«Олар менің есімде» (Соғысқа дейінгі кезең)
Қазақстанның бірқатар жерлерінде әртүрлі қызмет істегеннен кейінгі, соғысқа дейінгі жігіт шағын Б.Момышұлы Қиыр Шығыста әскери қызметте өткізеді. Осы қызметте жүріп ол өзінің әскери басшы ретінде көптеген қырларын ұштайды. Кітапқұмарлығы да бір сәтке тыншымайды. Өзі айтпақшы, бұған оның қызмет бабына байланысты үнемі жалғыз жүруі де себепкер болады. Бұл ретте: «Күндізгі қызмет біткеннен кейін кешке үйде жалғыз қаласың. Осы жалғыздықты жою үшін әдебиетті көп оқуға машықтандым. Қазақ жазушыларының арғы-бергілерінің бәрін де оқыдым», - дейді Бауыржан. Кітапты жансерігіне айналдырған ол, қан майданда жүріп те оны ұмытпайды. «Ақиқат пен аңызда» өзі бұл жайлы: «Солдаттар мен командирлер арасында 3-4 сағат болып, тиісті бұйрығымды бергеннен кейін мен жертөлеге қайтамын. Келемін де жазбаларымды жазамын. Аяқталмаған кітаптарымды оқып бітіремін» деп әңгімелейді. Осылайша, оқ пен оттың ортасында жүріп-ақ, ол Толстойдың «Соғыс пен Бейбітшілігін», «Севастополь әңгімелерін», Пушкин мен Лермонтовтың әскери прозасын, адмирал Нахимовтың, адмирал Макаровтың, ағылшын адмиралы Нэльсонның кітаптарын саралайды. Ал, қазақ кітаптарынан Абайды ешқашан жанынан тастамайды және оны ақын деп қана емес, ойшыл, философқа балап оқиды. Сондай-ақ, соғыста жүріп те кейбір әдебиеттерді елден арнайы алдырып оқыған Бауыржанға өзі мүлде танымайтын, білмейтін адамдар да сыйлыққа кітап жіберіп тұрған екен.
Қиыр Шығыста қызмет еткен кезі жайында жазушының «Олар менің есімде», «Жол үстінде» атты шығармаларында көркем түрде әңгімеленген. Оқушыларға осы әңгімелерді өздері оқып, Б.Момышұлының Макаров атты солдатты қалай тәрбиелегені негізінде «Менің жолдасымның жақсы қасиеті» тақырыбына шағын эссе жазуды тапсырамын.Қиыр Шығыс табиғаты қалай суреттелгеніне назар аудартып, өз жеріміздің табиғатын қалай суреттеуге болатындығы жайында өз ойларын білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |