Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


Б.Момышұлының қысқаша өмір дерегі



бет4/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Б.Момышұлының қысқаша өмір дерегі

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашып, білімге құштар болыпты. Жас күнінде ағаш ұстасы, етікші ретінде де аты шығып, тәуіпшілігі де болған екен. Зергерлік-пен де айналысып, ел ішінде ұста деген ие болған. Сонысымен елге, аймаққа сыйлы болған. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, үш жасында әжесі Қызтумастың тәрбиесімен өседі. Сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі әже әлдиімен оянған Бауыржан бала кезінен-ақ кітапқа ерекше құмар болады.

Ес білгеннен-ақ қазақ, орыс, француз және испан классиктерінің шығармаларын құныға оқиды. Осы оқуының әсері оған ойшыл, тапқыр, әдебиетші болуының негізі болған сияқты.

1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді, ал 1924 жылы Шымкенттің жетіжылдық мектебіне ауыстырылады. 1928 жылы мектепті үздік бағамен, ол кезде Орынборда қоныс тепкен ҚазПИ-ге түседі, бірақ тұрмыс жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмай, іле-шала Жуалыға қайтып келіп, екі жыл бастауыш мектепте мұғалім болады. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақыртылады.Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. Осындай қызметте істеп жүріп, білімділігі мен біліктілігінің арқасында басшылары Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курста білім алады. Курсты беспен бітіріп келіп, аға консультант-экономист қызметін атқарып жүрген жерінен 1936 жылы жаңа құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады.1940 жылға дейін Қиыр Шығыста қызмет еткен ол, аға лейте-нант шеніне көтеріліп, полк штабы көмекшісі болып жоғарылатылады. Соғыс басталғаннан кейін елімізде жасақталған 316-атқыштар дивизиясына батальон командирі болып алынады. 1941-1945 – Панфилов атындағы 8-гвар-диялық дивизияның батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады. 1942жылдың мамыр айында Калинин майданында Бауыржан Момышұлының жауынгерлері ойсырата соққы беріп, 6 маусымда «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1943 жылдың желтоқсан айының соңында жарақат алуына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі. Осы сапарында оны ғалымдар мен жазушылар соғыс туралы әңгіме-лекциясын тыңдауға шақыртып, кездесу өткізеді.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлім құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ, қоршауда қалып өліммен бетпе-бет келген сәттерінің барлығында да негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-сау шығып, өз дивизиясына қосылып отырған.

1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдау-шысы болады. 1950 жылға дейін 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады.1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді. 1950 жылдан осы әскери академияда сабақ беріп, әскери қызметін атқарады да 1955 жылы әскери қызметтен босатылады. Осыдан кейін ол мұндай шеттетушілікке мойымастан жазушылыққа бет бұрады.

1952-1956 жылдары «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көреді. 1962 жылы Фидель Кастро батырды Куба жерінде көргісі келіп, арнайы шақырту жібереді. 1963 жылдың 5 қарашасында Куба үкіметінен қайта-қайта шақырту келе берген-діктен, 10 күндік сапармен барып қайтады.

1959-1966 жылдары «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқ-таров», «Куба әсерлері» сияқты кітаптары жарыққа шығады.

1970-1975 жылдары «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя» кітаптары жарық көреді. 1981 жылы «Адам қайраты» еңбегі дүниеге келеді.

1982 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеден өтті.1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет