркесінен  біз, 
сіз  ілік  септігіндегі  есімдіктер  мен  түбір  күйінде  тіркескен,  яғни 
анықтауыш  пен  анықталушы  мүшелер  тізбегі  арқылы  жүзеге  асқан 
амалдың  түрі.  Мысалы,  біздің  көше,  сіздің  аудан  (сіздің  аудан  биыл 
өзгеріпті).  
Ал тек есімдік қана емес, басқа да сөз таптарының ілік септігінде 
келіп  (анықтауыштың),  анықталушы  сөз  тәуелдік  жалғауда  келсе, 
яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тәсілдердің қабаттаса келуі 
аралас  (морфосинтаксистік)  тәсілге  жатады:  ауылдың  малы,  көлдің 
балығы т.б.  
Морфологиялық  тәсіл  нәтижесінде  жасалынатын  тәуелдеу 
категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен 
-ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің)  жалғауы арқылы туады.  
Ал  заттың  екінші  бір  затқа  тәуелді  екенін  білдіретін  қосымша 
категория  тәуелдік  жалғау  болып  табылады.  Мысалы:  бесеуі, 
жаманы, үлкені, сынғаны, ертеңі т.б. Әдетте, тәуелдік жалғауы өзінің 
тіркесетін  алдыңғы  сөздің  ілік  септігінде  (жіктеу  есімдіктерінің) 
тұруын  талап  еткендіктен  де,  олардың  жақ  жалғаулары  жіктеу 
есімдіктерінің  жақ  жалғауларына  сәйкес  келіп  отырады:  менің  үйім, 
сенің  үйің,  сіздің  үйіңіз,  оның  үйі.  Сонда  тәуелдік  жалғаудың  жақ 
көрсеткіштері мына секілді болады: І -м, ІІ -ң (-ңыз, -ңіз), ІІІ –сы, -сі; 
дауыссыз болса түбір: І –ым, -ім, ІІ –ың, -ің (-ыңыз, -іңіз), ІІІ –ы, -і.   
Тіліміздегі сөздер байланысы жалғаулар арқылы жүзеге асатыны 
белгілі.  Осындай  жалғаулардың  бірі  –  септік  жалғаулары.  Бұлардың 
жекеше,  көпше  формалары  бар.  Тілімізде  септіктің  жеті  формасы 
(атау-көмектес), алты  түрлі жалғауы бар.  
1.  Атау  септік.  Атау  септігінің  жай  және  тәуелді  формасы  бар. 
Ол  мына  секілді  сұраққа  жауап  береді:  кім?,  не?,  кімдер?,  нелер?, 
кімім?,  кімің?,  кіміңіз?,  кімі?,  нем?,  нең?,  несі?.  Атау  септігі  басқа 
септіктерге негіз болатындықтан оны негізгі септік деп атайды. Атау 
септігіндегі  сөздер  мына  секілді  септік  шылауларымен  де  жұмсала 
береді: үшін, арқылы, сияқты, туралы, секілді, тәрізді, іспетті, сайын, 
жөнінде, бойы, құрлым, түгіл т.б. (мен түгіл т.б.).  
2.  Ілік  септік.  Ілік  септігі  кімнің?,  ненің?,  кіміңнің?,  неміңнің?, 
кіміңіздің?,  кімінің?,  немнің?,  неңнің?,  неңіздің?,  несінің?  деген 
сұраққа 
жауап 
беріп, 
негізінен 
меншіктілік 
мағынада 
жұмсалатындықтан, мына секілді жалғаулары бар:  -дың, -дің, -ның, -


 
23 
нің,  -тың,  -тің,  жалғаулардың  бұлайша  түрленуі  үндестік  және 
сингарманизм  заңына  байланысты:  ауылдың  малы  –  ауыл  малы, 
көшенің бірі. 
3.  Барыс  септік.  Барыс  септіктегі  сөз  етістікпен  тікелей  немесе 
жанама байланыса отырып, негізінен толықтауыш кейде пысықтауыш 
та  бола  алады.  Ол  кімге?,  неге?,  қайда?,  кіміме?,  кіміңе?,  кіміңізге?, 
кіміне?,  неме?,  неңе?,  неңізге?,  несіне?  деген  сұрақтарға  жауап  бере 
отырып, мына секілді жалғауларды қабылдайды: -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -
е, -на, -не: Біздер үйге қайттық   (–ге барыс септік жалғауы).  
Барыс  септігі  мына  секілді  шылаулармен  тіркеседі  (меңгереді): 
дейін,  шейін,  қарай,  қарап,  тарта,  таяу,  жуық,  жақын,  қарсы, 
байланысты, орай, бола т.б.  
4.  Табыс  септік.  Сөйлемде  тура  толықтауыш  болатын  табыс 
септігі мына секілді сұрауларға жауап береді: кімді?, нені?, кімімді?, 
кіміңді?,  кіміңізді?,  кімін?,  немді?,  неңді?,  неңізді?  және  несін? 
Жалғаулары  мыналар:  -ды,  -ді,  -ты,  -ті,  -ны,  -ні,  -н.  Табыс  септік 
жалғауы  сөйлемде  ашық  не  жасырын  келе  береді:  Түзетпек  едім 
заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып (Абай), Мал жер емеді, адам мал 
емеді. Кейде жалғаусыз келген табыс септікті сөз көмекші сөздермен 
тіркескенде күрделі мүше құрамына енеді: құлақ сал, көз тоқтат, тіл 
тигізбе  т.б.  
 5.  Жатыс  септігі.  Жатыс  септігі:  кімде?,  неде?,  қашан?, 
кімімде?  кіміңде?,  кіміңізде?  кімінде?,  немде?,  неңде?,  неңізде? 
несінде?,  қайда?  деген  сұрақтарға  жауап  беріп,  мына  секілді 
жалғауларды  қабылдайды:    -да,  -де,  та,  -те,  -нда,  -нде.  Осы 
жалғаулардың грамматикалық мағыналарына орай жатыс септікті сөз 
негізінен  мекендік  мағынада  қолданылғанымен,  кейде  мезгілді, 
көлемді  де  білдіре  алады  да  жанама  толықтауыш,  пысықтауыш,  ал 
кейде  баяндауыш  та  бола  алады.  Мысалы:  Берекелі  іс  –  бірлікте, 
еңбекте  (баяндауыш);  Ол  түнде  күзетке  шықты  (пысықтауыш); 
Сырдың бәрі сенде екенін кеш ұқтық  (толықтауыш) болып тұр.  
6. Шығыс септігі кімнен?, неден?, қайдан?, кімімнен?, кіміңнен?, 
кіміңізден?,  кімінен?  немнен?,  неңнен?,  неңізден?,  несінен?,  қайдан? 
деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Сонымен  қатар,  сингармонизм  мен 
үндестік заңына байланысты мына секілді жалғаулары бар: -дан, -ден, 
-тан, -тен, -нан,  -нен.  
Басқа септік секілді шығыс септігінің жалғауы кейде түсіріліп те 
айтыла береді: қыр асты, болған соң, келген соң т.б. Ал мына секілді 
үстеулер  құрамында:  ежелден,  бірден,  кенеттен,  лажсыздан, 
амалсыздан, етпетінен шығыс жалғауы көнеленіп кеткен.  
7.  Көмектес  септік.  Көмектес  септігі  кіммен?,  немен?,  қалай?, 
кіміммен?,  кіміңмен?,  кіміңізбен?,  кімімен?,  неммен?,  неңмен?, 


 
24 
несінен?  деген  сұрауларға  жауап  бере  отырып,  іс-амалдың  әр  түрлі 
күйлерін,  қалай  іске  асқанын  білдіреді.  Оның  мына  секілді 
жалғаулары  бар:  -мен,  -пен,  -бен,  -менен,  -бенен,  -пенен.  Көмектес 
септігінің басқа септіктерден бір ерекшелігі – жалғауы жіңішке түрде 
ғана  келеді  және  буын  үндестігіне  бағынбайды:    а)  көмектес  септігі 
бірге,  қатар  секілді  шылаулармен  тіркеседі:  менімен  бірге,  онымен 
қатар т.б.; ә) іс-әрекеттің қандай құралмен жүзеге асқанын көрсетеді: 
балтамен  шапты,  қысқышпен  суырды  т.б.;  б)  іс-әрекеттің  себебін 
білдіре алады: шақырумен келдік, телефон соғуымен барды т.б; в) іс-
әрекеттің  амалын  білдіреді:  салмақпен  сөйледі  т.б.;  г)  іс-әрекеттің 
бірлестігін  аңғартады:  онымен  келсең,  бәрі  ойдағыдай  болады;  ғ) 
мезгілдік мәнді де білдіре алады: күнімен, түнімен т.б.  
Көмектес  септігінің  жалғаулары  үстеу  құрамында  көнеленген 
форма ретінде де келеді: жөнімен, ретімен, кезекпен т.б.  
Жіктік  жалғаулары.  Қазақ  тілінде  жіктеу  категориясы  тек 
етістікке  тән  емес  баяндауыш  бола  алатын  барлық  сөз  таптарына 
қатысты  болып  келеді.  Жіктік  жалғаудың  бір  ерекшелігі  –  басқа 
жалғаулардай  емес,  жіктелетін  сөздерге  байланысты  төрт  түрлі 
үлгімен жалғанады. Үлгісі төмендегі кесте бойынша:  
Жақ  
І үлгі            ІІ үлгі        
ІІІ үлгі  ІVүлгі 
І мен  
ІІ сен  
    сіз  
ІІІ ол      
-мын  
-сың  
-сыз  

-мын 
-сың  
-сыз  
-ды     
-м  
-ң   
ңыз  

- айын    
-ыңыз  
-сын 
І біз  
ІІсендер  
  сіздер  
ІІІ олар  
-мыз  
сыңдар   
сыздар  
-   
-мыз  
сыңдар  
-сыздар  
-ды    
-қ  
-ңдар  
 ңыздар  
-  
-айық,  
-ыңдар  
-ыңыз   
-дар  
-сын 
 
Жіктік  жалғаудың  мына  сияқты  ықшамдалған  формасы  да 
кездеседі: -ған есімшесіне, -а, -е, -й көсемшеге байланысты: домбыра 
тартқам, мен келгем; күшің  кір-е-д, мен бар-а-м, бол–а –м т.б. Кейде 
жіктік жалғаулары түсіріліп айтылуы да мүмкін. 
Зат  есімдердің  барлығы  бірдей  жіктеле  бермейді.  Зат  есімдердің 
ішінде адамзат зат есімдері, мамандық атаулары, туыстық қатынасты 
білдіретін  атаулар  немесе  баяндауыш  қызметін  атқарып  тұрған  зат 
есімдер  ғана  жіктеледі.  Мысалы:  І  мен  дәрігермін,  ІІ  сен  дәрігерсің, 
сіз дәрігерсіз, ІІІ ол дәрігер т.б. 
 
 
 


 
25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет