Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет158/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   196
6. ЫҚШАМДАЛҒАН СӨЙЛЕМДЕР 
 
6.1 Ықшамдалған сөйлемдерге тән белгілер 
   
     Сөйлемнің  ықшамдала  айтылуы  жәй  әншейін  кездейсоқ  түрде 
болмай,  белгілі  бір  қажеттіліктің,  заңдылықтың  негізінен  шығып 
жатады.  Қазақ  тілінің  заңдылығы  бойынша  мұндай  құбылыс, 
негізінен алғанда, екі түрлі жолда кездесіп отырады: бірі бағыныңқы 
сөйлем  бастауыштарының  ортақтаса  сыйыса  жұмсалуында, 
екіншісі  басыңқы  сөйлем  бастауыштарының  сыйыса  айтылуы  не 
болмаса арнайы айтылмайтын жолында. 
Бағыныңқы  сөйлем  баяндауыштарының  ортақтаса,  сыйыса 
жұмсалуы оның бірыңғай түрінде болады. Оның өзінде де бағыныңқы 
сөйлем баяндауыштары көбінесе бірдей сөзбен беріліп отырады. Бұл 
жайт  баяндауыштардың  сыйыса  жұмсалуына  бірден-бір  мүмкіндік 
туғызады.  Мәселен,  Материалы  бұрынғы,  оқиғасы  бұрынғы,  негізгі 
кейіпкерлері  бұрынғы,  олардың  өзара  драмалық  қарым-қатынасы 
бұрынғы  бола  тұра,  сипаттау  жағынан  роман  бірталай  өзгеріп, 
басынан аяғына дейін қайтадан жазылып шықты (С.Мұқанов). деген  
сөйлемдегі бола тұра баяндауышы алдыңғы компоненттерде   арнайы 
айтылмаса да, баяндауыш ретінде қызмет атқарып тұр. Бірімізден ұл, 
бірімізден қыз туса, екеуіміз құда болайық....(Б.Майлин).   Біреу қағаз 
жазып,  біреу  іс  тігіп  отырса,  біреу  темір  соғып,  біреу  машина 
жүргізіп жүр (М.Иманжанов). 
      Көп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмаластың  бір  сөзбен  берілген 
осындай  баяндауыштары  сыйыса  айтылуы  арқылы  сөйлем 
компоненттері  арасындағы  байланыс  өте  берік  жымдаса  түседі  де, 
жалпы  сөйлемнің  тұтастығы  да  ықшамдалған  бір  бүтін  болып 
сомдалып  тұрады.  Демек,  бағыныңқы  баяндауыштарының  сыйыса 
жұмсалуы  сөйлемдер  арасындағы  синтаксистік  қатынасты  да  өзара 
тығыз жақындастырып, бір-бірімен қапсарласа байланыстырады.  
     Сондай-ақ,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  ықшамдала  айтылуы 
ондағы  басыңқы  баяндауыштарының  өзара  сыйыса  қолданулары 
арқылы  да  болады.  Мұнда  да  сабақтас  құрмалас  сөйлем  көп 
бағыныңқы  болып  келіп,  басыңқы  баяндауыштары  да  бір  сөзбен 
беріліп  отырады.  Қараңыз:  Сен  жиырма  болсаң,  ол  жүз,  сен  жүз 
болсаң,  ол  мың  болады  (М.Әуезов).  Мың  жұмысшы  сұраса,  екі  мың 
жұмысшы,  мың  тонна  көмір  сұраса,  екі  мың  тонна  береміз  де 
(Ғ.Мұстафин). 
      Сабақтас 
құрмаластағы  ықшамдалу 
заңдылығы  басыңқы 
компонент  баяндауышының  бір  сыңары  арнайы  айтылмай  тұруы 
арқылы  да  беріледі.  Мұндайда  ондай  айтылмаған  баяндауыштың 


 
238 
орнына  көбінесе  бол  (ады)  көмекші  етістігі  жүреді.  Сөйлемнің 
осындай құрылысынан да синтаксистік компоненттерінің өзара берік 
жымдасып,  тұжырымдала  айтылып  тұрғандығын  байқаймыз. 
«Ұтымды  төрелік  айтсаң,  жыққаның,  жыққан»    деген    сөйлем 
«Ұтымды  төрелік  айтсаң,  жыққаның  жыққан  болады»  түрінде 
айтылса,  ондағы  компоненттер  арасы  бұрынғыдай  шегенделіп 
тұрмай,  босаңсып  кеткен  болар  еді.  Демек,  басыңқыдағы  болады 
етістігінің  түсіріліп  айтылуы  сөйлемдер  арасын  берік  байланысқа 
түсірудегі бір тәсіл болып саналады. Ортада көп пайда болса, еңбек 
күнге  тиері  де  көп....сенің  қабағың  жабылса,  менің  көңілім 
жабырқау,  сенің  қабағың  ашылса,  менің  көңілім  жайлау 
(Ғ.Мұстафин). көзден ұйқы қашса, көңілге ой үйір (Ә.Кекілбаев). 
       Басыңқы  сөйлем  баяндауышының  арнайы  айтылмауы  көбінесе 
мақал-мәтелдерді 
осындай 
сөйлемдер 
бас-аяғы 
жинақы, 
тұжырымдалған  болып  келсе,  сабақтас  құрмаластың  ықшамдала 
айтылуы да сол заңдылыққа сай келіп жатады. Жау жағадан алғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет