2-мәтін.Жүрген жеріңде ізің қалсын Қарындашты ең алғаш жасаған иесі оны қорабына салып жатып, оған мынадай насихат айтыпты: «Өз ортаңа барғанда мына 5 қағиданы жадыңда мықты сақта, сонда ғана қалам біткеннің ішіндегі ғаламаты бола аласың. Бірінші, ұлы істерді істеуге сенімің болсын. Ол үшін басқалардың қолындағы тағдырыңа төзуің керек.
Екінші, сол ғаламаттыққа жетудің алғышарты – қылпылдаған пышақпен ұшталған сәттегі азапқа төзе білу.
Үшінші, болашақта жанды жерің өзегің екендігін естен шығарма.
Төртінші, болашақта өткізуің мүмкін болған қателіктерді қазірден бастап ойлана бер.
Бесінші, жүрген жеріңде із қалатын болсын. Сонымен өз иесінің насихатын есіне берік ұстанған қарындаш әлі күнге қолданыста жүр екен.
Топпен жұмыс. Бес саусақтың суретін саламыз;
Белгілі бір затты немесе адамды сипаттайтын бес қасиетін жазамыз.
Шынашаққа ең жеңіл немесе маңызды емес қасиетінен бастатып, басбармаққа келгенде ең маңыздысын жазамыз неге олай жазғаныңызды біріншіден, екіншіден, меніңше деген қыстырма сөздерді пайдалану арқылы дәлелдейміз.
1-топ. «Менің досым»;2-топ. «Менің сүйікті кітабым»