Пайдаланылған әдебиет
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 2007 жыл 27 шілде.
124
Дуальдік білім беру жүйесі – жаңа индустрияландыру үшін кадрлар
даярлаудың тиімді жолы
Сактаганова Куляш Саиновна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу политехникалық колледжінің
физика пәнінің мұғалімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы
Жолдауларында техникалық және кәсіптік білім беруге баса маңыздылық беріп,
кәсіптік білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық
қажеттіліктермен өзара байланыстырылуы міндеттелген. «Қазақстан — 2050
— Мәңгілік ел» стратегиясында техникалық және кәсіптік білім беру саласында
болашақта кәсіби оқыту жүйесін енгізу жоспарланған. «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық
құндылықтар болып табылады. Елбасымыз барша қазақстандықтарды
біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалаған басты жеті құндылығын атады.
Қазақ халқы үшін қашан да киелі саналатын жеті саны бізге қадірлі. Бұл
құндылықтар көктен түсе салған жоқ, бұл құндылықтарды халық уақыттың
қатал сынынан өткізіп, өз қолдарымен жасаған әрі қастерлеуге тұрарлық
қазақстандықтардың бойтұмары іспетті өте қасиетті «жетілік». Олар:
-
тәуелсіздігіміз бен Астанамыз;
-
ұлттық бірлігіміз, бейбітшілік пен келісім;
-
зайырлы қоғамымыз бен жоғары руханиятымыз;
-
индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу;
-
жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамымыз;
-
тарихымыздың, мәдениетіміз бен тіліміздің ортақтығы;
-
еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Сол құндылықтардың ішіндегі
бастыларының бірі-индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық
өсу.
Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне
Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді. Біздің
басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-
индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының
шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық
және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды. Білім
берудің негізгі басты мақсаты мен нәтижелілігі - білім алумен бірге, біліктілік
дағдыларына қол жеткізе отырып, заман талабына сай ұлттық құндылықтарды
бойына дарытқан, өз Отанының патриоты, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне
және өзгенің ісіне әділ баға беретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан
жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі мақсат - Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 мәңгілік
ел» стратегиялық Жолдауын, ҚР «Білім туралы» Заңын Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, еңбек нарығы
125
сұраныстарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті білікті мамандар
даярлауды және колледждің тұрақты дамуын басқаруды жетілдіру, нақты
кешенді шаралар белгілеу, педагогикалық үрдісті инновациялық идеялармен
қамтамасыз ету, әрбір студенттерге түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа
сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа педагогикалық технологиялар
студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа
технологияны қолдану, оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері
арқылы іске асады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
жеткіншекке ізгілік тұрғысынан қарау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
жеткіншектің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
жеткіншектің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
оның танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
әр студенттің оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
оқу үрдісін студенттің сезінуі.
Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, сол қабілетін белсенді ету,
мәңгілік еліміздің еңселі азаматы етіп қалыптастыру — басты мақсатымыз.
Әсіресе, жеткіншектің білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер
ұйымдастыруға болады. Ол жүйе мына төмендегідей:
1.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
2.
Әртүрлі анықтамалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.
Ғылыми әдебиеттерді оқуға баулу.
4.
Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы
жаңалықтармен таныстырып отыру.
5.
Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
6. Оқытушының айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдануы.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі
мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
126
• Білімді, іскер, шебер болу керек.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан
жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,
жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы
тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін
жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Ізденімпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Білім барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді,
сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып
Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды
көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық
мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті
технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту,
дуальді оқыту. Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде де
білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттеліп, техникалық
және
кәсіптік
білім
берудің
әлемдік
тәжірибесінде әлеуметтік
серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның қос бағытты
білім беру – дуальдық жүйесі қолданылуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында өндіріс
жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен кәсіби білімді тікелей
игеруге бағытталған, іс-тәжірибе сағаттарын оқыту бағдарламасына барынша
үйлесіммен біріктірілетін бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындаудың
түйіні - қазіргі кезде білім берудің дуальды жүйесі деген атпен белгілі болып,
кейбір мамандықтар бойынша дуальдық жүйемен оқытудың алғашқы қадамы
эксперимент түрінде жүргізіліп жатыр. Колледжде дуалды оқыту жүйесімен
оқытылатын студенттерді өндірістік және кәсіптік іс-тәжірибеден өткізу үшін
қазіргі заман талаптарына сай құрал-жабдықтары, диагностикалық және
компьютерлік құралдарымен толық жабдықталған базалық мекемелер мен
кәсіпорындар таңдалып алынды. Болашақ мамандарды бәсекеге қабілетті
тұрғысынан даярлаудың негізі – теорияда алған білімін өндірістік іс-
тәжірибемен ұштастыру болып табылады. Студенттердің білімі, біліктілік
дағдысы осы үрдісте ғана шыңдалып, іс-тәжірибеде білімін қолдана отырып,
өзін жетілдіре біледі. «Адамға бір пайыз талант беріледі, ал қалған тоқсан
тоғызы еңбекпен келеді» - дегендей, дуальды оқытуда еңбек нарығында
сұранысқа ие білікті маман даярлауда оқу орны өндірістік мекемелер, шағын
және орта кәсіпкерлік нысандармен тығыз байланыста болуы тиіс. Себебі
студенттердің тәжірибеден өтіп, өз таңдаған мамандығының қыр – сырын
меңгеруіне ғана емес, оқуын бітірген соң жұмысқа орналасуына да ықпалын
тигізеді.
127
Осындай мақсатпен 2013–2014 оқу жылынан бастап Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы Бейнеу политехникалық колледжінде «Автокөліктерді
пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының «техник -
механик» біліктілігі бойынша дуальды оқыту жүйесін эксперимент түрінде
оқытуды жүргізіп жатырмыз. Осыған орай,
техникалық және кәсіптік білім
беру стандартын негізге ала отырып, оқу орны
әлеуметтік серіктестік негізінде
студенттерді өндірістік және кәсіптік іс - тәжірибеден өткізу үшін аудан
орталығында орналасқан базалық мекемелер мен кәсіпорындар, атап айтқанда
«Бейнеу жолдары», «Сүйіндік» және «Тұлпар» ЖШС-мен үшжақты
келісімшарт (кәсіпорын – колледж – студент) жасақталып, кәсіпорын
мамандарымен бірлесе отырып, өндірістік іс - тәжірибе жұмыстарының оқу
бағдарламасы мен оқыту жоспарын қайта қарастырып, оқыту үрдісінің
кестелері әзірленді, бекітілген оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін
кәсіпорындарда кәсіби біліктілігі бойынша тағлымдамадан өткізілді.
Б
ілім
алушыларды кәсіби мамандыққа даярлау мақсатында өндірістік іс - тәжірибе
сабақтарын белгілі бір бөлімін тікелей
колледждің өзінде
өткізу мүмкіндіктері
де қарастырылды. Қазіргі пайдаланудағы автокөліктердің көпшілігі
электроникамен жабдықталғандықтан, тетіктері мен механизмдері жүйесі
электроникасыз
жұмыс
істемейді,сондықтан
өндірістік
іс–тәжірибе
сабақтарында электронды құралдармен жұмыс істей білуді үйретеміз. Атап
айтқанда, «Бейнеу жолдары» мен «Сүйіндік» ЖШС-де негізінен жүк
автокөліктерін пайдалану, техникалық және сервистік қызмет көрсету,
ақаулығын анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Мекемеде бөлшектеу–
құрастыру, тексеру, ақаулығын анықтауға арналған қажетті құрал-жабдықтары
толық қамтылған. Жеңіл автокөліктерге сервистік қызмет көрсету және жөндеу
жүргізетін «Тұлпар» ЖШС орталығында Германия, Жапония, Ресей, Италия
елдерінде жаңа үлгіде жасалған автокөтергіш, компьютерлік геометрия, май,
тежеу сұйықтығы, рульдік басқару майларын алмастыру, дөңгелекті теңдеу,
мотор тестері, сканер, осцилограф, мультиметр, автокөлікті сырлау, АВС
жүйесін анықтау, компьютерлік диагностика, т.б. құралдармен қамтылған.
Өндірістік іс-тәжірибе кезінде студенттердің технологиялық үрдістерді дұрыс
жүргізуіне, өндірістік міндеттер мен талаптарды дұрыс орындауына, кәсіби
білікті маманның іс-әрекетін үйренуге, еңбекті ғылыми әдістермен жүргізуге,
жұмыс істей білу қабілеттілігін арттыруға толыққанды мүмкіндіктер
қарастырылған. Осы айтылғандарға қосымша колледжімізде өндірістік іс–
тәжірибе сабақтарын оқыту үрдісі талаптарына сай жабдықталған екі оқу
шеберханасы, 12 компьютермен жабдықталған автотренажер, жеңіл және жүк
автокөліктері, жаңа үлгідегі инжекторлы қозғалтқыш, қозғалтқышты
электронды басқару жүйесінің электроника жабдықтары, ауаны автоматты
кондиционерлеу жүйесіне негізделген Wolksvagen Santana 2000 электронды
жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуі, Wolsvagen jetta 1,6Lбензинді
қозғалтқыштың электронды басқару жүйесі стендтері, автокөлік шинасын
монтаждау және демонтаждаудың «SILLA N» PL–1201 құралы, инжекторлы
қозғалтқыш форсункаларын автоматты тазарту стенді, май қысымды
(гидравликалық) 4 тонналық автокөтергіш, автокөлікті жүргізіп үйрену алаңы,
128
токпен және газбен дәнекерлеу құралдары, жаңа үлгідегі токарьлық
станоктарда студенттер біліктілігін жетілдіреді. Білім алушылар теорияда алған
білімін
аталған
стенд-тренажерлар
көмегімен
қазіргі
жеңіл
және
жүкавтокөліктердің конструкциялық құрылымын, тетіктері мен бөлшектерінің
орналасуын, ТҚ көрсету жуып-тазарту, ақаулығын анықтау, бөлшектеу-
құрастыруға арналған құрал-жабдықтар және жөндеу жұмыстарын іс-
тәжірибемен ұштастырып үйренеді, сонымен бірге іс–тәжірибе жұмыстары
кезінде техникалық, электр, өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысады.
Дуальды білім беру үдерісі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып,
студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа
бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың
сауаттылығын қалыптастырады.
Оқу орны мен өндірістік кәсіпорындар
арасында туындайтын кейбір жағдайдан шығудың бірден – бір жолы - оқу
орнында дуальдық жүйемен оқытубағдарламасын пайдаланып, оны жетілдіру
арқылы мамандықтардың барлық түріне арналған виртуалды симулятор-
тренажерларды және имитатор макеттерді жасап, іс-тәжірибенің бір бөлігін оқу
орнының өзінде оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің бақылау-
басшылығымен орындап шығуға болады. Студенттер мұндай әдіспен таңдаған
мамандығын толық меңгеріп кеткенше қайта–қайта орындап үйренуіне
мүмкіндігі шектелмейді. Нәтижеде, студент оқу орнында алған теориялық
білімін іс-тәжірибе жұмыстарымен емін-еркін ұштастыра алады. Осылайша
оқу орны мен өндіріс арасындағы қиындықтар оң шешімін табады, өндіріске
деген тәуелділік азаяды.
Дуальды оқытудың эксперименттік жобасымен білім беруде ұсынысым:
- өндіріс орындары аса қауіпті аймақ болғандықтан студенттердің
барлығын іс -тәжірибе жұмыстарына жіберу үшін жан-жақты таңдау жүргізілуі
тиіс;
- кез келген студент өзінің таңдаған мамандығы бойынша алған теориялық
білімін іс-тәжірибемен ұштастыра алмауы, бірден өндіріске араласып кетуде
қиындықтар туындайды;
- еліміздің экономикалық жақтан дамуына өз үлесін қосатын шағын және
орта кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын
үйрету;
- іс-тәжірибе жұмыстарын жоспарлағанда жергілікті кәсіпкерлер палатасы
өкілдерімен тығыз байланыста жүргізу;
- оқытудың үшінші жылын бітірген соң жұмысшы кәсібін алу туралы
куәлік беру үшін кәсіби емтихан алуды ұйымдастыру;
- мамандығы бойынша біліктілігі мен қабілеттілігін іс – тәжірибелік
тапсырмалар арқылы анықтауды жолға қою;
Дуальды оқыту жүйесі бойынша білім берілгенде, бәрімізге белгілі
теориядан гөрі іс-тәжірибеге басымдық беріледі. Дуальды жүйемен оқытудың
дәстүрлі оқытудан негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ:
- еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық
колледждер ғана емес,сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің
де жауапкершілігі артады;
129
- болашақ маманның өз кәсібін жетік меңгеруіне жағдай жасала түседі;
- бітіруші жас мамандарды жұмысқа ешбір қиындықсыз орналастыруда,
тіпті оқуын бітірмей-ақ өндіріске жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады;
- іс - тәжірибеден өткізуде жұмыс беруші өз талабын қоя біледі;
- өндіріске араласа отырып, қазіргі нарық экономикасы жағдайында бизнес
өкілдерінің ісіне тікелей араласу мүмкіндігі, жеке кәсіпкер жұмысымен
танысады;
- өндіріске енгізілген жаңа технология жетістіктеріне араласады;
-үйренуші теориядан гөрі іс–тәжірибеге көбірек жүгініп, таңдаған
мамандығына бейімделе бастайды;
Қорыта келгенде дуальдық оқытудың Қазақстандық моделін (30% теория,
35% оқу орнында, 35% өндірісте өндірістік практика) қалыптастырамыз.
Нәтижесінде бітіруші мамандарымыз білімді, білікті, өндіріске бірден
орналасып, жұмыс жасап кетуіне жол ашылады. Егер белгілі бір уақыт
өткеннен кейін өндіріс орындарының жанынан бүгінгі дуальдық оқытудың
талаптарын қанағаттандыратын лаборатория, шеберхана, алаң жасалып
жатырса, Германияның моделіне көшу қиын болмайды.
«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»,-деп Әбу Насыр Әл-
Фараби айтқандай, ақпараттық технологияны игеру үшін ізденуге, білімденуге
ұмтылу-басты мұрат. Өскелең жас ұрпақ еліміздің тірегі, соғар мәңгі жүрегі
болғандықтан Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында барлық жағдай
жасалып Мәңгілік Елдің болашағын жарқын ету бүгінгі түлек, ертеңгі маман
екенін ескере отырып, сол тұғыры биік, мақсаты айқын елдің болашақ
жалғастырушылары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар мен
азаматшаларды даярлау біздің қолымызда. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-
бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді
сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру
жолында аянбай еңбек ете білейік! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай
берсін!
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазастан жолы-2050: бір мақсат, бір мүде, бір болашақ»
2014ж. 17 қаңтар.
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы – 2008 ж.
3.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
4.
Республикалық педагогикалық–әдістемелік журнал. Колледж: кәсіби
білім беру №2(16), 2016.
130
«100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында жоғары оқу
орнында болашақ мамандарды даярлаудағы тұлғалық потенциал мәселесі
Игманова Р.Т., Бураханова А.Т.
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ.
Президент Н.Назарбаев 5 институттық реформа негізінде жүзеге
асырылатын мемлекетті әрі қарай дамытудың 100 нақты қадамынан құралған
Ұлт жоспары Қазақстанның жаһандық және ішкі шақыртуларына, сондай-ақ,
жаңа тарихи шарттар бойынша дүние жүзінің озық елдерінің қатарына қосылу
жоспарына жауап беретіндігін баса айтқанын атап өткеніміз жөн. Осы жолда
жоғары оқу орындарына арналған нақты 7 қадам бар. Бұл Елбасының білім-
ғылым, тәрбие саласына бей-жай қарамайтынын айғақтайды.
Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге
асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың
өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну
және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық
теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады.
Мемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы
мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде
қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз [1].
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің
жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың,
руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы,
әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп
жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық дінін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін
ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін
жағдайлар жасалуда [2].
Білім ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралы болып
табылатындықтан, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысы кешенді
түрде дамытылуда. Білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту
арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті
ұстаз дайындау жолға қойылады. Біздің болашағымыз ол бүгінгі жастар. Ал
білімді, сауатты жастар – бұл ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі
қозғаушы күші. Сондықтан болашақ мамандардың тұлғалық сапаларын жоғары
оқу орнында кәсіби шеберлікті қалыптастыру негізінде дамыту маңыздылығын
айту қажет.
Жоғарыда айтылған ой зияткерлік әлеуеті жоғары, ұлт мәдениетінің
рухани құндылықтарын сақтап көбейтуге жауапты, ұлтаралық қарым- қатынас
мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген, ұлттық сана-сезім стереотиптерін
еңсеріп, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат алатын мамандардың жаңа
буынын, әлеуметтік белсенді қоғам мүшелерін тәрбиелеу мәселесінің
өзектілігін айқындай түседі [2].
Қазіргі таңдағы білім беру тұжырымдамасында білім алушылардың
131
тұлғалық қасиеттерінің дамуына назар аударылуда, бұл тұлға болып
қалыптастыру сұранысына байланысты болып келеді. Жеке тұлғаның
психологиялық саулығы, тұлғалық потенциал, тұлғаның толық құнды өзін
өзектілендіру сияқты ұғымдар тек ғылымда зерттеліп қана қоймайды, бұл
жалпы адамзатқа тән құндылықтар. Осы құндылықтардың арасында негізгі
орын алатын ұғымдардың бірі тұлғалық потенциал - бұл жүйелі, көпдеңгейлі
және көпқұрылымды психологиялық құрылым.
Тұлғалық потенциалды дамыту негізінде кәсіби біліктілікті қалыптастыру
мәселесінің өзектілігі ең алдымен жоғары білім беру жүйесінің модернизация
және жаңартылуына деген мемлекеттік тапсырыспен түсіндіріледі. Тұлға және
оның мүмкіндіктерін дамытуға бағыт алу дәстүрлі білім беру технологияларына
өзгеріс енгізуді талап етеді. Еңбек нарығында жоғары оқу орны түлектеріне
қойылатын басты талаптардың бірі дайын берілген кәсіби сапалар емес, ал өз
мамандығы бойынша жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін іс-
әрекетті ұйымдастыра алу қабілетінің болуы, өз іс-әрекетіне талдау жасай алу
іскерлігі, кәсіби дағдыларын жетілдіре алу іскерлігі, жаңа кәсіби белестерді
меңгере алуы, мұның барлығы тұлғалық потенциалды өзектендіру арқылы
мүмкін болады.
Бүгінгі таңда жас маманның еңбек нарығындағы бәсекеге төтеп беруі,
неғұрлым күрделене түсетін әлеуметтік мәдени қатынастарға енуі, сонымен
қатар қажет болған жағдайда мамандығын ауыстыруға даяр болуы қажет
екендігін ескерсек, мұның барлығы кәсіби даярлық барысында студенттердің
тұлғалық потенциалын жүзеге асыру арқылы кәсібиліктің негізін қалыптастыру
қажет екендігінің маңыздылығын көре аламыз. Бұл мақсатқа жете алу үшін
студенттердің тұлғалық потенциалының атқарар ролін түсіне алуына, олардың
өзектілігі, зерттелуіне назар аударуына күш жұмсауымыз керек, олар оқыту-
тәрбиелеу үрдісінде болашақ маманның тұлғалық сапасы ретінде дамытылады.
Әлемдік жаһандану үдерісі қарқындып дамып, еліміздің дамыған
мемлекеттер қатарына қосылуы, сондай-ақ қоғамды ақпараттандырудан
туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар педагогикалық, өндіріс
пен әлеуметтік саладағы мамандықтарға қойылатын талаптар күшеюде. Осыған
байланысты бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі
қарқынды әрекеттерімен сипатталады. Білім беру және әлеуметтендіру
ұйымдары іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, педагог-психологтарға
байланысты. Олардың тұлғалық қасиеттері, педагогикалық іскерліктері,
адамгершілік және ақыл-ой мүмкіндігі, педагогикалық-психологиялық
мәселелерді шешуде ізденіске бой алдыруы, өзін-өзі үнемі жетілдіруі бүгінгі
қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады [3].
Сондықтан, педагог-психолог мамандардың кәсіби дайындығына
қойылатын талаптар қазіргі еңбек нарығында мамандардың бәсекеге
қабілеттілігін дамытуға негізделеді. Осы тұрғыда әрбір педагог-психологтың
жеке тұлғасын қалыптастыру талап етіледі.
Білім беру тұжырымдамаларында білім алушылардың тұлғалық
қасиеттерін дамытуға назар аударылған. Психологиялық-педагогикалық
зерттеулер кәсіби білім беруге алғышарт жасады, оның негізгі мақсаты тұлғаны
132
дамыту, кәсіби білім беру барысында оның тұлғалық потенциалын жүзеге
асыру болып табылады. Кәсіби даярлыққа деген талаптар ғалымдардың кәсіби
біліктілік және студенттердің тұлғалық потенциалын зерттеуге деген
қызығушылықты күшейтті.
Жоғары оқу орнында тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселелерін зерттеген
еңбектерге жасалған талдау негізінде бұл үрдістің әртүрлі қырынан
қарастырылатыны анықталды: тұлғалық дамудағы маңызды кезең ретіндегі
студенттік шақтың ерекшелігі, маманның іс-әрекет субьектісі ретінде
қалыптасуының
кезеңдерін
анықтау, мамандардың
кәсіби
маңызды
сапаларының қалыптасуында қабілет, қызығушылықтардың, мотив және
жекелей ерекшеліктердің атқаратын ролі.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер кәсіптік білім беру үшін
алғышарттар жасалуда, оның негізгі мақсаты тұлғаны дамыту, кәсіби білім беру
барысында тұлғалық потенциалын жүзеге асыру. Кәсіби даярлыққа қойылатын
талаптар кәсіби біліктілік және студенттердің тұлғалық потенциалын зерттеуге
деген ғалымдардың қызығушылығын туғызуда [4].
Білім беру саласындағы ғалымдардың зерттеулері бойынша жоғары білім
беру саласында болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы
тұлғалық потенциалды өзектілендіруге ықпал ететін оқыту-тәрбиелеу үрдісінің
психологиялық, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне жеткілікті деңгейде
назар аударылмайтыны байқалады.
Кәсіби біліктілікті меңгеру кезеңіндегі тұлғалық потенциалдың ролін
өзектендіру қажеттілігі туындайды, бұл өз кезегінде тұлғалық потенциалды
жүзеге асыру моделін, мамандардың тұлғалық потенциалының ерекшеліктерін
анықтауға мүмкіндік беретін құралдардың әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз
етілуін талап етеді.
Қазіргі кездегі психология және педагогика ғылымдарында белгіленген
тенденциялардың бірі тұлғалық, өмірлік, еңбек ресурстарына және адам
потенциалына деген қызығушылықтың артуы болып табылады. Ресурс (фр.
Resource – қосымша тәсіл) қажет жағдайда қолданылуы мүмкін құндылықтар,
қорлар, мүмкіндіктер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Психологияда
«психологиялық ресурс», «тұлғалық ресурс», «адаптациялық ресурс»
терминдері адамның биогенетикалық, интеллектуалдық, мінездік, еріктік
қасиеттерін түсіндіру үшін қолданылады.
Кәсіби оқыту сатысында болашақ мамандардың кәсібилігінің қалыптасуын
зерттей отырып, оны түсіндіретін әртүрлі көзқарастарға сүйене отырып,
«маманның кәсібилігі» мәселесіне өз қатынасымызды анықтап, потенциалдың
мағыналық сипатын талдап, «тұлғалық потенциал» түсінігін, яғни тұлғаға
тиесілі потенциалды жүйелі қарастырылуда.
Тұлға - адамның индивидуалдығындағы психологиялық және әлеуметтік
белсенділігі толығымен қамтитын кең мағынадағы түсінік. Адамның
индивидуалдығы генетикалық предиспозициядан бастау алып, өзінің әр
түрлілілігімен темпераментті де, мінезді де, тұлғаның жоғары деңгейлерін де
бейнелейді. Жекелей-тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы нақты адамның оның
эмоционалдық, мотивациялық, танымдық және коммуникативтік мінездемесін
133
құрайтын жекелей стилі арқылы өзі туралы және қоршаған орта туралы ақпарат
жинауы арқылы жүзеге асады.
Болашақ мамандардың заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда келесі
қасиет-сапаларға ие бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаға деген сұраныстың
жоғары болатындығын саналы түрде пайымдап түсінуге бағыттау: а) өзін
жетілдіруге, өздігімен дамуға, өзінің негізгі күш-қуатын іске асыруға және өзін
танытуға ұмтылыс; ә) жаңа білім мазмұныны игеріп, тың идеяларды ойлап
табуда бастамашылдық таныту және оларды отан игілігі үшін жүзеге асыруға
дайын болу қажет [2].
Достарыңызбен бөлісу: |