IV.«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЕНГІЗУДЕГІ ПЕДАГОГТЫҢ
РӨЛІ
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізудегі педагогтың рөлі
Кульниязова Айжан Сисенқызы
«Деңгейлік бағдарламалар орталығы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша
тренер». «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша біліктілігі
арттыру институты
Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел»
ұлттық идеясы. Бұл қазақстандықтардың қолынан толық келеді деп ойлаймын
деп сенім білдірген Елбасының үміті халқынан қолдау тапты. «Мәңгілік Ел»
сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. «Мәңгілік Ел»
мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген ұғымы болып табылады. Бұл –
Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың негізі және мақсатқа
жетудің басты жолы. Мәңгілік Ел – идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы
арманы ғана емес, Президентіміздің жетекшілігімен Қазақстанның дамуына
негізделген идея. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа құндылықтар жүйесіне
тезірек бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты дер
кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани-адамгершілік,
имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет» деп еліміздің болашағы өскелең
ұрпақ қолында екенін, жақсы тәрбие беру барысында жас ұрпаққа адамзаттық
құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу
керек екендігі туралы айтқан болатын. Тарихтың сан қилы нәубетті кезеңдерін
бастан кешірген қазақ халқы бүгінде әлемдік қауымдастық мойындаған еңсесі
биік елге айналды. Егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткізген
сәттен бастап мемлекет басшылығы алдында терең саналы білімділік пен
қажырлы еңбекті талап ететін, ел тағдырын айқындаушы ұлы міндеттер тұрды.
Елбасының қазіргі кезде басты назар аударған бір мәселесі – бүгінгі
мақтанышымыз, ертеңгі келер ұрпағымыздың тәрбиесі. Өйткені, бала – өмірдің
сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі –
келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-
парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің
мұғалімдердің міндеті. Ал, қазіргі кезде ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке
құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға
саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын, санасы
сергек барша қауымды толғандыруда. Себебі ұлы бабамыз әл-Фараби:
«Тәрбиесіз қолға білім салма»,- деген екен. Ал ғұлама ғалым А.Байтұрсынов:
«Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз
керек, тәрбиелі білім беруде, тәлімді рух қажет. Тәрбиеге негізделген білім
адамзатқа жарық риясыз нұр береді, жүректі мейірімге толтырады, шынайы
адамның бет бейнесін қалыптастырады, міне - адам! Міне – тұлға!», - деп
116
білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген
білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен.
1
Біз осы бір қағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз, алдымен таза
жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықты сүйетін тұлға
тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде
үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті
нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деген. Ертегіні балаға айтып жеткізудің
ерекше орны бар. «Балалар Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып
құбылысы. Сол үшін біз, үлкендер, балаларға ерекше құрметпен қарап,
айрықша қамқорлық жасауымыз керек»,-дейді Сара Алпысқызы. Тәрбие беруде
ата –анамен қатар ұстаздың алар орны ерекше екенін бәріміз білеміз. Ұлттық
игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың
сабактастығын сақтай отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда
оқушыларға ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына кұрмет,
сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін,
өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, тәлім мен
тағылым, білім мен біліктерін шыңдау - басты міндет. Осы міндетті дұрыс
түсініп, адамзатқа жеткізуде мұғалімнің алар орны ерекше.
Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра
алмайды да деп Адольф Дистервег тұжырым жасағандай: Бір жан бар,
адамдықтың шыңына жеткен, ол – ұстаз. Бір мамандық бар, жүз маманның
жасағанына жете алмайтын, ол – ұстаздық. Мұғалім бола салу оңайдың оңайы,
ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады. Ұстаз жаратылысынан
өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл
жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына
да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек ол ұстаз. Ұстаз жас ұрпақты, жалпы
адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін,білім беретін оқытушы.
Ұстаз деген-өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам. Ұзтазға
жүктелер аманат, артылар сенім ешқандай занғар биікпен салыстыруға
келмейтін өлшем. Абай атамыз «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп
бекер айтпаса керек. Баланың жанын түсінетін, ынтасын арттыратын,талабын
қанаттандыратын, талпындырып, ой қиялын шарықтатын, дарындылығынның
ашылуына көмек бере отырып әр адамның бойындағы құндылықтардың көзін
ашып дамытуға жол салатын - ол ұстаз. Мұғалім мамандығы - мақтан тұтар
мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр
басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де
қажеттілігін жоймайтын үлкен мәселе шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір
сүруге дайындау жауапкершілігін сезінген жан. Бұл-қиынның қиыны. Себебі әр
адам-қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді
1
Қазақстан даму институты. Қазақтар. Алматы, 1998
117
шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз-бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар
беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға
төзбейді. Болашақтың адамын тәрбиелейтін, болашақ жас ұрпаққа білім мен
тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер, сондықтан олардың ары
таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді,
кешірімді
жалпыадамзаттық
құндылықтарды:
ақиқат,
дұрыс-әрекет,
сүйіспеншілік, тыныштық қиянат жасамау құндылығын өз бойында дамытып
ұрпақ тәрбиесінде қолдана білсе рухани тәрбиенің негізгі шарты болып
табылады. Міне, мұғалімнің осы қасиеті туралы, «Мектепке алты жастан» деген
еңбегінде Ш.А.Амонашвили дәл басып айтқан.
«Мұғалімнің біріншіден, балалар арасында өз беделін сақтап, нығайтып,
екіншіден оны әр оқушыны адам етіп қалыптастыруға игі ықпал етуге
пайдалану үшін оның маңызы өте зор. Жақсы көрген мұғалімнің пікірі, бағасы,
оқушы үшін адамдарға, олардың ісіне қарым-қатынас жасаудың нұсқасы болып
табылады. Сүйікті ұстаз-оқушының өмірге қарайтын мөлдір де, таза әйнегі». Өз
бойында рухани құндылығы мол мұғалім өз бойындағы барлық жақсы
қасиетерін ақылмен, дарынымен, өз қабілеті, шеберлігімен ішкі нұрын, жүрек
жылуын айналасындағы шәкірттеріне үлестіреді.
Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі
тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам. Егер
оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер
оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді. Егер
мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы
жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты тәрбиелікті, білімділікті,
икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті, риясыз
сүйе білетін ол -ұстаздық мамандықты игерген адам. Олай дейтінім, мұғалім
еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жиналықталған ғылым
негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-
қатыныста болып,білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы
тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.Әр оқушының осындай
талабын қанағаттандыру мақсатында ұстазға үзбей ізденіс, шаршамай
шабытпен жаңа әдістерді меңгеріп қана қоймай,оны әр баланың
психологиясына,қабілеттеріне сәйкес өзгеріп,нәтижесінде,қоғамға пайдалы
тұлға ретінде қалыптасқан ұрпақ өсіріп шығару міндеті жүктеледі. Әр адамның
жүрегінде ерекше орын алған, жылы ілтипатымен, даралығымен,
қарапайымдылығымен шәкірт жүрегін жақсылыққа бағыттай алған ұстаздар
бар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы
ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір
Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын,ол
– ұстаз Аристотель», десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды
ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Осы міндеттің мағынасын терең
талдай білген әрбір ұстаз, «өзің үйреткеніңді өзің ұстан» деген мұғалімге
арналған ережені ешуақытта естен шығармағаны жөн. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне
118
ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік
білім,ақпарат,экономика кеңестігіне шығуына,яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Мұғалім
мамандығы - шабытты еңбек. Шеберлік шыңы – баланы танымның қызықты
үдерісіне ендіру, ізденіске, жаңалыққа ұмтылдыру. Ол үшін “су ағатын құбырда
флейтада ноктюрн” ойнай алу маңызды. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі
әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары
адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Мұғалім өз міндетін орындау үшін қандай кәсіби қасиеттерді иеленуі тиіс?
Жеке қызығушылықтары мен қалауларына шектеу қоя отырып,тәуелсіз
шындыққа сүйену – нағыз адалдық, өмірді ақиқатынан танып әр қадамы дұрыс
– әрекетке негізделіп,өзінің де өзгенің де жанына тыныштық сыйлап,
жаратылыстың ешбіріне қиянат жасамай, риясыз сүйіп, өзінің ішкі болмысында
рухани – адамгершілік құндылықтарын жетілдіру. Егер мұғалім өз ісін ғана
сүйсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім ата-анасы сияқты оқушыны сүйсе, онда
ол бүкіл кітапттарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне
де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға
сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім.Мұғалімге басты екі қасиет
қажет: қарапайымдылық, өз кемшіліктерін ұғыну үшін, және де кемелденуге
тілек. Осы қасиетін толықтырып отырған мұғалім ұрпағы, болашағы үшін
алаңдамауға болады. XXI ғасыр – білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі
жоғары дамыған,зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір
сәтте естен шығармағанымыз жөн.
«Ұрпақ тағдыры-ұлт тағдыры». Ұлттың болашағы-білімді, талантты,
адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Ал
сол тәрбиені бала бойына нәр беріп сусындату мұғалім мен отбасының тәрбиесі
болары сөзсіз. Рухы күшті ұлт озады демекші, осы тұрғыдан алғанда жас
ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда,
дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік,
танымдылық білім беру бағдарламасының орны ерекше. Адамның бойына
жақсы рухани-адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, білімді игеруі тәрбиеге, өскен
ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Әр жеке тұлға өзін-өзі рухани
жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.
Елімізде рухани -адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет
деңгейінде көтеріліп іске асып отырғаны қоғамдағы игілікті істің бірі. Бұл
міндеттің практикалық шешімі - «Өзін – өзі тану» пәнінің енгізілуі, оның
авторы Сара Алпысқызы Назарбаева. Өзін – өзі тану пәнінің басты міндеті-
өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты
болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын іспен айналысу,
адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тәжірибе көрсеткендей, өзін-
өзі тану білім берудің құнды мәнін нығайта отырып, тұлғаның риясыз сүю, өз
ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп білу және өзін –өзі
жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда үйлесімдікке қол жеткізу
дағдыларын қалыптастырады.Бұл пән балалардың өзара қарым – қатынасын
дамытуына ғана емес, сондай –ақ баланың өзін – өзі тануына адамгершілік
119
негіздерін жинақтауына, сана- сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен
махаббат, ізглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра
білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына әсер етеді.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-
тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік
қарым–қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек
өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас
ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі
өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды
міндеттейді.
Елбасы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі
мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына енуі»
делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабі-леттеріне сәйкес келетін тәлімді
білім беру өрісі қажет.
«Мәңгілік Ел» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің
кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа,
ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой
түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай
еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы
ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап,ұдайы алға ұмтылу керек. Қорытынды: Білім - барлық уақытта
жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек
тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз
Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту,
жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Ал
оқушыларымыз Омар Хайям айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, - оқушыларымыз да заман ағымынан
қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек.
Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз «Мәңгілік
ел» боламыз.
Елбасымыздың тіл мәселесі төңірегінде тарқатқан түйінді ойларын
естігенде – тұла бойымды қуаныш сезімі кернеді. Мерейлі істердің берекелі
бастауы белгіленген аталмыш тарихи құжатта ең бастысы – ұлттық идеяның
тұғыры айқындалып, қазақ тілінің мәңгілік тіл екендігі айтылды. Шынымен-ақ,
қазақ тілі – ұлт тірегі. Дәл осы «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтты ұйыстырып,
болашаққа бет алған бағдарымыздың дұрыстығына кепіл бола алады. «Енді
ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен
бірге Мәңгілік тіл болды деген Елбасы сөзі «елім» деген әрбір азаматтың
көкейіне тоқылса, бірлігіміз беки түспек. Әр қазақ үшін Ана тілі, адам
тәліміндегі жалыадамзаттық құндылықтар бәрінен де жоғары тұруы тиіс.
Өйткені, Біз – қазақ деген халықтың перзентіміз. Елге деген құрмет, өз Отаныңа
деген сүйіспеншілік – алдымен өзтәлім - тәрбиеңнен ана тіліңмен
қалыптасарын білген жөн.
120
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Методика преподавания дисциплины в школе «Самопознание». Учебно-
методическое пособие для учителей. Алматы, 2013
2.
Методическое пособие по оформлению и организации деятельности
учебного кабинета «Самопознание», Алматы, 2009
3.
Өзін-өзі тану. Әдістемелік оқу құралы 1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы,
2010
4.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы,
2010
5.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу әдістемелік құралдары 1-11 сыныптар. «Бөбек»
Алматы, 2010
6.
«Самопознание» и другие учебные предметы: возможности интеграции
содержания и методов. Учебно-методическое пособие для учителей. Алматы,
2013
7.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы».
Халықаралық педагогикалық оқулар материалдары. (31 қазан-1қараша, 2012
жыл) 1-2 том. Алматы, 2012
8.
"Өзіндік таным" журналы-Самопознание –KZ Республикалық ғылыми-
әдістемелік журнал.
Мұғалімдердің шығармашылық жұмысын жетілдіру жолдары
Абдикеримова Н.Ж.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің
басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жеке кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беруді
ақпараттандыру деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Десек те оқыту екі жақтың да, мұғалім-оқушы, бірдей еңбек етуін талап
ететін үдеріс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның
орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім
игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Қазіргі біздің қоғам осы
бағытта жұмыс атқаратын шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер
мамандарға мұқтаж.
Осыған сәйкес жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық
ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен
айтқанда, өз жолын өзі таңдауына түрткі болу - міне, бүгінгі таңның басты
өзекті мәселесі болып отыр.
Қазақстанның әлемдік өркениетке қол созып, бәсекеге барынша қабілетті
елу елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі - білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне
сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей
алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз
121
жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген
педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы,
мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық
үдерістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын
жетілдіру мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Мұғалімдердің
шығармашылық жұмыстарының нәтижесі олардың шығармашылық іс-әрекеті,
яғни баспасөз беттерінде жариялаған жарияланымдары, ашық сабақтары,
олимпиадалар мен байқауда жеткен жетісіктері, құрастырған авторлық
бағдарламалары мен дайындаған әдістемелік әзірлемелері арқылы көрінеді.
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуын анықтауда
А.К.Макарованың «кәсіби құзіреттілік – бұл педагогикалық іс-әрекет іске
асырылатын, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге
қол жеткізген еңбегі» - деген пікіріне сүйенуге болады. Мектепте оқу пәні
мұғалімінің педагогикалық кәсіби біліктілігін көтеруі тек кәсіптік құзіреттілікті
арттырудың шарты болып қана қоймай, ол сонымен бірге өзін-өзі жетілдірудің
алғы шарты болуы қажет.
Ғалым, академик Ш.А.Амонашвили мұғалімнің кәсіби қызметі мен рөліне
ерекше назар аударған. «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты
рөл берілген» - деп айтқан болатын.
«Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын
және ең маңызды» - мамандық деп мұғалім мамандығының тұғырын биіктете
көрсеткен.
Мұғалімді шығармашылыққа ынталандыратын факторлардың бастысы –
өзі оқытатын пәніне деген шығармашылық көзқарас, пәндік материалдың
дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін көре білу. Егер тәжірибе ғылыми
біліммен нәрлендірілсе, оның жаңашылдық деңгейі де жоғары болады, демек
шығармашылық әлеуетті дамыту мүмкіндігі басым деген сөз. Ғылыми
шығармашылық зерттеу, эксперимент барысында мұғалімде жаңа теорияларды
қалыптастыруда, оларды ғылыммен құнарландыруда, әрекетті жобалауда және
рефлексиялауға деген қажеттілік те пайда болады.
Шығармашылық - жаңаны жасаудағы процесс, креативтілік – адамның
ішкі ресурсы, әлеуеті. Креативтілік - адамның шапшаң, нақты ойлау, жоғары
қызығушылықтарға негізделген бай қиял және проблеманы жылдам түсіну
қабілетімен танылады. Креативтіліктің негізгі шартының бірі – адамның өзін-
өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі. Креативтілік тек қана ойлау
операцияларының сапасымен ғана емес, тұлғалық сипатымен, шығармашылық
кезеңдеріне қажетті білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейімен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін кәсіби тұрғыда
ұйымдастыруда жүзеге асырылып отырған іс-шаралар ауқымын арттыру қажет.
Осыған сәйкес мектеп мұғалімдері пәндік-әдістемелік бірлестіктер негізінде
жекелеген
ғылыми-зерттеу
тақырыптары
аясында
шығармашылық
жұмыстармен айналысуда.
Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып
тұрғаны анық. «Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» демекші білім беру
122
сапасын арттыруда мұғалімнің кәсіби қызметін жетілдіру заңдылық, қай
қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі таңда мұғалімнің кәсіби
құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр.
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы.
2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және
этикалық нормаларын білуі.
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы
және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
4. Компьютерлік техника мен ақпаратық коммуникативік технологияны
меңгеруі.
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында
мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және
инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті,
жаңа технологияларды игерген, белгілі бір топ, ұжым құрамында жұмыс істей
алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті
жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз
дамытуды қажет етеді.
Шығармашылық – бұл ізденіс, кез-келген іске үлкен жауапкершілікпен,
терең көзқараспен қарау. Оны жаңартуға, өзгертуге, толықтыруға ұмтылу.
Шығармашылық ой еңбегі және дене еңбегі арқылы жүзеге асады.
Шығармашылықпен айналысу барысында адамның таланты, қабілеті ашылады.
Оның рухани жан дүниесі байиды және іс-әрекетіндегі белсенділігі артады. Ал
адамның белсенділігінің артуы оның өмірдегі кедергілер мен қиындықтарға бой
алдырмауына көмектеседі. Шығармашылық адамның тұлғалық сапасын
шыңдайды.
Шығармашылық көзі – танымдық қызығушылық, интеллектуалдық
қабілет, білім, ойлау стилі, тұлғалық мінездеме, мотивация және қоршаған орта.
Кәсіби білім берудің заманауи жүйесінде акмеологиялық тұрғыда кәсіби
мотивацияны
нығайтуды,
шығармашылық
әлеуетті
ынталандыруды,
педагогтың кәсіби қызметінде жетістіктерге жету үшін тұлғалық ресурстарды
анықтауды және игілікті қолдануды қамтамасыз етуден тұрады.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет
жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі кәсіптік-
педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың
жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени
жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара
алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын,
компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан-жақты дамыған шығармашыл
тұлғаны талап етеді.
123
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық
меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды
таңдап
сараптай
алатын,
отандық
және
шетелдік
тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Осыған сәйкес педагогтың кәсіби кемелденуін қалыптастыруды ғылыми
негіздеуде бірнеше күрделі мәселелері орын алуда:
-
педагогтың кәсіби кемелденуіне қол жеткізудегі акмеологиялық
бағыттың әдіснамалық негіздері жеткілікті зерттелінбеген және ғылыми
тұрғыдан негізделмеген.
-
педагогтың кәсіби кемелденуінің қалыптасу сатылары айқындалмаған.
Педагогтың кәсіби кемелденуін қалыптастырудың сатылық механизмін
мынадай кезеңдер арқылы қарастыруға болады.
Бірінші кезеңде акмеологиялық қатынас негізінде жалпы білім беретін
мектептердің оқу-тәрбие процесінде кәсібиліктің мәнділігін көрсету.
Екінші кезеңде педагог мамандарды акмеологиялық бағыт негізінде
дайындаудың бағдарланған жүйесінің ғылыми негізін қалыптастыру
жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші кезеңде педагогтың шығармашылық зерттеушілік жұмыстарды
орындауда технологиялық жүйелер көмегімен нақты әрекеттерді орындау
арқылы жоғары деңгейдегі іскерліктер мен дағдыларды меңгеруді қамтамасыз
етеді.
Төртінші кезеңде педагогтың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру
толық жүзеге асуы тиіс, педагогтың теориялық білімдерімен практикалық
іскерлік-дағдылары жоғары нәтижелікке бағытталады әрі оның түрлі
педагогикалық құбылыстарға қатысты қызмет жүйесі тұрақталынады.
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің мектепке әсері оның оқу үдерісіне
ізгіліктік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын
көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне
бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік-білімдік тұрғыдағы
біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген
сұраныстарды алға қойып отыр. Бүгінгі мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан
дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік рухани
өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық
келеді. Ондай ұстаз педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан
өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге
бейімделгендігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту
үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Достарыңызбен бөлісу: |