Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Нүктелік тәсіл.  
Бұл  тәсілде  құбылыстың  жайғасуы  сандық  мәнімен  қоса 
сипатталады.  Жайғасу  жағдайы  нүктеленген  орынның  мөлшерлігіне 
сай келеді де, әрбір нүкте өзіне тән сандық мәнге – «салмаққа» ие. 
Мысалы, 
– ауыл  шаруашылығы  картасында  нүктеленетін  қара  малдың 
жайылымды жайғасуындағы әрбір нүкте – мол басының атаулы саны; 
– тұрғындар картасындағы әрбір нүкте – тұрғындардың саны.
 
Егер карта бетінде картографияланатын құбылыстың әр түрлерін 
бейнелеу  қажет  болса,  онда  түрлі-түсті  нүктелеулерді  қолданады. 
Мысалы, жер пайдалану картасындағы жеке дақылдар мен егістіктердің 
жайғастырылуы немесе тұрғындар картасындағы тұрғындар санының 
ұлттық нәсілі бойынша таралуы. 
Нүктелеулермен құбылыстың динамикасын да сипаттауға болады. 
Мысалы, егістік алаңдардың ұлғаюы, қара мал басының молаюы. 

 
107 
 
 
3-сурет. Нүктелік тәсіл 
 
Изосызықтар тәсілі 
Изосызықтар  –  географиялық  картадағы  қайсыбір  шаманың 
(қысым, температура, ылғалдылық, т.б.)  бірдей  сандық  көрсеткіштері 
бар  вертикаль  қимадағы  немесе  графикадағы  нүктелердегі  қосатын 
сызықтар. 
Изосызық  тәсіл  –  грек  тілінен  аударғанда  изос  бірдей  деген 
мағына білдіреді. 
Изосызықтар  тәсілі  –  кеңістіктегі  үздіксіз  және  біртіндеп 
өзгеретін құбылыстардың – жер бетінің биіктігін, ауа температурасын, 
жауын – шашын мөлшерін және т.б. шамасын (немесе қарқындылығын) 
картаға түсіру үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі. 
Изосызықтардың  мынадай  түрлері  бар:  изотерма,  изогиета, 
изобар. 
Изотермалар  –  (изо.  және  герк.  Тhermе  –жылылық,  ыстық)  – 
географиялық картадағы бір сәттегі немесе орташа бір кезеңдегі (жыл, 
ай  бойғы)  ауаның,  судың  және  топырақтың  бірдей  температуралы 
нүктелерін қосатын сызықтар.
 
Изогиета  –  географиялық  ккарталардағы  тәулік,  ай,  жыл  ішінде 
жауатын  атмосфералық  жауын  –  шашын  мөлщерінің  бірдей 
нүктелерін  немесе  бір  айда  немесе  бір  жылда  жауатын  жауын  – 
шашынның  көп  жылғы  орташа  мөлшерінің    бірдей  нүктелерін 
қосатын сызықтар. 
Изобара  –  барометрлік  қысымы  бірдей  нүктелерді  қосатын 
сызықтар.  Карталардың  бетінде  белгілі  бір  уақытқа  арналып 
жасалады.  Изобаралар  тәуліктің,  айдың,  жылдың,  т.б.  орташа,  ең 
жоғары немесе ең төменгі қысымдарына арналып жасалуы да мүмкін.  

 
108 
 
 
4-сурет. Изосызықтар әдісі 
 
Таңбалар тәсілі 
Таңбалар әдісі бір нүктедегі объектіні белгілеу үшін қолданылады. 
Оның  орналасқан  жері  қатаң  түрде  географиялық  немесе  басқа 
координатамен анықталады, ол уақыт өтуіне байланысты өзгермейді. 
Объектінің  ауданы  картаның  масштабында  көрсетілмейді.  Мысал, 
ретінде  бөлек  орналасқан  нысандар,  елді  мекендерді  айтсақ  болады: 
электростанциялар,  зауыттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, 
пайдалы  қазбаларды  өндіретін  орындар  және  т.б.  Таңбалардың 
мынадай түрлері бар: 
– Геометриялық  белгілер  карталарды  жасау  кезінде  оңай 
анықталады, жай геометриялық фигуралардан тұрады. Оған дөңгелек 
және  оның  бөліктері,  шеңберлер,  тікбұрыштар,  үшбұрыштар,  ромб 
және  т.б.  жатады.  Картада  геометриялық  белгілер  оңай  оқылады,  аз 
орын алады, тез жатталады. 
 
   
 
5-сурет. Геометриялық таңбалар     6-сурет. Әріптік таңбалар 
 
– Әріптер таңбалары белгілі бір объектіні әріппен белгілеу тәсілі. 
Мысалы,  объект  атының  бас  әрпі  болып  табылады:  А  -  автомобиль, 
Х - химия, Б - балық аулау өнеркәсібі 
– Шығармашылық  белгілерге  өзінің  қалыпты  бейнесіне  ұқсас 
әртүрлі  суреттер  жатады.  Мысалы,  мұнай  шығару  орындарындағы 
мұнаралар, металлургия заводындағы домен пештері. 
 

 
109 
 
 
7-сурет. Шығармашылық таңбалар 
 
Сызықтық белгілер 
 
Бұл әдіс те көп қолданылады. Жер бетінде немесе теңізде өзінің 
нақты  бір  орны  мен  пішіні  бар  құбылыстар  картада  сызықпен 
белгіленеді.  Бұл  құбылыстар  мен  нысандар  тобына  теңіз,  өзендердің 
жағалық  сызықтары,  жол,  шекаралар  және  т.б.  жатады.Ерекшелігі  - 
картада  объектінің  нақты  бейнесі  мен  алып  жатқан  орны,  объектінің 
ұзындығы бойынша сақталады. 
 
 
 
8-сурет.Сызықтық белгілер 
 
Локальды диаграммалар әдісі  
Картада  ауданда  қалыптасқан,  бірақ  нақты  бір  нүктелерде 
зерттелетін құбылыстарды белгілеу үшін қолданылады. Оған көптеген 
табиғи құбылыстарды жатқызуға болады. Мысалы, 
– тұтас құбылыстардың таралуы (температуралар, судың тұздылығы); 
– тегіс таралған құбылыстар (желдер); 
– сызықты тұлғаланып таралған құбылыстар (су тасқындары); 
– жиыңқы  жер  қыртысы  (белгілі  бір  тереңдіктегі  жер  қыртысы 
тоңының алқабы); 
Сондай-ақ,  
– мерзімдік,  яғни  уақыт  санатындағы,  құбылыстар  (желдің  соғу 
бағытының  қайталануы,  су  тасқыны  кезіндегі  су  беті  деңгейінің 
көтерілуі); 
– топырақ қыртысының тоңдануы
– судың тасуы мен қайтуы; 
– желдер «роза» - сы. 

 
110 
9-сурет. Локальды диаграммалар 
 
  
 
 
Қозғалыс тәсіл 
Нысандардың қозғалысын табиғи және саяси-әлеуметтік (құстардың 
ұшуы,  халықтардың  миграциясы,  жүк  тасымалдау,  ағыстар) 
жағдайларын  көрсетеді.  Бұлар  арқылы  әр  түрлі  құбылыстардың 
орнығуындағы ауыспалықты бейнелейді. Мысалы, 
– физикалық-географиялық картада ауа массаларының қозғалысын, 
су  жолдарының  желісін,  желдің  соғу  немесе  теңіздік-мұхиттық 
ағыстардың  бағыттарын  әр  өлшемді,  әр  пішінді  және  бояулы 
көрсеткіштермен кескіндеу; 
– экономикалық картада жүк тасымалдау қозғалысына байланысты 
а)  бағыттарды  көрсеткіштермен  діттеу;  б)  тасымалдаудың  сипатын 
тұтас немесе үзік нүктелермен, дара немесе қос сызықтармен белгілеу
в)  тасымалдаудың мөлшері  мен  қабілеттілігін  көрсеткіш  белгілерінің 
ұзындығы және қалыңдылығы арқылы шектеу. 
Қозғалыс белгілерінің екі түрі бар: 
1. Қозғалыс векторы   
2. Қозғалыс жолағы (лента) 
 
  
 
 
10-сурет Қозғалыс белгілері 

 
111 
Картодиаграмма тәсілі  
Карта  бетіндегі  территориялық  бөліктің  белгілі  бір  статистикалық 
көрсеткішінің жалпы мөлшерін диаграмма көмегімен көрсететін карта. 
Бұлар карта бетінде құрылып шығатын диаграммалық сызбалар. 
Құбылыстардың  жер  танабында  (аудан,  облыс,  ел  бойынша) 
орналасу жағдайлары және олардың абсолюттік шамалары диаграммалық 
шартты белгілердің (бағаналар, шаршылар, дөңгелектер) пішіндерімен 
кескінделеді.  Мысалы,  пайдаланылатын  жерлердің  картодиаграмма-
ларының  шаршылармен  топталуы.  Сырттай  картодиаграммалар 
таңбалауларға  ұқсайды.  Бірақ  таңбалаулар  құбылыстардың  пункте 
(«нүктеге») орай, ал диаграммалық пішіндер картадағы жер танабына 
қатысты орнықтырылады. 
 
    
 
 
11-сурет. Картодиаграмма тәсілі
 
 
Картограмма тәсілі 
Карта  белгілі  бір  экономикалық,  әлеуметтік  құбылыстардың 
қарқындылығы.  К-ға  түсірілген  территориялық  бөліктің  жене 
аудандары  бойынша  көрсететін  карта.  Белгілі  бір  аумаққа  қатысты 
статистикалық  деректердің  диаграммалар  не  суреттер  арқылы 
графикалық бейнеленеді.
 
Картограммалар  картада  әдетте  статистикалық  көрсеткіштерді 
бейнелегенде қолданылады. Яғни халықтық санын, ауыл шаруашылығында, 
орман шаруашылығын аудандастырғанда қолданылады. Картограммалар 
сапалық  фонға  өте  ұқсаса  болып  келеді.  Бірақ  олардан  ерекшелігі  – 
сапалық  фон  белгілі  бір  ауданды  аудандастырғанда  қолданылса, 
картограммалар басқару аудандарында қолданылады. 
 

 
112 
 
 
12-сурет. Картограмма тәсілі 
 
Бақылау сұрақтары: 
Тақырыптық  карта  белгілерінің  қандай  тәсілдері  бар?  Оларды 
қолданудың маңыздылығы? 
Топонимикалық карталарда қандай тәсіл жиі қолданылады? 
 
24. Географиялық атлас 
Географиялық  атлас  –  географиялық  карталарының  немесе 
планета  бөлімдерінің  (әдетте  жер  планетасы)  жиынтығы.  Бірақ  күн 
жүйесіндегі  басқа  планеталар  мен  олардың  серіктеріне  арналған 
атластар  да  бар.  Әдеттегі  атластар  кітап  түрінде,  ал  қазіргі  таңдағы 
атластар  электронды  түрде  беріледі.  Жер  туралы  тереңірек  мағлұмат 
алу  үшін  атласқа  жер  бедерін  көрсететін  физикалық  карталар,  саяси, 
климаттық,  діни  (діндердің  әр  таралу  аймақтары),  әлеуметтік 
(халықтың орналасу  тығыздығы,  орташа  табыс  мөлшері, өлім-жітім), 
экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді.  
Географиялық атластар – біртұтас шығармалар ретінде жалпы 
бағдарлама  бойынша  жасалған  географиялық  карталардың  жүйелі 
жинақтары.  Географиялық  атластар  әр  түрлі  және  олар  аумақтық 
қамтуы  (дүние  жүзі,  жеке  континенттер,  елдер,  өңірлер  атластары, 
тағы да басқалары), мазмұны (жалпы географиялық және тақырыптық 
атластар  (мысалы,  геологиялық,  климаттық,  ауыл  шаруашылықтық, 
өнеркосіптік,  кешенді  атластар),  тақырыбы  (ғылыми-анықтамалық, 
өлкетанулық, туристік, оқулық, тағы да басқалары) бойынша бөлінеді. 
"Атлас"  деген  атауды  Фламанд  картографы  Меркатор  енгізген  (1595 
ж.).  Ол  өзінің  карталар  жинағын  Ливияның  мифтік  королі  Атластың 
құрметіне атаған.  
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталардан 
қүрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның  королі  Атлас  алғашқы  болып  Аспандық  глобусты  жа-
сапты.  Оның  қүрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф 
Герард  Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.  Атластар 
карталар тэрізді жіктеліседі де, қосымша нышандық белгі – атластағы 

 
113 
карталардың  қосынды  ауданы  бойынша  үстелдік  (15  м  ),  орта  (6-ь 
14 м2) жэне қалта (< 5 м2) форматты (пішінді) болып бө-ліктенеді. 
Атлас  –  карталар,  кестелер,  диаграммалардың  және  т.б.  жинақ 
тары, атластардың негізгі үлгілері : 

 
анатомиялық 
атлас, 
мысалы 
Синельникованың 
адам 
анатомиясы атласы 

 
георгафиялық атлас - георгафиялық карталардың жиынтығы. 

 
қандай болмасын планетаның физикалық атласы . 

 
аспан  денелерінің атласы  

 
халықтардың атласы (этнографиялық атлас). 

 
тілдердің атласы (тілдік атлас). 
Атластар  географиялық  карталар  сияқты  территориясына, 
мазмұнына  және  мақсатына  байланысты  бөлінеді.  Карталардан 
айырмашылығы,  атластар  тағы  пішініне  байланысты  бөлінеді  – 
үстелдік, кітаптық және қалталық.  
1. Территориясы бойынша дүниежүзі, материктер, мұхиттар, үлкен 
географиялық  аймақтар,  жеке  мемлекеттер  мен  олардың  бөліктері 
атластары деп бөлінеді. 
2. Мақсатына  байланысты  атластарда  маман-оқырмандарды 
(туристтер,  автомобилистер,  оқушылар  және  т.б.)  қызықтыратын 
мәліметтер  беріледі  немесе  жалпы  мағлұматтар  беретін  мәліметтер 
атласы ролін атқарады.  
3. Мазмұнына байланысты атластар жалпыгеографиялық, тақырыптық 
және комплекстік деп бөлінеді. 
Жалпыгеографиялық 
атластар 
шектелген 
картографиялық 
проекциялар,  бірдей  немесе  еселік  масштабтары  берілетін  біртекті 
математикалық  негізде  жасалынады.  Картаның  мазмұны  белгілі  бір 
территориалдық  бірлікке  жатуы  мүмкін,  мысалы,  мемлекеттер, 
аудандар және т.б.  
Тақырыптық  атластар  белгілі  бір  тақырыпты  ашады.  Мысалы, 
2003 жылы ПКО «Картография» дұниежүзі Атласын басып шығарды, 
оның  негізгі  мазмұны  саяси  және  саяси-әкімшілік  карталарға 
арналған.  Қосымша  ретінде  атласқа  мәліметтер  мен  24  парақты 
физикалық карталарды енгізген.  
Комплекстік  атластар  бөлімдердегі  мазмұнына  байланысты 
әртүрлі  болады.  Алайда,  ереже  бойынша,  онда  екі  негізгі  бөлім 
болады: табиғат картасы және экономикалық карта. 
Атлас  –  бұл  карталардың  бір  бағдарламамен  бүтін  шығарма 
ретінде кітап немесе парақтар жиынтығы ретінде шығарылған жүйелі 
топтама.  Бұл  жай  карталардың  жай  жиынтығы  емес,  бұл  жердегі 

 
114 
карталар бір-бірімен өзара байланысты бір-бірін толықтырып отырып 
карталар жиынтығын құрайды. 
А. Баранскидің  айтуынша  атлас  жеке  картаға  жазылады,  дәл 
осылай  барлық  атлас  өзінде  көптеген  картографиялық  сюжеттерді 
біріктіреді.  Оның  негізгі  мақсаты  бағдарламасы  бар.  Атлас  қазіргі 
территорияның зерттеу деңгейін байланысты фактілік мағлұматтарды 
және  білімдерді  жүйелеп  жинақтаған  картографиялық  энциклопедия. 
Карталарды  бір-бірімен  салыстырылып  бір-біріне  тіркестіруге 
мүмкіндік  береді.  Атластар  территорияны  комплексті  зерттеумен 
бағалау үшін арналады. 
Сонымен  қатар  территориялардағы  ғылыми  зерттеулердегі 
мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік береді. Фундаментальды атласта 
ғылыми  геграфиялық  бейнелерге  түсіндірмен  мәтіндерге  космостық 
түсірулермен  фотосуреттерге  диаграмаларға  таблицаларға  ие.  Атлас 
карталарын  жұқа  және  көркем  суреттеулер  нәтижесінде  мацда 
масштабтарына  қарамастан  өте  мол  мағлұмат  береді.  Анықтамалық 
аппаратқа географиялық атауларға ерекше мән береді. Энциклопедиялық 
басылымдар  сияқты  атластарда  арнайы  және  көп  мақсатты  болып 
бөлінеді. 
Атластардың даму тарихы 
Алғашқы біздің эрамызға дейінгі екі мың жылы Рим империясында 
пайда  болды  делінеді.  Оны  математик  және  картограф  Клавдии 
Птоломей  жасаған  екен.  Атласқа  ой  кумендер  картасы  ендірілді- 
Гректермен  Римдіктердің  білетін  жерлерінің  барлығы  ендірілді  және 
еуропаның жеке бөліктерінің 26 картасы кірді. Орта ғасырлық кезеңде 
грек  қол  жазбалары  латын  тіліне  аударылып  «космография»  деп 
аталды қайта өрлеу заманындағы ғалысдар атластың қоршаған ортаны 
дәл бейнелейтігінде таң қалды. Кітап басу өнері өркендегенде Птоломей 
атласы  көп  рет  басылды.  Сонымен  қатар  ол  жаңа  карталарға 
толтырылды.  Алғашқы  баспа  карта  Болонье  де  1477  жылы  басылып 
шығарылды.  Қысықа  мерзім  ішінде  бұл  аталас  30  рет  толықтырып 
қайта  басылды.  Орта  ғасырлар  кезінде  портоландар  атласы  кең 
тарады,  ерекше  компасы  торы  бар  навигациялық  карталар  жинағы. 
Порталонд  деп  теңіз  жағалауларының  барлық  ерекшеліктерімен 
бейнелегендіктерімен  аталды.  Портоланды  атластар  жер  орта  қара 
аталант  теңіздерінің  еуропа  бейнелеген  көрсету  үшін  қолданылды. 
Сонымен қатар портолонды жиынтықтарға новигациялық таблицалар 
күн  тізбектер  Астрономия  мен  Астрология  бойынша  анықтамалық 
мағлұматтар  қосымша  болады.  ХУІ  ғасырда  ІІ  жарты  картография 
орталағы Нидерландыға ауыстырылды.  

 
115 
Онда  картографиялық  мануфактура  ашылып  жаңа  карталар  мен 
атластар басыла бастады. Бұл картографияның алтын ғасыры еді, осы 
кезеңнің карталары қазіргі кезед өнер үлгілері ретінде сақтаулы тұр. 
1570  жылы  Гравер  және  баспашы  Аврам  Ортели  Амстердамда 
жер  шарының  бейнесі  деп  аталатын  карталар  жинағы  шығарды. 
1570 жылғы  Атласта  53  параққа  дүние  жүзінің  картасы  құрлықтар 
бөлігі  бейнеленген.  Америка,  Азия,  Африка  және  Еуропа  сонымен 
қоса  жеке  елдер  катасы  бар.Атласта  географиялық  атаулармен 
мемлекекеттер  алфавит  тәртібінде  көрсетілген.  Қазіргі  кездегі 
талаптарға  сай  алғашқы  «картографтар  королі»  Герард  Лиркатормен 
жасалынды.  Карталар  жаңа  дерек  көздермен  байланысты  жасалып 
экспедиция  есебінде  геграфиялық  сипаттауларға  бір  қатар  карталар 
үшін  жаңа  проекцияларесептелінді.  Атластың  бірінші  бөлігін 
Меркатор  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  ісін  ұлы  Румольд 
жалғастырды  1595  жылы  «жаралған  түр  және  жаратылған»  дүние 
жайлы  космографиялық  бейнелер  бейнелер  немесе  Атлас.  Осылай 
картографияда  алғаш  рет  «Атлас»  сөзі  қолданылды.  Бұл  сөз  ғылыми 
мен  философия  және  картографияға  қамқоршы  болған  патша  аты 
шулы мавритендық патша атласының есімімен пайда болады. Бұл атау 
ғылымында  кең  түрде  қолданыла  ғылымда  кең  түрде  қолданыла 
бастады. Картографиядан басқа ғылымдарда да атлас атауы қолданылды. 
Мысалы өсідімдіктер жануарлар бұлттар және анатомиялық атластар 
бар.  Ресейде  картолардысызбалар  деп  атады,  ал  атластарды  сызба 
кітапттары  немесе  размерлік  кіпаптар  деп  атады.  И. Грозныдың 
мұрағатынан  Русь  мемлекетінің  көптеген  сызбалары  бар  деп 
тізімділген бірақ олардың ешқасысы сақталмады. Бұл шығармаларды 
өрт,  сарайдағы  жанжал  бүлдірді.  Тек  «Үлкен  сызба  Кітабы» 
1600 құрылған  1627  жылы  бұл  еңбек  «Мәскеу  мемлекеті  бойынша 
Үлкен  сызба»  қайта  басылып  шығарылды.  Кітаптан  жол  каталары 
қалалар мен деревнялар мен өзендер, шляхтар, географиялық атаулар 
берілген  сызбаның  жеке  бөліктері  түрленіп  ерекше  аталас  болып 
құрылса  керек.  Сібір  сызбаларының  жолы  болды  «Сібірдің  сызба 
кітабы»  1701  жылы  құрылған.  Оны  Тобольскде  өмір  сүрген  атақты 
картограф  С.У.  Ремезов  жасады.  Бұл  Сібірдің  жалпы  екі  сызбасынан 
тұратын  және  21  бөлік  сызбадан  тұратын  үлкен  форматты  атлас  еді. 
Карталарда  математикалық  негіз  жоқ.  Бірақ  өзендер  туралы  дәл 
келтірілген.  Бұл  титіл  беті  атауы  қысқартулардың  шартты  белгілері 
бар.  Нағыз  қазіргі  заман  талабына  сай  атлас  «Сібірдің  қызметтік 
Сызба  кітабы»  деп  аталатын  қол  жазба  сақталған.  Бұл  еңбекті 
С.У. Ремзиновтың балалары жинақтап, ол өлгеннен кейін 116 параққа 
орындап шыққан. Петр-І дәуірінде картографияның дамуы өркендеді. 

 
116 
ХVІІІ  ғасырдың  І  жартысында  Азов  және  Қара,  Балтық.  Каспий 
теңіздердің  атластар  сериясы  құрылады.  Содан  соң  бүкіл  Ресейлік 
империяның  атлас  жобасын  И.К.  Кирилов  жасайды.  Автордың  ойы 
бойынша Атлас үш томнан тұруы қажет.  
Атлас – тек қана әртүрлі географиялық карталардың бағасы емес
олардың  механикалық  жиынтығы  емес;  ол  өзіне  карталардың 
жүйелерін,  бір  бірімен  органикалық  байланыста  және  бір-бірін 
толықтырып  отыратын,  олардың  қолдану  ерекшелігінің  және  атластың 
белгілеу  жүйелері.  Қазіргі  заманғы  географиялық  атластар  әр  түрлі. 
Оның 
классификациясы 
географиялық 
классификациялардың 
классификациясынан құралады. 
Қазіргі  заманғы  географиялық  атластар  әр  түрлі.  Оның 
классификациясы  географиялық  классификациялардың  классифи-
кациясынан құралады. 
Атлас  карталарындағы  көрсетілген  территорияларға  байланысты 
былай бөлінеді: 
1. Әлем  атлас  /  немесе  бүкіл  әлемдік  атлас/,  яғни  бүкіл  жер 
шарын алатын атлас / мысалы.Үлкен әлем атласы/. 
2. Белгілі  мемлекеттердің  атласы  /ТМД,  Венгрия,  Чехословакия, 
АҚШ және т.б/. 
3. Мемлекеттің  бөліктерінің  картасы  /мысалы,  Сахарамен 
облысының Атласы/Париж бен Парин ауданының атласы/. 
Мағанасына қарай. 
1. Жалпы географиялық атластар 
Жалпы  географиялық  карталардың  атласы.  /  мысалы,  әлемдік 
Советтік  анықтамалық  Атласы,  1967/,  кейде  олар  тематиклық 
карталардың  сонымен  толықтырылады,  бірақ  бұлар  атластың  түрін 
өзгертпейді. 
– физикалық-географиялық атластар; 
– геологиялық; 
– геофизикалық; 
– климаттық; 
– оклоногиялық; 
– гидрографиялық; 
– топырақтық; 
– ботаникалық; 
– зоографиялық; 
– медико-географиялық, комплексті физика-географиялық. 
 
2. Әлеуметтік - Экономикалық атлас: 
– тұрғындар; 

 
117 
– өндірістер; 
– ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылық өнімдері; 
– мәдени өсімдіктер. 
Саяси әкімшіліктік бөлініс комплексті әлеуметтік-экономикалық. 
 
3. Физикалық,  экономикалық  жене  саяси  географияның 
элементтерінен тұратын жалпы комплексті атластар. 
Тұтынушылардың талабына қарай
– оқулық 
– ғылыми анықтамалық 
– саяхаттық 
– әскери  атластары  белгіленді:  Сондықтан  да  бұл  атластар  бір 
бірінен алшақтап кетеді. 
Жалпы комплексті атластар 
Мазмұны бойынша, аталстарды жіктеу оларды комплексті кешенді 
деп бөліп табиғат, тұрғындар және шаруашылығы жайлы карталарды 
ендіреді.  Салалық  атластарға  сала  ерекшеліктері  бойынша  карталар 
ендіріледі;  мысалы  геоботаникалық  жеке  салалық  атлас  оған  дәрілік 
өсімдіктер ормандар атласы кіреді. 
Практикалық  жағдайынан қолдану мақсаты бойынша атластардың 
топталуы пайдалы, осыған сәйкес ғылыми анықтамалық танымал, оқу, 
туристік, жол ,әскери және тағы басқа болып бөлінеді. 
Анықтамалық атластар 
Бұл  әдісті  жалпы  географиялық  элементтерді  максималды  дәл 
беретін саяси әкімшіліктік жалпы географиялық атластар халық тұратын 
пунктер,  рельеф  және  гидрография,  жол  туралы  шекалалар.  Бұл 
типтегі  атластар  номенклатураға  қатысты  дәл,  жалпы  көрсеткіштермен 
басқа анықтамалық мағлұматтарға толы. Бұл типтегі картографиялық 
шығарманың  көрнекті  үлгісі  болып  дүние  жүзінің  Ресейлік 
анықтамалығы  жатады.  Оның  құрлымына  осы  типтегі  анықтамалық 
атластардың сипаты ендіріледі. Атлас 8 бөліктен тұрады: 
Жүние  жүзілік  картасы,  Ресей, Шетелдік  Еуропа,  Азия,  Африка, 
Америка,  Австралия,  Океания,  Артика,  және  Антрактика,  Атланттық 
Үнді  және  Тынық  мұхиттар.  Онда  дүниежүзінің  ең  ірі  қалалары 
карталары ендірілді. Негізгі карталардың масштабтары 1:1250000 ден 
1:750000  дейін.  Ресей  аймақтарының  карталары  1:2500000  ал 
кейбіреулері  1:1  500000  масштабында  беріледі.  Мәскеумен  Санк-
Петербург  1:250000  масштабында  беріледі.  Атласта  ірі  масштабты 
карталарға  берілген  (1:25000  ден  1:1000000)  онда  халық  тығыз 
орналасқан өндірістік-экономикалық аймақтарға ерекше бөлінеді. Рур 
облысы,  орта  Англия,  орталық  Жапония,  орта  атментикалық  аймақ 

 
118 
және  тағы  басқалары.  Дәл  осындай  ағылшын  тілінде  дүние  жүзі 
атласы шығарылған 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет