Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65

 

Әдебиеттер 

 

1.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.  –  Алматы:  Литера, 

2000. – 96 б. 

2.Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 

Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан. http://www.inform.kz 

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы // http://bilim.edu.zhambyl.kz 

4.Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасы.  ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің №1 бұйрығымен 4.01.2006 жылы бекітілген. 

5.Тұрғынбаева  Б.А.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінде  мұғалімдердің 

шығармашылығын дамыту //Білім берудегі менеджмент, 2004. -№3 

6.Глушков  В.М.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в 

системе образования.-М., 2003.-185 с 

7.Кручинина 

Г.А. 


Компьютеризация 

образования 

в 

средней 


общеобразовательной  и  высшей  педагогической  школе:  проблемы,  опыт, 

экспериментальные исследования. –Новгород: ННГУ, 1995. -291 с. 



 

 

Ерментаева  Ардақ  Ризабекқызы,  пс.ғ.д.,  қауымдастырылған  профессор, 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қаласы 



  

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ СУБЪЕКТ-БАҒДАРЛЫ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

Психологиялық-педагогикалық 

ғылымда 

субъект 


қасиеттерін 

– 

жауапкершілікті,  дербестікті,  белсенділікті  және  т.б.  дамытуға  байланысты 



технологиялық  тұрғылар  жоқ  емес.  Олар  еркін  тәрбие  беру  идеясына  (Ж. 

Аймауытов,  Ы.  Алтынсарин,  М.  Монтессори,  А.  Нейл,  С.  Френе,  Р.  Штейнер, 

Л.Толстой)  және  гуманистік  бағыт  негіздеріне  (К.  Роджерс,  А.  Маслоу) 

арқаланады. Осы орайда біздің зерттеу жұмысы үшін К. Роджерстің тұлға дамыту 

тұрғысы, И.С. Якиманскаяның тұлға-бағдарлы, В.А. Ситаровтың, Г.К. Селевконың 

оқушылардың өзін-өзі дамыту, Х.Т. Шерьязданованың мектепке дейін білім беру 

мекемелерінің  болашақ  педагогтері  мен  психологтерінің  қарым-қатынасын 

жетілдіру,  Л.М.  Митинаның  мұғалімдерді  кәсіби  дамытудың  психологиялық 

технологиялары т.б. мәнді болады.   

Біздің  зерттеуде  болашақ  педагогтердің  субъект-бағдарлы  психологиялық 

дайындау  технологиясы  (СБПДТ)  олардың  даму,  жетілу  беталысына  стимул 

жасауға  арналады.  Ол  үшін  студенттердің  субъектілік  пен  психологиялық 

даярлықтарын дамытуға фасилитациялық жағдай жасау аса маңызды.  


176 

 

Жүйелік  тұрғыға  сәйкес  студенттерді  субъект-бағдарлы  психологиялық 



дайындау  бірнеше  құрамдас  жүйешелерден  тұрады.  Олардың  әрқайсысы 

жүйешенің  деңгейінде  де,  тұтастай  жүйенің  де  функциясын  қамтамасыз  ететін, 

рангісі  одан  да  төмен  бірнеше  құрамдарға  бөлінеді.  Мұндағы  субъект-бағдарлы 

психологиялық  дайындау  технологиялары  психология  пәні  бойынша  білім  беру, 

психологиялық  тренингті,  психоконсультациялық  сұхбатты,  психологиялық 

түзетімді,  психодиагностиканы,  психологиялық  ағартуды  және  көптеген 

дәрісханадан тыс психологиялық шараларды қамтиды.  

Оқу  жоспарында  тағайындалған  психология  пәндерін  оқуға  қосымша 

студенттерді психологиялық дайындауда олардың субъектілік пен психологиялық 

даярлықтың  жоғары  дәрежелерін  дамытуы  көзделеді.  Мұнда    студенттерге 

меңгерілген  психологиялық  білімге  қатысты  дербестік  пен  шығармашылық  іс-

әрекетті  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беру  қажет.  Осы  орайда  оқу,  педагогикалық, 

өндірістік  практикаларды,  топтық  жұмыс  жасауды,  практикалық  мәнді  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізуді,  психология  пәні  бойынша  психикалық  процестерді, 

қасиеттерді, кейіпті оңтайлы дамыту бойынша нұсқаулар жасауды, психологиялық 

тренинг  ұйымдастыруды  психологиялық  дайындаудың  практика-бағдарлы 

шаралары  ретінде  жүзеге  асыру  тиімді  болады.  Демек,  студенттерді  практика-

бағдарлы  психологиялық  дайындау  сабақ  кезінде  де,  дәрісханадан  тыс  шаралар 

арқылы  да  жүргізіледі.  Мұнда  студенттердің  практика-бағдарлы  субъектілік 

ұстанымдарын, психологиялық құзіретін дамыту қажет болып табылады. Сонымен 

қатар,  осы  орайда  олардың  өздігінен  білім  жетілдіруіне,  қойылған  міндетті 

орындау  үшін  басқалармен  бірлесіп  әрекет  етуге,  өздеріне  құнды  қатынас 

танытуларына екпін түсіріледі. 

Сонымен  қатар  студенттерді  психологиялық  дайындау  жүйесі  субъектілік 

пен  психологиялық  даярлықты  дамытудың  әдіснамалық,  ғылыми-теориялық 

негіздерімен, ерекшеліктерімен, әдіс-тәсілдері және құралдарымен, формаларымен 

таныстыруды  көздейтін  студенттерге  арналған  қосымша  үйірме  сабақтарын, 

арнайы  курсты  қамтиды.  Студенттерге  арналған  курс  олардың  субъектілік  пен 

психологиялық  даярлықтарын  дамытуды  және  осы  орайда  өзіндік  дамуға  бағдар 

беруді көздейді. Ал магистрлерге арналған курс субъект-бағдарлы психологиялық 

дайындау  іс-әрекетінің  теориясын,  әдістемесін  меңгеруге  бағытталады.  Мұндағы 

курс  бойынша  дәріс  беру  әдістемесі  студенттердің  ерікті  түрде  қатысуларына, 

педагогикалық  қарым-қатынас  жасау  тілін  өз  еркімен  таңдауға  құқын  ескереді. 

Аталмыш  курстардың  құрылымына    мына  мәселелер  бойынша  ақпараттар 

енгізілген: 

1.

 



Іс-әрекетке,  қарым-қатынасқа,  өзіндік  дамуға  психологиялық  даяр 

болудың мәні. 

2.

 

Психологиялық даярлықтың анықтауыштары. 



3.

 

Психологиялық дайындаудың субъектілік тұрғысы.  



4.

 

Психологиялық дайындаудың субъект-бағдарлы технологиялары. 



5.

 

Субъект-бағдарлы психологиялық пропедевтика. 



6.

 

Субъектілікті зерттеу (психодиагностика). 



7.

 

Субъектілікті дамыту тренингі. 



8.

 

Субъект-бағдарлы психологиялық консультация. 



177 

 

Курс  студенттерді  жалпы  түрде  психологиялық  дайындауға,  олардың 



субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындауды  жүзеге  асырудың  әдіснамалық 

негізін  меңгерулеріне,  белсенді  түрде  тұлғалық  қасиеттерді,  кәсіби  біліктілікті 

өзіндік дамытудың мақсатын, бағдарламасын нақтылап, саналы аңғаруға, субъект 

ретінде  өзін  таныту  мен  дамытудың  психологиялық  әдіс-тәсілдерін  меңгеруге 

мүмкіндік береді.  

Психологиялық  диагностика  студенттердің  тұлғалық  ерекшеліктерін, 

олардың  мүмкіндіктерін,  мотивация  салаларын,  субъектілік  құраушылары  мен 

деңгейлерін,  психологиялық  даярлық  деңгейлерін,  қарым-қатынаста  мәнді 

болатын  қасиеттерін  анықтайды.  Осы  мақсатпен  арнайы  сұхбат,  сауалнама-

сұрақтамалар, әртүрлі тестер алынады.  

Психологиялық  консультация  психологиялық  дайындау  барысында 

студенттерге  моральді-эмоциялық  қолдау  көрсетуге,  олардың  өз  ниет-тілектерін, 

қажеттіліктерін  қоғам  талаптарына  сәйкестендіре  алуға,  оқу  іс-әрекеттерінде, 

қарым-қатынасында  пайда  болған  мәселелерге  қатысты  шешім  қабылдай  алуға 

мүмкіндік береді. Студенттермен психоконсультациялық сұхбат барысында түрлі 

әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижелі болатынын іс-тәжірибеміз көрсетті.  

Субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындаудың  басты  бір  мақсаты 

студенттердің  өзіндік  даму  процесін  жетілдіру  болып  табылады.  Өзіндік  даму 

қаншалықты  тұлғаның  өзі  жүзеге  асыратын  ісі  болғанымен  рухани-адамгершілік 

қасиеттердің  жоталы  дамуын  көздеу,  өзіне  деген  қатынастың  құндылығын 

арттыру,  күш-қайратты,  әлеуетті  үйлесімді  жүзеге  асыру  бойынша  бағдар 

жасалынуы  қажет.  Өзіндік  даму  процесін  жүзеге  асыру,  жетілдіру  үшін 

студенттердің  субъектілік  пен  психологиялық  даярлығы  болуы  тиіс.  Осы  орайда 

студенттердің  өзіндік  даму  технологиясын  құрастыру  керек.  Бұдан  студенттерді 

субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындаудың  әрбір  тұлғаның  өзіндік  даму 

процесін  басынан  өткізуіне  мүмкіндік  беру,  әрбір  жас  кезеңінде  осы  процесті 

қолдау  және  стимул  жасап  отыру,  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзіндік  даму 

технологиясын меңгеру қажеттігі көрінеді. 

Сонда,  студенттердің  өзіндік  даму  технологиясы  субъект-бағдарлы 

психологиялық  дайындауға  қайшы  емес,  керісінше  оны  толықтырады  және 

кеңейтеді. Себебі субъект-бағдарлы психологиялық дайындау студенттердің өзін-

өзі танытуына басты назар аударады. Ол үшін танымдық мотивацияны ғана емес, 

өзіндік  дамудың  әртүрлі  формаларын  да  өзекті  ету  есебінен  ахуал  жасау  керек. 

Мұнда  жоғары  мектепте  психологиялық  қызмет  аясында  психотехнологияларды 

қолдану қисынды. 

Алайда  қазір  жоғары  оқу  орындарында  психологиялық  қызмет  көрсету  де 

мәселе  болып  табылады.  Себебі  әлі  күнге  дейін  ол  ресми  түрде  енгізіліп,  іс-

тәжірибе  ретінде  сараланып,  республикалық  жоғары  мектептердің  кәсіби  білім 

беру  жүйесінің  міндетті  құрамы  бола  алмай  келеді.  Сонымен  қатар, 

психологиялық  қызмет  көрсетудің  қазіргі  әдіснамалары  негізінде  студенттер 

дамудың,  жетілудің,  өзін-өзі  танытудың  субъектісі  ретінде  жете  қарастырыла 

қойған жоқ. Демек, қазіргі жоғары оқу орындарының кәсіби дайындау жағдайында 

студенттерді  психологиялық  дайындауды  жаңа  тұрпатта,  өзгеше  бағытта  жүзеге 

асырған оңтайлы болады. Сонда, психологиялық дайындау негізінде студенттердің 

психология  бойынша  білім  алуына,  олардың  тұлғалық,  кәсіби  бағытта  дамып, 


178 

 

жетілу  процесінде  әрдайым  субъектілік  ұстанымда  болуына  психологиялық 



сүйемелдеуді жүзеге асыру, психологиялық демеу көрсету, психологиялық қолдау 

жасау 


керек. 

Мұнда 


«психологиялық 

сүйемелдеуді 

жүзеге 

асыру», 


«психологиялық демеу көрсету» және «психологиялық қолдау жасау» ұғымдарына 

әртүрлі мағына береміз. Кейбір жағдайларда аталмыш ұғымдар тепе-тең мағынада 

қолданылуы  мүмкін.  Дегенмен,  біздің  зерттеуде  «психологиялық  сүйемелдеуді 

жүзеге асыру» ұғымы психологиялық дайындау процесінде студенттердің субъект 

ретінде әрекет етуіне оңтайлы өзара әрекеттестік пен өзара қатынасқа ахуал жасау 

қисынына пара-пар келеді. Ал, «психологиялық демеу көрсету» ұғымын субъект-

бағдарлы  психологиялық  дайындау  барысында  анықталған  өз  проблемаларын, 

қиыншылықтарын  жеңу  үшін  студенттердің  өзіндік  психологиялық  түзетімдерді 

жүзеге асыруына жағдай жасау мағынасында қолданамыз. Студенттердің субъект-

бағдарлы  психологиялық  дайындау  бағытында  өзіндік  даму, өзіндік  жетілу, өзін-

өзі таныту мақсатында бағдарламалар жасап, оны іске асыруында «психологиялық 

қолдау  жасау»  орын  алмақ.  Осыған  орай  студенттерді  субъект-бағдарлы 

психологиялық дайындаудың аталмыш құраушыларын бейнелі сипаттап көрейік.   

Студенттерді  психологиялық  дайындау  –  жоғары  оқу  орнында  олардың 

тұлға,  білікті  маман  ретінде  дамуына,  жетілуіне  жол  бастау;  даму,  жетілу 

жолдарында үзеңгілес, қатарлас, серіктес болу; кейде, қажет болса – осы даму мен 

жетілуге  жол  сілтеу.  Оқытушы  өзінің  жас  серіктесінің  қажеттіліктеріне,  ниет-

тілектеріне  аса  назар  аударып,  ескеріп  отырады;  жетістіктер  мен  пайда  болатын 

қиыншылықтарды  шегендейді;  ақыл-кеңес  пен  өз  тәжірибесі  арқылы  іс-әрекет, 

қарым-қатынас әлемінде бағдар жасауына қолдау танытады. Бірақ нені болмасын 

студенттердің  мүлтіксіз  қайталауын,  көшірмелеп  орындауын  қадағалап-

бақылаудан, өзінің  жолы мен  бағдарын жапсырудан  түбегейлі  аулақ  болады. Тек 

студент өз жолынан адасып кеткенде, я болмаса, ол көмек қажет еткен кезде ғана 

оның  қайта  өзінің  жолына  түсуіне,  оралуына  «бас-көз»  болып,  демеу  көрсетеді. 

Оқытушы  өз  дегенімен,  өз  қалауымен  таңдаған  жолға  бірде-бір  студентті  сала 

алмайды.  Әрбір  студенттің  тұлға,  білікті  маман  ретінде  даму,  жетілу  жолын 

дербес, өзбетімен таңдауға әрі құқықты әрі міндетті болады. Алайда қандай-да бір 

бұрылыстарда,  жол  айырықтарында  таңдау  процесін  әлдеқайда  саналы  аңғаруға, 

оны  жеңілдетуге  түрткі  болатын  серіктес  қапталдаса,  табыла  кетсе,  онда  ол  зор 

жетістік, асқан сәттілік болады. 

Сонда психология пәні оқытушысы осы сипаттауға сәйкес ұстанымда болса, 

онда  олардың    психологиялық  даярлығы  субъект  тұрғысынан  белсенді  дамиды, 

жетіледі.  Ал  психологиялық  дайындау  процесінің  өзі  әлдеқайда  тиімді,  саналы 

түрде аңғарылатын және мақсат-бағдарлы болады. 

Болашақ  педагогтерді  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындаудың 

артықшылықтарын ерекше бөліп көрсетеміз: 

-

 

студенттердің  жас  ерекшеліктеріне  қатысты  заңдылықтарға,  тұлғалық 



жетістіктеріне арқалануға мүмкіндік береді; 

-

 



әрбір  студент  тұлғасының,  даралығының,  дамуға,  жетілуге  қатысты 

қажеттіліктері мен мақсаттарының құндылығы мүлтіксіз ескеріледі; 

-

 

студенттердің субъект ретінде дербес шешім қабылдауына түрткі болады;  



-

 

олардың белгілі дәрежеде өз субъектілігін арттыратындай психологиялық 



демеу, қолдау, серіктестік танытады;  

179 

 

-



 

студенттердің субъектілік ұстаныммен өзіндік дамуына, жетілуіне қажетті 

жағдай жасайды;  

-

 



студенттерге  психологиялық  даярлықты  субъект  ретінде  белсенді 

дамытуға, жетілдіруге фасилитациялық негізде әсер етеді. 

Психология  пәні  оқытушыларының  академиялық-қызметтік  статусы 

студенттерді психологиялық дайындау мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес 

келеді. Дегенмен, психология пәні оқытушылары студенттерді СБПДТ-ның үлгісін 

бағдар  ретінде  ұстанулары  керек.  Осыған  орай  студенттерді  субъект-бағдарлы 

психологиялық  дайындау  технологиясын  сипаттайтындай,  айқындайтындай  үлгі 

жасалды (1-кесте). 

 

1-кесте.  Болашақ  педагогтерді  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау 



технологиясының құрылымдық үлгісі 

 

Іс-әрекет 



құрылымы 

Іс-әрекет сипаты 

СБПДТ-дағы 

доминантты бағыт 

Студенттердің  оқу-кәсіби  іс-әрекетті,  қарым-қатынасты 

жетілдіруге  және  өзіндік  даму  процесін  өзекті  етуге 

әрдайым 

психологиялық 

даярлығының 

субъектілік 

тұрғыдан жоғары деңгейде болуы  

СБПДТ-дағы 

приоритетті мақсат 

Студенттердің психологиялық даярлығы мен субъектілігін 

деңгейлі дамыту 

СБПДТ-ның 

мазмұны 

Ғылыми ақпарат; ғылыми ұғымдар жүйесі 

СБПДТ-дағы 

белсенділік типтері 

Білім-бағдарлы  субъектілік,  өзіне-бағдарлы  субъектілік 

және 


әлеумет-бағдарлы 

субъектілік 

негізінде 

психологиялық  даярлықты ұдайы  жетілдіруге  бағытталған 

ізденушілік іс-әрекет   

СБПДТ-ның 

нәтижесі 

Студенттердің  өзіне  және  басқаларға  құнды  қатынасын 

анықтайтын  субъектілік  ұстанымы  және  оқу-кәсіби  іс-

әрекетті,  қарым-қатынасты  жетілдіруге  және  өзіндік  даму 

процесін  өзекті  етуге  психологиялық  даярлықтарының 

өзара шарттастықта дамуы 

СБПДТ-дағы  өзара 

қатынас 


«Субъект-субъект» типті қатынас 

СБПДТ-дағы  өзара 

әрекеттестік 

«Субъект-объект-субъект» типті әрекеттестік 

СБПДТ-дағы 

рөлдік ұстаным 

Оқытушы  –  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау 

субъектісі 

болу; 

студенттерді 



субъект-бағдарлы 

психологиялық  дайындау  процесіне  жетекшілік  жасау; 

олардың  субъектілік  ұстанымы  мен  психологиялық 

даярлықтарының 

өзара 

байланыста 



дамуы 

үшін 


психология 

пәні 


бойынша 

білім 


беру; 

оларға  


фасилитаторлық  тұрғыдан  психологиялық  серіктестік, 

демеу, қолдау көрсету.  

Студент  –  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау 


180 

 

субъектісі  болу;  өз  проблемаларын  өзі  психологиялық  



жолмен шешуде субъектілік таныту. 

СБПДТ-ның  басты 

құраушылары 

1)  Психология  және  өзін-өзі  тану  пәндері  бойынша  білім 

беру;  2)  арнайы  курстар,  практикалар,  студенттермен 

ғылыми-зерттеу жұмыстары  және т.с.с.;  3)  психологиялық 

серіктестік, демеу, қолдау шаралары –   

психологиялық  ағарту,  психологиялық  пропедевтика, 

психодиагностика,  психоконсультация,  психологиялық 

тренинг т.с.с. 

СБПДТ-дағы 

центрация 

Студенттердің  субъектілік  ұстанымы  мен  психологиялық 

даярлық деңгейлері 

СБПДТ-ң 

мазмұнын 

жоспарлау 

стратегиясы 

Субъектілік  тұрғысынан  студенттерді  қоғам  және  кәсіби 

білім  беру  талаптарына,  әлеуметтік  үміт  пен  күтімге, 

студенттердің  қажеттіліктеріне  сәйкес  субъект-бағдарлы 

психологиялық дайындау   

СБПДТ-ң әдістері 

Проблемалық  әдістер,  оқытудың  белсенді  әдістері, 

психологиялық  сұхбат,  мәселелерді  талдау,  пікірталас, 

өзіндік жұмыстар т.с.с. 

СБПДТ-ң формасы  Жеке-дара, топтық формалар 

 

Мұнда,  болашақ  педагогтерді  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау 



технологиясы  оқу-кәсіби  іс-әрекет  пен  қарым-қатынас  түрлерін,  студенттердің 

субъектілік  позицияларын,  жас  ерекшеліктерін,  әлеуметтік  жағдайларын, 

қажеттіліктерін,  ұлттық  психологияның  ықпалы  мен  халық  құндылықтарын, 

маманға қойылатын талаптар мен әлеуметтік орта үмітін ескеруге әлеуетті болмақ. 

Болащақ 

педагогтерді 

субъект-бағдарлы 

психологиялық 

дайындау 

жүйесінде  олармен  қоса  оқытушылар  да  субъект  ретінде  белсенді  түрде  дамуды, 

жетілуді жүзеге асырады.  

Олай  болса,  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау  технологиялары 

болашақ  педагогтердің  субъектілік  пен  психологиялық  даярлық  деңгейлерін 

жоғары  дәрежеде  дамытуды  қамтамасыз  ететін  әрекеттер  мен  шаралардың 

бірізділікпен алынған жүйесі  ретінде анықталады. 

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Ерментаева  А.Р.  Студенттерді  субъект-бағдарлы  дайындау.  –  Алматы, 

2008. 


2.

 

Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы. – Алматы, 2012. 



3.

 

Шерьязданова  Х.Т.  Психологические  основы  профессиональной 



подготовки педагогов и психологов дошкольного образования: Автореф. дисс. … 

д-ра психол.наук. –  1999. – 47 б. 

4.

 

Шерьязданова  Х.Т.  Новые  подходы  в  обучении  психологии  студентов  /  



Сборник материалов I Всероссийской научно-методической конф. – М., 1998. – С. 

248-249. 



181 

 

5.



 

Бапаева М.Қ. Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің 

ғылыми-теориялық негіздері: психол.ғылымдарының канд. … дисс. авторефераты. 

– Алматы, 2001. – 31 б. 



 

 

Жазнаева  Ж.Д.,  тарих  пәнінің  мұғалімі,  Дарынды  балаларға  арналған 

Жамбыл  атындағы  мамандандырылған  мектеп-гимназия-интернаты,  Өскемен 

қаласы 

 

ТАРИХ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 

АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Адамзат  ХХІ  ғасырға  аяқ  басқаннан  қоғамның  даму  үдерісінде  көптеген 

өзгерістер  болып,  қоғамды  жүйелі  басқару  заман  талабына  сәйкес  ғылым  мен 

техниканың  дамуына  бағытталып,  электронды  үкімет  құру  үдерісі  өз  желісімен 

жүріп келеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі электронды үкіметтің түп нұсқасын 

ұстайтын ұрпақ екені бәрімізге мәлім. 

Оқушылардың  

құзыреттілігін  

арттыру 

 негізінде 

педагогикалық 

технологияларының   бірі  –  оқытудың   компьютерлік   технологиясын   өз 

тәжірибемде   қолданып   келемін.  Оқытудың   компьютерлік   технологиясын 

пайдалану   мен   үшін   оқу   процесін   жаңа   оқу  -  әдістемелік   материалдармен 

қамтамасыз   етуге   және   оқушылардың   шығармашылық   қабілетін   ашуға 

мүмкіндік береді. 

Сондықтан  оқушылардың  құзыреттілігін  арттыру  мақсатында  тарих  саба

қтарында  АКТ-ны  қолданудың тиімділігі өте зор. Ақпараттық технологияны оқу 

процесіне енгізу арқылы  оқушы: 

-

 



Шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамытады; 

-

 



Компьютермен жұмыс жасай  алады; 

-

 



Логикалық ой-өрісін  дамытады; 

-

 



Жан – жақты білім алады; 

-

 



Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамытады.  

Әр заманның  өзіне тән  ұрпағы  бар.  Жаңа ғасыр  ұрпағы  жаңа технологияға 

жуық,  мобильді  телефонның  сырын,  компьютердің  ығы-жығын  еркін  меңгерген, 

интернет желісінде ұшқыр болып келеді. Зиялы қауым арасында жас ұрпақ кітапқа 

неге әуес емес деген пікірталастар көптеп жүргізілуде. Кітап – білім бұлағы, біздің 

және  сіздің  замандасымыз  оның  маңыздылығын  өз  тәжірибемізден  білеміз.  Жас 

ұрпақты да кінәләй беруге де болмас. Ақылға толастаған аға ұрпақ заман талабына 

сай жастардың білімге деген қажеттілігін толастатудың жаңа құралын таба қоюы 

шарт  деп  есептеймін.  Білім  көзімен  нәрлендіретін  заманауи  құралдардың  бірі  – 

электронды оқулық болып табылады.  

Ұлттық  Ақпарат  Орталығының  ақпаратына  сүйенетін  болсақ,  «білім 

сапасының көтерілуі ең алдымен цифрлі мультимедиялық білім қорының дамуына 

байланысты» [1,11] деп көрсетеді. 

Электронды  оқулықтар  (ЭО)  цифрлі  мультимедиялық  білім  қорының  бірі 

болып  табылады.  ЭО  педагогикалық  және  ақпараттық-коммуникациялық 

мультимедия технологияларының интеграциялық бірігуі нәтижесінде жасалады. 



182 

 

Қазақстандық  ЭО  тән  ерекшелігі  орта  білім  берудің  мемлекеттік 



стандартына  және  оқыту  пәндерінің  бағдарламасына  сәйкес  бағытталуы.    ЭО 

барлық  пәндер  бойынша  сандық  форматтағы  бүгінгі  ұрпақтың  педагогикалық 

тәжірибесінің қорытындыланған ұлттық стратегиялық қоры болып табылады. 

Электронды оқулықты пайдаланудың әдістемелік негізі. 

Ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудағы   тағы  бір  мүмкіндігі  –  ол 

электронды оқулық. Электрондық оқулық -  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен 

ақпараттық  технологияны  қолдануға  негізделген  түбегейлі  жүйе.  Электронды 

оқулықпен  оқыту   оқытушының  оқушымен   жеке  жұмыс  істегендей  болады. 

Электрондық  оқулық  тек  қана  оқушы  үшін  емес,  мұғалімнің  дидактикалық 

әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. 

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, 

ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Компьютер  және  ақпараттық 

технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау 

қабілетін  қалыптастырады.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы 

оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін 

дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық  технологиялардың 

тиімділігі  жоғары  болмақ.  Жаңа  ақпараттық  техникаларын  пайдалану  соңғы 

уақытта  мектептегі  білім  беру  жүйесінде  маңызды  бағыттардың  бірі  болып 

табылады.  Мультимедиялық  технологиялар  көбіне  компьютерлік  сыныптарда 

қолданылады. Қазіргі  уакытта сабақ материалына байланысты  көптеген  компакт-

дискілер бар.  

Бүгінгі  күні  әлемдік  ақпараттық  білім  кеңістігінің  тиімді  жолы-білім  беру 

саласын толықтай ақпараттандыру.  

Сонымен қатар, қазіргі ақпараттың жылдам даму кезеңінде АКТ құралдарын 

да оқушылардың қызығушылығын арттыруға қолдануға болады. Себебі оқушылар 

сабақ  барысында  тек  қана  бір  мұғалімнен  тапсырмалар  ала  бергеннен  гөрі, 

бейнетапсырмалар  да  алғаны  нәтиже  береді.  Ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың  негізгі  артықшылығы:  оқушыларға  тақырып  шеңберінде  немесе 

белгілі  бір  уақыт  аралығында  айтылуға  тиіс  мәліметтер  көлемін  кеңейтеді.  Қазір 

тақырыптарға  қатысты  Қазақстан  тарихының  электронды  оқулықтарымен  қатар 

интернет  желілерінен  мултьтимедиялық  бейнефильмдерді  көптеп  тауып 

пайдалануға мүмкіндік зор. 

АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың 

қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге  сабақ  беруде 

көмектесетін  маңызды  құрал  болып  отыр.  Сондықтан  оқыту  барысында  осы 

технологияларды  ойланып  қолдануды  қажет  етеді.  АКТ-сыни  тұрғыдан  ойлауды 

дамытушы басты құрал. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын 

дамыту  үшін  АКТ  арқылы  бақылауға,  тәжірбие  жасауға  ақпарат  жинауға, 

бағалауға,  талдауға  және  синтездеуге  болады.  Блум  таксаномиясын  басшылыққа 

алып, АКТ құралдары арқылы оқушыларды тақырыпты меңгеруі, түсінуімен қатар 

оқушының сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға болады. 

Интерактивті  тақтамен  оқытудың  әдіс  –  тәсілдерін    тарих  сабақтарында 

пайдаланған өте тиімді.  

Мұғалім  қолданатын  технологиялық  құралдарға  қарамастан,  сабақты 

нәтижелі  өткізудің  негіздері  бірдей.  Ең  алдымен  сабақтың  белгілі  бір  мақсатқа 


183 

 

және  нәтижеге  жеткізетін  нақты  жоспары,  құрылымы  болуы  керек.  Сабақта 



интерактивті оқытудың тиімді тәсілдері мыналар: 

а) модельдерді жасау және үлгілеу; 

б) оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру; 

в) сабақтың қарқыны  мен барысын жақсарту. 

г) мұғалімнің жұмысын жеңілдету. 

Қазіргі  оқытушы,  болашақ  мұғалімдерді  дұрыс  ұйымдастыра  отырып, 

бағыт-бағдар  беру  арқылы  өздігінен  жұмыс  жасауға  үйрету  нәтижесінде,  жаңа 

идеялар  мен  жаңалықтар,  болжамдар  мен  нәтижелер  әкелетіндей  тұлға  даярлап 

шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, 

өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. 

Электрондық  оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты:  Оқыту  үрдісін  үздіксіз 

және  толық  деңгейде  бақылау,  сонымен  қатар  ақпараттық  ізденіс  қабілетін 

дамыту. 

Оқулықты пайдаланудың әдістемелік нұсқасы: 

ЭО  мұқият  көріп  шығып,  материалдары  қандай  сабаққа    пайдалануға 

болатынын анықтаңыз; 

ЭО  мағлұматын  сабақта  пайдаланудың  тиімді  жолдарын  шығармашылық 

тұрғыда қарастырыңыз; 

Интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндіктерін толық меңгеруіңіз қажет; 

Сабақтың  өзіңізге  тиімді  тақырыбын  алып,  оны  электронды  оқулықтың 

мүмкіндігімен ұштастыра біліңіз; 

ЭО  сіздің  қолыңыздағы  құралыңыз,  мұғалімнің,  яғни  сіздің  тұлғаңыз, 

тәжіріибеңіз, біліміңіз бен шеберлігіңіз педагогикада құнды екенін ұмытпаңыз

Сіздің  ЭО  пайдалана  білу  деңгейіңіз  білім  беру  саласында  сапалы  білім 

беруге  бағытталған  эксперименттік  жұмыстың  көрсеткіші  болатынына,  біз  үлкен 

сенім білдіреміз; 

Бүгінгі сіздің ЭО еңбегіңіз келешекке жол ашпақ; 

Қазақстанның  бәсекеге  сай  білім  беру  жүйесін  құруда  сіздің  эксперимент 

барысында көрсеткен тәжірибеңіз маңызды; [3-4] 

Қорыта  айтқанда,    ақпараттық  технологияларды  тарих  сабағында  қолдану 

келесі нәтижелерге жеткізеді:  

Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;  

Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; 

Тіл байлығын дамытады;  

Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;  

Шығармашылық  белсенділігін  арттырып,  ұжымда  бірігіп  жұмыс  істеуге 

тәрбиелейді.  Өз  бетімен  білім  алатын,  ақпараттық  технологияларды  жақсы 

меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет