Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет8/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196
лік, оқы-у-шы-лар-мыз-дай т.б. 
Ә)  Форма  тудыратын  жұрнақтар  бұл  жұрнақтардың  сөз 
тудырушы  жұрнақтарға  қарағанда  мағынасы,  табиғаты  басқаша 
болып  келеді.  Сөз  тудырушы  жұрнақ  жалғанған  сөзге  сәл  ғана 
қосымша  мағына  үстейді.  Мысалы,  қой  -  төрт  түлік  малдың  бірі,  ал 
қойшы осы малды бағатын адам. Ал егер қойлы десек қойы барқой-
дай  десек  қойға  ұқсаған  деген  түсінік  туады.  Соңғы  сөздерде  жаңа 
мағына  туып  тұрған  жоқ.  Тек  сол  қой  сөзіне  байланысты  сәл  ғана 
өзгеріс бар деп айтуға болады. 
Форма  тудыратын  жұрнақтарды  мағыналары  мен  қызметтері 
жағынан  сөз  тудыратын  жұрнақтар  мен  сөзді  байланыстыратын 
жалғаудың  арасындағы  категория  деп  қарастыруға  болады.  Осылай 
деп айта отырып, форма тудыратын жұрнақтар жалғаулардан гөрі сөз 
тудыратын қосымшаларға жақынырақ деп айта аламыз. Себебі, форма 
тудыратын  қосымша  түбір  морфемаға  сәл  де  болса  жаңа  мағына 
үстейді. 


 
17 
Қосымшалардың  суффикс  пен  жалғаудан  басқа  өзге  тілдерде 
кездесетін  (мысалы,  орыс  тілінде,  латын  тілінде,  индонезия 
тілдерінде) префикс, инфикс деген түрлері де бар.  
Префикс  –  түбірдің  алдынан  келетін  қосымша.  Бұл  орыс  тілінде 
көп  кездеседі.  Мыс,  ходить-приходить,  сходить,  уходить,  входить, 
выходить т.б. Қазақ тілінде префикстер жоқ. Тек кейбір иран тілінен 
енген сөздерде кездесетін  -бей, -би префиксі кездеседі. Мыс, таныс-
бейтаныс, саясат-бисаясат т.б. 
Инфикс  –  түбірдің  ішінде  қойылатын  қосымша.  Инфикс  латын, 
тагаль (индонезия тілдеріне енетін тіл.) тілдерінде кездеседі. 
Құрылымның  ерекшелігіне,  құрамына  қарай  жұрнақтар  жалаң 
және құранды болып бөлінеді. 
Жалаң  жұрнақ  деп  мағына  жағынан  да,  форма  жағынан  да 
бөлшектенбейтін, бір бүтін  жұрнақты айтамыз.  Мыс,  -шы,-ші, -ым,  -
ім,  -қыш,  -кіш,  -шық,  -шік  сияқты  жұрнақтардың  қай-қайсысы  да 
мағынасы мен  тұлғасы жағынан бір тұтас жұрнақтар. 
Мағына  жағынан  бір  бүтін  бола  тұрса  да,  құрамы  жағынан  кемі 
екі  не  одан  да  көп  жалаң  жұрнақтардан  құралып  жасалған 
жұрнақтарды  құранды  жұрнақтар  деп  атайды.  Мысалы,  -шылық,  -
шілік, -ыңқы, -іңкі, -сыра, -сіре т.б. 
Жұрнақтардың ішінде айтылуы бірдей, таңбалануы бірдей, бірақ 
мағынасы  мен  қызметі  басқа,  яғни  туынды  мағыналары  бір-бірімен 
байланыспайтын  жұрнақтар  да  бар.  Мыс,  қатына  деген  сөзге  –  с 
жұрнағын  жалғаған  кезде  екі  мағыналы  сөз  туындайды.  1)  Айтыс  – 
зат есім; 2) айтыс – етістік. Міне, бұл жұрнақ – омоним жұрнақ. 
Қазақ  тіліндегі  омоним  жұрнақтар  о  баста  бір  негізден  тараса 
керек. Бұл қосымшалардың конверсиялану құбылысы. Енді –шы, -ші 
жұрнағы туралы да бірер сөз айта кетелік. 
Ат-шы, етік-ші, мал-шы, жазу-шы – зат есімдер 
Аунақ-шы, тықыр-шы, тыпыр-шы – етістіктер 
Қой-шы, байқа-шы, көр-ші, кел-ші – қалау райлы етістіктер. Бұл 
жұрнақтар – омоним жұрнақтар. 
Мағынасы  мен  қызметі  жағынан  бір-біріне  ұқсас,  өзара  мәндес 
жұрнақтар да бар. Оларды синонимдес жұрнақтар деп атайды. Мыс, -
қыш, кіш, ғыш, гіш; -шақ, шек, қақ, кек, ғақ, гек;  -қыр, -кір, -ғыр, -гір. 
Мәселен,  Жасқаншақ-жасқанғыш,  қызғаншақ-қызғанғыш,  ұрыншақ-
ұрынғыш, ұялшақ-ұялғыш деп айтуға болады. Сондай-ақ, білгір – біл-
гіш, ұшқыр-ұшқыш деп айтуға болады.  –Ша, -ше жұрнағы мен -шік, 
шық  жұрнағы  да  синонимдес  болып  келеді.  Мыс,  төбе-шік,  көл-шік, 
үй-шік, деп те, қобди-ша, өзен-ше, күрек-ше деп те айтуға болады. Екі 
жұрнақта кішірейту мағынасын беріп тұр. 


 
18 
-Кер, -гер, -кеш, -шы, -ші жұрнақтары да синонимдес бола алады: 
жұмыскер-жұмысшы, 
қызметкер-қызметші, 
арбакеш–арбашы, 
суреткер–суретші т.б. 
Мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  жұрнақтар  да  бар.  Оларды 
антонимдес  жұрнақтар  деп  атайды.  Мыс,  -лы,  -лі,  -ты,  -ті,  -ды,  -ді 
белгілі  бір  заттың  не  құбылыстың  барлығын  білдірсе,  -сыз,  -сіз 
жұрнағы  керісінше,  сол  заттың  жоқтығын  білдіреді:  сулы  –сусыз, 
малды-малсыз, көрікті-көріксіз, қарлы-қарсыз. 
Жұрнақтар  жоғарыдағы  топтардан  басқа  шығу  тегіне  қарай  төл 
жұрнақтар және кірме жұрнақтар болып та бөлінеді. 
Қалыптасу уақытына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар 
болып  бөлінеді.  Сөз  тудыру  қабілетінің  сақталу-сақталмауына  қарай 
тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар болып саналады. Сөз тудырудағы 
және  форма  тудырудағы  қызметіне  қарай  өнімді  және  өнімсіз 
жұрнақтар болып дараланады. 
Сөйтіп,  жұрнақтардың  шығу  төркіндеріне  де  даму  және 
қалыптасу  тарихында  да,  беретін  мағыналары  мен  атқаратын 
қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктері бола 
тұрса  да,  олар  без  берекет,  бытыраңқы  қосымшалар  емес,  бір  үлкен 
жүйеге  сарқылатын  және  сол  жүйеден  ұя-ұя  болып  тарайтын 
категория болып табылады. 
Қосымшалардың  бір  түрі  –  жалғаулар.  Жалғаулар  жұрнақтарға 
қарағанда бірнеше ерекшеліктерімен дараланады. 
1.  Жалғаулар  өзі  тіркесетін  сөзге  лексикалық  мағына  үстей 
алмайды, тек оларға грамматикалық мағына үстей алады. 
2. Жалғаулар жалғанған сөзге мағына үстей алмайды, олар тек сөз 
бен сөзді байланыстыратын қызмет қана атқарады. 
3.  Жұрнақтармен  салыстырғанда,  жалғаулардың  қолданылу  өрісі 
мен шеңбері анағұрлым кең. Жалғаулар белгілі бір сөз табына енетін 
сөздердің  бәріне  бірдей,  талғамай  жалғана  береді.  Қазақ  тілінде 
септік,  көптік,  тәуелдік  жалғаулары  зат  есім  сөздердің  бәріне  дерлік 
жалғана  береді.  Сондықтан,  оның  қолданылу  өрісі,  аясы  әлдеқайда 
кең деп айта аламыз. 
4.  Жұрнақ  жалғанған  сөзге  қиюласып  кірігіп  кетеді  де,  ал 
жалғаулар  жалғанған  сөзбен  кірігіп,  жымдасып  кетпейді.  Жалғау 
аффикстік морфеманың сөзге жалғанып, соған ілесіп жүрген қосалқы 
элементі екені аңғарылып тұр. 
5.  Жалғаулар  тұлға  жағынан  байыпсыз  болады.  Яғни,  олар 
жалғанатын  сөздің  дыбыстарының  әуеніне  сәйкес  не  жуан,  не 
жіңішке,  сондай-ақ,  құрамындағы  дауыссыздары  да  қатаң,  ұяң,  үнді 
болып келіп отырады. Мыс, - лар, -лер, -дар, -дер, -тар,-тер, немесе  -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет