Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет150/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   196
5.2 Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер 
 
Оңашаланған  айқындауыш  өз  атына  сай  айқындалатын  сөзбен 
тығыз байланысты болып келеді. Айқындалатын сөзді не сөз тізбегін 
негізгі  сөз  тіркестері  деп  қарап,  ал  айқындаушы  бөлшекті  тәуелді 
бағынышты топ деп қарауымыз керек. Олар қосалқы конструкциялар 
болғандықтан, негізі бір мүшенің түсіндірмесі болып табылады.       
Кейбір  оңашаланған  айқындауыштар  сабақтас  құрмаластың 
құрылысын  еске  түсіреді.  Мысалы,  Полкан,  ит  те  болса,  өзінен  кіші 
әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр (Ы.А). Осындағы 
ит  те  болса  тіркесі  өз  алдына  оңашаланып,  өзінен  бұрынғы  қимыл 
иесі Полканның не екенін білдіруде айқындауыш ретінде жұмсалған. 
Осы  күйінде  сөйлемдік  құрылысқа  ие,  бұл  жерде  жеке  сөйлем  емес, 
бастауышты  айқындау  барысына  байланысты  тәуелді  конструкция. 
Негізгі  конструкция,  негізгі  сөйлем  Полкан  жайында  болып  тұр. 
Сөйлемдердің  ішінен  сөйлем  шығып  жатса  да,  олар  бағыныңқы 
болып  танылмай,  айқындауыштық  мәнде  жұмсалған.  Мысалдар:  А) 
Жас ет, үйткен қойдың еті болғанда, мына табаққа тағы да өзгеше 
дәм  бітіріп,  нәр  береді.    Осындағы  оңашаланған  айқындауыш  мүше 
бастауыштардың  сапалық  қасиетін  айқындап  тұр.  Ә)  Кейде 
бастауыштың  амалдық,  қимылдық  қасиетін  білдіреді.  Біздей 
сусағанға қай ғылым болса да, соңына түссе, алтын асыл қазынадай 
(М.Ә.). 
     Айқындауыштар  кейде  толық  сөйлем  ретінде  оңашаланып 
келеді.  Мұндайда  қыстырынды  сөйлем  құрылысымен  астарласып 
келіп,  онымен  жақындасып  жатады.  Егер  қыстырынды  сөйлемдер 
жалпы оқиға барысына қосақтала айтылса, айқындауыштар негізгі бір 
сөйлем  мүшесіне  байланысты  жетектеле  жұмсалады.  Мысалы, 
Қыстауымыз  -  Шу  өзенінің  төменгі  жағындағы  Қамқалы,  қазіргі 
Мойынқұм  совхозы  орналасқан  жер.  Баяндауыштың  мән-жайын 
айқындап тұрған - оңашаланған сөйлем. 
Бұл  қалада  қызмет  атқаратын  республика  басшыларының 
әрқайсысын  көргім  келеді,  әсіресе,  Сәкен  Сейфуллинді  көргім  келеді. 
(Қызыл сұңқар) 
     Анықтауышты  айқындайтын  сөйлемдер  өте  сирек  кездеседі, 
дегенмен оқта-текте кездесіп отырады. Мысалы, Кәлен сараң шалдың 
«жоғары  шық,  дәм  тат»  деп  айтпасын  біліп,  есік  жақтан  кеткісі 
кеп  самауыр  құйып  отырған  жас  келіншектің,  Алдабергеннің 


 
227 
былтыр  үйленген  үшінші  әйелінің  жанына,  тері  тулаққа  тізе  бүкті 
(Ә.Н.). 
     Пысықтауышты айқындайтын оңашаланған  мүшелер тілімізде 
өте  көп.  Әсіресе,  мезгіл,  мекен  пысықтауыштарды  айқындау  жиі 
ұшырасады. Мысалы, Қазір Құнанбай алдында, жастан бергі дағдыс 
бойынша үндемей отырғанымен, бұл-ерен бүлік, сотқар адам (М.Ә). 
Ақырында, 12-13 жастағы шамасы адам болу керек, тұрған бойынан 
қашып  дуанға  барып,  бір  ноғайға  жаз  қызметке  тұрып,  қыс  оқуға 
барды (Б.М.). 
Жоғарыдағы 
талдаулардан 
байқалғандай, 
оңашаланған 
айқындауыштар 
айқындалатын 
сөздің 
түсініктемесі 
ретінде 
жұмсалатындықтан, олар оқшаулана, оңашалана айтылады.  
    Белгілі  бір  обьект  айқындаушы  сөз  болады  да,  сол  обьектінің 
одан әрі екінші жағынан толықтыра түсуі - айқындауышты сөздердің 
тобын  құрайды.  Тіліміздегі  айқындауыштар  құрылысына  қарай  жеке 
сөздер, сөз тіркестері, кейде жеке сөйлемдер түрінде де кездеседі.                                   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет