Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей
[2] А.Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. -ЖШС «Курсив»
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ НЕГІЗІ
Тарбака Жанаргуль,
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,
ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына
сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең
ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісінің
технологияландыру
мәселесін
қойып
отыр.
Оқытудың
әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп
өміріне енуде.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол
таба білуі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін
түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені
жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен
потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Білім сапасын арттыру және нәтижеге
бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген
нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары
нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті
мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман
адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-
өзі жасау талабын» қалыптастыра алады.
108
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім
беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың
мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және
кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
Қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Жаңашыл мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін,
күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық
процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму
заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған
шығармашыл тұлғаны талап ететін жан.
Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік
туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың
ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып
оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті
әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны
жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру
әрбір мұғалімнің міндеті. Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімнің жан – жақты, білімі,
педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатындығы, жаңаша ойлау жүйесін
меңгере алатындығы қажет. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп
келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс
енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Қазақстан Республикасының білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының оқу-
әдістемелік кешені курста болған кезімізде жаңашыл, ізденімпаз, бастауыш сынып
мұғалімдеріне сабақты модельдеу арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде
сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, оқушыларға барынша
қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік
берді.
109
Мұғалімдер белсенді оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды
тиімді жүргізуге ненің көмегі бар, деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуға
мүмкіндік алды.
Бірлескен жұмыс барысында мұғалімдер бір-бірімен білімімен және ізденістерімен
бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істеуге үйренді. Әсіресе бірлескен сұрақ-жауап кезінде
өз түсініктерін кеңейтті. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс
ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл
мұғалімдерге кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектесті.
Бастауыш сынып мұғалімдері мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым, жазылым,
айтылым, тыңдалым дағдыларын өз бойларына қалыптастырды.
Кез келген мұғалімнің кәсіби дамуы осы оқу барысында Поляның тұжырымдамасы
негізінде проблеманы шешу мақсатында жеке және топтық жұмыс жасау, ашық
сұрақтарды тиімді пайдалану, дәлел ұсынуға оқушыны ынталандыру, зерттеу
барысында бірлесіп жұмыс жасау сияқты бірқатар әдіс-тәсілдерді оқу аясында
қолданып үйренген жұмыстардың әр кезеңдерінде жаңарып, мәселелер мен шешімдерді
табуы арта түсті.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты
қолдап, оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды
көздейді. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне
тигізетін дағдысын дамыту үшін және білім беру бағдарламасындағы белсенді оқу
жаттығуларына дағдылану үшін ықшамсабақтар өткізді.
Курсқа келген әр мұғалім диалог аясын кеңейту үшін сұрақ қоюды ойластырған кезде
ол сұрақтарға берген оқушының әрбір жауабы жаңа сұрақ тудыра алатындай әрі
қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыру қағидатына сүйене отырып
ықшамсабақтарда ашық сұрақтарды, белсенді оқудың әдіс-тәсілдерін кең ауқымда
қолдана білді. Мұғалімдер ықшамсабақтар өткізген кезде пікірталас пен ұжымдық
дәлелдеуге барынша назар аударды. Ықшамсабақтарда мұғалімдер тұжырымдаманы өз
сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып,
проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істеді.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған
мәселе – білім берудің мазмұнын жаңарту, ғылымды дамыту болып табылмақ.
Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда
білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының
тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани
құндылықтарға ұштастыра білетін, үш тілділік саясатты меңгерген тұлға
тәрбиелеу.Жаңартылған оқу бағдарламасына тоқталар болсам, оқушылардың жас
ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны мен білім,
білік, дағдыларының көлемінақты анықталған.Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш
тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай,
сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылғандықтан, көп тілді оқу ортасын
110
құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу,
өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп
әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын
бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасау
керек екені белгілі.
Сонымен бірге «тыңдалым», «айтылым», «оқылым», «жазылым» шартты белгілерімен
берілген тапсырма-материалдар бағдарламадағы білім мазмұнына сәйкес
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздеп берілгенін
байқауға болады.
Сонымен қатар өтілгелі отырған жаңа ұғым, түсінік мұғалім тарапынан жариялана
салмай, балалардың өзіне байқататын, одан қорытынды шығартатын, жаңа тақырыпқа
«көпір» жасайтын тапсырма-материалдар арқылы берілген, «тыңдалым», «айтылым»,
«оқылым», «жазылым» шартты белгілерімен берілген тапсырма-материалдар
бағдарламадағы білім мазмұнына сәйкес оқушылардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру мақсатын көздеген және оқулықта оқушылардың оқу дағдысын
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Менің білім беріп отырған сыныбымда 9
оқушы бар. Олардың деңгейлері, сабақты қабылдаулары, пікір таластырып, бірін-біріне
сұрақ қоюы сұхбаттасуы, өз пікірін емін еркін білдіре алуының өзі мен үшін үлкен
жетістік.
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері өте мол.
Мысалы: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Сен жаза аласың», «Мен
саған сенемін» -деп, баланың санасын
еркін билеп,
сенім білдіріп отыру керек. Оқушының
кішкентай жетістігі болса да, жоғары
бағалап, мадақтап, көтермелеу, қамқорлық
таныту қажет. Оқушыларға алуан
түрлі тапсырмалар беріп, ойындар ұсынып
оқушы назарын бастауыш сыныптан
бастап шығармашылық арнаға бұрсақ,
балада ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға
жүйріктік
пайда
болып,
білімге
құштарлығы артады сөздің мән мағынасын
түсінуге, әдемі жүйелі сөйлей білуге сөз
өнерін меңгеруге талпынады. Осылайша
баланың тілін, сөйлеуін, шығармашылық
қабілетін дамыта отырып жеке тұлға
болып қалыптасуына ұстаздар қауымы зор
ықпал етсек «алынбайтын қамал жоқ»- дегендей бәсекеге қабілетті мықты азамат
тәрбиелей
алатынымызға
сенімдімін.
Ұлы қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен қорытындыласам,
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы...»,-
дегендей оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге
үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-
жақты парасатты үш тілді еркін меңгерген ұрпақ керек екенін бір сәтте естен
шығармағанымыз жөн.
111
«Білімнің басы – бейнет, арты зейнет» дейтін болсақ. Білімге ұмтылу, бермегенді
тартып алу, білім үшін күресу, білім алу жолында ерінбеу, әрі қиындыққа төтеп беру
болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы//Астана. 2004.
2.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мухангалиева К.Д.
Ишимское орта мектебі
Жақсы ауданы
Култаев Нұрғазы
Ишимское ауылы
Степнагорск қаласы
Қарабұлақ орта мектебі
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде
мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы аясында әзірленген.
Бұл бағдарламаның мақсаты: өзге тілді меңгеретін сыныптарға жаңаша бағдарлама
өзгерістері мен критериалды бағалау моделінің жүйесін
енгізу, сонымен қатар оқушылармен қандай жұмыстар
жасайтынымызға түсініктер жасады.
Ол дегеніміз әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып ,
өзге тілді оқушыларға қазақ тілін меңгерту. Қазақстан
Республикасының білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру.
Жаңартылған бағдарламаның стандарттық деңгейіне сай
болу үшін , ең алдымен ұстаз алған білімін тиімді қолдана
отырып , оқушыларға жоғары деңгейде білім көрсеткішін
арттыруды мақсат ету. Сол мақсатқа жету үшін , әрбір ұстаз бағдарламаның әдіс –
тәсілдерімен қоса, бағалау жүйелерін де еркін меңгеруі тиіс. Бағалаудың негізгі
мақсаты: Өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы
өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.
Бағдарламаның оқу – әдістемелік кешені орыс тілінде оқытатын мектептерде жұмыс
істейтін мұғалімдерге қазақ тілі сабақтарын жоспарлауға және оны өткізуге
көмектесетін болады.
Осы курсты Атбасар қаласында қазақ тілі пәні бойынша жиырма сегіз ұстаз
меңгердік. Бұл курсты ұйымдастырған – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы.Жаңартылған білім беру мен дәстүрлі білім берудің айырмашылықтарына көз
жеткіздік. Жаңарту негізінде білім беру оқушыларды оқытуда алға қарай
ілгерілеулеріне септігін тигізеді. Әр бөлімге тоқталатын болсақ , бастауыш сыныптан
бастап баланы белсенді оқу, бірлескен оқу, баланың қажеттілігін қанағаттандыру және
оқушыларды оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларына үйретеді. Атап
айтқанда, осы жоғарыда аталған жұмыс түрлері сындарлы оқыту теориясымен сәйкес
келеді. Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің әр саласы оқушылардың алған
дағдыларын қалыптастырып, олардың тез жетілуіне, көзқарастары өзгеріп және
112
қабілеттерінің артуына ықпал етіп, қарым-қатынас жасай алуына мүмкіндіктер
туғызады.Бұл жерде сапалы мәтіннің маңыздылығы , мәнмәтіннің астарлы мәні немесе
тәжірибесі, идеяның жан-жақты зерттелуі мен дамуы негіз болып табылады. Оқушылар
негізгі ойды анықтау үшін тілдің тиімді құрылымы мен қажет лексикасын қолдануы
тиіс.Белсенді оқытуда оқушылар жұмысқа белсене қатысуын , яғни өздерінің жинаған
ақпараттарын талдау және түсіндіруде , зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануы
қажет. Оқушылар келешекте алған дағдыларын жақсарту үшін бақылау мен талдауды
талап етеді. Белсенді білім алудың стратегиясы –бірлескен оқу немесе жазылым
барысында қалай қолданылуы туралы нұсқаулар берілді. Оқушылардың белсенді
жұмыс істеуі, мұғалім берген ақпараттың мәнін түсіну, қабылдаған білімдерін
ойларына сақтап, оны іске асыра алуларына себеп болады.Сондықтан да оқушылардың
білім алуда, белсенділік таныта білуінің арқасында сапалы білімнің жүзеге асатынына
көз жеткіздік. Оқушылардың екінші тілді үйрену кезінде ассоциациялық жадыны
қолданған жағдайда оның есте сақтау қабілетін қалыптастыруға жақсы көмегін тигізеді.
«Тыңдау – көру – орындау» әдісі мұғалімдер үшін өте тиімді әдіс болмақ. Осындай
әдістер арқылы оқушыларды ынталандырып, көздеген мақсатқа жетуге болады.
Сонымен қатар тіл үйрену барысында мұғалңмнің жетекшілігімен топтық жұмыс
ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасай білуге бағытталған. Тілді үйрету
барысында оқушыларға берілетін тапсырма нақты
шынайы
өмірмен
байланысуы
тиіс.
Өйткені
оқушылардың қабылдау қабілеттері күнделікті өмірдегі
болып жатқан ақпараттарды пайдалану арқылы қарым-
қатынас орнатады деп ойлаймын.
Тілді үйретудегі тағы бір тиімді жағы -сөздік жұмысы.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, орыс сыныпта
оқитын оқушылардың жаңа сөздер үйренуде, бұрын
білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ
сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге,
әңгіме
айтуға,
шығарма
жазуға
көмектеседі.
Әдіскер ғалымдардың жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және
лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз
байланысты. Өйткені бұл терминдер орыс сыныптары үшін қазақ тілі пәнінде екеуінің
де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді
дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама,
шығарма жазуды жатқызады.
Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие
жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б
білу арқылы оқушылардың тілі дамиды. Оқушылар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде
тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз
байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін
айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі
байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сөздік жұмысы 5-7
сынып оқушылары үшін қажет. Себебі, сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді,
оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының
бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол
сияқты әр адамның байлығы. Сондықтан мектептегі орыс сынбында оқитын
оқушыларға
сөздік
жұмысын
жүргізудің
маңызы
зор.
Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі
жеткізуіне қиындық келтіреді,сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні
зор.
113
Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және
мұғалімнің сөзі. Оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен
мақал–мәтел, жұмбақ,жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Себебі, орыс
сыныбында оқитын оқушылар үшін аса қажет. Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын
дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни
балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек. Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер
мен ұғымдарды түсіндіру немесе оқушылардың сөздік жұмысы арқылы тілі мен
ойлауын дамытудың жолдары деп қарастыра аламыз.
Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың ,
түсінудің, дамудың құралы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш
тілдің –мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі,
әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгереген, бәсекекге
қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткен. Сол себепті жаңартылған
бағдарламада үш тілдік аяда қамтылған.
Қазіргі кезде оқушыларға үш тілді оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың
жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс
жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.Шетел тілін оқытуда
лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені-оқушылардың ауызша және
жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту,
толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде
мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар,
педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативтік бағыттағы
оқыту элементтері кең қолданылады.
Қазақстан болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы
мақсатты жүзеге асыру мәселесі болып саналады. Көптілді білім берудің мақсаты:
-Әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.
Міндеттері:
-Әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай
жасау;
-Әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары;
Күтілетін нәтиже:
Көптілді меңгереген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға,
өздігінен жетілуге қабілетті тұлға.Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді
меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек.
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсәздәк алғанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
«еңселіні еңкейткен, тізеліні бүктірткен, аз елді көп еткен, көп елді көлдей етіп, шағын
аумақты үлкейтіп, үлкен мемлекетке айналған елміз» -деп «Күлтегін» жырына мысал
келтірген еді. Осыған орай «Тәуелсіздік» оңайлықпен келмегені анық.Барлығының
аңсағаны, көздегені ұлттық құндылықтарды сақтай отырып «Мәңгілік ел» болу мақсат-
мүддесі еді. «Мәңгілік ел» идеясын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дәл жылқы жылында
жария еткені әрбір қазаққа қуаныш сыйлады. «Мәңгілік ел» идеясын болашақтың
санасына жеткізетін осындай биік ұғымға тәрбиелеп, бағыт беретін ең ауыр жүк қазақ
тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану пәндерінің мойындарына ерекше
жүктеледі-деп ойлаймын. Мәңгілік ел деген әр сабақта айтылатын құрғақ сөз емес, әр
адамның ішкі жан дүниесі, болмысы, санасына айналуы керек. Енді, балалар аңсаған
арманды жүзеге асыру, оны әрі қарай мәңгілікке ұластыру міндеті әрбір саналы
азаматтың үлкен жауапкершілігі.
Мәңгілік ел болудың басты мақсаты-сауатты, жан-жақты дамыған отыз елдің
қатарынан көріну.Бұл біз үшін ұлы бастама. Осы бастаманың бірі мен үшін, ұстаздар
қауымы үшін «Өрлеу» педагогикалық институтынан алған білімдері әр ұстазды
ізденімпаздыққа, жаңа идеяны бағыттауға үлкен септігін тигізуде.
114
Бүгінгі мұғалім – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырушы болса, бүгінгі –Мәңгілік ел
болу идеясының жаршысы, бабалар аманатын орнатып, болашақты, болашаққа
жалғаушы. Осы орайда «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей ұрпақ тәрбиесі,
еліміздің мәңгі жасауы мына біздің қолымызда. Сондықтан жауапкершілігі аса зор
«ұстаз» деген ұлағатты есімді абыроймен алып жүру, заман талабына, әлемдік
стандартқа сай білім мен тәрбие беру-әрбір ұстаздың парызы деп есептеймін. Демек әр
ұстаз өзінің сабағында әр оқушыға күнделікті:
Жүректің түртіп құлағын,
Мазалап сан мың сұрағын.
Кіммін мен? Қайтсем шіркін,
Мәңгілік ел, Мәңгілік ел боламын!!!
деп ой тастау, сыни көзқарас қалыптастырып, мейлі басқа ұлт өкілдері болса да Отанын
жанындай жақсы көретін рухы биік, өресі жоғары, саналы азамат тәрбиелеу- «Мәңгілік
ел болудың» маңызды қадамдары болып саналады.
Білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін арттыру және сол арқылы
құзіретті, рухани адамгершілігі мол, қоғамда өзін анықтай алатын тұлғаны
қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жасай отыра, алдағы уақытта бір нәтиже
шығаруға болатынына сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: |