Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы



бет5/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Авторлық бағдарлама Бауыржан

Бауыржан өскен орта

Бауыржанның бабасы Имаш 1911 жылы 92 жасында дүние салған, орта бойлы, от жанарлы, шымыр кісі болған. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашып, өле-өлгенше оқып-тоқыған, тіпті орыс алфавитін де ежіктеп оқи алған. Сонысымен де бүкіл аймаққа әйгілі, сыйлы болыпты. Жас күнінде ағаш ұстасы, етікші ретінде де аты шығыпты. Тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Ел ішінде одан өткен ұста болмаған. Зергерлік өнерін қартайғанда да тастамаған. Ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде Имаш қарт шаруа билігін Момыштың қолына берген. Сөйтіп, ағайын-туыс арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай, бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз бітпеген. Әжесі Қызтумас қартайғанда «сары кемпір» атанған аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі. Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі. Адам ретінде қалыптасуына да сол кісінің ықпалы зор болғанын Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой...» деп құрметпен еске алады. Осы орайда, ол ертексіз өскен баланы рухани мүгедек адамға балайды, қазіргі балалардың Қызтумас апа тәрізді ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қабырғасы қайысады.

Сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі әже әлдиімен оянған Бауыржан бала кезінен-ақ кітапқа ерекше құштар болады. Ес білгеннен-ақ Ахмет, Мағжан, Міржақып тәрізді Алаш зиялыларының шығармаларын жаттап, орыс, француз және испан классиктерінің шығармаларын құныға оқиды.

Бауыржан Момышұлы өзінің балалық шағы жайында соғыстан кейін жазған «Ұшқан ұя» кітабында жазған. Осы кітапты алып оқуға кеңес беріледі. Ішінен әжесі Қызтумастан естіген ұлттық дәстүр, салттар жайындағы аңыздарды өз бетінше тауып рефераттар жазуға тапсырма беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет