Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ


САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет24/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ 

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің 

басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтары,  білім  алу  үшін 

қажетті  жағдайлар    жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп 

білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделеді.  Жас  мемлекетіміздің 

болашағы  –  бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Оларға  бірдей  талап  қойып,  олардың 

табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі 

күннің өзекті мәселесі [1]. 

 Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық  стандарт талаптарына сай 

оқыту  үдерісінің  орталық  тұлғасы  білім  алушы  субьект,  ал  ол  субьектінің  алған 

білімінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың өзектілігін арттырып отыр [2]. 

Функционалдық  сауаттылық  –  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа 

түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас 

жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.    Ендеше  функционалдық  сауаттылық  дегеніміз 

тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  және 

оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын  қамтамасыз  ететін  білім,  білік, 

дағдылардың жиынтығынан құралады [2]. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылық  құзіреттіліктерінің  бірі  – 

компьютерлік сауаттылық. 

Бастауыш  сыныптар  үшін  компьютерлік  сауаттылыққа  компьютерде  оқу, 

жазу,  есептеу  жүргізу,  сурет  салу,  ақпаратты  іздей  алу  және  т.б  жатады. 

Практикалық білім бере отырып мұғалім бастауыш сынып оқушыларының бойына 

компьютерлік  сауаттылықты  қалыптастырады,  ал  тәрбиелеу  мақсаты  ақпараттық 

мәденитті  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Ақпараттық  мәдениет  қоғам  дамуы 

мен  жеке  тұлғаның  ойлау  деңгейіне  тығыз  байланыста  қарастырылады.  Оған  ең 

алдымен компьютерді пайдалану этикасы жатады: 

 



басқаның ақпаратын кездейсоқ немесе қасақана өшіріп алмау; 

 



басқаның құжаттарын рұқсатсыз пайдаланбау; 

 



компьютерде ұқыпты жұмыс істеуді үйрену және т.б. [5]. 

Соңғы  уақыттарда  компьютерлік  сауаттылықтың  негізін  қалайтын 

информатика  пәнін  қай  сыныптан  бастап  оқытылуы  қажеттілігі  туралы  түрлі 


200 

 

пікірлер туындауда. Осының негізінде оқытуды бастауыш сыныптан бастап оқыту 



тиімділігі  практика  жүзінде  дәлелденген.  Себебі  кез  келген  мектеп  жасына 

баланың  танып-білуге,  оқуға  қатысты  қызығушылығының  өте  жоғары  болатыны 

белгілі. Ал психологтардың зерттеуі бойынша баланың негізгі логикалық ойлауы 

5-11  жаста  қалыптасады  екен.  Сондықтан  балаларды  ақпараттық  қоғамда  өмір 

сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау 

жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен 

мәдениетке тәрбиелеу қажет.  

Қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып 

отыруына  қарамастан  бастауыш  сыныптарды  информатика  курсын  оқытудың 

мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:  

 

компьютерлік сауат ашудың бастау негізі; 



 

ойды логикалық түрде дамыту; 



 

алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; 



 

компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу [2]. 



Мектепке  дейінгі  және  бастауыш  сынып  оқушыларының  компьютерлік 

сауаттылығын  дамыту  үшін  білім  беру  үрдісінде  ойын  технологиясын 

пайдаланудың  маңызы  өте  зор.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  үшін  компьютерлік 

ойындар,  мультимедиялық,  интерактивтік  оқытатын  бағдарламалар  болып 

табылады  және  баланың  танымын,  зияттық  іс-әрекет  тәсілдерін,  қоршаған  орта 

картинасының  тұтастығын,  құндылық  бағыттарын  және  т.б  дамытуды 

қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  баланың  біртұтас  ақпараттық  білім  беру 

ортасын жасауға бағытталған болып табылады [3]. 

Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана 

тәсілі. Ойын  –  бұл  танымдық  іс-әрекет, ол  оны қоршаған  табиғат  пен  әлеуметтік 

ақиқат  туралы  баланың  ойлануының  өзіндік  практикалық  формасы  болып 

табылады. 

Оқу  үрдісінде  компьютерлік  ойындарды  интербелсенді  әдіс-тәсілдермен 

және  педагогикалық  жаңашыл  технологиялармен  үйлестіріп  жүйелі  пайдалану 

жағдайында  дайындығы  әртүрлі  деңгейдегі  балаларды  оқыту  тиімділігі  артады. 

Сондықтан да бірнеше технологияның бірмезгілде әрекет етуінің салдарынан білім 

беру нәтижесі жақсара түспек. 

Ойын  –  білім  беру  үрдісінде  оқытудың  әрі  формасы,  әрі  әдісі  ретінде. 

Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара 

байланысты  технологиясы  ретінде  қолдануға  болады.  Информатика  сабағында 

ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны пайдаланудың маңызы 

зор.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  мектепке  келгенге  дейінгі  негізгі  әрекеті 

ойын  болса,  оқу-тәрбие  үрдісінде  олар  біртіндеп  ойын  әрекетінен  оқу  әрекетін 

орындауға  бейімделуі  тиіс.  Ойынның  негізгі  мақсаты  –  бағдарламада  алған 

білімдерін 

қалыптастыру, 

тиянақтау, 

пысықтау. 

Міндеті 

– 

баланың 



қызығушылығын  ояту,  белсенділігін  артыру.  Сабақта  ойынды  қолданудың  түрлі 

жолдары бар. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді; ортасында – 

көңіл-күйін  сергітеді,  ерік-жігерін  дамытады,  сабаққа  ынтасын  арттырады; 

соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да 

бастауыш  сынып  оқушылары  сабақ  үстінде  ойынды  көп  қажет  етеді.  Оларға 



201 

 

пайдаланылатын  ойындар  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  күрделеніп 



отырады. Білім беруді оқушылардың жасерекшеліктеріне бағдарлау ұстанымымен 

үндес  келетін  білімнің  жеңілден  ауырға,  қарапайымнан  күрделіге,  нақтыдан 

белгісізге  қарай  берілуі  ұстанымын  да  ескерудің  маңызы  зор.  Осы  орайда  ұлы 

ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, 

татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы  мен,  жаманды  таниды-дағы,  сондайдан  білгені, 

көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, 

болмысы  мен  танымының  қалыптасуының  өзі  осы  ізбен  жүретінін  байқауға 

болады. Егер оқу үдерісі балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға 

негізделсе  нәтижелі  болмақ.  Сондықтан  ойын  балалардың  жас  ерекшеліктеріне 

және өтілетін сабақ тақырыбының мазмұнына сай болып күрделенгені дұрыс. Бала 

ойын  іс-әрекеті  үстінде  білімді  қалай  игеріп  жатқанын,  ал  оқу  үрдісінің  қалай 

ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс [4].  

Информатика  сабағында  ойынды  ұйымдастырғанда  оқушылар  бір-біріне 

көмектесетіндей,  бірге  ақылдасатындай  етіп,  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  оқыту 

стратегияларын таңдап алу керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, 

тәрбиелеу қызметін де атқарады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып 

оқушылардың  ақпараттық  мәдениеті  артып,  өз  жауапкершіліктерін  сезінеді. 

Мұғалімнің  ең  басты  мақсаты  –  сабақ  мақсаты  мен  қолданылатын  ойынның 

мақсатын  ескере  отырып, орынды  қолдана білу. Ойын  арқылы оқушылардың ой-

өрісін  дамытып,  логикалық,  шығармашылық  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар 

компьютерлік  сауаттылықтарын  қалыптастырып,  компьютерді  және  оның 

құрылғыларының  қызметін  қандай  жағдайда қолданылатынын  да оңай  меңгеруге 

әкеледі.  

Ойын арқылы оқушылар нені меңгереді: 

 

нақты қызмет тәжірибесін ; 



 

өздері  ойынға  қатыса  отырып,  қиын  мәселелерді  өзбетінше  немесе 



бірлесе шешуге; 

 



оқу процесінде алған білімдерін нақты қолдана білуге; 

 



уақытын үнемдеуге; 

 



компьютермен ұқыпты жұмыс істеуге; 

 



қауіпсіздік ережесін сақтауға 

 



ойын  нәтижесінде  алған  білімдерін,  жетістіктерін,  әсерлері,  дағдысы 

жөнінде  достарымен, сыныптастарымен, ата-аналарымен әңгімелеседі [4]. 

Ойынды  жүргізуде  мұғалімнің  көшбасшылық  қабілеті  маңызды.  Ойын 

идеясын көбінесе мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап құрауы өте 

пайдалы, өйткені қандай да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін сол тақырыпты 

оқушы  терең  білу  керек.  Сондықтан  мұғалім  көшбасшы  оқушының  орындаған 

жұмысын бағалауы тиіс. Мен өз мектебімде бастауыш сыныптарда компьютерлік 

сауаттылық  вариативті  компонентін  жүргіземін.  Мен  әр  сабағымда  тақырыпқа, 

сабақтың кезеңдеріне байланысты ойындарды кейде өзім кейде оқушыларға ойлап 

тапқызамын.  45  минуттық  сабақта  интербелсенді  әдіс-тәсілдерді  қолданып, 

оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізуді ескеремін. 

Мысалы үшін мынандай тапсырмалар оқушылар үшін өте қызықты:  

Тапсырмалар:  

1.

 



Компьютердің қайда қолданылатынын әңгімелеп бер; 

202 

 

2.



 

Суреттерді боя; 

3.

 

Компьютермен не істеуге болады 



а) сурет салу; 

ә) ойын ойнау; 

б) есептеу; 

в) ақпаратты сақтау және тарату; 

г) логикалық тестілеу; 

4.

 



Оқушылармен талқылай отырып, мағынасын сәйкестендір. 

«Сатылар»  және  «Батырмалар»  сияқты  жаттығу  ойындары  оқушылардың 

компьютерде  жұмыс  жасау  жылдамдығын  дамытуға  арналған.  Ойын  тәртібі 

бойынша  батырманы  қанша  рет  басу  ұсынылса,  саусақты  сонша  рет  басу  керек. 

Жаттығу,  ең  алдымен,  бір  қолмен  орындалса,  содан  кейін  екі  қолмен  бірге 

орындалады.  «Сатылар»  және  «Батырмалар»  жаттығу  ойындары  әрбір  сабақтың 

соңында қайталап орындатуға болады. 

1.

 



«Батырмалар»  ойыны.  Батырмаларды  алдымен  бір  қолмен,  содан  кейін 

екінші қолмен, соңында екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан жазылса, 

саусақтарыңмен сонша рет бас. 

2.

 



«Сатылар»  ойыны.  Саусақтарыңды  перне  сатыларымен  жоғары  төмен 

жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарымен сонша рет бас. 

3.

 

«Робот» ойыны. Бір оқушы роботтың рөлін орындайды, қалғандары оны 



басқарады.  Мұғалім  команда  (тапсырма)  береді.  Мұғалім  келесі  бір  оқушыны 

таңдайды,  ол  роботка  келесі  команда  (тапсырма)  береді.Ол  роботтың  тілінде 

жауап  беріп,  оның  жүрісін  салу  керек.    Егер  команданы  орындай  алмаса,  келесі 

оқушы «робот» болады.  

4.

 

«Торкөз  бойынша  диктант»  Жоғары-төмен,  оңға-солға  командалары 



арқылы дәптердің торкөздерінен сурет құраулары керек. 

5.

 



Жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребус шешкізу, жаңылтпаштар айтқызу, «бес 

жол  өлең  құрастыру»,  «РАФТ»  әдісін  пайдалану,  «сәйкестендіру  тесті», 

семантикалық  картамен  жұмыс  жасау,  «сөйлеу  минуты»  стратегиясы,  «артығын 

көрсет»,  «салыстыр»,  «иә-жоқ»  ойыны  тағы  басқа  көптеген  ойын  түрлерін  сабақ 

барысында  қолдана  отырып,  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  арттырып, 

компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға әбден болады.[5] 

Қорыта  келгенде,  бастауыш  сынып  оқушыларының  компьютерлік 

сауаттылықтарын  дамыту  бойынша  білім  беру  үрдісінде  ойын  технологиясын 

қолданудың  өзектілігі,  әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  білім  берудің  жаңа 

сапасына қол жеткізуге болады. Сондықтан да мектепте оқытылатын информатика 

пәні,  компьютерлік  сауаттылық  вариативті  компоненттері  оқушыларға 

компьютерлік  технологиялардың  барлық  мүмкіндіктерін  үйретуге  негізделген. 

Төменде  1-кестеде  бастауыш  сынып  оқушыларының  (1-4  сыныптар)  білуі  тиіс 

компьютерлік  сауаттылық  көрсеткіштері  келтірілген.  Осындай  көрсеткіштерге 

жету  үшін  сабақ  барысындағы  білім  беру  мен  тәрбиелік  жұмыстарды    ойын 

технологиясымен  байланыстыра  жүргізсе  бастауыш  сынып  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығы арта түсері анық.  

 

Кесте  1  –  Бастауыш  сыныпта  информатика  пәнін  оқытудың    барысында 



компьютерлік сауаттылық көрсеткіштері 

203 

 

 



Білуі тиіс 

Білуі тиіс 

Білуі тиіс 

-  Компьютерде  жұмыс 

жасағанда, 

санитарлық-

гигиеналық талаптарды 

-  компьютер  сыныбында 

компьютермен 

жұмыс 

барысында  денсаулықтарын 



сақтап,  техника  қауіпсіздік 

ережесін қадағалауды 



көзге 


арналған 

жаттығулар  мен  дене 

қимылдарын орындау 

-  компьютердің  негізгі 

құрылғылары 

мен 

қызметін 



Компьтердің  енгізу-шығару 

құрылғылары  мен  олардың 

функцияларын 

 

 



компьтердің  қосымша 

құрылғылары 

мен 

олардың 


функцияларын 

- MS Windows стандартты 

ортасын 

Стандартты 



бағдарламалардың 

элементарлық негіздерін 



-  стандартты  бағдарламалар 

WordPad,  Paint  графикалық 

редакторынмен жұмыс 

мәтіндік,  графикалық 

ақпараттарды 

құру, 


сақтау 

-  аудио  және    бейне 

ақпараттарды көрсету 

ақпараттық 



және 

ақпараттық процестер 



ақпаратты 

түрлері, 

мазмұны,  құрамы,  берілу 

тәсілдері 

Ақпаратпен сақтау 

алгоритмдер 



мен 

бағдарламалар 

моделдеу, 



құрастыру, 

жобалау    және  басқару 

бағдарламалары 

- компьютерді басқару 

нысандары 

мен 


жүйелерінің негіздері 

Интернет 



желісінен 

қосылу 


 

Интернет 



желісінен 

қажетті 


ақпараттық 

ресурстарды  іздеу  және 

табу 

-  қажетті  ақпараттық 



ресурстар 

кітапханасын  



 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. -Алматы, 2007. 

2.

 



Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы. Бастауыш мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесі. 

Әдістемелік құрал. - Астана. 2013. 

3.

 



З.С.Баялиева. Сабақта ойын түрлерін қолдану. - №3. - 2004. 

4.

 



А.Әбішева.  Ойын  элементтерін  пайдаланудың  педагогикалық 

ерекшеліктері. Бастауыш мектеп. -№3. -2009. 

5.

 

А.В.  Горячев,  К.И  горина,  Н.И.  Суворова.  Информатика  в  играх  и 



задачах.- Москва:«Баласс», 2005. 

 

 

Картаева  Ү.М.,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі,  Тасбастау  орта 

мектебі, Зайсан ауданы,   ШҚО  



 

204 

 

ШӘКӘРІМ ТАҒЫЛЫМЫ - ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 



РУХАНИ НЕГІЗІ 

 

Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  ұлы  ойшыл  данасы  Шәкәрім 



Құдайбердіұлының  шығармашылығы    –  сан  ұрпаққа  рухани  азық  болатын  мол 

қазына.  Әдебиетіміздің  тарихында  Шәкәрім  шығармашылығының  ұзақ  жылдар 

бойы атаусыз ойсырап келгені орны толмас өкініш туғызады. Ақын тағдыр жүгін 

арқалай  отырып,  қилы  заманның  жай-күйін  сезіп,  алдағы  келер  күнін  былай  деп 

болжаған екен: 

Мен өтермін, кетермін, 

Жоқтарсың мені бір кезде. 

Жәрдемім тимес, не етермін, 

Бекінем осы бір сөзге [1, 52 б.].   

Кезіндегі саяси зобалаңның құрбаны болып, есімі ұмытылып бара жатып, 56 

жыл салып Шәкәрім Құдайбердіұлы халқына қайтадан оралды. Әлемдік ой алыбы 

Шәкәрім содан бері, міне, 20 жылдан астам уақыт өзінің елімен қауышып келеді. 

Кешегі  өткен  ғасырдың  бір  буын  өкілі  Шәкәрімді  оқымай-білмей  келгені  рас. 

«Шәкәрім  –  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  аса  күрделі  де  бірегей  тұлға.  Ол 

оңайлықпен  танылып,  сырын  аша  бермейтін  бүктесіні  сыр  бүгіп  жатқан  аса 

күрделі ойшыл ақын», - дейді профессор М.Мырзахметұлы [2, 108 б.]. Расында да, 

Шәкәрім  әлемінің  толық  ашылуы,  жан-жақты  танылуы  үшін  әлі  көп  жыл  керек 

болар.   

Шығыс  әлеміндегі  аса  ірі  көрнекті  ғұлама,  қазақ  әдебиетінің  ұлы  классигі, 

ойшыл,  лирик  ақын,  философ,  тарихшы,  шежіреші,  Шығыс  пен  Батыс 

мәдениетінің  озық  үлгілерін  түпнұсқадан  қазақшалаған  көркем  тілді  аудармашы 

Шәкәрім  Құдайбердіұлының  артында  қалдырған  мол  мұрасын  меңгеру,  халыққа 

насихаттау, оны таныту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Бүгінгі таңда 

Шәкәрім әлемін зерттеудің жаңа кезеңі басталды.  

Тәуелсіз  еліміздің  жарқын  болашағы  жастарға  терең  мазмұнды  білім  беру 

мен ұлтын сүйер патриот азаматтарын тәрбиелеу  – біздің басты міндетіміз. Рухы 

мықты, Толық адам – Абай мен Шәкәрім шығармаларының алтын қазығы. Қазіргі 

қоғамда  өмір  сүріп  отырған  адамдар  үшін  ауадай  қажет  ұлттық  құндылықтар, 

рухани байлықтар, адамдық биік қасиеттер Абай мен Шәкәрім уағыздаған даналық 

ой-толғамдарынан табылады.  

Шәкәрім – ХХ ғасырдың басында қазақ елінің арасында данышпандығымен 

айналасына  танылған  адам.  Сонымен  бірге  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан 

қазақтың  зиялы  қауымы  Шәкәрімді  танып,  ерекше  құрмет  тұтып,  санасып  қана 

қоймай, оның идеясымен терең сусындады. «ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың 

басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихында  Абайдан  кейінгі  ең  ірі  ақынымыз  – 

Шаһкәрім»  -  деп  белгілі  ғалым  Қ.Мұхамедханов  [3,  6  б.]  атап  көрсеткендей, 

ұлттық  әдебиетімізде  Шәкәрім  мұрасы  Абайдан  кейінгі  ірі  құбылыс  болды. 

Шәкәрім  Абайдың  қоғам  туралы  толғамын,  адам  болмысын  танудағы  ізденісін, 

адамның  адам  болып  қалу  жолындағы  имандылықты,  ар-ұятты,  адамгершілікті 

уағыздау  өнегесін,  білім  мен  өнер  шашпақ  үлгісін,  теңіздей  терең  ойшылдығын 

ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты.  


205 

 

Абай аңсаған «ата ұлы емес, адам ұлын» Шәкәрім де армандайды. Ары бар – 



адам ұлы, халық ұлы өз еліне қамқор болатынын айтады.  

Адамдық борышың –  

 

 

Халқыңа еңбек қыл. 



Ақ жолдан айнымай, 

 

 



Ар сақта, оны біл [1, 167 б.]. 

Шәкәрім халқының қамқор ұлына адамдық борыш – ең бастысы, еліңе адал 

еңбек  етіп,  ар  сақтап,  ақ  жолмен  қызмет  ету  керек  деген  кемеңгерлік  жолды 

нұсқайды.  Адам  өз  ғұмырын  тек  адамгершілік,  ар-ұждан  арқылы  ақтамақ.  Бұл 

оның екі дүниедегі серігі болмақ. Шәкәрім елінің тағдыры үшін жүрегі ауырады, 

ол үшін зар шегеді. Өз елін итше талап, жырып жемейтін, керісінше жұртын жөнге 

салар қайраткер – нағыз адамның, халықтың арлы ұлын іздейді.   

«Адам немене?» өлеңінде ақын былай дейді:  

Мен адамнан таза ақыл таба алмадым 

Ойланып, өзеленіп қармағанда.  

Көрсе қызар, жалмауыз, бәрі алдағыш 

Көп адамның қылығын барлағанда. 

...Адамның сыртқы дене жаралысы, 

Нәпсісі айуанмен анық теңдес.  

Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда 

Әлің келсе, жол тап та, осыны емдес! [1, 103 б.]. 

деп  ақын  адам  бойынан  таза  ақылды  таба  алмағанын  айтып  қапаланады. 

Таза  ақылға  жеңдірмеген  адамдарда  адамшылық  қасиеттерге  жат  жағымсыз 

қылықтардың  өршіп  отырғанын  ескерте  сөйлейді.  Адамдардың  сыртқы 

жаратылысы  бірдей,  ал  нәпсісі  айуанмен  теңдес  екенін  көрсетеді.  Нәпсі  дегенде, 

Шәкәрім  адамшылыққа  қадам  бассаң,  әділет,  ар,  ұят,  иманның  алдымен,  нәпсіні 

жеңу мақсаты болуы керек екенін ескертеді. Хайуан мен адамның арасын бөлетін 

нәрсе – ол таза ақылда дейді. Адам бойындағы осы кереғар қылықтылардың көзін 

жоюға жол тауып, көмектес деп ол үн қатады. Ұстазы Абайдың толық адам туралы 

танымын Шәкәрім де үнемі басшылыққа алып отырған. Абай нұрлы ақылды атаса, 

Шәкәрім  таза  ақылды  уағыздайды.  Адам  баласы  таза  ақылға  билетсе  ғана,  өмірі 

мәнді болады деген ойды ұсынады.  

Ар түзер адамның адамдық санасын, 

Ақ жеңіп шығады арамның қарасын. 

Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, 

Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын. -  

дегенде, бұл ұғым адамдық ар-сана өзгеше күрделі құрылымына қарай   

сипатталады.  Адамның  ісінің  ақ-қарасы  өзінің  арының  алдында  анықталмақ.  Ақ 

пен қараны, адамдық сана мен арамдық қараны ар екшейтінін айтады. Демек, ақын 

өзіндік сана жоғарғы формаға ие болғанда ғана пайда болады деген ойын алдыға 

тартады.   

Адамның  дүниеге  келіп,  дүниеден  қайтуы  өмірдің  заңдылығы.  Кез-келген 

өзіндік  санасы  жетілген  адам  өмірінің  мағынасы  туралы  толғанып,  дүниедегі  өз 

орнын іздеуге тиіс. Адам өзінің қысқа ғұмырын немен ақтай алады. Бұл тірліктің 

ақтауы  бар  ма?  Әрине  Шәкәрімнің  бізге  аманат  етіп,  адамдық  борыш  ретінде 

тапсырып  кеткен  ұлы  өнегесі  –  адал  еңбек  етіп,  ақ  жолдан  айнымай,  ар  сақтап, 


206 

 

талаптанып, білім  мен  өнер  үйреніп, келешек  қамы  үшін  өміріңді  сарп  ету  деген 



тағлымы еді.    

 

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Шәкәрім.  Қазақ  айнасы.  Өлеңдер  мен  поэмалар.  –  Алматы:  Атамұра, 

2003. – 296 б. 

2.

 

Мырзахметұлы  М.  Хакім  ақынның  шәкірті  қақында  (Д.Сейсенұлының 



М.Мырзахметұлымен сұхбаты) //Шәкәрім. – 2006. – 3 (03). – Б. 105-110. 

3. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет