Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет4/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Аханов К.Грамматика теориясының негіздері. -А.,1972, 4-17-бб. 
2.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің  грамматикалық сипаты. – 
А.,1998, 14-60-бб 
3. Қазақ грамматикасы. - Астана,  2002. 409-432-б 
4.Оралбай Н.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. -А.,2007,3-40-бб. 
5.Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,  Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 197-210-бб. 
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 3-29-бб 
 


 
11 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. 
Мәтіндегі 
сөздерге 
категориялардың 
көрсеткіштері қандай тәртіппен жалғанып тұрғанын көрсетіңіз. 
...Ар  азығы  дегеніміз  -  әділдік.  Осы  соңғы  ар  азығы  -  әділдік 
табылмай  басқа  дене  азығы  өнерлердің  көбеюімен  жалпы  адам 
баласының  күн  көрісі  ауырламаса,  жеңілеймейді,  бақытсыздығы 
көбеймесе,  азаймайды.  (С.Т.)  Рухтың  қозғалуы  –  бітім-болмыстың 
қозғалуы, бітім-болмыстың қозғалуы – адам ата, хауа ана жаралғалы 
бергі  мұқым  дүниенің  бет  ажары  қайта  ашылып  келіп  осынау 
жаратқан иенің назары түскен адамға нұрын сеуіп, қолтығынан демеп
айтуы  жоқ  шабытқа  бөлеп  барша  құдіретімен  мінезін  ашуы  еді. 
(«Жұлдыз»  журналы.)  Тектіден  де  аямай,  тексізден  де,  Жақсылыққа 
жалғанда жеткізсең де, Жеті дүние байлығын ұсынсаң да, Жетеді деп 
айтпайды  бетсіз  пенде.  (С.Байбосын.)  ...Өмір  жаңағы  өздері  кешкен 
шар  өзеннің  суындай  қатты  тасып,  төңіректі  шайқап–сілкіп  өте 
шыққанмен,  қайтадан  сабасына  түсіп,  сабыр  тапқанмен,  әлі  де  алда 
ел–жұрттың  күнделікті  құла  төбел  тірлігі,  күйбең  өмірі  тұрған  жоқ 
па?  (Б.Тілегенов.    «Өмір  өзен»)  Құдайға  да,  адамға  да    айдан  анық:  
қулық  –  сұмдық  құрығын  пайдаланып,  кейде  жағып  сөйлейді,  кейде 
лағып...  құтыламыз  бұлардан  қайда  барып?!  (Ж.Әбдіраш.  «Санаға 
салмақ  түскенде».)  Әр  кезеңнің  өз  үні  болады  деген  қағиданы 
бірыңғай ұраншылдыққа айналдырып алдық па, әлде заманның небір 
соқтықпалы,  соқпақты  сан  тарау  сүрлеуінде  жүргенде  бабаларымыз 
қылышпен  қиып,  қамшымен  нұсқап  салған  қасқа  жолдан  көз  жазып 
қалдық па, қайдам, әйтеуір осы бір киелі өнеріміз соңғы бір ғасырдан 
астам  уақыт  бедерінде  асыраулы  кеміс  баладай  өз  төбешігінен  әрі 
асып  өзгелерге  көріне  алмай  қалғаны  -  тағы  да  шындық. 
(М.Кенжебай.)  
2-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердегі  граматикалық  мағынаның 
қандай  тәсілдер  арқылы  берілгенін  тауып,  соған  қарай 
грамматикалық форманың түрлерін ажыратыңыздар.  
...Адам баласы жаны сірі, көнтерлі екен ғой, қанша күйреп, тұра 
алмастай жер боп, сенері де, сүйенері де жоқ, тауы шағылып, меселі 
қайтып,  сағы  сынғанмен,  қандай  күш,  қандай  құдіреттің  күш 
беретінін  кім  білсін,  бұралқы  иттей  қыңсылап,  жарасын  жалап, 
итжандылықпен орнынан тұрып, бойын көтереді. (Б.Тілегенов «Өмір 
өзен»).  ...О бастан қанағатшыл Гүлбаршын белі талып, білегі сыздаса 
да, денесінен қару – қайраты қайтса да, тәубесіне қайта түсіп, аштан 
өліп,  көштен  қалған  жері  жоқ,  еңсесін  көтеріп,  басын  тік  ұстап, 
жұртқа  басын  бұрды,  күнделікті  күйбең  тіршіліктің  қамына  кірісті. 
(Б.Тілеген.«Өмір  өзен»).  Халық  мәдениеті  қаншалықты  көне  болса, 
оның  зерттелуінің  тарихы  да  соншалықты  тереңге  тамыр 


 
12 
созады.(Газеттен.)  Таныған  жерде  бой  сыйлы,  Танымаған  жерде  тон 
сыйлы.  (Мақал.)  Арқаға  ауыр  жүк  батса,  Нар  да  қашар  жауырдан. 
Жайылымды  жерге  бақпаса,  Аруана  қашар  сауыннан.  (А.Өтегенов.) 
Мәңгі  лаулап  жану  үшін  ғаламда,  Үлкен  бақыт  табу  үшін  ғаламда, 
Үлкен  болып  қалу  үшін  ғаламда,  Үлкен  арман  керек  екен  адамға! 
(М.Шаханов.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет