233
«причастный оборот», «деепричастный оборот» деген атпен арнайы
қарастырылып келеді.
1940 жылдары С.А.Аманжолов осындай конструкциялардың
ерекше құбылыс екенін, оның тілімізден орын алатындығын айтып
кетсе де, 70 жылдарға дейін бұл ескерілмей келді. Оған себеп ортақ
бастауышты құрмалас деп танылуы еді.
Оралым дегеніміз - сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі
сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме
ретіндегі синтаксистік категория. Қ.Жұбанов пен Н.Сауранбаев та
осы жайды құрмалас тұрғысынана түсіндірді. Мысалы,
Есілбай
колхоздың жұмысына жаны ашыған боп, ылғи ақыл айтып келе
жатыр. Бұл сөйлем - көсемше оралымды күрделенген жай сөйлем.
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшелі сөйлемдерді алғаш зерттеген
ғалым С.Жиенбаев еді. 1935 жылы көбіне үйірлі мүшенің
бастауышпен жұмсалатыны айтылады. Мысалы,
Осындай астыртын
егеспен басталған іс бүгін жоғарыда айтылған мінездерге сайған-ды.
Үй ішіне үндемей көз тастап отырған Ербол осындай жайларды
топшылаумен болды. (М.Ә.). Міне бұл тізбектер бастауышты әр
жақтан айқындап тұр. Бастауышты оборот өз алдына жеке сөйлем
құрамай, грамматикалық субьектінің мазмұнын ашуға бағытталған.
Бұлар бастауыш болсын, болмасын, күрделенген жай сөйлемнің
үйірлі тобын құрып, сөйлемді күрделендіріп тұр.
Қазақ тіліндегі оралымды сөйлемдерді 2 үлкен топқа жіктеуге
болады:
1.
Қабыспалы оралымдар
2.
Жанаспалы оралымдар
Достарыңызбен бөлісу: