Эссе жазғанда нені ескеру қажет? 1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; оны жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды сараптайды, іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.
3. Эссеге әдеби көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді. Кез келген туындыда авторлық түйін мен жеке көзқарас болу қажет.
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой. Өмірден мысал.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: • Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
• Юмор, сарказм;
• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау
Сабақтың аяқталуы
Топпен жұмыс.
1-топ. Берілген материалдардан терминдерді табады.
2-топ. Аргументтерді ажыратады.
3-топ. Юмор, сарказмдарды табады.