Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет159/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

бөрі-етектен. Кім еңбек етсе, сол тоқ. Абысын тату болса, ас көп. 
     Сонымен, 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлемдегі 
синтаксистік 
компоненттерінің  өзара  сыйыса  айтылуы,  негізінен  алғанда,  ондағы 
баяндауыш  ықшамдала  жұмсалуы  арқылы  жүзеге  асады.  Ондай 
арнайы  айтылмаған  баяндауыштар  бағыныңқы  және  басыңқы 
компоненттің  қайсысынан  да  орын  ала  береді.    Бастауыштардың  да 
сабақтас  сөйлемде  түсіріліп  айтыла  беруі  мүмкін.  Алайда  мұны 
сыйысу  заңдылығы  деп  түсінбеуіміз  керек.  Өйткені  сыйысу 
заңдылығы  бірдей    сөздердің  түгелінен  қайталана  бермсей, 
біреулерінің ғана көрінісіне негізделеді. Ал сабақтас құрмалас сөйлем-
компоненттерінің  әр  басқа  грамматикалық  бастауыштары  арқылы 
құралады. Әр басқа бастауыш болғаннан кейін, олардың өздеріне тән 
баяндауыштары  да  болатыны  белгілі.  Міне,  осындай  баяндауыш 
сөздері  сыйыса  жұмсала  қалса,  олардың  көрінісі    сол  өз 
бастауыштары  арқылы  белгілі  болып  тұрады.  Сабақтас  сөйлем 
компоненттері  әр  басқа  бастауыштардан  болса  олар  өзара  сыйыса 
жұмсалмайды.  Бастауыш  сөздерінің  сыйыса  жұмсалуы    ортақ 
бастауышты  түріне  ғана  тән  болып  келіп,    күрделенген  жай    сөйлем  
болады.    Олай  болса,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдегі  ықшамдалу 
бастауыш  пен  баяндауыш  сөздерінің  екеуіне  де  қатысты  болса,  
сыйысу  заңдылығын  тек  баяндауыш  сөздерінің  табиғатымен 
байланыстыратын боламыз.  
     Сабақтас  құрмаластың  ықшамадала  айтылуы  кейбір  сөздердің 
(бастауыштың) 
түсірілу 
мен 
сыйыса 
айтылу 
(баяндауыш) 
заңдылықтарын  бірдей  қамтиды.  Сөйлем  мүшелерінің  өзара  сыйыса 
жұмсалуы  жалпы  сөйлем  құрылысын  сығылыстыра  түседі.  Осыдан 


 
239 
келіп  сөйлемнің  қысқа  тұжырымдылығы,  жинақылық  сипаты  келіп 
шығады. Мұндай жинақылық сөйлемнің құрылысын өзгерте алмайды.   
      Сабақтас 
сөйлемнің 
компоненттері 
арасында 
болатын 
синтаксистік қатынастың түрлері де  алуан.    
      Бір  жақты  қатынас  -  сабақтас  құрмалас  сөйлемдегі  ең  көп 
қолданылатын да, ең кең тараған қатынас.  
      Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттеріндегі бір жақты қатынас 
деп 
бағыныңқылардың 
баяндауыш 
формалары 
арқылы 
өз 
басыңқылармен  байланысып,  оларды  түрлі  жақтан  айқындайтын 
жолын айтамыз.   
       Бір 
жақты  қатынас  бағыныңқы  сөйлем  баяндауышына 
негізделеді.   Сабақтас құрмаластағы бір жақты қатынас, негізінен 
алғанда, адвербиалды мәндегі бағыныңқы сөйлемдерден орын алады. 
Өйткені  мұндай  сөйлемдерде  синтаксистік  қатынастың  бір 
жақтылығына  сай  басыңқы  компонент  бағыныңқымен  әр  түрлі 
мағыналық 
жақтан 
айқындалып 
отырады. 
Жаңыл 
иіліп 
тостағанмен  су  ұсынғанда,  Естеміс  тағы  да  ұзағырақ  қарады. 
(қашан? сұрағы  қойылып,  мезгілдік  мағына  туады.)  
 Синтаксистік  қатынастың  бір  жақтылығына  орай  сабақтас 
сөйлемдердің  байланысу  амалы  синтетикалық  және  аналитика-
синтетикалық  жолдармен  беріледі.  Осыған  байланысты  бір  жақты 
қатынастағы  сабақтас  сөйлемдер  шартты  рай,  есімше,  көсемше 
тұлғалары,  есімшелердің  көмекші  сөздермен  тіркесе  қолданулары 
арқылы 
жасалады. 
Бұл 
аталған 
грамматикалық 
тұлғалар 
бағыныңқының  баяндауышын  басыңқы  сөйлеммен  жалғастырады, 
басқаша  айтқанда,  синтаксистік  байланыстың  түрі  бағыныңқыдан 
басыңқы жаққа қарай болады.  
     Сабақтас  сөйлемнің  табиғатына  үңіле  қарасақ,  ондағы  бағыныңқы 
компонент  тұлғалық  жағынан  басыңқыға  тәуелді  болса,  мағыналық 
жағынан  басыңқы  бағыныңқы  компонентке  тәуелді  болып  отырады, 
өйткені  басыңқы  компоненттің  мән-мағынасы,  мазмұн  желісі 
бағыныңқы  бөлшек  арқылы  ашылады,  сол  арқылы  ғана  айқындалып 
толықтырылады. 
     Сабақтас  сөйлемнің  компоненттеріндегі  бір  жақты  қатынас  
тілімізде      шартты,  қарсылықты,  мезгіл,  амал,  себеп  және  мақсат 
бағыныңқылы  сабақтастарды    қалыптастырады.  Сондықтан  да 
синтаксистік  қатынастың    бұл  түрі  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 
құрылысында ең шешуші жол болып табылады. 
     Сабақтас 
құрмалас 
сөйлемнің  компоненттері  арасындағы 
синтаксистік  қатынастың  екінші түрі  - екі  жақты  қатынас болады. 
Синтаксистік  қатынастың  бұл  түрі  қатынастық  бағыныңқы 
сөйлемдерден  орын  алады.  Жасалу  жолына  қарай  ол  аналитика-


 
240 
синтетикалық  тәсілдермен  беріліп  отырады.  Сөйлемде  екі  жақтылық 
байланыстың  болуы  ондағы  мүшелік  қатынастағы  (коррелятивті) 
сөздердің  жұптаса  айтылуымен  тығыз  байланысты  келеді.  Ондай 
мүшелік  қатынастағы  сөздер  жіктеу,  сілтеу,  сұрау  есімдіктерімен 
келіп  отырады.  Осы  түрдегі  есімдіктер  жұптаса  айтылып,  (кім-сол, 
қандай-сондай,  неғұрлым-соғұрлым  т.б.)  олардың  қолданылуы 
бағыныңқы және басыңқы компоненттерде болады. Күннің ұзақтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет