Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



бет34/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
?ÀÇÀ?ÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ Á²Ë²Ì Æ?ÍÅ ?ÛËÛÌ ÌÈÍÈÑÒÐ˲ò

3 қадам. Ақпаратты жинаңыз. 
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады. 
4 қадам. Эссені жоспарлаңыз. 
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз. 
5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз. 
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац біройдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 қадам. Қорытынды жазыңыз. 
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 
7 -қадам. Кіріспені жазыңыз. 
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойланыңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасы-ңызға қысқаша шолумен бекітіңіз. 
8 -қадам. Жазғаныңызды оқыңыз. 
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет