Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет145/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Бекіту тапсырмалары
1-тапсырма. 
Берілген 
сөйлемдерді 
сөйлем 
мүшелерінің 
арасындағы синтаксистік қарым-қатынасына қарай талдаңыз. 
Сөйлемнің 
құрылысына 
қарай 
талдап, 
синтаксистік 
компоненттердің  арасындағы  қарым-қатынасты  көрсетіңіз.  Әр 
компоненттің предикатын тауып, астын сызыңыз.  
1. екпінімен асығыс алға жылжыған дәу мәшине шоқалақтап біраз 
жүрді  де,  Қармақшыға  апаратын  күрежолды  адаспай  тауып  алды. 
(Қ.Жиенбай  «Үрей»)  2.  Ақын  –ұжымдық  құбылыс,  өйткені  ол 
тамырын  тереңге  жайып,  дара  болмысымен  бір  ортада  өсіп 
шығады.(Газеттен.)  3.  Ғалым  осы  өкінішін  арқалап  дүниеден  өтті, 
бірақ еңбегі әлі күнге дейін ана тілімізге аударылмай отыр. (Отар Әлі 
Бүркіт  «Түркітану»)    4.  Қазақ  руларының  көнеден  келе  жатқан 
жазылған  тарихы  болғанымен,ата-бабаларымен,  түрлі  ұрпақтарының 
ақпарлары ауыздан ауызға аңыз болып ұласып келе жатқанын ешкім 
жоққа  шығармайды,  дегенмен  уақыт  оза  келе  бұл  шежірелер  өз 
негізімен 
артық-кемі 
болып, 
ілгері-кейінді 
айтылып 
шатастырарлықтай  жағдайда  болса  да,  өзге  тарихи  мәліметтермен 
салыстыра  отырып,  реттестіру  нәтижесінде  белгілі  бір  шындыққа 
жақын,  тоқтамды  пікірлер  айтуға  болады.  (Қазақстан  тарихы.) 
5.1924ж.  аяғында  Жүсіпбек  Ташкент  қаласына  шақырылып,  әрі 
«Ақжол»  газетінің  әдебиет  бөлімін  басқарады,  әрі  жазушылықпен 
айналысады.  (Газеттен.)  6.  Жеті  атаға  созылған  билер  мектебі:  Нар 
дауысты  Нарынбай  –  Қу  дауысты  Құттыбай  –  Байғара  –  Ақтайлақ  -  
Кеңесбай – Жарқынбай – Жұмахан болып жалғасса, ақындар мектебі: 
Ақтамберді,  Ақтайлақ  Сабырбай,  Қуандық,  Түбек,  Дулат,  Орынбай, 
Кеншімбай,  Әріп  болып  кете  береді...  (Қ.Жұмаділов.)  7.  Көп  сөз  – 
көмір, аз сөз – алтын. Таныған жерде ой сыйлы, танымаған жерде бой 
сыйлы.    (Мақал-мәтел.)    8.Өткен  ғасырдағы  Семей-Аягөз  керуен 
жолын  тамашалап,  Еңірекей,  Арқат  бекеттерін  көзден  көшірдік. 
(Газеттен.)    9.  Тәуелсіздік  алғанымызға  он  жыл.  Есіктегі  басымызды 
төрге  сүйреп,  жалтақ  жасқаншақ,  тиянақсыз  мінезден  арылып, 
ауруынан  айыққан  кісідей  иығымыздан  сілкіп  тастап,  бағзы,  баяғы 
мінезімізді  іздей  бастадық.  (Газеттен.)    10.  Осынау  кең  даланың 
төсінде  туып-өскен  ел  ішінде,  небір  ел  билеген  көсемдер  де,  топ 
жарған шешендер де, Ақан мен Біржан секілді сал-серілер де, айтулы 
қазақ арулары да болған екен. (Газеттен.)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет