Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы



бет3/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Авторлық бағдарлама Бауыржан

Бағалау құралдары:

1.Рефераттар жазу;



2.Өзіндік іздену жұмыстары (баяндама)




Тақырыбы

Сағат




І тоқсан







І. Кіріспе




1

Бауыржантану курсының мақсаты мен міндеті

1




ІІ. Бауыржан Момышұлының өмірдерегі




2

1.Бауыржан өскен орта («(Ұшқан ұя» кітабы бойынша)

1

3

2.Олар менің есімде (Соғысқа дейінгі кезең)

1




ІІІ. Бауыржанның батыр қырын танытқан – Ұлы Отан соғысы кезеңі.




4

1.А.Бектің «Арпалыс» романының жазылу тарихы.

2

5

2.Әскери ұстазы – Генерал Панфилов

1

6

3. «Москва үшін шайқас» романындағы сәттілік пен сәтсіздік көріністері.

1

7

4. Б.Момышұлының сенімді жолдастарының сипаты.( «Москва үшін шайқас» романындағы кейіпкерлер)

1

8

Шығармашылық, өзіндік жұмыстар.

1




ІІ тоқсан







ІV. Соғыс психологиясының білгірі.




9

1.Орайы келген сапар (Алматы 1943-1944ж.ж.)

1

10

2.Соғыс психологиясын зерттеудегі негізгі түсініктер

1

11

3.Ақыл. Сезім. Ерік.

1

12

4.Қорқыныш. Сатқындық.

1

13

5.Соғыс өнері. Б.Момышұлы енгізген әскери тактикалар.

1

14

6.Парыз. Ел алдындағы парыз – ерді жатқызбайды.

1

15

Шығармашылық, өзіндік жұмыстар.

1




ІІІ тоқсан.







V. Сегіз қырлы – бір сырлы




16

1. Әдебиеттегі алар орны. (Жазушылығы)

1

17

2. Сөз өнерін серік еткен Бауыржан

1

18

3. Сөз зергері - фольклор білгірі

1

19

4. Ат бапкері – шабандоз

1

20

5. Сурет салып, ою ойған өнерлі.

1




VІ. Қара қылды қақ жарған ой иесі




21

1.Қазақ тілінің келешегін ойлап, қам жеген.

1

22

2.Қазақ жазушыларына сын

1

23

3.Айтылмаған ақиқат

2

24

Шығармашылық, өзіндік жұмыстар.

1




ІV тоқсан







VІІ.Аңыз бен ақиқат кейіпкері




25

1.Алыстан сәлем жолдаймын(Хаттары)

1

26

2.Куба әсерлері

1

27

3.Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқаты»

2

28

4.З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабындағы ата бейнесі

1

29

5.М.Мырзахметов – Бауыржан мұрасын жеткізуші

1

30

6. Шығармашылық, өзіндік жұмыстар

1

31

7. Жылдық қайталау

1


Курстың мазмұны

Кіріспе

Б.Момышұлы жастайынан «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қанатты сөзді қағида етіп, санасына берік сіңіріп өсті. Сондықтан, «тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық» деген сөзді өмірлік ұстаным ретінде қабылдаған Бауыржан отаршылдық пен озбырлықты мойындамай, бұғаулық қамытын кимей өтті. Біртуар болмыс пен қайталанбас қайсар мінездің иесі болған батыр Бауыржан бүкіл саналы ғұмырында Батыр болып өтті. Халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған, сол жолда басын бәйгеге тіккен батыр Бауыржан ұлттық рухтың ХХ ғасырдағы көрінісі болды. Ол қолына қару мен қаламын қатар ұстаған бұрынғының жырау-батырлары сияқты ұлттың мүддесін қаймықпай қорғап, батыл айта білген «ұлттың үніне» айналды. Өз жеке басын қашанда халық мүддесін жоғары қойды.

Көзі тірісінде-ақ ерлігі аңызға айналған Бауыржан Момышұлының өмірін зерттеп, жанын түсініп, өзін тани білу – келер ұрпақ, біздердің, еншімізге тиген зор жұмыс. Өйткені, ол - өмірін өнеге етіп айтуға лайықты адамның өмірі. Өз сөзімен жеткізсек:

Мен кім едім, мен едім,

Мен де мыңның бірі едім,

Қызықпай баққа, атаққа,

Адал еңбек құлы едім.

Қызмет еткен халыққа,

Ақ ниет мыңның бірі едім,

Атақсыз солдат бірі едім...

Өзін жай ғана көптің бірі санағанымен, оның бойында бір ғана кісінің бойынан табыла бермейтін көп қасиет бар еді. Нағыз адам жайында сипатталатын мінездің барлығын Бауыржан Момышұлының өзінен табуға болады.

Мінезі тік, жалған сөйлегенді ұнатпайтын,ондайларға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады.

Әрбір уақытын тиімді пайдалануды көздеген. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын қиюға дайын тұрған.

Игерген өнерлері де көп. Атап өтер болсақ:

1.Құралайды көзге атқан мерген.

2.Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен және атбегілігімен аты шыққан.

3. Қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық нәтиже көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің «Батька»,

«Ақсақал» деген қошеметіне ие болған.

4. Әскери қолбасшылықты да жетік меңгерген.

5. Кітаптары әлемге тараған жазушы, ақын.

6. Өмір тәжірибелерінен алып өзі мақал, қанатты сөздер шығарған фольклоршы.

7. Сурет салу өнерімен де айналысқан.

8. Бильярд ойынының шебері.

9. Сөзге шешен және тапқыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет