Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет6/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
 
 
2. СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ 
 
2.1 Сөздің морфологиялық құрамы 
 
Сөздің  морфологиялық  құрылымы  туралы  мәселе  грамматика 
теориясының  өте-мөте  маңызды  проблемаларының  бірі  болып 
саналады.  Дүние  жүзі  тілдерін  жіктеу  тілдік  құрылымының,  ең 
алдымен,  ондағы  сөздердің  морфологиялық  құрылымының  әр  басқа 
болу  фактісіне  негізделген.  Әр  түрлі  тілдердің  морфологиялық 
құрылысын  анықтап  және  салыстыра  отырып  әр  тілдік  топтардың 
өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін анықтауға болады. 
Әр  сөздің  өзіне  тән  мағынасы  болатыны  секілді,  грамматикалық 
құрылысы  да  болады.  Мысалы:  Ғашықтың  тілі  –  тілсіз  тіл  деген 
сөйлемді алып көрелік. Осы сөйлемде үш тіл деген сөз бар. Олардың 
бір  ғана  лексикалық  мағынасы  бар.  Ал  осы  тіл  сөзі  қажетіне  қарай 
өзгертіліп қолданылған. 
1. Тіл – заттың атын білдіретін негіз. 


 
13 
2. Тілі – осы сөздегі –і бөлшегі осы сөзді бөгде адамға телу үшін 
қолданылып тұр. 
3. 
 Тіл  -  сіз    бұл  бөлшек  тіл  сөзін  жоқ  тіл  деген  мағынаны 
білдіріп тұр. 
Бұл  бөлшектер,  сонымен  бірге,  сөзге  азды-көпті  өзгеріс  енгізіп, 
оның  құрамын  өзгертіп  тұр.  Тіліміздегі  сөздердің  мағынасы 
лексикалық  жағынан  немесе  грамматикалық  жағынан  өзгеруі,  сөздің 
бөлшек-бөлшек  болып  бөлінуі  –  тіліміздің  табиғатына  тән  заңды 
құбылыс. 
Сөздің  лексикалық  не  грамматикалық  мағыналарын  білдіретін 
осындай жеке бөлшегін морфемалар деп атайды. 
Жеке  сөздер  сияқты,  морфемалардың  да  өзіне  тән  ішкі  мазмұны 
(мағынасы) мен сыртқы формасы  (дыбыстық жамылғышы) болады.  
Әдеттте,  грамматикалық  оқулықтарда  морфемаға  сөздің 
мағыналы  ең  ұсақ  бөлшегі  деп  анықтама  беріледі.  Сөздің 
құрамындағы морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема 
деп екіге бөледі. 
Түбір  морфема  да,  қосымша  морфема  да  одан  әрі  бөлшектенуге 
келмейді деп түсіндіріледі. 
Түбір  морфема    –  сөздің  әрі  қарай  бөлшектенуге  келмейтін  ең 
түпкі  негізі.  Түбір  морфема  сөздің  негізгі  лексикалық  мағынасын 
білдіреді.  Түбір  морфема  болмаса,  қосымша  морфеманың  бірде-бірі 
немесе бірнешесі қосылып келсе де мағыналы сөзді жасай алмайды. 
Түбір морфема жеке тұрып та семантикалық жағынан да, қызметі 
жағынан  да  дербес  сөз  бола  алады.  Мұндайда  түбір  морфема  мен 
сөздің  мағынасы  бірдей  болып  шығады.  Мысалы:  бас,  тіл,  жол,  кел 
деген  сөздер  осындай  сипатқа  ие.  Ал  бастық,  тілші,  жолаушы, 
келісім  түрінде  келетін  болса,  онда  құрамында  түбір  морфемасы  да, 
қосымша  морфемасы  да  бар  сөздер  болып  шығады.  Бұл  сөздерде 
түбір морфема мен сөздердің мағынасы бірдей емес. 
Түбір морфема дара түрде де (жол, көр, ал...), қосымшалы түрде 
(басшы,  қолтық,  баспа),  қайталанып  та  (тау-тау...),  басқа  түбір 
морфемалармен  бірігіп  келіп  те  (белбау,  басқұр...),  тіркесіп  келіп  те 
(қара  сұр,  он  екі),  жұмсала  береді.  Сондай-ақ,  қайталанып, 
қосарланып,  бірігіп,  тіркесіп  келген  морфемаларға  қажетінше 
қосымша морфемалар да жалғана алады. Мысалы:  қап-қаптан, қора-
қопсыдан, он екісін т.б. 
Қосымша  морфемалар  деп  түбір  морфемаларға  қосылып,  оған 
қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Мысалы: аш - 
түбір  морфема,  ал  ашты  деп  айтсақ,  оған  өткен  шақ  мағынасы 
үстемеленіп  тұр,  аштық  десек,  өткен  шақтық  мағынамен  қатар, 
қимылды  бірнеше  субьекті  істегені  туралы  көптік,  I  жақтан 


 
14 
істелінгені  туралы  жақтық  мағына  үстемеленіп  тұр.  Бұлар  қосымша 
морфемалар. 
Қосымша  морфемаларда  мағыналық  дербестік  те,  тұлғалық 
дербестік  те  болмайды.  Сондықтан,  олар  түбір  морфемасыз,  өз 
алдына,  дербес  жұмсала  алмайды.  Бірақ,  түбір  морфемаға  үстеме 
мағына жамайды. 
Қосымша 
морфеманың 
өз 
алдына 
дербес 
қолданыла 
алмайтындығы,  тек  түбірге  тіркестіріліп  жұмсалатындығы  қосымша 
морфеманың  дыбыстық  жағынан  тұрақсыз  екендігін,  яғни  өзі 
жалғанатын 
түбірдің 
ыңғайына 
қарай 
өзгеріп, 
үндесіп 
отыратындығын  да  көрсетеді.  Мысалы:  -ты,  -ті,  -ды,  -ді,  -лы,  -лі 
жұрнақтары  айналып  келгенде  бір-ақ  қосымша  морфема  –  лы–ның 
варианттары ғана. 
Қосымша морфема мен түбір морфеманы бір-бірінен ажырататын 
мынадай белгілер бар: 1. Түбір морфема мен қосымша морфема бір-
бірімен  байланыссыз  емес.  Түбір  морфемаға  кез-келген  қосымша 
морфема жалғана бермейді. Мысалы:   -ған, -ген морфемасы зат есім, 
сын  есім  секілді  сөз  таптарына  жалғанбайды.  2.  Түбір  морфемаға 
өзгермей,  өзінің  бастапқы  формасын  сақтап  отырады  да,  қосымша 
морфема  түбір  морфемамен  дыбыстық  жағынан  үйлесіп,  үндесіп 
отырады.  3.  Бір  түбір  морфемаға  керегінше  бірнеше  қосымша 
морфема  жалғай  беруге  болады.  Алайда,  олар  қалай  болса  солай 
тіркесе  бермейді,  белгілі  бір  жүйе  бойынша,  заңдылық  негізінде 
жалғанады.  4.  Бір түрлі  қосымша  морфема  түрлі  түбірге  қосылса  да, 
оларға  түрлі-түрлі  мағына  үстемейді,  тек  бір  ғана  жалпы  мағына 
үстейді.  Мысалы:  көр-іп,  кел-іп,  ал-ып,  айт-ып  т.б.  сөздердегі  –ып 
морфемасы бір ғана көсемшілік мағына үстеп тұр. 
Сонымен  бірге,  түбір  морфема  мен  қосымша  морфеманың 
арасында айырмашылықтар бар:  
-  түбір  морфемада  дербес  лексикалық  мағына  болады  да, 
қосымша  морфемада  ондай  мағына  болмайды,  тек  жалпы  мағына 
болады; 
-  қосымша  морфеманың  абстракталы  (жалпы)  мағынасы  түбір 
морфемамен тіркескенде ғана анықталады
-  түбір  морфеманың  саны  қосымша  морфемаға  қарағанда 
әлдеқайда көп болады.  
 
 
 
 
 
 


 
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет