Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет161/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

7. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ 
 
7.1 Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу тарихы 
   
   «Құрау,  құрылыс»  мәнін  беретін  «құрмалас»  атауының  қазақ  тіл 
білімінде  танылып,  ұғымына  сай  жадымызда  қалыптасып 
қабылданып кетуі алғашқы тілтанымпаз А.Байтұрсынұлы есімімен 
тікелей  байланысты.    Бұл  -  тек  тілі  білімінде  ғана  қолданылатын 
лингвистикалық  термин.  Құрмалас  сөйлем  жалпы  сөйлемнің 
құрылымдық  бір  түрі  болғандықтан,  оның  синтаксис  саласындағы 
орны  да  жалпы  сөйлемдерден  бөлек  емес,    солармен  біртұтас.    
Құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  тексерілуі  1930-1940  жылдар 
аралығында  барынша  жетілдірілді.  Оқу  құралдарын,  оқулықтарды 
бағдарламаға сәйкестендіру 1935 жылдан кейін қолға алынды.   
     Орта  мектептерге  оқулық  жазу  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев  тараптарынан  да  болды.    Авторлар:  «Күрделі  ой  жеке, 
дара жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы көбінесе 
күрделі  түрде  айтылуды  керек  қылады»  -  дей  отырып,  ондай 
құрылымдардың  салалас,  сабақтас,  аралас  болып  келетіндігін 
көрсетеді.  
     Құрылыстық  жақтан  сөйлем  түрлерінің  көп  бағыныңқылы  да 
болатыны алғаш осы еңбекте ұсынылған.  Тіпті, олар бірыңғай және 
сатылы бағыныңқылы сабақтас болып жіктелген.      


 
243 
    Жалпы,  құрмалас  түрлерінің  үш түрмен көрінетіндігі 1940  жылғы 
бағдарламада бекіп, онан кейінгі уақытта күн тәртібінен түскен жоқ.     
    1941  жылы  құрмалас  сөйлемнің  топтастырылуына  байланысты 
С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» еңбегін шығарды.     
    Академик  Н.Сауранбаевтың  1941  жылғы  «Қазақ  тілінің  синтаксис 
мәселелері»  атты  мақаласы  құрмалас  сөйлем  түрлерін  екіге  жіктеп 
көрсетеді.  «Оның  біреуі  -  салалас  құрмалас,  екіншісі  -  сабақтас. 
Құрмалас сөйлемнің бұл екі түрі сол құрмалас сөйлемге енген жай 
сейлемдердің  ішкі  мағыналық  қатынасына,  сыртқы  тұлғалық 
байланысына  қарай  ажыратылады»  —  дей  тұрса  да,  сабақтастың 
мағыналық  топтастыруын  дұрыс  шешіп  бермеді.  Олардың 
бағыныңқыларын  сөйлем  мүшесі  қызметі  ерекшелігіне  салып, 
анықтауыш  бағыныңқылы,  толықтауыш  бағыныңқылы  т.с.с.  деп 
атады.  «Шартты  бағыныңқы  да,  қарсылықты  бағыныңқы  да 
қызметіне қарай  пысықтауыш бағыныңқылардың тобына жатады» - 
деді . 
     М.Балақаев  пен  Т.Қордабаев  авторлығымен  жоғары  мектеп 
филология факультетінің  студенттері үшін жинақталған  оқулықта 
да құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, мағыналық топталуларының 
өзіндік  орны  бар.  Бұл  еңбекте  аралас  құрмалас  сөйлем  үш-төрт  не 
одан да көп құрамды болады. Жеке компоненттері ретінде төл сөздің 
де  рөлі  бар  деп  тұжырымдалады.  Сөйлемдердің  құрмаласуындағы 
салалас, әрі сабақтас байланысу тек аралас құрмаласқа тән белгі. Бұл 
белгі  -  төрт  не  одан  да  көп  компоненттер  құрмаласуындағы  аралас 
сөйлемді танытар бірден-бір қасиет.    
     Ғалым  Қ.Есенов  те  синтаксис  саласындағы  қадамдарын  1950 
жылдардың  соңын  ала  бастап  еді.  Содан  бергі  уақытта  құрмалас 
сөйлемнің  бағыныңқы  сипаттағы  түрін  ерекше  көңіл  бөліп,  бұл 
жайында  бірнеше  монографиялық  еңбек  ұсынды,  зерттеу  жұмысын 
да  жүргізді.  1995  жылы  ұсынған  оқулығы  осы  ұзақ  жылғы 
зерттеулерінің  жемісі  іспетті.  Бұған  қоса  ғалым  сабақтас  құрмалас 
сөйлемнің  үлестес  түрін  жаңартып  танытқанын  байқаймыз. 
Профессор  Қ.Есенов  аралас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуындағы  төл 
сөзді  сөйлемнің,  шылаудың,  интонацияның  қызметін  мысалдар 
арқылы нақтылап көрсеткен.   
     Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  аралас  құрмалас  сөйлем  мәселесі  бір 
жақты  шешіліп,  құрмалас  сөйлемнің  үшінші  түрі  ретінде  оқытылып 
келеді.    Оның  үстіне  соңғы  зерттеулердің  аралас  сөйлемді  көп 
компонетті  құрмаластардың  қатарында  қарастыратындары  да 
кездеседі. Мұндай жіктеу тек казақ тіл біліміне ғана тән нәрсе емес, 
сонымен қатар орыс, моңғол, туыстас түркі тілдерінде де кездеседі.      


 
244 
     Қазақ  тіл  білімінің  ғалым-зерттеушілерінің  басым  көпшілігі 
аралас  құрмалас  сөйдемді  құрмаластың  үшінші  бір  түрі  ретінде 
тұрақтандырып танытып келеді.     
     Синтаксисті  грамматиканың  бір  саласы  деп  түсініп,  алғаш  сөз 
еткен  адам  жыл  санауымыздың  II  ғасырында  өмір  сүрген 
Александрия  тілі  зерттеушілерінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  - 
Апполони Дискол. Дискол синтаксистің обьектісін айқындау, сөйлем, 
сөйлем  мүшесі  дегендерді  ғылыми  тұрғыдан  шешу  тәрізді 
мәселелермен  айналыспаған,  ол  негізінде    байланысудың  жолдарын 
қарастырған. 
      Синтаксисті сөйлем туралы ілім деп танып, оны мүшелерге жіктеу 
мәселелерімен ғылыми тұрғыдан кеңірек айналысқандар 19 ғасыр тіл 
білімінде  пайда  болған  қисындық  бағыт  өкілдері  болды.    Олар 
синтаксистік  ұғымдарды  логиканың  мүддесі  тұрғысында,  соған 
тәуелді  мәнде  қарады,    синтаксистің  міндеті  логикалық 
категориялардың  тілдегі  баламасын  айқындау  деп  түсінді.    Сөйлем 
болсын,    оның  мүшелеріне  болсын  анықтама  беруде  бірден-бір 
сүйеніш  қисын  заңы  деп  білді.  Сөйлем  -  қисындық  пайымдаудың 
көрсеткіші,  ол екі мүшелі  ғана болады: оның бірі - субьект,  екіншісі 
-  предикат.    Бұл  екі  категорияның  тілдегі  көрсеткіштері  -  бастауыш 
пен  баяндауыш  деп    дұрыс  көрсетті.  Сол  кезден  бері  жарық  көрген 
грамматикалық 
әдебиеттердің 
барлығында 
да 
синтаксис 
грамматиканың  бір  саласы  ретінде  қаралып  келеді.  Сондай  ұзақ 
тарихына  қарамастан,    синтаксистің  негізгі  обьектісін  айқындауда 
күні  бүгінге  дейін  пікір  қайшылықтары  кездесіп  қалады.    Өткен 
ғасырдың  аяғына    дейін  синтаксистің  ең  негізгі  және  бір-бірден 
обьектісі  сөйлем  делініп  синтаксистің    қарауына  сөздер  тіркесі  де 
жатады  дейтін  пікір  пайда  болды.    Тіпті  келе-келе  сөздер  тіркесі  - 
синтаксистің  бірден-бір  обьектісі  сөйлемнің  өзі  де  сөз  тіркесі 
құрамына енеді делінді. Бұл пікірді орыс тіл білімінің көрнекті өкілі 
Ф.Ф.Фортунатов пен оның шәкірті М.Н.Петерсон енгізді.    
    Қазақ  тіл  мамандары  соңғы  уақытка  дейін  синтаксис  деген  атауды   
сөйлемге  сипаттама  беруден  бастап  отырған.  Сөйлемді  синтаксистің 
негізгі  және  бірден-бір  обьектісі  деп  түсіндірген.  Синтаксистің 
қарауына  сөздер  тіркесі  де  жататынын  және  синтаксистің 
анықтамасын  қазақ  тілі  білімінде  сөз  еткен  –  профессор  Қ.Жұбанов. 
Ол  синтаксисті  сөйлемнің  қандай  түрлері  болатынын,  қандай 
бөлшектен  құралатынын  қарастыратын  грамматиканың  бір  саласы 
деп  анықтайды.  Синтаксистің  қарауына  сөз  тіркесі  енетіні  кейінгі 
жылдары  М.Балақаев  еңбектерінде  айтылды.  Соңғы  еңбектерінде 
одан  гөрі  айқындап,  сөз  тіркесі  синтаксистің  бірінші  обьектісі 
дәрежесіне  көтеріледі.  Сөздер  тіркесі    сөйлеммен  тығыз  байланыста 


 
245 
қаралуы  керек.  Бірақ  сөз  тіркесі  синтаксистегі  тұлға  емес,  оның 
негізгі  тұлғасы  –  сөйлем.  Сөз  тіркесі,  көптеген  ғалымдардың 
көрсеткеніндей,  сөйлемнің  бір  бөлшегі  -  сөйлем  құрауға  қажетті 
құрал.   
     Сөйтіп, синтаксистің қарауына жататын оның негізгі обьектісі:  
     а) сөзтұлға  синтаксисі
     ә)  жай  сөйлем  синтаксисі,  оның  құрамы,  структуралық  және 
мағыналық түрлері; 
     б) сөз тіркесі, оның өзіндік ерекшеліктері;  
     в)  сөйлемдер  тіркесі,  оның  түрлері  мен  структуралық 
сипаттары;    
      г) мәтін  синтаксисі.   
     Бұл  мәселелер  бір-біріне  тәуелді,  өзара  шарықтас,  тілдің 
синтаксистік жүйесінің жеке–жеке элементтері болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет