Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет7/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196
2.2 Қосымшалар 
 
Қосымша морфемалар (екінші сөзбен айтатын болсақ, аффикстер. 
Бұл  термин  латынның  ‘‘affuxus’’  –  «жалғанған»,  «қосылған»  деген 
сөзінен қалыптасқан). Өзіне тән тиісті жүйесі болады.  
Қосымша морфемаларды, әдетте, қосымшалар деп атайды. 
Қазақ  тілі  грамматикаларында,  оқулықтарында  қосымшаларды 
жалғау  және  жұрнақ  деп  екіге  бөліп  жүр.  Ал  жұрнақтарды  сөз 
тудыратын  және  сөз  түрлендіретін  (форма  тудыратын)  деп  бөліп 
жүр. 
Проф.  А.Қалыбаева  қазақ  тіліндегі  қосымшаларды  үшке  бөледі 
және  өзінің  «Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалық  жүйесі»  деген 
еңбегінде қосымшаларды төмендегідей етіп бөледі: 
1)  Сөз тудыратын жұрнақтар. 
2)  Форма тудыратын жұрнақша. 
3)  Сөздерді байланыстыратын жалғау. 
Қосымшаларды  бұлай  бөлу  мәселесіне  келген  кезде  тіл 
ғылымдарының  бәрі  бір  келісімге  келе  бермейді.  Белгілі  лингвист 
Ы.Е.Маманов  қосымшаларды  тек  екі  түрге  ғана  бөлуге  болады  деп 
тұжырымдайды:  а)  сөз  тудыратын  жұрнақтар;  ә)  форма  тудыратын 
қосымшалар. Соңғысының құрамына жұрнақ та, жалғау да кіреді деп 
есептейді. Себебі, жалғау да түбір морфемаға жалғанған кезде, сөздің 
тек формасын ғана өзгерте алады. Сондықтан, оларды осылай атаған 
дұрыс деп санайды. 
Сондай-ақ,  Ы.Маманов  жалғаудың  берілген  анықтамасына  да 
күмән келтіреді. «Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаның түрін 
жалғау  деп  атаймыз»  деген  анықтама  берілген  оқулықтарда.  Бұл 
анықтама  бойынша,  жалғау  сөз  бен  сөзді  жалғастырып  тұрады. 
Мысалы:  Мен  көше-ге бардым. Мен  көше-ге  әке-м-мен бардым. Осы 
сөйлемдерде жалғау шын мәнінде  сөз бен сөзді  байланыстырып тұр. 
Ал, мынандай сөйлемдерді алып көрелік: 1.Оқушылар мектепке кірді. 
2. Оқушы мектепке кірді. Бұл мысалдардан көрініп тұрғандай, көптік 
жалғауы  сөз  бен  сөзді  байланыстыра  алмайды  екен.  Яғни,  көптік 
жалғауын  жалғамасақ  та,  оқушы  деген  сөз  өзінен  кейінгі  сөздермен 
байланыса  алады  екен.  Осыдан  көрініп  тұрғандай,  жалғауларға 
берілген анықтамада да шарттылық сипат бар. 
Сонымен,  қазақ  тіліндегі  қосымшалар  екі  үлкен  салаға  бөлінеді 
екен, жұрнақтар және жалғаулар. 
Сөз  тудырушы  жұрнақтар  арқылы  жасалған  мағынаны 
деривациялық мағына деп атайды да, ал форма тудыратын жұрнақтар 
арқылы  жасалған  грамматикалық  мағынаны  реляциялық  мағына  деп 
атайды. 


 
16 
Жұрнақтар  лингвистикада  «суффикс»  деген  терминмен 
белгіленеді. Латынның ‘‘suf’’ -  «соң» және ‘‘fux’’- «жалғанған» деген 
сөздерінің негізінде қалыптасқан.  
Қызметі  жағынан  жұрнақтар  екіге  бөлінеді:  сөз  тудыратын 
жұрнақтар және форма тудыратын жұрнақтар
А)  Сөз  тудыратын  жұрнақтар  белгілі  бір  сөздерге  жалғанып, 
басқа  лексикалық  мағыналы  сөз  туғызады.  Мыс,  қой-шы,  қойма-шы, 
тік-ін,  тік-іс,  тік-ін-ші  т.б.  Сөз  тудыратын  қосымшалар,  әдетте, 
лексикалық  категория  болып  есептеледі.  Бұл  –  заңды  құбылыс.  Сөз 
тудыратын  жұрнақ  сөздің  мағынасымен  тығыз  байланысты  болып 
келеді. Ал сөздің өзіне тән мағынасын тіл ғылымының лексика саласы 
қарастырады. Ендеше, лексикалық категорияның қатарына қосылатын 
осы  жұрнақты  неге  морфологияда  қарастырып  отырмыз  деген  сұрақ 
тууы мүмкін. 
Сөз  тудыратын  қосымшалар  түбірге  қосылғанда  сөздің  тек 
лексикалық  мағынасын  ғана  өзгертіп  қоймайды,  сонымен  қатар 
грамматикалық  мағынасын  да  өзгертеді.  Мысалы,  құр  -  етістік.  Осы 
сөзге  сөз  тудыратын  жұрнақ  жалғасақ  құр-ыл-ыс  түрінде  болып 
келеді. Міне, осы сөзде тек лексикалық мағына ғана өзгермей, сондай-
ақ грамматикалық мағына да өзгеріп тұр. Яғни, бұрын етістік болған 
сөз  енді  жұрнақтың  қосылуы  нәтижесінде  зат  есімге  айналып  отыр. 
Сондықтан қашан да болсын әрбір жұрнақ белгілі бір грамматикалық 
категорияның көрсеткіші болып қызмет етеді. 
Қазақ  тілі  жалғамалы  (аглютантивті)  тіл  болғандықтан,  сөз 
тудыратын  жұрнақтар  да,  форма  тудыратын  қосымшалар  да  түбір 
морфемаға  бірнеше  болып  келіп  жалғана  алады.  Мысалы,  тіг-ін-ші-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет