26
ешқайсысы атқара алмайды, өйткені атау септік шартты түрде
алынған, сөздің басқа септіктерге түрленбей тұрғандағы қалпы ғана
емес. Ол септік парадигмасының бір мүшесі, септік жүйесіндегі сөз
формаларының бірі, ол сөйлемдегі сөздермен белгілі бір қатысқа
түседі, синтаксистік қызмет атқарады, тұрақты мағынасы бар. Ол–
атау септік сөйлемде кім және не туралы айтылатынын білдіреді. Бұл
– атау септіктің бірден–бір мағынасы.
Ілік, табыс, шығыс, көмектес септіктерде қосымшалы формалар
мен нөлдік формалар қатарласа қолданылады, сондықтан бұл
септіктер қос формалы септіктерге жатады. Мысалы:
Сахара
(сахараның) заңы да бар қаталдық (қаталдығымен), бар надандық
(надандығымен), зұлымдығымен молаша мызғымай қалғандай
(М.Әуезов). Ендеше, тым құрса, осындайда салмақ (салмақты) сал
Достарыңызбен бөлісу: