Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет146/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   196
2-тапсырма
Берілген 
сөйлемдерді 
сөйлем 
мүшелерінің 
арасындағы синтаксистік қарым-қатынасына қарай талдаңыз. 
Атаулы  сөйлемдердің  мағыналық  түрлері  мен  жасалу  жолына 
және оқшай сөздер мен сөйлемдерді табыңыз. 


 
221 
1.Егер  19  ғасырға  дейін  түркі  тілдері  тек  ішінара,  практикалық 
сипатта  қаралса,  19  ғасырдан  бастап  терең  ғылыми  негізде,  жан-
жақты зерттеледі. Махмуд Қашқаридің «Диуани» - өз заманында ғана 
емес,  бүгінгі  таңда  да  ғылыми  маңызын  жоймаған  еңбек.  Махмуд 
Қашқари – түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін де, грамматикалық 
құрылымын да жетік білген, бірақ автор өз еңбегінде түркі тілдерінің 
морфологиясы туралы сәл ғана мәлімет береді де, синтаксисі туралы 
сөз қылмайды. Ол азербайжан тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны 
мен  рөлі  туралы  да  құнды  еңбектер  жазды,  сондай  ғалымның 
қаламынан  Кавказ,  Персия,Орта  Азия,  Қырым  тарихтары  бойынша 
сүбелі  зерттеулер  дүниеге  келді.  (О.Б.«Түркітану».)    2.  Саналы  адам 
сағыңды  сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды  тындырмас.  3.  Қошқар 
болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар баланың етек-жеңі 
кең келер. (Мақал.) 4. Қайғы-қасірет - адамды қанша күйретіп, кәріп 
етіп,  өмірден  түңілдіргенмен,  қанды  шеңгелін  өлердей  батырғанмен, 
адам бойындағы ішкі күш-қуат, ақыл мен даналық, ерлік пен естелік, 
жамандық, бақытсыздық  атаулының бәрінен арашалап қалатын асыл 
қасиет  емес  пе!?  (Журналдан.)    5.Қазіргі  ғаламдасу  кезеңінде 
«ақпараттар  ағынының»толассыз  тасқыны  мен  телеарналардың 
молдығы да өмірге басқаша қарауға, әрі әр нәрсені сын тезінен өткізе 
отырып, терең біліммен қарулануымызды қажет етіп отыр.(Газеттен.) 
6.Оралханның ел жайлы,ауыл жайлы очерктері мен эсселері - көркем 
шығармаларымен  қатар  жасайтын,  қашан  қолға  алсаң  да  қалтқысыз 
сырласып,  дүние  сырларын  ашып  жүре  беретін  біртуар  туындылар. 
(Журналдан.)    7.  Бұл  істің  шындығын  не  көзімен  көрген  айтар,  не 
құлағымен естіген айтар. 8. Осынау кең даланың төсінде туып өскен 
ел  ішінде,  небір  ел  билеген  көсемдер  де,  топ  жарған  шешендер  де, 
Ақан  мен  Біржан  секілді  сал-серілер  де,  айтулы  қазақ  арулары  да 
болған  екен.(Газеттен.)  9.Қарахандықтар  мемлекеті  Бұқара  мен 
Самарқанды  басып  алып,шағын  ұйғыр  тайпаларын  қол  астына 
бағындырды,  Амудария  мен  Сырдария  арасындағы  шұрайлы 
жерлерге  ие  болды.  (О.Б.«Түркітану»)  10.  Дүнияда  менің  мінім  жоқ, 
Дүния  көйлек  кигенім,  Дүнияда  сенсіз  күнім  жоқ,  Дүр  сезіммен 
сүйгенім. (Кітап әлемі.)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет