Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары



Pdf көрінісі
бет163/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

           7.3 Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары 
    
  Тілдік  категориялардың  басқа  да  түрлері  сияқты  құрмалас 
сөйлемдердің  де  өзіне  тән  қалыптасу,  даму  тарихы  бар.    Ой 
атаулының  қандайы  болса  да  тіл  арқылы  қалыптасып,  тіл  арқылы, 
тілдік  материалдар  арқылы  өмір  сүріп,  басқаларға  жеткізеді. 
Сондықтан  тіл  ойдың  тікелей  шындығы,  ал  ой  шындығы  тек  тіл 
арқылы ғана көріне алады дейміз.  
      Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш – 
сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп анықтама 
беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой  – бірі  форма, екіншісі  – 
соның  мазмұны  ретінде  өзара  тығыз  байланысты,  берік  бірлікте 
болатын категориялар. Бұл екеуі  - қағамның өмір сүрген кезеңіне сай, 
соның  қажетіне  қарай  бірте-бірте  дамып  отыратын  қоғамдық 
құбылыс.  Сөйлем  ойдың  формасы,  ой  сөйлемнің  мазмұны 
болғандықтан,  ол  екеуінің  қалыптасу,  даму  тарихын  да  бірлікте  деп 
қараған  жөн.  Ой  дамып  жетілмеген,  күрделенбеген  замандарда 
күрделі  ойдың  көрсеткіші  болып  табылатын  құрмалас  сөйлемдердің 
болуы да мүмкін емес. Құрмалас  сөйлем адамның ой-өрісінің, дүние 
тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол 
ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.  
Тіл  дамуының  қазіргі  дәуірінде  тілдерде,  соның  ішінде  қазақ 
тілінде  де,  құрмалас  сөйлемнің  неше  алуан  күрделі  түрі  кездеседі. 
Бірақ  солардың  бәрі  бірдей  белгілі  бір  уақыт  ішінде,  бірден  пайда 
болмаған.  Әр  тілдің  өзіндік  даму  заңына  лайықты  бірте-бірте 
қалыптасып жетілген.  
     Көрнекті  ғалымдардың  айтуына  қарағанда,  тіл  дамуының  көнерек 
заманында  сөйлем  құрамындағы  сөздерді,  сол  сияқты  жаңа 
сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстыратын  қазіргі  тіліміздегідей 
дәнекерлер,  тәсілдер  болмаған.  Ол  уақыттағы  сөздер,  сөйлемдер 
арасында  қазіргі  тіліміздегідей  бірі  екіншісіне  меңгеріліп,  жетектеп, 
өзіне  тәуелді  етіп  тұру  сияқты  байланысу  тәсілінің  анағұрлым  берік 
түрлері  болмаған.  Сөздер,  сөйлемдер      тұрған  орындарына,  мағына 
желілерінің  жақындықтарына  қарай  бір-бірімен  қабыса,  іргелесе 
байланысу тәсілі болған. 
      Тіл дамуының мұндай сатыдағы кезеңінде құрмалас сөйлемнің тек 
салалас  түрі,    яғни  мағыналары  бір-біріне  жақын  жай  сөйлемдердің 
өзара  іргелесе,  тіркесе  айтылуы  арқылы  жасалған  түрі  ғана  болған. 


 
247 
Ғылымда құрмаластың бұл түрі паратаксис деп аталады. Паратаксис 
құрмалас сөйлем дамуының алғашқы, бірінші жолы деп есептеледі.  
     Біріне-бірі  тәуелссіз,  бытыраңқы,  қысқа  сөйлемдер  тізбегі 
фальклорлық  шығармаларда  да  көп-ақ.  Мысалы:  Ерте  заманда 
Бабағұмыр  деген  әулие  болған  екен.  Көзі  тиген  сол  қыз  буаз  болған 
екен. Буаз болған соң ұл тапты. Ол ұлдың атын Баба түкті Шашты 
әзіз  қойды.  Жиырма  бес  жасқа  келгенде  әулиелік  қылып  жөнелді. 
Ауған  дариясына  барады.  (Батырлар  жыры).        Құрмалас  сөйлемнің 
алғашқы  түрі  бір-бірімен  мағыналық  жағынан  да,  грамматикалық 
жағынан  да  нашар  тіркескен,  жеке,  дербес  жай  сөйлемдердің  өзара 
салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болғанда, кейінірек 
сол  салаластың  негізінде  компоненттері  әр  түрлі  дәнекерлер  арқылы 
бір-  бірімен  бағына  байланысатын  сабақтас  сөйлемдер  қалыптасқан. 
Бұл ғылымды гипотаксис деп аталады. 
      Сөйтіп,  компоненттері  бір-бірімен  нашар  байланысатын,  әр 
қайсысы  өз  дербестіктерін  сақтап  тұратын  құрмалас  сөйлемнің 
бастапқы  көне  түрінің  орнына  компоненттері  бір-бірімен  тығыз 
жымдасып, бірлікте тұратын жаңа түрі шыққан. 
      Құрмалас  сөйлемнің  әр  алуан,  күрделі  түрлерінің  қалыптасып, 
дамуы жазу тілімен әдеби тілдің өркендеуіне байланысты. Тіліміздің 
шын  мағынасындағы  әдеби  тіл,  жазба  тіл,  ғылым-білім,  техника  тілі 
болып  қалыптасуы,  әсіресе,  кеңес  дәуірінің  жемісі  екені  белгілі.  Бұл 
дәуір ішінде тіліміздің басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлемдер 
де дами түсті.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет