Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет152/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196
                         
 
 


 
229 
5.4 Қыстырынды сөйлемдер 
   
   Қыстырынды  сөйлемдер  деп  отырғанымыз  -  қыстырма 
сөйлемдердің  ерекше  бір  түрі.  Бұл  категория  туралы  алғашқы  сөз 
еткен  1967  жылы  «ескертпе  сөйлемдер»  деген  атпен  Р.Сыздықова 
академиялық  грамматиканың  синтаксис  бөлімінде  сөз  еткен.    Бұл 
сөйлемдердің  әдеттегі  қыстырмалардан  елеулі  айырмашылығы  бар: 
қыстырма  сөйлемдер  негізгі  баяндалған  оқиға  желісіне  байланысты 
айтушы  адамның  түрліше  көзқарасын,  өзіндік  пікір  тұжырымын 
білдіріп  тұрса,  ал  қыстырынды  сөйлемдер  сол  тұтас  сөйлемге  не 
болмаса  сондағы  кейбір  жеке  сөздерге  қосымша  түсінік,  ескерту 
жасай кету ыңғайында жұмсалады, яғни,  қыстырынды сөйлем-негізгі 
сөйлемнің    жанама  түсініктемесі.  Мысалы,  Оның  айтқан 
мәліметтеріне  қарағанда,  біздер  біраз  күнде  жәрдемші  көмек 
алатын  сияқтымыз.  Мынау  Қабан  сияқты  адамның  (Шоқан  оны 
Әлібек  деп  жорыды)  қимылы  сол  байкал  қамалына  ұқсайды.  Бұл 
сөйлемдер  негізгі  сөйлеммен 
синтаксистік  қарым-қатынаста 
жұмсалмағанмен, мағыналық жағынан өзара бірлік қармағына түскен. 
Біріншісі – біреудің пікіріне байланысты жұмсалса, екінші сөйлемде – 
адамның мән-жайы жол-жөнекей түсіндіріле, ескертіле айтылып тұр.  
     Қыстырынды  сөйлемдер  негізгі  мазмұнды  сөйлемге  жай  әншейін 
қыстырыла  айтылмайды,  баяндау  хабардың  желісіне  байланысты 
автор  тарапынан  арнайы  мақсатпен,  белгілі  ыңғай  құбылысымен 
қолданылады.  Соның  нәтижесінде  сөйлемнің  мазмұны  толығырақ 
ашылып, онда хабарланған оқиға әрекеттердің қыр-сыры бір жағынан 
болса да айқындалып отырады.  
      Қыстырынды сөйлемдер құрылысы жағынан әр алуан болады 
да,  қолданылу  ыңғайына  қарай  екіге  бөлінеді.  Бір  қыстырындылар 
сөйлем  ішінде  бөлектене  айтылып,  өз  алдына  жақшаға  алынады. 
Мысалы,  Алғашқы  қар  түседі,  (аңқиған  үйде  бала-шағажаурай 
бастаған)  қойшы  басшыларға  ентігіп  тағы  келеді,  «осылай  да 
осылай» деп түңіледі, ентігеді (Д.Досжанов).  
      Екіншілері  –  негізгі  сөйлеммен  ара  қатынасы  жоғарыдағыдай 
алшақ,  дараланбай,  ұласқан,  жалғаса  тұтаса  айтылады.  Мұндай 
сөйлем  түрінде  де  қыстырынды  сөйлемдер  көбінесе  негізгі  ой 
хабарланбастан бұрын, сондағы оқиға мазмұнына байланысты алдын-
ала ескерту жасап алу мақсатында жұмсалады. Мысалдар:  
      1.  Алдын–ала  ескертпелі  қыстырмалар:  Оларды  былай 
қойғанда,  Еуропа  континентінің  батысына  талақтай  жабысқан 
жерінің тілген таспадай көлемі бар португалия ше? (С.Мұқанов).   
      2.  Енді  бір  қыстырынды  конструкциялар  негізгі  сөйлемдегі 
оқиға желісіне жаңа бір ой бастауға мүмкіндік туғызады. Хабарланған 


 
230 
ойдың  аяқталуына  ескерту  жасай  отырып,  бара  тұрсын,  бара  берсін 
құрлысында  жұмсалады.  Мысалы,  Шыңғыс  сол  қалпымен  бара 
тұрсын,  біз  оқырмандарға  Есенейді  қысқаша  таныстыра  кетейік 
(С.Мұқанов). 
      3.  Қыстырынды  сөйлемдегі  ескертпелер  негізгі  сөйлемдегі 
оқиға  желісіне  қ  а  й  ш  ы  мәндес  түрде  айтылады.  Олардың 
құрылысына  қарамастан,  болмаса,  түгіл,  былай  тұрсын  көмекші 
мәндес  сөздермен  тіркесіп  келеді.  Мысалы,  Ол  –  мінезінің 
салмақтылығына  қарамастан,  ағып  тұрған  ертегіші  (С.М).  Таң 
алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз 
өткізді (М.Ә.). Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр 
(Б.Майлин).  Мешітке  барып  күнде  бес  уақыт  намаз  оқу  былай 
тұрсын, олар жұмасына бір болатын жұма намазына да бармайтын 
(М.Ә). 
      4.  Енді  бір  қыстырынды  конструкциялар  негізгі  ойға  үстеме, 
үдетпелі мән береді. Мысалы, Шоқан өзге білім жүйелерімен қатар, 
шешендік тарихын да біраз қарастырған еді.  
     5.  Қыстырынды  сөйлемдердің  енді  бір  тобы  негізгі  ойға 
салыстырма  ретінде  ескерту  жасау  үшін  қолданылады.  Олардың 
құрылысы,  дегендей,  айтқандай,  сияқты,  көмекші  сөздерімен 
сөйлемді  жетектеп,  салыстырып  тұрады.  Мысалы,  «Жүрген  аяққа 
жөргем  ілінеді»  дегендей,  бұл  сапарын  жүлделі  жолға  санаған. 
Шоқан тағы да бір табысқа бөлене қалды (С.М.). Тоғыз ұлымның бір 
әке-шешеден туғанын іздеп жүрген адаммын (Ертегі).  
     Сөйтіп,  жоғарыдағы  талдаулардан  байқағанымыздай,  қазақ 
тіліндегі  қыстырынды  сөйлемдер  өздерінің  құрылысы  мен  мәндік 
ерекшеліктеріне  қарай  жалпы  екі  үлкен  топқа  бөлінеді:  алдын-ала 
ескертпелі  қыстырынды  сөйлемдер  және  соңын  ала  ескертпелі 
сөйлемдер.  Қайсысы  болса  да,  негізгі  сөйлемде  баяндалатын  оқиға 
желісіне  түсінік,  айқындылық  кіргізу  мақсатында  ескерту  жасап,  әр 
түрлі мағыналық реңкте өрбіп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет