Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет153/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196
                           
5.5 Бірыңғай мүшелі сөйлемдер 
    
  «Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері»  және  «бірыңғай  мүшелі 
сөйлемдер»  деген  екі  түрлі  атаудың  өзіндік  айырмашылықтары  бар. 
Алғашқысы  -  сөйлем  ішіндегі  жеке  сөздердің  біркелкі  тұлғада 
бірыңғай  жұмсалуын  аңғартса,  екіншісі  -  сөйлемдегі  сөйлем 
мүшелерінің  бірыңғай  күрделенуін  байқатады.  Мысалы,  Шешем 
орысқа күйеуге шыққанымен, көп жыл қазақ арасында  тұрғанымен, 
біраз  жағдайда  өзбек  салтын  қолданылатын  (С.  Мұқанов).  Бұл 
сөйлемде  хабарланған  оқиға  желісі  бір  ғана  субьектінің  (шешем) 


 
231 
төңірегіне  жинақталып,  оның  алуан  түрлі  қимылдық  сипаты  өзара 
саралай,  санамалай  көрсетілетіндіктен,    бұл    конструкция  бірыңғай 
мүшелі  күрделенген  сөйлем  деп  танылатын  болады.  Сөйлемде 
хабарланған  бірыңғай  қимылдардың  осылайша  бір  грамматикалық 
бастауыштың  төңірегіне  жинақталуы,  сабақтас  құрмалас  деп 
ұғылылмай,  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелі  күрделенген    түрін 
аңғартады.  Осындай  сөйлемдердің  табиғатын  тану  үшін,  әрбір 
компоненттің бастауыш-баяндауыштық негізі шешуші критерий болу 
керек. 
     Сөйлемнің  қай  мүшелері  болса  да,  бірыңғай  түрде  жұмсала 
береді. Әсіресе, бір бастауышқа ортақтасып, негізгі қимыл иесінің әр 
түрлі  амалдық  сипатын  білдіре  жұмсалатын  бірыңғай  баяндауышты 
түрлері  құрмаласпен  шатастырылып  танылып  жүр.  Мысалы, 
Инженер  Рахмет  үйіне  келіп  төсекке  отырды,  ойланды,  мойнын 
төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды (С.Е.). Бұл сөйлем – 
бірыңғай баяндауышты жай сөйлем. Әрбір синтаксистік бөлшектердің 
баяндауыштары бір грамматикалық бастауыштың мазмұнын әр түрлі 
қырынан  көрсетіп  тұр.  Осындай  сөйлемдердің  өзара  қатынасы 
баяндауыштардың  бірыңғай  тұлғада  ыңғайласа  айтылуы  немесе 
жалғаулықтар  арқылы  байланыса  жұмсалады.  Мысалы,  Сондықтан 
да  ол  революцияның  жас  белсенді  жауынгерлерінің  қатарында 
тұрды,  большевиктер  партиясының  қатарына  алғашқылардың  бірі 
болып  кірді,  партияның  болаттай  берік,  алмастай  батыл  солдаты 
болуға тырысты. «Қызыл сұңқар». 
      Міне  осындай  тиянақты  тұлғадағы  бірыңғай  баяндауышты 
сөйлемдер сыртқы құрылысы жағынан салалас құрмалас сөйлемдерге 
ұқсап  жатады.  Ал  бірыңғай  баяндауыштар  тиянақсыз  формада 
жұмсалғанда,  олар  сабақтастың  құрылысымен  жақындасып  келеді. 
Мұндай  сөйлемдер  синтаксистік  оралымдар  (обороттар)  арқылы 
жасалады.  Олардың  баяндауыштары  көсемше,  есімше,  шартты  рай 
тұлғалары  арқылы  жасалып  отырады.Әдеби  тілімізде  осындай 
баяндауышты бірыңғай мүшелі сөйлемдерден көбінесе олардың –ып, 
-іп,  -п,  -ма+й,  -са,  -се  формантты  түрлері  жиі  кездеседі.  Мысалы, 
Содан кейін Қырымұлы тез Нұра бойындағы болыстың орталығына 
түнделетіп  келіп,  сол  келген  бетінде  болаткомдегі  орынбасар 
Әбділдә  мен  хатшысы  Мияшты,  танабайды  және  бір-екі  кісіні 
тұтқындап,  бір  кезде  бөркін  қолтығына  қысып,  столға  жақындай 
түсіп, арызын ұсынды. (Б.Майлин). Сүйірлеу біткен ұзын иегін кейде 
гармонның  жақтауына  сүйеп,  кейде  басын  қабырғаға  тірей 
шалқайып,  кейде  қос  жамбасынан  кезек  қозғалып  қойып,  гармонь 
үнімен  бірге  төңкеріле  толқиды.  (Д.Әбілев).  Бірыңғай  мүшелі 


 
232 
сөйлемдерді  жасауға  есімше  мен  көсемшенің  басқа  формалары  да 
қатыса алады.  
      Сонымен, 
жоғарыда 
талдаған 
сөйлемдеріміз 
сыртқы 
құрылысы  жағынан  кейде  құрмаластардың  табиғатымен  астарласып 
жатқанмен,  олар  бас  мүшелердің  негізінде  ажыратылып  отырады. 
Бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер  бір  грамматикалық  бастауыштың 
негізінде  құралады.  Осындай  түсініктер  революцияға  дейінгі 
еңбектерде,  әсіресе,  1869  жылы  Қазан  қаласынан  шыққан  Алтай 
тілдерінің  грамматикасында  айтылған.  Проф.  М.Балақаев  бірыңғай 
мүшелі сөйлемдерді күрделенген сөйлемдер деп атады.   
      Қай  сөйлем  болмасын,  олардың  ішінде  бірыңғай  мүшелердің 
күрделеніп  келе  беруі  мүмкін.  Бұл,  әрине,  сөйлемнің  аумағын  да 
кеңейтеді, мазмұндық желісін де күрделендіре түседі. Алайда, мұндай 
құбылыс  оны  екінші  бір  категорияға  (құрмалас  сөйлемге) 
айналдырып  жібере  алмайды.  Әрқайсысының  өзіндік  заңдылықтары 
бар:  бірыңғай  мүшелер  негізгі  бір  сөздің  төңірегіне  жинақталса, 
құрмаластың әрбір компоненті сөйлемдік ыңғайда жұмсалады, мұның 
өзі  синтаксистік  категориялардың  арақатынасын  дұрыс  ажыратуға 
дұрыс мүмкіндік туғызады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет