Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет50/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65

 

Литература 

 

1.

 



Андриевская  В.В.  Психологические  предпосылки  эффективности 

совместной  учебной  работы  младших  школьников/В.В.  Андриевская  //  Вопросы 

психологии.- 1985. -№ 4. 

2.

 



Бодалев    А.А.  О  взаимосвязи  общения  и  отношения  /А.А.  Бодалев  // 

Вопросы психологии.- 1996.- № 3.  

3.

 

Витковская  И.  М.  Как  организовать  групповую  учебную  работу 



младших школьников/И.М. Витковская// Начальная школа. - 1997.- №12.  

4.

 



Воронцов  А.Б,  Е.В  Чудинова  «Учебная  деятельность:  введение    в 

образовательную систему Эльконина-Давыдова», - М., РассказовЪ, 2004. 

5.

 

Государственный общеобязательный стандарт  начального, основного 



среднего,    общего  среднего  образования  РК  (ГОСО  РК,  Астана,  2012  МОН  РК, 

национальная  Академия образования им.Ы.Алтынсарина, утвержденная Приказом 

МОН РК № 1080 от  23.08.2012) 

6.

 



Кудрявцева  Л.В.,  Тархова  С.В.  Организация  работы  в  парах 

постоянного состава /Л.В. Кудрявцева, С.В. Тархова// Начальная школа.  - 1990. - 

№11.  

7.

 



Лийметс Х.И. Групповая работа на уроке. - М. 1975 

8.

 



Носова  И.В.  Особенности  работы  в  малых  группах/И.В.  Носова// 

Начальная школа плюс до и после.-2004.- №6.  

9.

 

С. Танцоров. “Групповая работа в развивающем обучении”, пед. центр 



“Эксперимент”, Рига, 1997 г.  

 

 



 

 

 



ПРИЛОЖЕНИЕ №1 

Диагностика уровня развития мышления детей 6-летнего возраста 



433 

 

 



Экспериментальный класс 

 

 



 

Контрольный класс 



 

 

Мұратқызы  Арман,  оқытушы,  М.О.Әуезов  атындағы  педагогикалық 

колледжінің, Семей қ. 



 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН 

ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Педагогикалық  жүйедегі  мұғалімдердің  оқушылардың  ойлау  қабілетін 

дамытып,  өздігінен  жұмыс  істеуге  баулу,  өз  ойын  тұжырымдауға  дағдыландыру 

барысында  кеңінен  көптеген  оқытудың  жаңа  педагогикалық,  инновациялық 

технологияларды жиі пайдалану мен қолдану жолдары ашылып көрсетілген.  

Қазіргі  қоғамда  адамның  әлеуметтік  мәртебесі  ең  алдымен  алған  біліміне 

сәйкес  мамандықтың  қадірімен  анықталады.  Білім  берудің  барлық  сатыларының 

сент 


декаб 

0

5



10

15

20



10 


14 



17 



сент 

декаб 


сент 

декаб 


0

2

4



6

8

10



12

14



10 



13 


сент 



декаб 

434 

 

негізгі  мақсаты  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  деген  пікір  өте  құнды  айтылған. 



Бүгінгі  жастар  ертеңгі  маман.  Сондықтан  білім  адамның  барлық  жағынан 

дамуына: бірлігіне деген ширақтығына да ойланып–толғануына да, рухани өсуіне 

де,  жеке  тұлғасының  қалыптасуына  да,  адамның  басқа  да  қырларын  дамытуға 

қажетті жағдайлар жасайды. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  бүгінгі  еліміздің  өзінің  дербес  даму  жолын 

таңдап,  әлемдік  қоғамдастықта    барған  сайын  зор  құрмет  пен  беделге  қол 

жеткізген,  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына    енуге  қадам 

басып отырған мемлекет екендігін дәлелдей келе, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 

атты  Жолдауында  (28  ақпан  2007  жыл):  «Біз  әлемдік  стандарттар  деңгейінде 

сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»  - деп Қазақстанның 

барлық білім және ғылым саласына үлкен міндет жүктеді [1;18б]. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында  білім  беру 

жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын 

енгізу туралы айтылған. Осыған байланысты қазіргі жағдайда жаңа оқыту әдістері 

мен  технологияларын  қолдануда  тиімді  басқару  мәселесі  педагогикалық 

жаңашылдық құрылымының негізгі түйіні болып отыр. 

Сондықтан  да,  қазіргі  үдемелі,  өзгермелі,  заманауи  заманда  балабақша 

балаларынан  бастап,  бастауыш,  орта,  жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқуға 

қабілеттілігін  жақсартудың  жан-жақты жолдарын  қарастыра  отырып, тиімді  әдіс-

тәсілдер  мен  технологияларды  таңдай  білу  мұғалімнің  жаңаша  тұрғыда  жұмыс 

істеуін қажет етіп отыр.  

Оқыту  процесінің  табысты  болуы:  біріншіден,  мұғалімнің  өз  пәнін 

теориялық  және  практикалық  дайындығына,  оқу  процесін  ұйымдастыра  және 

басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен 

техника  жетістіктерін  пайдалана  білуіне;  үшіншіден,  мұғалім  мен  оқушылар 

арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты болып келеді.  

Педагогика  ғылымы  «Нені  оқыту  керек?»,  «Қалай  оқыту  керек?»  деген 

үлкен  сұрақтарға  жауап  береді.  Осы  сұрақтардан  басқа  сұрақтарда  туындайды: 

«Оқыту  қалай  жүргізіледі,  оның  заңдылықтары  қандай?»,  «Кімдерді  оқыту 

керек?». «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?».  

Осы  сұрақтардың  ішіндегі  ең  басты  сұрағы  «Қалай  оқу  керектігін 

үйренудің» негізгі де, қозғаушы күші метатану болып табылады. Нақтылап айтсақ, 

оқу  бар,  бірақ  сонымен  бірге  оқытуды  үйрету  де  бар.  «Метатануды»  жеке  тұлға 

қалай  ойлайтынын,  оқитынын  қадағалау,  бағалау,  бақылау  қабілеттері  ретінде 

сипатталады.  

Оқушыға қалай оқу керектігін үйретуді өз бетімен білім алуын, ойлау және 

қабылдау,  ойлаудың  нәтижелерінен  кейінгі  оқу  үдерісінде  саналы  қолдану  деуге 

болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: 

 

білім міндетін қоятын талаптарды түсінуге; 



 

жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге; 



 

міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға; 



 

нақты  міндет  үшін  сәйкес  келетін  стратегияларды  таңдауға 



көмектеседі.  

Осы  төрт  міндетті  жүзеге  асыру  үшін  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін 

үйрену  талап  етіледі.  Мұғалімдер,  өз  кезегінде,  өзінің  сабақ  беруіне  емес, 


435 

 

оқушылардың  оқу  ептілігін  дамытуға  назар  аударуы  тиіс.  Осы  мақсатта  мұғалім 



оқыту  ортасын  құру  керек,  соның    арқасында  оқушылар  ақпаратты  енжар 

қабылдамай, оқу үрдісіне белсене қатысатын болады. Оқыту процесінде оқушылар 

ғылыми  білімдер  алып,  іс  әрекет  жасауға  үйренеді,  жақсы  мен  жаман  туралы 

көзқарастарын қалыптастырады.  

Оқытуды  үйретуде  оқушы  білім  мен  түсінікті  бойына  қалыптастырады,  ал 

мұғалім – бұл үрдісте оларға көмек көрсетеді. 

  

Нені оқыту керек 

 

 



Оқыту  реттілігін 

қалай 

құрылымдау 

керек 

 

Балалар 



қалай 

оқиды 

 

Табысты 

бола 

білетіндігіңізді 

қалай 

бағалау керек 

1-сурет:  Бастауыш  сынып  оқушыларына  оқу  қағидаттарын  үйретуде  көмек 

көрсету жолдары. 

Сонымен,  сыныптағы  оқу  үрдісінің  пайдасын  анықтайтын  негізгі 

себепшарттар  мыналар:  балалардың  оқу  үрдісін  түсінуі  (1);  нені  оқу  керектігін 

түсінуі  (2);  оқу  үрдісін  қалай  құрылымдау  туралы  ұғым  қалыптасуы  (3);  оқу 

нәтижелілігін бағалау мүмкіндіктерін игеруі [4;35б]. 

Оқу  үрдісінің  нәтижелі  болуы  осы  аталған  төрт  міндетті  басшылыққа  ала 

отырып,  сабақ  барысында  оқушының  жаңа  білімді  толық  игеруін,  білім  алуын 

қолдау қажет.  

Түрткі  болу:  сабақ  барысында  түрткі  болуға  арналған  сұрақтар  бірінші 

жауап  алу  үшін  және  оқушының  жауабын  түзетуге  көмектесу  үшін  қажет. 

Мысалы:  сұрақты  қарапайым  етіп  қою, өткен  материалға  қайта  оралу, ойға  салу, 

дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. 



Сынақтан  өткізу:  сынақтар  өткізуге  арналған  сұрақтар  оқушыларға 

анағұрлым  толық  жауап  беруге,  өз  ойларын  анық  білдіруге,  өз  идеяларын 

дамытуға көмектесетіндей етіп, құрылуы қажет. Сондай-ақ, оқушыға «Сен мысал 

келтіре аласың ба?» деген сияқты сұрақтар оның тапсырманы орындау барысында 

оған  бағдар  етіп  отырады.  Қайта  бағыттау:  сұрақты  басқа  оқушыларға  қайта 

бағыттау, мысалы: «Көмектесе алатында бар ма?». 

Сонымен  қатар,  оқу  үрдісінің  нәтижелі  болуы,  оқушыға  оқуды  игертуге 

үйретуде оқу белсенділігінің алатын орны өте зор. Жалпы алғанда оқу дегеніміз – 

оқушылардың мақсатты түрді білім, дағды, іскерлікті меңгерту үрдісі, оқушы оны 

практикалық  іс-әрекетте  жұмсайды.  Ал,  оқушылардың  оқытудағы  белсенділігі 

дидактикалық  принцип.  Оқушылардың  оқу  белсенділігіне,  ойлау  қабілетіне, 

қоршаған орта белсенділіктеріне, білімнің орнықтылығына оқуды игерудің берері 

мол.  Енді  белсенділіктің  деңгейлеріне  тоқталайық.  Белсенділіктің  үш  деңгейі 

болады: 


1. Әсер ету белсенділігі. Бұл оқушының түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта 

жаңғыртуы,  үлгі  бойынша  қолдана  алуы.  Әсер  ету  әрекетін  ұйымдастыруда 

мұғалім оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісін қолданады. Яғни, оқушының 

әсер ету белсенділігін қамтамасыз етеді.  



436 

 

2. Интерпретациялық белсенділік. Бұл оқушының істі аяғына дейін жеткізу, 



қиындыққа  қарамай,  істің  шешілу  жолдарын  іздеуі,  неге  сұрағанына  өздігінен 

жауап беруге тырысулығымен байланыстырады. Екінші деңгейде педагог дамыту 

үшін  оқытудың  ақпаратты-ізденіс  әдістерін  қолдану  қажет,  бұл  оқушының 

әрекетіне жекелік сипат береді.  

3.  Шығармашылық  деңгей.  Бұл  құбылыстың  мазмұнына  және  өзара 

байланыстылығына терең үңіліп қоймай, аталған мақсатқа жетуге жаңа амал таба 

білумен  сипатталады.  Белсенділіктің  бұл  деңгейіне  оқушылар  білімдерін  жаңа 

жағдаяттарда  көрсетуге  тырысады,  білім  мен  амалды  бейтаныс  жағдаятқа 

ауыстырады. Белсенділіктің осы деңгейінің қалыптасқандығын бағалау критерийі 

ретінде  оқушылардың  үрдіс  пен  құбылысты  теориялық  тұрғыда  ұғыну, 

практикалық  және  танымдық  әрекет  кезінде  пайда  болған  мәселелерді  өз 

беттерімен шешу жолдарымен сипатталады.   

4.  Оқушылардың  оқу  белсенділігін  дамытудың  құралдарына  жататындар: 

оқу  мазмұны,  формалар,  оқытудың  әдісі  мен  құралдары,  оқушының  оқуын 

ұйымдастыру  формалары.  Оқушының  белсенді  шығармашылық  оқуын 

ұйымдастыру төмендегілерді қадағалайды: 

а)  оқу  материалы  әрбір  оқушының  белсенді  ойлау  және  практикалық  іс-

әрекетінің пәні болуы қажет; 

ә)  оқушының  өзін-өзі  тануына,  еркін  болуына,  ерік-жігерін  көрсетуге  және 

өзінің оқу-танымдық әрекетін басқара алуға жұмсалуы қажет; 

б) мұғалім жалпы белсенділік емес, керісінше, іскер, алдыңғы қатарлы білім 

мен  әрекет  түрлерін  меңгеруде  оқушыда  шығармашылық  белсенділігін  дамыту 

қажет [2;49б].  

Білім  беру  бағдарламасының  барысында  мұғалімдер  оқушылар  үшін  не 

біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар  және бұны қалай түзету дұрыс екенін 

білу үшін оқытудың арнайы әдіс-тәсілдерін және құралдарын пайдаланғаны жөн.  

Егер  мұғалім  мен  оқушының  білімді  игеруді  бастау  нүктесі  өзара  үйлеспейтін 

болса,  онда  оқытуда  табысқа  жету  мүмкін  емес.  Егер  білімді  игеруді  бастау 

нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқитын оқушылардың 

өздері де алған білімдерін есте сақтаулары қиындық тудырады, тестілеуден немесе 

емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытылып қалулары да мүмкін. 

Осыған  орай  әр  сабақта  оқушыларға  әр  сабақта  оқу  үдерісінің  барлық 

аспектілерінде белсенді қатысулары керек:  

1) олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады;  

2) бір-біріне кеңес береді; 

3) өз алдына мақсат қояды; 

4) алынған нәтижелерді қадағалайлы; 

5) идеялармен эсперимент жасайды; 

6)  қателер  –  оқудың  ажырамас  бөлігі  екенін  түсіне  отырып,  тәуекелген 

барады.  

Оқу үрдісінде егер мұғалімдер сабақтың тиімділігі мен  оқушыларының есте 

сақтау  қабілеттерін,  сабаққа  деген  қызығушылықтарын  жоғары  деңгейге  дейін 

жеткізгілері  келсе,  онда  өздерінің  іс  тәжірибелерінде  АҚШ  Мэн  штатының 

«Ұлттық оқу зертханалары» ұсынған «Оқу парадигмасы» жүйесін қолданса тиімді 

нәтижеге қол жеткізерлері сөзсіз. 


437 

 

  



Оқушылардың 

алған 


ақпаратты 

сақтауының 

орташа 

пайызы 


   

                   10% 



 

                20% 

                30% 

                50% 

 

                75% 

                 90% 

     Дәріс 

     Оқу  

Визуальды                      

қабылдау 

     Көрсетілім 

     Талқылау  

     Практика  

     Білім беру 

 

Сурет – 2. Оқу парадигмасы 



Мұғалімдер  жұмыс  үдерісінде  алдыға  қойған  мақсаттарына  жету  үшін 

оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырып, олардың сабақтан зерігулерінен 

аулақ болу, алаңдау мен қобалжулардың алдын-алу қажет.  

Сонымен,  мұғалім  оқу  үдерісінде  оқу  белсенділікпен  сабаққа  қатысқанда 

ғана  материалды  терең  меңгеруге  қол  жеткізеді.  Басқаша  айтсақ,  жеке 

бағдарланған  оқыту  шеңберінде  оқушылардың  сыныпқа  келген  кездерінде 

бастапқы  сенімдерін,  білімін  және  өзіндік  ойын  негізге  ала  отырып,  өз 

пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінетін болады. Егер оқу үдерісі 

оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті 

үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі  жағын  да  қадағалай  білулері  тиіс. 

Мұғалімдер  оқушылардың  не  білетінін  және  нені  жасай  алатынын,  сондай-ақ 

олардың  қызығушылықтарын,  әр  оқушының  нені  жақсы  көретінін  және  нені 

істегісі келетінін түсінулері керек.   

 

Әдебиеттер 

 

1. «Қазақстандық жол -2050: бір мақсат- бір мүдде, бір болашақ» 2014 жыл 

17 қаңтар. 

2.    Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы,  2007  жыл  27  шілде  №  319 

Заңы. 

3.  Дамитов  Б.К.  Жоғары  білім  бойынша  заңды  және  нормативті  құжаттар 



жинағы. ҚР Білімжәне ғылымМинистрлігі.- А., 1996.-Б.132. 

4.  Современное  состояние  высшего  образования  в  Республике  Казахстан// 

Вестник высшей школы - А., 2005.- С.92. 

 

 

Нуксарина  Альмира  Кабдуалиевна,  бастауыш  сынып  мұғалімі,    Зырян 

қаласының №9 орта мектебі, ШҚО  



 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН 

ДАМЫТУ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ЖЕТІЛДІРУ 

 

438 

 

ХХІ  ғасыр  мектебінің  маңызды  бір  мақсаты  –  білім  беру  ұйымдарында 



тәрбие  жүйесін  қалыптастыру.  Бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  –  бүгінгі 

күніміздің талабы. Осыған байланысты оқушыларды тәрбиелеу үшін жүргізілетін 

жұмыстардың мақсаты мынадай: 

-

 



оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;  

-

 



білімі  мен  білігіне  сай  келетін  бағдар  таңдап  алатындай  дәрежеде 

тәрбиелеу;  

-

 

өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;  



-

 

аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.  



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 

ұстаздардың қолында»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұрпақ болашағында ең басты 

еңбек ететін мектеп ұстаздары.  

Бүгінгі  біз  өмір  сүріп  отырған  уақыт  кезеңі  өткен  ұрпақтың  заманына 

мүлдем  ұқсамайды.  Бала  болашағы  оның  жаңа  тұжырымдарды  түсінуі  мен 

қабылдай  білуіне,   дұрыс  таңдау  жасауына,  бүкіл  өмір  бойына  өзгермелі 

жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. 

Бастауыш  сынып  жасы  -  бұл  айналадағы  өзге  әлемді  баланың  өз  бойына 

сіңіре  бастау,  білім  жинақтау,  осыларды  басымдылықпен  игеру  кезеңі  болып 

табылады.  Осы  бір  аса  маңызды  өмірлік  функцияны  табысты  орындау  баланың 

өзіне  тән  бейімділігінің  осы  жаста қалыптасуына  қолайлы  жағдай  жасайды,  яғни  

адамның  беделіне  зор  сеніммен  қарауы,  кездесетін  барлық  жағдайларды  тез 

қабылдап,  оған  тез  әсерленгіштігі,  аңғал  да  ойын  баласының  қарым-қатынасы 

дамытылады.  Бастауыш  сынып  жасындағы  балалардың  бойындағы  осы  аталған 

бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы 

жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады. Бастауыш 

сынып  жасындағы  балалардың  кейбір  ерекшеліктері  жылдар  сайын  жойылып 

отырады,  кейбір  ерекшеліктерінің  маңызы  өзгереді.  Мұндай  жағдайдың 

балалардың  бойында  көрініс  табуы  олардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  әртүрлі 

деңгейде  болатынын  атап  көрсету  қажет.  Міне,  балалардың  танымдық 

мүмкіндіктеріне  өзіміз  қарастырған  осы  ерекшеліктер  зор  ықпал  етеді  және  ол 

баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады. 

Бастауыш  сыныптарға  қойылатын  талаптарының  бірі  –    баланың  жеке  бас 

дамуымен,  өмірге  деген  дұрыс  көзқарасының  қалыптасуына  деген  дайындығын 

қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниедегі үздіксіз 

болып  тұратын  өзгерістерді  байқап,  бақылай  алатын  оны  терең  түсінген  оқушы 

ғана  даму  мүмкіндігіне  ие  болады.  Білім  алу  іс-әрекеті  окушы  баланың  өзіне 

бағытталған  іс-әрекеттен  тұрады.  Бала  тек  білім  алуды  ғана  емес,  сонымен  бірге 

оны қалай меңгеруді де үйренеді. 

Жеке тұлғаға бағыттай оқытудың басты ерекшелігі – ол баланың жан-жақты 

дамуына,  өз  пікірі  мен  ойын  ашық  жеткізуіне,  әр  адамға  табиғатынан  берілген 

шығармашылық  әуелетін  толық  іске  асыруына  ықпал  ететін,  өзін-өзі  танып, 

келешегін  айқындауға  саналы  түрде  дайын  болуға,   қоғамның  экономикалық, 

мәдени,  саяси  өміріне  белсенді  араласуға  мүмкіндік  беретін  психологиялық-

педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

 

 



Тұлғаға  бағдарланған  оқыту  технологиясының  тірек  ұғымы  «тұлға»  болып 

табылады. Тұлға – әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның мәні 



439 

 

индивидтің  өзіндік  ерекшелігінде,  оның  өзіндік  дүниесін,  ерекше  өмір  жолын 



белгілейді.  Тұлғаның  негізгі  қызметтерінің  бірі  –  үздіксіз  ізденіс,  өз  өмірлік 

әрекетінің  мәнін  негіздеу,  оған  өзіндік  тексеріс  жасап  тұру.  Тұлғалық  амал 

ұжымдық  оқытуға  балама  түрдегі  даралап,  саралап  оқыту  идеясының 

басымдылығын алға шығарады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру – адамның 

әлеуметпен  ғана  емес,  қоршаған  ортадағы  барлық  объективті  шындықпен 

байланысын қалыптастыратын білім беру.  

Еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаев    «Қазақстан-2030»    бағдарламасында 

«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  тұлғаның  ұлттық  және  жалпы  азаматтық, 

құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және 

кәсіптік  тұрғыда  жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»-деп  көрсетті.  Бұл 

мақсатқа  жету  үшін  біздің  оқу  үрдісіміз  алдына  жаңа  маңызды  талаптар  қояды. 

Қазақстан  Республикасының    Білім  туралы  заңына  сәйкес  «әр  баланың  жеке  бас 

ерекшелігіне  қарай  интеллектуалды  дамуы  жеке  тұлғаның  дарындылығын, 

талантын,  қабілетін  дамыту»  сияқты  өзекті  мәселелер  қарастырылып  отыр.  Әр 

оқушының  болашағы  оның  қазіргі  алған  білімінің  сапасына,көлеміне,  дәрежесіне 

тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен 

міндет жүктелді. 

Тұлға  мен  мұғалімнің   арасындағы қарым-қатынас 

 

Тұлғаның  өзіндік  болмысын  мойындау 



 

Тұлғаға құрметпен қарау 



 

Тұлғаға ілтипатпен  зейін  аударатындығын  сезіндіру 



 

Өз  қателігін  мойындаудың  оптимальды тәсілін   меңгерту 



 

Сабақтың  өне  бойында  жағымды ахуалды  жоғалтып алмау 



 

Тұлғаға сенімді  сезінуіне мүмкіндіктер тудыру 



 

Тепе-теңдік   қатынасты   сақтау 



 

Тұлға пікірімен  санасу 



 

Тұлғаның  өзіне емес   , кәсібіне  ескерту 



 

Ойын дәлелдеуге  мүмкіндіктер   тудыру 



 

Тұлғаға  сенімсіздікпен  ,  күмәнмен қарамау 



 

Әзілді  ұтымды  пайдаланып  отыру   , тұлғаны да соған үйрету 



 

Баланы салыстырмау,  елемегендей  кейіп танытпау 



 

Сыныптастардың алдында  беделін  өсіруге тырысу 



 

Өзгені   сыйлы,  өзін сыйлата   білетіндей ету 



Жеке  тұлғаға  қатысты  білім  беру    әлеуметтік  орта  және  қоршаған  орта 

 кеңістігі   

нәрселердің     ықпалы   арқылы   ұйымдастырылады.   Оқу  – 

танымдық  әрекетте   мына   жоба  бойынша   жұмыстар  жүргізу  тиімді. 

Оқушы  педагогикалық  үрдісте  өзін-өзі  тани  білетін,  өз  бетімен  білім  алып 

дамитын  тұлға  ретінде,  ал  ұстаз  тек  нұсқауларды  іске асырушы  және басқарушы 

субьект ретінде қарастырылады. 

Ақпараттар мен әртүрлі мәдени үрдістің куәсі болып отырған ХХІ ғасырдың 

балалары  -  өте  ақылды  балалар.  Өйткені,  олардың  бітім  болмысында  адамзат 

жүріп  өткен  ұзақ  тарихи  жолдың  құнарлы  дәстүрлері  мен  осы  заманның  озық 

технологиялары  өзара  ұштасып,  бір-бірімен  терең  қабысқан.  Сондықтан  қазіргі 

балалардың  талап-тілегі  жоғары,  талғамы  биік,  сол  биік  деңгейдегі  тұлғаға 



440 

 

берілетін  білім  де  биік  болуы  қажеттілігі  туындайды.  Мұндай  білімге  саралай 



оқыту арқылы қол жеткізуге болады. 

Саралай  оқыту  әрекеті  –  білім  алуға  бағыттаған  әрекет.  Ол  өз  бетінше  әрі 

мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы 

баланың  ойы  абстрактіден  нақтыға  қарай  өрлейді,  ілімдік  ойлауы  қалыптасады. 

Оқушы  дамуының  негізгі  болып  табылатын  әрекет,  оқу  әрекеті  әрбір  сабақтың 

өзегі  деп  түсіну  керек.  Саралай  оқытуды  ұйымдастыру  арқылы  бала  ақыл-ой  

деңгейі  мен  белсенді  әрекеті  арқасында  репродуктивті  емес  өнімді  нәтижеге 

жетеді 


Саралап  деңгейлеп  оқыту  оқушының  ой-өрісінің  дамуына  тигізер  пайдасы 

өте  зор,  себебі  оларды  қолдану  сабақ  нәтижесін,  сапасын,  оқушылардың  пәнге 

қызығушылығын  арттырады.  Әсіресе  оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-

әрекеттерін  меңгертуді  талап  етеді.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты 

болып  білім  алушының  жеке  басының  дара  және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп, 

олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып,  шығармашылығын  қалыптастыру 

табылады.  Әрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейінде  оқу  материалын  меңгергенін 

қамтамасыз  етуі  керек.  Деңгейлеп  оқыту  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  іске 

асады.  Себебі  сабақтың  ерекшелігі  және  оның  тиімділігін  арттырудың  негізгі 

тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау.  Саралап 

оқыту арқылы оқушының өз білімін бағалай білуіне жетелеу: 

 



деңгейлік  оқытуда  сөзжұмбақтар,  қызықтыратын  тапсырмалар 

қолдану; 

 

деңгейлеп оқытуда жұптық және топтық форманы да пайдалану



 

іскерлік ойындар мен тренингтерді деңгейлеп жүргізу; 



 

сыныптан тыс және үйірме жұмыстарында жүйелі қолдану. 



Мұның  барлығы  оқушылардың  жеке  физио-психологиялық,  биологиялық 

ерекшеліктері,  олардың  қабылдау  қабілеттері  ескеріліп,  мүмкіндіктеріне  сай 

жұмыстардың  сұрыпталуымен  жүзеге  асуы  бақылаушылар  назарында  болады. 

Оқытудың  білімдену  инновациялық  технологияларын  пайдалану-  оқушылардың 

тұлғалық болмысын сомдау құралы.  

XX  ғасырдың  басындағы  ұлттық  ойшылдарымыздың  бірі  Жүсіпбек 

Аймауытов  «Сабақ  беру  -  үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  –  жаңаны 

табатын  өнер»  -  деген  екен.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асырудың  негізінде 

оқытудың  жаңа  технологиясын  педагог  -  ғалымдар  мен  республика  мұғалімдері 

жан  -  жақты  ізденіп,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруда  білім 

берудің  тиімді  жолдарын  қарастырып,  оқытудың  жаңа  көп  нұсқалық  қағидасын 

бекітті. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. «Сын тұрғысынан 

ойлау»  технологиясының  60  -  тан  астам  стратегиялары  бар.  Соның  ішінде 

бастауыш сыныптарда оқушыны жеке субъекті ретінде қарастыруға келесідегідей 

стратегиялар:  «Венн  диаграммасы»,  «Семантикалық  картаны»,  «Түртіп  алу 

әдісін»,  пікірсайысты,  салыстырмалы  ойлауды,  «екі  түрлі  түсініктеме  күнделік», 

«Ішіне  сыртына»,  «бес  жолды  өлең»тиімді  екендігі  іс-тәжірибеде  байқалды.  Бұл 

статегияларды қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман 

жағын  салыстыру,  ненің  сапалы,  сапасыз  екенін  саралап,  өзіне,  өмірге  деген 

көзқарас  қалыптастыра  бастайды.  Тақырып  бойынша  сын  тұрғысында  ойлауды 

сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытылады. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар 


441 

 

арқылы  ізденеді,  идеяларды  жинақтайды,  қорытады,  талдайды.    Мұғалімнің 



мақсаты  -  оқушыларды  ойлау  салысының  ең  төменгі  деңгейінен  жоғарғы,  терең 

ойлау  деңгейіне  дейін  көтермелеп  жеткізу.  Бұл  оқушы  деңгейін  шығармашылық 

сатыға көтереді. 

Соның  нәтижесінде  оқушылар  кез  келген  мәселені  шешуде  сыни  ойлау 

тұрғысынан  келе  отырып,  шығармашылық  қатынас  жасауға  дағдыланады.  Бұл 

жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  оқушының  өз  даму  деңгейіне  сәйкес 

ойы шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді: 

 



Еркін ойлауға мүмкіндік береді. 

 



Ақыл - ойын дамытады. 

 



Шығармашылық белсенділігін арттырады. 

 



Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді. 

 



 Тіл байлығын жетілдіреді. 

 



Жан - жақты ізденушілігін арттырады. 

 



Барлық  жұмысты  өздері  атқаруға  ынта  қояды,  белсенділігі  жоғары 

болады. 


 

Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады. 



     Заманауи білім беруде бастауыш сыныптарда АКТ  қолдану өте маңызды. 

Ақпараттық  технологиялар  оқушылардың    білімін  кеңейтеді  және  эмоциялық 

көңіл-күйіне  әсер  етеді.  Соның  әсерінен  заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерін 

салыстыра  білуге,  айырмашылығы  мен  ұқсастарын  көре  білуге  дағдыланады. 

Сондықтан  мұғалім  АКТ  қолданғанда  сөзбен  байланыстырып,  толықтырып 

отыруы керек. Бұл келісідегідей міндеттерді шешуге бағытталады. 

1.

 

Оқитын  тақырыпты  терең  түсінуге,  негізгі  түйінін  ажырата  білуге 



үйретеді. 

2.

 



Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді. 

3.

 



Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі. 

4.

 



 Пәнге деген қызығушылығын арттырады. 

Көрнекі  оқыту  -  ақыл  -  ойын,  логикалық  ойлауды  дамыту.  Сабаққа  тиімді 

қолданылған  көрнекілік  түрлері  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын 

оқушылардың  аса  зор  ілтипатымен  тыңдап,  жемісті  меңгеруіне  ықпал  етеді. 

Өйткені  бастауыш  сынып  оқушылары  айналадағы  көрген  нәрсеге  қызыққыш 

келеді.  Тез  сергіп,  тапсырманы  жылдам,  дұрыс  орындайды.  Ойлау  қабілеттерін, 

ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  көбейтуге,  өз  ойын  жүйелеп 

байланыстырып  баяндай  білуге,  септігін  тигізеді,байқампаздығы  артады. 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры 

ұстаздардың  қолында»  -  деп,  елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтқандай  қазіргі 

қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз 

шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс. 

«Әр бала бір жұлдыз, Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, 

әр  баланың  қалаған  ісін  таңдауға,  өз  ойларын  ашық  айтуға,  өзін  еркін  сезінуге, 

жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек. 

Қорытындылай  келгенде,  білім  беру  үрдісінің  технологиясын  жетілдіру 

дегеніміз - алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, 

білімді  саналы  түрде  алу.  Бұл  технологиялардың   тиімділігі  –  оқушының 



442 

 

құзыреттілігін  



арттырып 

ғана 


қоймайды, 

сонымен 


қатар: 

  

жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет