21
6. Көптік жалғаулары орын, мекен атауларына жалғанып, сол
сөзге «сол жақ», «сол маңдай» деген сияқты тұспалдау реңін
жамайды. Мыс:
Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.
7. Мезгіл атауларына жалғанып та тұспалдау, шамалау
мағынасын береді. Мыс: Кешелер, ертеңдер, қыстың орталарында,
марттың бастарында т.б.
8. Көптік жалғауларын керек етпейтін зат есімдер тобы жалқы
есімдер. Бірақ, көптік жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе
алады. Ондайда көптік жалғауы «сол кісі» және «басқалар» деген
түсінікті береді. Мыс:
Әкемдер үйге кірді.
9. Көптік жалғаулары көмекші сөздер мен модаль сөздерге де
жалғанып келе алады. Ондай кезде көптік жалғаулары бүтін тіркестің
ең соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мыс:
Нұржан мен Еркін сияқтылар
көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады.
10. Көптік жалғаулары даралап санауға болмайтын, көптік
формада жұмсалмайтын сөздерге жалғанған кезде, ол сөздер өз
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мыс:
сақалдар,
мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с.
Көптік жалғауларының қолданылуының да өзіндік кейбір
ерекшеліктері бар. Мыс: сөйлемнің біріңғай мүшелеріне көптік
жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады.
1. а) көптік жалғаулары бірыңғай мүшелердің әрқайсысына
түсірілмей жалғанады. Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып,
мөлдір күйлер, сұлу әндер тартушы еді. (М.Ә)
ә) көптік жалғаулары бірыңғай мүшелердің тек ең соңғысына ғана
жалғанып, алдыңғыларына жалғанбайды. Мыс: Тымақбайдың
артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.)
2. Бастауыш жіктеу есімдігінің II жағының анайы, сыпайы түрінің
көптік формасында тұрса, онда баяндауыштар да көптік формасын
қабылдап қиысып тұрады. Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б.
3. Бір сөзге бірнеше жалғау қабаттасып жалғанған кезде түбірге
көптік жалғаулары бірінші болып жалғанады. Бірақ кейбір
стилистикалық мақсатта қолдануда көптік жалғауы бірде тәуелдік
жалғауынан кейін, бірде алдында келуі мүмкін. Ондайда әр
қолданыстың өзіндік ерекшеліктері болады. Мыс:
апаларым көптік
мағынасын беріп тұр да,
апамдар-апам және басқалар деген ұғымды
беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: