Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет149/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   196
5. КҮРДЕЛЕНГЕН СӨЙЛЕМДЕР 
 
5.1 Қазақ тіліндегі күрделенген  сөйлемдердің түрлері 
 
Күрделенген  сөйлем  –  жай  және  құрмалас  сөйлемдердің 
аралығындағы  категория.  Солай  бола  тұрса  да,  жай  сөйлемнің  ең 
жоғарғы  түрі  ретінде  қарастырылады.  Күрделенген  сөйлемдер  екі 
түрде қарастырылады: 
1.Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер. Оған оңашаланған 
айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі 
сөйлемдер жатады. 
2.Cинтаксистік  оралымдар.  Олар  –  қабыспалы  және  жанаспалы 
оралымдар; 
Мысалы, 
сөйлемдердің 
предикаттық 
қатынаста 
жұмсалуы  ондағы  бас  мүшелердің  болуын  қамтамасыз  етсе, 
артибуттық  байланыс  анықтағыш  пен  анықталғыш  сөздердің  орын 
алуына негізделеді. Қайткен күнде де сөйлем мүшелерінің байланысы 
жалпы  сөйлем  құрылысына  әсер  етпей  қоймайды.  Предикаттық 
қатынас  –  (бастауышпен  баяндауыштың  байланысы)  әсіресе, 
бағыныңқы сөйлем құрылысынан талап етіледі. Егер мұндай қатынас 
сөйлем  бойынша  орын  алса,  оның  бағыныңқы  болғаны  да,  бұл 
талапқа жауап бермесе, жайылма жай сөйлемнің күрделі бір мүшесі 
болып танылады.   
Бірде  ол  басқа  сөздермен  мағыналық  жақтан  үйлесе  жұмсалса, 
бірде басқа сөздерді өзіне бағындыра қолданылады. Енді бірде басқа 
сөздердің жетегінде болып, соларға бағынып тұрады. Сондай-ақ жеке 
сөйлемдердің  арасын  байланыстыруға  да  қатысып  отырады. 
Байланыстырғыш  қызметіне  орай  кейде  тіпті  олар  шылаулардың  да 
қызметін  атқарады.  Мысалы,  шартты  райлы  бол  көмекші  етістігін 
алайық.  
1.Мүмкін болса, олай болса тіркесінде басқа сөздердің ыңғайында 
айтылып,  қыстырмалық  мән  атқарып,  өзінен  кейінгі  сөздерден 
оқшауланып  тұрады.  Бірақ  сөйлемнің  мағыналық  байланысында 
өзіндік  рөлі  бар.  Оның  қызметі  айтушы  адамның  түрліше  сезімдегі 
көңіл-күйін  білдірумен  астарласып  жатады.  Сондықтан  қыстырма 
сөздердің бойында сөйлем мүшелері сияқты грамматикалық байланыс 
жоқ болғанымен, жалпы сөйлемнің желісінде оның байланыстырғыш 
(синтаксистік қатынас) қызметі бар екендігі аңғарылып тұрады. Бұл – 
қай  сөздің  болса  да,  сөйлемнен,  сөйлем  құрылысынан  тысқары 
қаралмайтындығын аңғартады.  
2.Болса  сөзі  не  болса  ол  болсын,  болса  болсын,  болмаса  қойсын, 
құрылысындағы тұрақты сөз тіркесін жасап, осы қалпында бір нәрсе 
жайында бейтараптылықты, немесе мақұлдауды білдіріп тұрады.  


 
224 
3.Болса  сөзі  сөйлем  ішінде  қолданылу  ыңғайына  қарай  көбінесе 
байланыстырғыш  қызмет  атқарады.  Бұл  қызмет  жай  сөйлем  аясында 
да,  құрмалас  сөйлем  аясында  да  көрінеді.  Бұл  ретте  ол  жалғаулық  
міндетіне  ие  болады  да,  сөйлем  мүшелерін  не  болмаса  сөйлемдерді 
бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мысалы: Ділдәнің күндестігімен 
ашу  -  ызасын  қостаушы  абысын  –  ажын  болса,  қайнаға,  енелер 
болса,  -  бәрі  де  Абайды  Әйгерім  үшін  кінәлайтін.  (М.Әуезов.) 
Осындағы  болса  сөзі  бірыңғай  мүшелердін  арасын  жалғастырып, 
ыңғайластық да, де, және жалғаулықтарының қызметін атқарып тұр.  
4.Болса сөзі екі жай сөйлемді өзара ыңғайластық, салыстырмалық 
қатынаста  бір  бүтін  құрмаластықтың  қарамағына  түсіріп  тұр. 
Мысалы, Бірі – Сапарғали, Нілді заводында жұмыста болса, екінші  - 
Әділ бір бай ағайының  қолында малшы еді. Міне, осы жоғарыда  бір 
ғана  болса  сөзінің  әр  алуан  қызметін  көруге  болады.  Мұндай 
сөйлемдердің  сырт  құрылысы  бірдей  болғанымен,  ішкі  синтаксистік 
қатынастар,  сөздердің  қолданысы  әр  түрлі  ыңғайды  танытып  тұр. 
(Бірі – қыстырма, бірі тұтасымен тұрақты сөз тіркесі, бірі жай  сөйлем 
мен  құрмалас  сөйлемнің  шеңберінде  байланыстырғыш  жалғаулық 
мәнінде  жұмсалған).  Мұндай  сыртқы  модельдеріндегі  ұқсастық 
әсіресе,  тәуелді  конструкциялардың  бойынан  орын  алады.  Тәуелді 
конструкциялар  дегеніміз  –    сөйлемдік  қасиеті  бар,  не  болмаса, 
сөйлемдік  дәрежеге  жете  алмаған  бағыныңқы  сыңарлар  кіреді.  Олар 
өзінен  кейінгі  компонентке  тәуелді  болады,  сондықтан  тәуелді  деп 
аталады.  Сөйлемдік  қасиеті  бар  деп  отырғанымыз  -  әдеттегі 
бағыныңқы  сөйлемдер.  Мысалы,  Сендер  көпірден  асып  кеткенше, 
мен  арттарынан  көз  алмай  қарап  тұрдым.  Яғни,  екі  компонентінің 
де  предикаттық  қатынасы  бар  сөйлемдер.  Ал  «Көпірден  асып 
кеткенше,  мен  арттарыңнан  көз  алмай  қарап  тұрдым»  десек, 
синтаксистік  оралым  болады.  Немесе,  Есіктің  алдына  тоқымды 
төсеп  жіберіп,  Айдарбек  талдан  қорап  тоқуға  кірісті.  Осы 
сөйлемдер  ішіндегі  оралым  негізгі  ойдың  мазмұнын  жан-жақты 
айқындап  отыратын  тізбектелген  күрделі    пысықтауыш  ретінде 
танылады. 
Оралымды  сөйлемде  оқиға  барысы  бір-ақ  субьектінің  төңірегіне 
қазықталады.  Бұлар  –  толық  сөйлемдік  қасиеті  жоқ,  тиянақсыз 
формада  келіп,  сөйлемде  хабарланған  оқиға  желісінің  мазмұнын 
толық  ашу  үшін  әр  түрлі  амалдық  дәрежеде  қолданылатын 
сөйлемшелер.  Мұндай  оралымды  топтардың  бағыныңқы  тәуелді 
сыңарлары есімше, көсемше, шартты рай тұлғасы не болмаса, қимыл 
есімді  сөздермен  қайырылып  тұрады.  Осындай  құрылыстағы 
сөйлемдер  соңғы  кезге  дейін  ортақ  бастауышты  сабақтас  құрмалас 
деп танылып келді. Енді бұл сөйлемдер жай  сөйлемнің   күрделенген 


 
225 
түрі     деп аталатын болады да, алғашқы тәуелді тобы күрделі не 
үйірлі сөйлем мүшелері деп талданады. Мұны 1970 жылдардан бастап 
зерттеген ғалым Қайырболат Есенов болды. 
      3.Тіліміздегі 
күрделенген  сөйлемдердің,  яғни,  тәуелді 
конструкциялардың  қатарына  оқшауланып  келетін  бөлшегі  бар 
сөйлемдерді  де  жатқызамыз.  Мұндай  бөлшектерге  сөйлем 
құрылысымен  астарласып  жататын  оңашаланған  айқындауышты, 
қыстырма және қыстырынды сөйлемдер, сондай-ақ бірыңғай мүшелі 
сөйлемдерді  жатқызамыз.  Бұлардың  құрылысы  сабақтастың 
бағыныңқы компонентімен жақындасады. Оқшауланған бөлшектер де 
бағыныңқылық  қасиетте  жұмсалады,  өйткені  оларда  берілген  хабар, 
ойлар негізгі сөйлемді айқындай, толықтыра түсу үшін қолданылады. 
Демек,  оқшаулана  айтылған  бөлшектер  сырттай  қарағанда, 
оқшауланып  тұрғанымен,  негізгі  сөйлем  мазмұнымен  жымдаса, 
соның мұқтажын өтеу мақсатында жұмсалады. Алғашқы бөлшектерді 
айтпасақ  та,  сөйлемнің  мазмұны  бұзылмайды,  өз  негізін  сақтап 
тұрады.  Алайда,  ой  жалаңаштығы,  сөйлем  бойындағы  айқындылық 
өз-өзінен  сезіліп  тұрады.  Мұның  өзі  оңашаланған  синтаксистік 
категориялардың  жеке  дараланбай,  негізгі  сөйлем  құрылысымен 
тығыз байланыста, желілес айтылатынын дәлелдей түседі. Негізгі ой, 
негізгі мазмұн сөйлемнің түп қазығында болғандықтан, оңашаланған, 
қыстырма,  бірыңғай  тәріздес  «сөйлемдер»  негізгі  сөйлемнің 
мазмұнын  айқындай  түсу  мақсатында  қолданылатындықтан, 
тәуелді  конструкциялар  қатарына  жатады.  Өйткені  бұлар  негізгі 
ойдың  негізін  айқындаушы,  әр  түрде  түсініктеме  беруші  қосалқы 
жол-жөнекей  сөйлемдер  ғана.  Бұлардың  тірелетін  жері  де, 
негізделетін ошағы да негізгі сөйлемнің түп қазығында болады. Олар 
қосалқы  түрде  негізгі  сөйлемге  жанаса  айтылатындықтан,  оларды 
айқындауыштық қосалқы сөйлемдер  деп атаймыз.  
     Сөйлем  дегеніміздің  өзі  айтушының  түрлі  көзқарасын 
білдіретін болса, бұл қасиет көп жағдайда бас мүшелер мен тұрлаусыз 
мүшелердің  бойына  сия  бермейді.  Осындай  жағдайда  сол  сөйлемде 
оңашаланған  айқындауыш  мүшелер  мен  оңашаланған  сөйлемдер 
қабаттастырыла  айтылып,  сөйлемді  түрлі  жақтан  толықтырып 
отырады.  Осыдан  барып  сөйлемнің  құрылысы  да  күрделенеді,  ой 
білдіру  мазмұны  да  күрделенеді.  Бұл  ретте  сөйлемді  күрделендіріп 
тұратын  оңашаланған  мүшелер  мен түрлі  оқшау  сөйлемдер.  Сондай-
ақ  бірыңғай  мүшелі  сөздер  де  күрделенген  сөйлемдердің  басты 
элементі  болып  табылады.  Осы  аталған  конструкциялық  топтар 
сөйлем ішінде біріге, қосақтала айтылып, ой желісінің мазмұнын одан 
сайын  толығырақ  ашып  отырады.  «Қосалқы»  деп  аталатын  себебі  - 
сөйлем  мазмұнындағы  жәйттерді  анықтауда,  дәлелдеуде  қосарлана, 


 
226 
қабаттаса 
айтылатын 
көмекші 
мәндегі 
екінші 
дәрежелі 
конструкциялық  топтар.  Бұлардың  кейбіреуі  сөйлем  мәнінде 
жұмсалса, кейбіреуі оған жете алмайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет