Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру арқылы ұлттық



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7954
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру арқылы ұлттық 
құндылықтар жүйесін қалыптастыру 
Нугуманов Бакытбек Бажиевич 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, 
Білім сапасы және басқару кафедрасының аға оқытушысы 
 
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп 
алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі 
дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең 
дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол  –  «Мәңгілік  Қазақстан» 
жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен 
тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген 
келешекке  сенім  де  «Мәңгілік  Ел»  деген  құдіретті  ұғымға  сыйып  тұр»  деген 
болатын [2].  
Ұлттық  құндылығымыз  болған  тәуелсіздік  идеясының  негізінде  сол 
ұлттың  тағдыры,  даналыққа,  өрлік  пен  ерлікке  толы  өнегелі  тарихы,  ұлы 
тұлғалардың  ерен  еңбегі  жатыр.  Тәуелсіздіктің  бабаларымыздың  сан  ғасырғы 
арманы  болғанын  Елбасымыз  өзінің  халыққа  Жолдауында  «Мәңгілік  Ел» 
идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз 
«Tүркі  жұртының  мұраты  -  Мәңгілік  Ел»  деп  өсиет  қалдырған»  –  деп  атап 
көрсетті  [3].  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің  тамыры 
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. 
Бұл «Мәңгілік ел» идеясы таза беттен басталып отырмағанын, оның арғы 
тегіміз Түркі дәуірінен бастау алатынын, Тоныкөк – Күлтегін жырларындағы: 
«Түн  ұйықтамадым,  күндіз  отырмадым.  Қызыл  қанымды  төктім,  қара 
терімді  ағыздым»,–деген  жолдардананық  көруге  болады  [4,  63  б.].  Осы  жыр 
жолдары арқылы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қазіргі кеңбайтақ 
жерімізді  «жан  алып,  жан  берісіп»  қорғаған  ата-бабаларымыздың  тарихынан 
бастау  алатынын  көреміз.  Түркі  дәуірінен  кейінгі  «Дешті  Қыпшақ»  атанған 
кезіндегі  түркі  тайпаларының  осы  ұланбайтақ  жерді  қол  астына  бағындырып 
көршілес  елдермен  терезесін  тең  ұстауы,  Керей  мен  Жәнібектің  Қозыбасыға 
тіккен  алғашқы  Қазақ  хандығының  туы,  кейіннен  осы  жерлерді  Ресей 
империясының  отарлауынан  азат  ету  үшін  күрескен  Исатай  мен  Махамбет, 
Сырым  мен  хан  Кене,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  «Ақ  болсын,  қызыл 

99 
 
болсын,  маған  бәрібір.  Мен  қазақ  мүддесін  көздейтін  үкіметті  ғана 
жақтаймын»,–деген  Ахметтің  жақтастары,  Алаштың  ардақтылары...  міне 
осының бәрі біздің ата-бабамыздың бізге жеткен тарихы. 
«Әкем қазақ, шешем қазақ, 
Мен  неге  қазақтықтан  сақтанамын»,-  деген  Міржақып  сияқты  «Мәңгілік 
ел» бұл біздің халқымыздың, қазақ мемлекетінің тарихы, еліміздің бүгіні және 
болашағы. 
Өткен күн, кеше–тарих, 
Келер күн, ертең – сыр, 
Ал, бүгінгі күн – үлкен сый – 
деп айтып кеткен қазақ ойшылы Шәкерім бабамыздың сөздері дәл бүгінгі 
таңда  ұсынылып  отырған  «Мәңгілік  ел»  идеясы  туралы  айтылғандай.  Жас 
ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  бере  отырып,    өшіп  қалғандарымызды  жаңғыртып, 
өлгендерімізді  тірілтіп,  болашағымызды  болжап,  бүгінгі  күнімізге  шүкіршілік 
етіп, алға ұмтылу қажеттігін меңзеп тұрғандай. 
«Мәңгілік  ел»  идеясы  жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей  Ер  Түркілер 
дәуірінен  бастау  алып,  Қазақ  хандығы  мен  Алаш  мемлекеті  кездерімен 
жалғасып, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлкеті кезінде тағы бір мәрте жаңғырып 
отыр. 
«Түркі  өркениеті,  оның  мәңгі  өшпестей  болып  тура  мың  жарым  жылға 
жуық  уақыт  бұрын Еуразия  құрлығының  төсінде бедерленген көне жазбалары 
жалпы  адамзат  өркениетінің  үлкен  қазынасы  болып  отырғаны  бүгін  баршаға 
мәлім.  Ал  Күлтегін  ескерткішіндегі  қасиетті  жазулар  –  ежелгі  түркі  жазба 
мұраларының  ішіндегі  ең  көрнектісі.  Есік  қорғанынан  табылған  сақтар 
заманынан  қалған  күміс  тостағандағы  руникалық  ойма  жазуды  айтпағанда, 
ғалымдарымыз Алтайда, Шығыс Түркістанда, Жетісуда, сондай-ақ Хакасия мен 
Тувада  тапқан  екі  жүзден  астам  ежелгі  түркі  жазуларының  ішіндегі 
мазмұндысы  осы  саналып  отыр.»,-  деп  Елбасымыз  ерекше  атап  көрсеткен 
Күлтегін  жазуының  қазақ  елімен  қауышуы  бұл  айтқандарымыздың  дәлелі 
болмақ. 
Осы  орайда  Ш.  Құдайбердіұлының  «Кез-келген  қазақ  жеті  атасын  айтып 
берсе,  ешқандай  паспорттық  дерек  мағлұматтарға  сүйенбей-ақ,  оның  қай  ел, 
қай  жерден  шыққанын  шежіре  білген  саңылауы  бар  қазақ  баласы  дөп  басып 
тауып бере береді» – деген сөзі мен ата-бабамыздан қалған «жеті атасын білген 
ұл,  жеті  рулы  елдің  қамын  жейді»  –  деген  нақылынын  үндесіп  жатқандығын 
көруге болады. 
Бұл  келтірілген  мысалдардың  бәрінде  халқымыздың  тарихы,  салт-
дәстүрінің  ежелден-  ақ  қалыптасқанын,  өзіндік  ерекшеліктерін  байқауға 
болады. 
Сондықтан,  «Мәңгілік  ел»  Ұлттық  идеясы  негізінде  тарихқа  жаңаша 
көзқарас  қалыптастырып,  жастарды  ұлттық  рухта  тәрбиелеудің  маңыздылығы 
күннен күнге арта түсуде. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  негізгі  мәні  –  мемлекет  құрушы  қазақ 
халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-рухани құндылықтары мен өзге 
де  ұлттардың  ұлттық  идеяларын  бір  арнаға  тоғыстыратын  идеология 

100 
 
екендігінде.  Ол  өткенімізді  таразылап,  сабақ  ала  отырып,  жарқын 
болашағымызды  баянды  ету  жолында,  Қазақтың  мәңгі  жасайтын  ұлттық 
мемлекетін құруды мақсат тұтады. 
Осы  жолда  білім  беру  саласының  атқарар  ісі  маңызы.  Себебі  білім  беру 
деңгейі  –  еліміздің  өркендеуінің,  экономикалық  және  ғылыми-техникалық 
прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның қарқынды дамуының, бәсекеге 
қабілеттілігінің кепілі. 
Қазақстанда,  тарихи  тұрғыда  білім  беру,  тәрбиелеу  идеялары  әрдайым 
берік  рухани-адамгершілік  бағдарларға  сүйеніп  келген.  Қазақтардың  өзіндік 
рухани  ұстанымы  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілікке,  елі  үшін  күрескен  хас 
батырларды,  қара  қылды  қақ  жарып,  әділін  айтып,  елді  аузына  қаратқан 
шешендер  мен  көсемдерді,  хандар  мен  билерді,  халық  арасынан  шыққан 
даналардың даналығын құрметтеуге, ата-анаға қамқорлыққа, төзімділікке толы 
болған.  Бірақ,  өкінішке  қарай,  «қызыл  империяның»  билігі  кезінде  объективті 
әрі субъективті себептерден біздің көптеген құндылықтарымыз жоғалып, ұмыт 
болды және кеңестік идеологияланың қатаң қыспағына түсті.  
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  іске  асыру  мақсатында 
оқушыларды,  жастарды  тәрбиелеуде  және  оқытуда  ғасырлық  тарихи  дәстүрі 
бар  қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесінің  негізгі  идеялары  мен  құндылықтарын 
қалпына келтіріп, кеңінен пайдалануымыз керек. 
Мұндағы басты мақсат еліміздің болашағы жас ұрпақтың бойында ұлтына 
деген  сүйіспеншілік,  мақтаныш сезімдері қалыптасып,  ұлтжанды  азамат  болса 
деген  ниет.  Тек  ұлтжанды  азамат  ғана  ұлт  болашағын  жете,  тереңірек  ойлай 
алады. Бұл ойымызға дәлел ретінде тек елбасымыздың халыққа жолдауларында 
айтылған  білімді  ұрпақ  қана  емес,  сонымен  бірге  осыдан  бір  ғасырдай  уақыт 
бұрын  өмір  сүрген  «Алаш»  мемлекетінің  басшысы  Әлихан  Бөкейхановтың 
«Ұлтына,  жұртына  қызмет  ету  –  білімнен  емес,  мінезден»,–деген  сөзін 
келтіруге болады [5]. 
«Қазағым  менің,  елім  менің!  Ең  алдымен  қазақ  халқы  –  Ресейге  тәуелді 
халық.  Оның  ешқандай  правосының  жоқтығы  ыза  мен  кек  тудырады.  ... 
Азаттық  таңы  атты.  Тілекке  құдай  жеткізді...  Автономия  алу  –  мемлекет 
болумен  бірдей.  Біз  енді  өз  алдымызға  мемлекет  боламыз  деп  тұрмыз.  Бірақ 
«боламыз» бен «болудың» екі арасы  – жер мен көктей. Сондықтан «боламыз» 
деген  соң,  болуға  аянбай  қам  қылу  керек»,–деген  Міржақып  Дулатұлының  [5, 
57б],  барша  Алаш  қайраткерлерінің  армандарын  ақиқатқа  айналдыру 
барысында  өскелең  ұрпаққа  олардың  жалынды,  қанатты  сөздерін  қазақ  халқы 
алдында  атқарған  абыройлы  істерімен  дәлелдей  отырып  тәрбие  беру  керек. 
Осылайша  жас  ұрпақ  бойында  елге,  мемлекетке,  ұлтқа  деген  мақтаныш, 
сүйіспеншілік сезімдерін оятып, болашақ мемлекет иелері өздері жәнеөздерінің 
ұрпақтары  екенің  үнемі  естеріне  салып,  үлгі  етіп  отырсақ  олардың  бойында 
ұлтына, Отанына деген жауапкершілікті қалыптастыра аламыз.  
Осы арада тағы да бір Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың мына бір 
ұлағатты сөзін келтірсек дейміз: «Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап 
жүрген  азаматтардың  елі  артта  қалып  отыр.  Ұлтшыл  жұрттар,  әне,  Германия, 
Жапония,  Англия,  Түркиялар,  олардың  баласы  жасынан  «ұлтым»  деп  өседі. 

101 
 
...Естеріңізде  болсын:  қара  халықтың  мәдениетті  болуынан  мәдениетті  кісінің 
қазақ  болуы  қиын,  баласына  осы  бастан  ұлт  рухын  сіңіріп,  қазақ  өміріне 
жақындатып  тәрбиелеу  керек.  ...Қазаққа  аюдай  ақырған  шенеунік  табылуы 
оңай, ерінбей-жалықпай, бақырмай-шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, 
табанды, қызметкер табылуы қиын. ...Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері 
бола алмайды» [6, 78 б]. Қандай дәл, нақты айтылған сөздер. Тура қазіргі біздің 
жағдайымызды болжап тұрып айтқан секілді. 
«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асырудағы басты бағыттардың бірі 
халық  пен  билік  арасындағы  сенімді  нығайта  отырып,қоғамды  ортақ  мұратқа 
жұмылдыру.  Халықтың  билікке  сенімсіздігін  көрсететін  бірден-бір  фактор  - 
сыбайлас  жемқорлық  екені  белгілі.  Жемқорлық  қоғамның  іргесін  рухани 
тұрғыдан  шайқалтып,  тәуелсіздікке  нұқсан  келтіріп,  қауіп  төндіреді. 
Адамдардың  менталитетін  өзгертіп  қоғамның  барлық  саласына  өзінің 
жағымсыз  әсерін  тигізеді.  Сондықтан  да,  жастардың  санасында  дана 
халқымыздың «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген 
сан ғасырлық ұстанымын негізге ала отырып, жемқорлық мінез-құлыққа қарсы 
имунитетті  қалыптастыру  арқылы  адал  еңбекке  тәрбиелеу  «Мәңгілік  Ел» 
идеясын жүзеге асыруға көмектеседі. 
Қазақ  елінің  бірлігінің  мызғымастығы  мен  өркендеуі  дәстүрлі  ұлттық 
тәрбие  мен  рухани  құндылықтармен  сабақтасқан  түрде  жүзеге  асады.  Сол 
құндылықтардың  ішіндегі  ең  бастысы  –  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл 
мәртебесінде  нығайту,  қазақстандықтардың  үш  тілде  еркін  сөйлеуіне  жағдай 
жасау. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен 
бағаланады.  «Ұлттың  тілі  –  сол  ұлттың  жаны,  жан-дүниесі.  Ол  жүректі 
соқтыртып  тұрған  қан  тамыры  сияқты.  Егерде  қан  тамыры  жабылып  қалса, 
жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, 
мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болып,елдің ішкі 
бірегейлігін  нығайтып,  өркениеттік,  мәдени  бағытын  арттырады.  Ана  тіліңді 
құрметтеу  –  ұлттық  намысты  ояту  мен  жаңғыртудың,  ұлттық  тәрбие 
берудіңбастауы.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  негізінде  ерекше  назар  аударатын  мәселе  – 
ұлттық  тәрбие.  «Ел  боламын  десең  бесігінді  түзе»  демекшіұлттық  тәрбие 
отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбиедеүлкенді құрметтеу мен ата-
ананы  сыйлауды,  ар,  намыс,  ұят  сынды  құндылықтарды  жастар  санасына 
сіңдіруді  басты  идеологиялық  ұстанымға  айналдырудың  маңызы  зор.  Отбасы 
мемлекет  пен  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін  сезініп,ұрпақты  ұлттық 
құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім 
ұялатуы  тиіс.  Тәуелсіз  еліміздің  болашағы  тектілік  пен  кісілікті,  бірлік  пен 
татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс.  
Қорыта  айтканда,  ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ  –  дені  сау,  білімді,  өнерлі, 
ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып қалыптасып, 
меймандостық,  кісілік,  сыйластық,  кішіпейілділік,  салауаттылық,инабаттылық, 
қайырымдылық,  ізгілік,  еркіндік,  өнерпаздық,  шешендік,  ақынжандылық, 
сыпайлылық,  шығармашылық,  рухани-байлық  сияқты  қасиеттері  арқылы 
ерекшеленеді. 

102 
 
Ұлттық  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру  дегеніміз  –  халықтың  сан 
ғасырлар бойы жинақтап, талай сынақтан сүрінбей өткен тәжірибесі мен асыл 
қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  оқушылардың  қоғамдағы,  қоршаған 
ортадағы алатынорнын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және мінез  – 
құлқын қалыптастыру.  
«Мәңгілік  Ел»  –  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық 
идеясы,  ұлттық  құндылықтары  арқылы  ұлылығын  ұлықтаған  елдің  ертеңіне 
деген сенімі. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар 
болғандықтан олардың ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи 
игіліктерді  өз  бойына  біріктіріп,  ұштастыра  білген,  өз  елінің  нағыз  жанашыр 
азаматтары ретінде қалыптасуын үнемі басты назарда ұстауымыз қажет. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  халыққа  Жолдауы.  2012 
жыл 14 желтоқсан. 
2.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы. 2014 жыл 17 қаңтар. 
3.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 
атты халыққа Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.  
4.  Күлтегін  Тоныкөк:  Ежелгі  түркі  рун  жазбалары  (Әдеби  нұсқасын 
жасаған Қадыр Мырза Әли.) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет. 
5. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 
10.02.2014ж.  
6.Қозыбаев М. Тарих зердесі. 1-2 кітап. А., Ғылым, 1998.65-68, 70-71 б. 
7. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» 
баспасы, 2005.  
8.  Ханкелді  Әбжанов,  Зардыхан  Қинаятұлы,  Дихан  Қамзабекұлы,  Гүлшат 
Нұрымбетова,  Абдулкадыр  Ювалы.Түркі  әлемінің  көшбасшылары:  өткені  мен 
бүгіні. I кітап. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011.  
 
Патриотический акт «Мәңгілік ел» - как проявление живой истории 
Изтелеуов А.А. 
 Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз 
 
В основе нашего суверенитета, суверенитета Республики Казахстан, лежит 
национально-патриотическая  идея  независимости.  Именно  она  двигала  народ 
Казахстана  еще  со  времен  Жанибека  и  Керея,  Кенесары  Касымулы  и 
алашордынцев к сегодняшнему дню. Именно эта идея сплачивала казахов в их 
борьбе против политики царизма и тоталитарной системы бывшего Советского 
Союза.  Именно  она  определяла  и  определяет  характер  нового  государства 
Казахстан после распада СССР. 
Обращение  к  истокам  истории  народа  и  его  борьбы  за  независимость 

103 
 
способствуют  формированию  целостной  личности.  Она  воспитывает  чувство 
уважения к своему народу, развивает патриотические принципы. 
Великая степь, а центр  ее – степи современного Казахстана – родина всех 
индоиранских  народов  –  бесспорный  факт.  Самые  ранние  из  известных  науке 
наших  предков  пришли  в  степи  Казахстана  с  Запада,  отделившись  от  этой 
индоевропейской общности ко II тысячелетию, племена андроновцев породили 
новую могучую общность – арийскую.  
Казахстан  –  настоящая  срединная  европейско-азиатская  страна, 
находящаяся  в  хартленде  и  соединяет  в  себе  историю,  культуру,  религию 
Востока  и Запада. Находясь  на  стыке Европы и  Азии она    занимает  выгодное 
географическое  положение  и  стратегическую  позицию  в  геополитической 
структуре евразийского континента. 
История  независимого  Казахстана  стала  летописью  успеха  и  триумфом 
всего  громадного  исторического  опыта  предыдущих  поколений.  Здесь 
сосредоточились  все  далекие  мечты  и  желания  наших  предков.  Они  были 
уверены,  что  знамя  независимости  страны  поднимется  и  казахская  нация 
восторжествует. 
17  января  2014  года  Президент  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаев,  в 
Послании народу Казахстана, поручил ОО «Общенациональное движение «KZ-
2050» разработать Патриотический Акт «Мәңгілік Ел» совместно с Аппаратом 
Президента, правительством и Ассамблеей народов Казахстана.[1] 
 «Мәңгілік  Ел»  -  это  идея  о  вечном  существовании  Казахстана  на 
политической  карте  мира  в  качестве  независимого,  процветающего 
государства.  Это  идея  о  ценностях,  которые  необходимо  беречь  и 
культивировать, чтобы обеспечить устойчивое развитие нашей страны, а значит 
и благополучие каждого из нас. 
Содержание Патриотического Акта «Мәнгілік Ел» - это семь приоритетов, 
определяющих становление и развитие Казахстанской национальной идеи: 
независимость Казахстана и Астана
национальное единство, мир и согласие в нашем обществе
светское общество и высокая духовность; 
экономический рост на основе индустриализации и инноваций; 
Общество Всеобщего Труда;  
Общность истории, культуры и языка; 
национальная безопасность и глобальное участие нашей страны в решении 
общемировых и региональных проблем. 
«Благодаря этим ценностям мы всегда побеждали, укрепляли нашу страну, 
множили 
наши 
великие 
успехи. 
В 
этих 
государствообразующих, 
общенациональных 
ценностях 
заключается 
идейная 
основа 
Нового 
Казахстанского Патриотизма» [2]. 
Можно  сказать,  что  они  составляют  стратегию  создания  и  внедрения 
казахстанской национальной идеи на длительную перспективу. 
Только  крепкое,  политически  стабильное  и  духовно  единое  общество 
способно  выжить  в  условиях  ускоряющейся  глобализации.  Она  раскрывает 
новые невиданные возможности развития человеческих сил, она же таит в себе 

104 
 
опасности, угрозы и риски,  связанные прежде всего с поглощением, стиранием 
индивидуальных различий самобытных культур и национальных образов мира. 
Только  объединившись  на  основе  казахстанской  идеи,  мы  окажемся 
способными  выстоять  перед  этим  ураганом  и,  используя  все  выгоды  и 
преимущества глобализации, уклониться от ее опасностей и угроз. 
Поэтому  консолидация  на  основе  казахстанской  идеи,  не  только 
внутренняя задача, но и задача номер один внешней государственной политики, 
ориентированной на евразийство. 
Споры  вокруг  основополагающих  принципов  новой  консолидирующей 
идеи  не  утихают.  Предлагаются  все  новые  и  новые  подходы,  ценности. 
Используются  все  новые  и  новые  понятия:  общенациональная,  казахстанская 
мечта  и  др.  Общенациональную  мечту  связывают  с  надеждами  на  лучшую 
жизнь,  создание  процветающего  государства,  социальное  благополучие 
общества.  Казахстанская  мечта  в  современной  интерпретации  базируется  на 
трех  парадигмах:  политико-государственной,  социально-экономической  и 
духовно-культурной.  Казахстанская  мечта  должна  являться  объединяющей 
идеей, которая сможет сплотить полиэтническое общество.  
Главным  успехом,  достигнутым  Казахстаном  за   годы  независимости 
является  стабильность.  Единство  полиэтнического  иполиконфессионального 
казахстанского  народа  есть  абсолютная  ценность,  требующая  сохранения  и 
упрочения. 
Чтобы  понять  предназначение  проекта  «Мәнгілік  Ел»  следует  вспомнить 
период  создания  и  начала  реализации  программы  «Мәденимұра».  Главной 
целью  и  направленностью  данной  программы  являлся  сбор  и  систематизация 
бесценных и уже ставших предметом вечной истории артефактов, экспонатов, 
письменных  трудов  мыслителей  прошлого,  предков  казахов,  людей  и  племен, 
населявших огромную территорию Центральной Евразии. 
Опора на культурное наследие позволила существенно укрепить национал-
патриотический  тренд  в  казахстанском  обществе,  насытить  содержанием 
государственную политику в этнокультурной сфере.  
Реставрационными  работами  были  охвачены  105  объектов  истории  и 
культуры,  археологическими  исследованиями  –  более  40  городищ,  поселений, 
стоянок,  могильников  и  курганов  на  территории  Казахстана.  В  результате 
научно-поисковых экспедиций обнаружено и введено в научный оборот свыше 
5  тыс.  ценнейших  архивных  документов  по  истории,  этнографии,  искусству 
казахского народа. 
 Было  издано  более  600  наименований  книг,  тиражом более  1,5  миллиона 
экземпляров. Создан 21 документальный фильм об особо важных исторических 
местах  и  наследии  национальной  культуры.  Изданы  семь  энциклопедических 
сводов  памятников  истории  и  культуры.  Восстановлены  и  перенесены  на 
современные аудионосители звукозаписи 255 старинных казахских кюев. 
В  Астане  воздвигнута  триумфальная  арка  «Мәнгілік  ел»,  ставшая 
воплощением идеи Первого Президента – Лидера нации о вечном государстве. 
Сегодня  этот  красивый  архитектурный  памятник  наряду  с  Дворцом  мира  и 
согласия, Дворцом независимости, мечетями Нур Астана и Хазрет султан несут 

105 
 
сакральный  смысл,  являясь,  с  одной  стороны,  символами  увековечивания 
персональных  усилий  и  идей  Лидера  нации,  а  с  другой  –  свидетельством 
растущего национального  самосознания  казахского  народа  и  наращивания  его 
интегративных свойств. 
В  90-х  годах  казахи  пережили  важный  этап  национального  возрождения, 
что  выразилось  в  подъеме  казахского  языка,  когда  он  обрел  статус 
государственного,  восстановлении  преобладающей  численности  казахов  на 
своей  исконной  земле.  Казахи  за  прошедший  период  трансформировались  в 
урбанизирующуюся  нацию.  Представители  титульного  этноса  заняли 
доминирующее  положение  в  системе  власти,  бизнеса,  индустрии,  а  также 
гражданском секторе. Произошло оформление новой казахстанской элиты. 
 Казахстан 
с  обретения  независимости  проводил  ответственную 
государственную  политику,  в  том  числе  через  поддержку  репатриации 
этнических  казахов  на  родину.  За  прошедший  период  в  страну  вернулось 
порядка  1  миллиона  казахов.  В  настоящее  время  доля  казахов  в  структуре 
общества достигает 63 процентов, или около 11 миллионов человек, тогда как 
до  обретения  независимости  она  составляла  менее  половины,  а  в  отдельные 
периоды истории ХХ века снижалась до показателя менее трети населения. 
Казахи 
смогли 
выстоять 
трехвековой 
период 
этнических 
и 
геополитических  испытаний.  Этому  способствовала  их  исконная  черта 
объединяться  перед  внешними  угрозами  и  особый  культурный  генетический 
код,  проявляющийся  в  глубоком  сохранении,  бережливом  отношении  к 
традициям. Особый культурно-исторический код казахов не был сломлен даже 
в период жестких ограничений, тоталитаризма, геноцида, насилия и чисток. 
Казахстан из территории сначала имперских, затем советских социальных 
экспериментов 
трансформировался 
в 
состоявшееся 
государство, 
основывающееся 
на 
уникальной 
модели 
межэтнического 
и 
межконфессионального  согласия.  Для  миллионов  потомков  казахов,  когда-то 
покинувших  свою  Родину,  теперь  Казахстан  стал  землей  обетованной  – 
Жерұйық. 
«Стратегия  «Казахстан-2050»  подвела  своеобразную  черту  под  большим 
процессом посткоммунистического транзита Казахстана, который проходил по 
трем  направлениям:  внедрение  рыночных  отношений,  построение  новых 
политических  институтов,  изменение  общественного  сознания.  Происходила 
ломка  сознания,  что  на первом  этапе было  связано  с  реабилитацией  общества 
от «культурной травмы». 
В  результате  этого  произошел  надлом  целых  пластов  идентичностей, 
включая  такие,  как  советский  человек,  коммунист,  партия,  КПСС,  Ленин. 
Рухнули идеалы и ценности прошлой эпохи. Реакцией на это стало то, что люди 
перестали  ориентироваться  на  длительную  перспективу.  Возник  феномен 
«временщиков». 
Слабость  государственных  институтов  на  начальных  этапах  становления 
независимости  приводила  к  проявлению  саморегулятивных  сил  общества,  что 
вылилось  в  неформальные  движения,  развитие  организованной  преступности. 
У  населения  сформировалось  устойчивое  неприятие  идеологии  и  партий. 

106 
 
Началось  время  тотального  самовыживания,  своеобразный  механизм 
социального отбора наиболее стойких социальных групп. 
Теперь,  спустя  почти  четверть  века,  основные  процессы  приобрели 
оформленные  черты.  Например,  процесс  экономического  роста,  деятельность 
партий,  парламента,  НПО.  «Устоявшие»  на  этом  фоне  –  это  и  есть  новые 
граждане  Казахстана,  новая  общность,  как  об  этом  четко  сказано  было  на 
медиафоруме в апреле 2013 года Первым Президентом – Лидером нации. 
Таким  образом,  сегодня  мы  уже  имеем  не  осколок  старого  общества,  не 
унаследованную  социальную  или  партийную  организацию.  Поменялись 
практики,  привычки,  ценности,  мысли,  наконец,  ориентиры.  Произошло 
сближение  между  людьми,  разрушение  недоверия,  сокращение  дистанции. 
Этому  служила  сбалансированная  внутренняя  политика,  межэтническое  и 
межконфессиональное  согласие,  экономический  рост,  повышение  жизненного 
уровня людей.  
Государство стало привлекательным, поскольку теперь оно соответствует 
интересам граждан. И потому идентификация жителей республики поменялась 
кардинально. Если в начале независимости 86 процентов казахстанцев были в 
растерянности  и  не  могли  себе  представить  жизнь  вне  старой  системы,  то 
теперь  почти  84  процента  твердо  говорят,  что  гражданство  Республики 
Казахстан  для  них  выступает  в  качестве  главного  идентификационного 
критерия. 
Патриотический Акт «Мәнгілік Ел» есть признание важной исторической 
миссии и силы этнической природы казахов как государствообразующего ядра 
Казахстана.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет