7 сәуір - Дүниежүзілік
денсаулық күні
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні 1948 жылы құрылғаннан бері жыл
сайын 7 сәуір күні аталып өтеді. Сол тарихи күннен бастап Дүниежүзілік
денсаулық ұйымына екі жүзден аса мемлекет мүше болды. 1950 жылдан
бастап денсаулық күнін өткізу дәстүрге айналды. Денсаулық күні адам
өмірінде денсаулықтың маңызды екенін түсінуге және адам денсаулығын
жақсарту үшін не істеу керектігін шешу мақсатында жүргізіледі.
Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулық сақтау
ғаламшарының алдында тұрған жаһандық мәселелерге арналып «Ұзақ өмір
сүру жолы - белсенділік», «Жүктілік – сенің өміріңдегі аса маңызды оқиға»,
«Климаттың өзгеруінен денсаулығымызды қорғайық» деген ұрандармен
өтеді.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру
қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіруде, салауатты өмір салтын
ұстанып өмір сүру үшін бұл мерекенің маңызы зор. Бұл күні бастауыш
53
сынып оқушыларына «Денсаулық – зор байлық» атты ата-аналармен бірге
саяхат сабақ, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты дәрігерлермен жүздесу
кеші, «Біз осы өмірді таңдаймыз» атты тренингтер, «Денсаулық – адамның
бірінші байлығы» атты мектепішілік конференциялардың берері көп.
«Денсаулық – зор байлық» атты саяхат сабақта оқушылар «Салауат»,
«Тазалық», «Табиғат» атты үш топқа бөлінеді. Әр топта бір-бірден ата-аналар
отырады. Әр топтың алдына кішкен киіз үйлер яғни «Пікір алмасу ауылы»,
«Еңбек ауылы», «Мақал-мәтелдер ауылы», «Өнер ауылы», «Білім ауылы»,
«Денсаулық ауылы» атты бірнеше ауылдар тұрады, оларда әртүрлі
тапсырмалар болады. Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» атты бөлімде әр
оқушы бір-бірлеріне жылы лебіздерін алдарындағы жатқан жүректерге
жазады, бір бірлеріне береді де, «Денсаулық» ауылынан дәм татуға
шақырады. Ата-аналар өз топтарындағы балаларға көмектесіп отырады.
«Денсаулық – адамның бірінші байлығы» атты мектепішілік
конференциясында мектеп дәрігерлерінің және мектеп оқушыларының
конференция тақырыбына сай әртүрлі баяндамалары оқылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасы. Заң.
Азаматтардың
денсаулығын
сақтау
туралы:
Қазақстан
Республикасының Заңы. 2006 ж. 7 шілде № 170-ІІІ ҚРЗ /Қазақстан
Республикасы. Заң //Қазақстан Парламентінің жаршысы. – 2006. - № 14. –
91-
қ.
Қазақстан Республикасы. Кодекс.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы: Кодекс.
2009 ж. 18 қыркүйек № 193-ІҮ ҚРЗ /Қазақстан Республикасы. Кодекс
//Егемен Қазақстан. – 2009. – 29 қыркүйек.
Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Назарбаев) Жарлық
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011-
2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 ж. 29 қараша № 1113 Жарлығы / Қазақстан Республикасы. Президент
(1991-
; Н.Назарбаев) Жарлық //Қазақстан Республикасының Президенті мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. – 2011. - № 3-4. – 39-қ.
Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№1260 «2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты
бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына (ҚР ПҮАЖ-ы, 2007 ж. № 47, 577-қ) өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 ж. 18 ақпан № 186
қаулысы /Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы //Қазақстан Республикасы
Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. – 2009. -
№ 12. – 77-қ.
54
Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы.
2008-
2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсан
№ 1260 Қаулысы /Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы //Қазақстан
Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілер жинағы. – 2007. - № 47. – 576-қ.
* * *
Асқарқызы Ж. Денсаулық - мол байлық: [оқушыларды салауатты өмір
сүруге және зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелейтін сабақты сайыс
түрінде өткізгені туралы] / Ж. Асқарқызы //Мектептегі сыныптан тыс
жұмыстар. - 2015. - № 3. - 8-10 б.
Атенова Б.К. Білім берудегі оқушы денсаулығын сақтау
технологиясын қалыптастыру / Б. К. Атенова //Қазақстан мектебіндегі
басқарушы=Администратор в казахстанской школе. - 2014. - № 3. - 25-28 б.
Әділбекқызы Г. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын
денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру / Г. Әділбекқызы
//Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім=Профильная школа и
профобразование. - 2014. - № 2-3. - 7-8 б.
Балмағанбетова С. Оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына
тәрбиелеу /С. Балмағанбетова //Воспитание школьника. Оқушы тәрбиесі. -
2014. -
№ 8. - 2-5 б.
Бөлеев Қ. Қазақ ағартушы педагогтарының салауатты өмір салтын
тәрбиелеу туралы ой-пікірлері / Қ. Бөлеев, С. Қ. Құсайынов,
М. А. Мейірханова // Ұлттық тәрбие. - 2016. - № 1. - 13-16 б.
Валиева М. Бастауыш сынып оқушыларын жеке гигиена тәртібіне
дағдыландыру жолдары /М.Валиева //Воспитание школьника-Оқушы
тәрбиесі. – 2013. - № 3. – 5-9 б.
Гайыпбаева А.Ж. Салауаттылық - өмір салты (Өзін-өзі тану)
/
А. Ж. Гайыпбаева //Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану=Социальная
педагогика и самопознание. - 2014. - № 2. - 31-32 б.
Дауылбаева А.Б. «Толғанай» эстафеталық ойыны: [спортшылар
арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған жарыс]
/
А. Б. Дауылбаева //Мұғалім.kz. Өнер.Технология. Дене шынықтыру
=
Искусство. Технология. Физическая культура. - 2013. - № 2. - 43-45 б.
Дүйсенбиев С.Д. Салауаттылық - денсаулық негізі /С. Д. Дүйсенбиев
// Валеология. Салауатты өмір салты=Здоровый образ жизни. - 2014. - № 2. -
8-
9 б.
Жашибаева Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселесі / Н. Жашибаева //Қазақстан мектебі. - 2014. -
№ 7. - 62-62 б.
Жуманбаева А.Ә. Дене тәрбиесімен айналысу /А.Ә.Жуманбаева
//Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. – 2013. - № 3. – 37 б.
Қажмұрат Ж. Салауаттылық - менің қалауым /Ж. Қажмұрат
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - № 3. - 2-3 б.
55
Қайнарбаева Д.Ж. Денім сау болсын десең... (6 сынып)
/
Д. Ж. Қайнарбаева //Мұғалім. KZ.Адам және қоғам=Человек и общество. -
2013. -
№ 5. - 26-26 б.
Қалиева Т. Нашақорлыққа жол жоқ! Салауатты өмір салтын ұстанамыз! /
Т. Қалиева // Сыныптағы тәрбие. - 2016. - № 1. - 24-25 б.
Қалмырзаева Ә. Тазалық -денсаулық кепілі: [денсаулық туралы тәрбие
сағаты] / Ә. Қалмырзаева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2016. -
№ 1. - 2-3 б.
Қожабек Г. Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ!:[тәрбие сағаты]
/ Г. Қожабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2013. - № 3. - 9-10 б.
Қожахметова К.Ж. Ұлы ойшылдардың мұраларындағы рухани -
адамгершілік құндылықтар - салауаттылық тәрбиенің негізі:[мақалада ұлттық
құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері
қарастырылды] / К. Ж. Қожахметова, А. Қ. Қаплиева //Білім әлемінде=В мире
образования. - 2013. - № 1. - 6-10 б.
Қуандықова
Қ.Б. Оқушылардың
салауатты
өмір-салтын
қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
/ Қ. Б. Қуандықова //Шағын мектеп=Малокомплектная школа. - 2014. - № 2. -
27-
30 б.
Нұрахметов Н. 12 жылдық мектептің ұлттық деңгейлі мақсаттары мен
міндеттері /Н. Нұрахметов //Химия Қазақстан мектебінде=Химия в
казахстанской школе. - 2013. - № 2. - 4-5 б.
Нұрпейісова С. Салауатты өмір салты (10 сыныпқа арналған «Өзін-өзі
тану» сабағының жоспары) / С. Нұрпейісова //Самопознание. - 2014. - № 7. -
32-
34 б.
Оспанбекова Ш. Бірінші байлық - денсаулық: [оқушыларды салауатты
өмір
салтын
қалыптастырудың
қажеттілігін
түсіндіру
жайлы]
/
Ш. Оспанбекова //Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. - 2013. -
№ 2. - 8-9 б.
Советканова Д.М. Салауаты өмір салтының бастауы - мектеп
/ Д. М. Советканова, А. Е. Садыкова // Ұлттық тәрбие. - 2013. - № 6. - 61-64 б.
Сулейменова Б.И. Салауатты өмір салты / Б. И. Сулейменова
// География, биология, экология орта мектепте. - 2015. - № 1. - 58-59 б.
Тлешова М. Денсаулық - зор байлық / М. Тлешова //Мектептегі дене
шынықтыру. - 2014. - № 1. - 23-24 б.
Тойымбаева Б. Салауаттылық - денсаулық кепілі: [салауатты өмір салты
және зиянды әрекеттен аулақ болу жайлы] / Б. Тойымбаева //Биология және
салауаттылық негізі. - 2015. - № 2. - 48-51 б.
Турсунова Л.В. Зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір
сүру – басты мақсат /Л.В.Турсунова //Валеология. Денсаулық және өмірлік
дағдылар. – 2013. - № 3. – 19-21 б.
Тілеубай Б. Темекі тартпаған, денсаулықты сақтаған / Б. Тілеубай
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2013. - № 11. - 2-3 б.
56
Ұшманбетова Н.Ы . Салауатты өмір салты / Н. Ы. Ұшманбетова
// Қазіргі мектеп. - 2013. - № 2. - 58 б.
Худайбергенов Д.С. Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын
қалыптастыру / Д. С. Худайбергенов //Орта мектеп жаршысы=Вестник
средней школы. - 2014. - № 1. - 48-49 б.
Шаншарова С.Ә. Салауатты отбасылар эстафеталық сайысы
/
С. Ә. Шаншарова //Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. - 2013. -
№ 4. - 26-б.
Сәуір
10 жұлдыз
Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген мұғалiм, қазақ, ұйғыр
мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтарының авторы,
халыққа білім беру саласының көрнекті қайраткері
Роза
Дүйсебайқызы Есенжолованың туғанына 90 жыл
(10.04.1927-10.03.2011)
Есенжолова Роза Дүйсебайқызы 1927 жылы Семей қаласында туған.
Еңбек жолын 1943 жылы «Екпінді газетінде» әдеби қызметкер болып
бастаған. 1946-1948 жылдары Семейде екі жылдық мұғалімдер институтын
оқып бітіріп, 1953 жылға дейін Семей қаласында мектепте мұғалім болып
істеген. 1953-1958 жылдары Тарбағатай орта мектебінде оқу ісінің
меңгерушісі, Семей қаласындағы мектеп-интернаттың директоры болып
еңбек еткен. 1956 жылы Өскемен педагогика институтының орыс тiлi мен
әдебиетi факультетiн бiтiрген.
1959-
1974 жылдар аралығында Қазақ КСР Халыққа бiлiм беру
министрiнiң орынбасары, 1974 жылы педагогика ғылымдары кандидаты
диссертациясын қорғап, 1974-1984 жылдар арасында Ы.Алтынсарин
атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры болып
қызмет атқарған.
1984-
1994 жж. Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының
Ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқыту бөлімінің меңгерушісі
болды.
Р.Д. Есенжолова Бүкiлодақтық педагогикалық оқу және ғылыми
теориялық конференцияларында баяндама жасап, бiрнеше рет І Дәрежелi
дипломдармен марапатталды.
Р.Д.Есенжолова қазақ мектептеріне арнап орыс «Букварын» шығарған,
бастауыш сыныптарға орыс тілін оқытудың негізгі әдістемесін жасауға
басшылық еткен әдіскер.
Қоғамдағы жұмыстарға белсене араласу барысында дүниежүзiлiк
әйелдер конгресiн ұйымдастыру комитетiнiң бюро мүшесi болды. Осы
орайда КСРО халыққа бiлiм беру комитетi тарапынан делегация құрамын
басқарып, 20-дан астам шет елдерде болды.
Роза Дүйсебайқызының көп жылға еңбектері жоғары бағаланып,
«Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», КСРО және Қазақ КСР «Халыққа
білім беру ісінің үздігі» атағы берілді. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімін,
«Н.К.Крупская атындағы», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстан
57
Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі және т.б. 9
медальмен, төрт мәрте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің грамотасымен және
КСРО әйелдер комитетiнiң мақтау грамоталарымен марапатталды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әміров Р. ж.б. Қазақ тiлi: грамматика, емле, тiл дамыту /Р.Әмiров,
Ш.Әуелбаев, А.Бәкiрова. Русский букварь для каз.шк. /Р.Д.Есенжолова,
А.В.Нармұхамедова.Математика: 2 кл.арн. оқулық. 1 тоқсан. - Алматы:
Рауан, 1993. – 111 б.
Әміров Р. ж.б. Қазақ тiлi: грамматика, емле, тiл дамыту/Р.Әмiров,
Ш.Әуелбаев,
А.Бәкiрова.
Русский
букварь
/Р.Д.Есенжолова,
А.Ф.Нармұхамедова. Математика: Бастауыш мектептiң 2 кл. арн. II тоқсан. -
Алматы: Рауан,1993. – 94 б.
Әміров Р. ж.б. Қазақ тiлi: грамматика, емле, тiл дамыту /Р.Әмiров,
Ш.Әуелбаев,
А.Бәкiрова.
Русский
букварь
/Р.Д.Есенжолова,
А.Нармұхамедова. Математика 2 кл. арн. III тоқсан. - Алматы: Рауан, 1993. –
142 б. ; IҮ тоқсан. - Алматы: Рауан, 1994. – 127 б.
Ол туралы:
Роза
Есенжолова
//Мұқышова
Г.
Алғашқы
қарлығаштар
/құраст.Д.Дәуренбекова. – Алматы, 1993. – 147-157 б.
Роза Есенжолова (оқу министрінің орынбасары болған, Қазақ КСР
еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты): [некролог]
//Егемен Қазақстан. 2011. – 11 наурыз.
Роза Дүйсебайқызы Есенжолова (Қазақстан Республикасына еңбек
сіңірген мұғалім, оқу-ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз (10.04.1927-
10.03.2011)): [некролог] //Алматы ақшамы. – 2011. – 10 наурыз
Ихсанова Г. Өнегеге толы өмір: [ұстаз, педагогика ғылымдарының
кандидаты Роза Дүйсебайқызы Есенжолова туралы] /Г. Ихсанова
// Қазақстан мұғалімі. - 2012. - 29 ақпан.
Сарманұлы Ж. Баянды баспалдақтар иесі: [педагогика ғылымының
кандидаты, еңбек сіңірген мұғалім Есенжолова Роза Дүйсебайқызы жайлы]
/Ж.Сарманұлы //Қазақстан мектебі.- 2002. - № 4. - 11 б.
12 сәуір - Дүниежүзілік
ғарышкерлер күні
1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес
Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток»
кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан
тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді.
Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін
рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды.
«Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан
55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға
қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры
58
атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар
бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық
революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-
райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол
ашылды.
Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес
Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып
белгіленді.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация
федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы
шешім шығарылды.
Қазақ халқының үш ұлына ғарышта болу бақыты бұйырды. Тоқтар
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов өздеріне жүктелген
міндеттерді абыроймен атқарып, Жерге аман-есен оралды
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес
одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1946
жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресейдегі
Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Авиация институтын
бітірген. Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья
командирінің орынбасары, Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық
бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың
50-
ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
199
0 жылы ғарышкерлер құрамына
алынды.
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен
ғарышқа ұшты. Өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия,
медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық
зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын
жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене
араласты.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев – ғарышкер, техника ғылымдарының
докторы, авиация генерал-лейтенанты, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің
төрағасы. 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының
Қарғалы ауылында туған. 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері
институтын бітірген. Азаматтық авиацияда ұшқыш, ұшақ командирі
қызметтерін атқарған. 1991 жылдан бастап ғарышқа ұшуға даярланды. 2007
жылдың 11 сәуірі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болып
тағайындалды. 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесінде бірінші рет ғарышқа
ұшып, онда 126 күн өткізді. Араға 4 жыл салып екінші рет ұшқанда (Союз
ТМ-27) ғарышта 208 күн болған.
Айдын Ақанұлы Айымбетов – еліміздің ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық
қаһарманы, «Отан» орденінің иегері. 1972 жылы 27 шілде күні Алматы
облысы Талдықорған қаласының Өтенай ауылында дүниеге келген. 1993
жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді. Л-39, Миг-23,
59
Миг-27 және Су-27 ұшақтарында ұшуды меңгерген. 2003-2009 жылдары
Ресейдегі Юрий Гагарин атындағы ұшқыштар даярлау орталығында жалпы
ғарыштық дайындықтан өтті. 2009 жылдан бастап ҚР Ұлттық ғарыш
агенттігінде жұмыс істейді. 2015 жылдың қыркүйегінде «Союз ТМА-18М»
ғарыш кемесінің бортинженері болып, халықаралық ғарыш станциясына
ұшты. Айдын Айымбетов 10 күндік сапары кезінде денсаулық сақтау саласы
мен Арал және Каспий теңіздеріндегі экологиялық ахуалға қатысты
зерттеулер жүргізді. Елбасының Жарлығымен Ғарыш кеңістігін игеруге
сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі
үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке
«Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын
жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды.
Бұл мерекеде мектептерде оқушылардың ғарыш, ғарыш айлағы және
алғашқы Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев,
Айдын Айымбетовтың ғарыш саласындағы еңбектері туралы түсініктерін
кеңейту мақсатында «Қазақстан және ғарыш» тәрбие сағатын өткізуге
болады. Сабақта интерактивті тақтаны қолдану арқылы үш ғарышкердің
өскен ортасы, өмір жолдары, ғарыш саласындағы жеткен жетістіктері туралы
мәліметтерді слайдттармен көрсетуге болады. Сонымен қатар «Байқоныр -
Ғарыш айлағы» атты деректі фильмді көрсету, оқушылардың ғарыш туралы
білімдерін дамытып, аспан әлемі туралы қызықты мәліметтерге сусындатады.
Батырлық, ерлік, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылады. «Кім болсам
екен?» атты сахналық көрініс оқушыларды ғарышкер болуға баулиды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Асылбекова Ж. Ғарышты бағындырған Қазақстан: [автор өзінің
өткізген «Ғарышты бағындырған Қазақстан» атты физикалық кешінің
жоспарын ұсынып отыр] / Ж. Асылбекова // Математика және физика. - 2015.
-
№ 1. - 53-54 б.
Әнуарбек Ә. Ғарыштың мініп кемесін... Қазақтың үшінші азаматы
ғарышқа аттанды: [2015 ж. 2 қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшты. Кеме бортында Қазақстан
Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов, ресейлік
ғарышкер Сергей Волков және данияның алғашқы астронавты Андреас
Могенсен бар] / Ә. Әнуарбек // Түркістан. - 2015. - 3 қыркүйек.
Бозгозина Қ. Ғарышкерлер күні: [балалардың ғарыш әлемі, ғарышкерлер
туралы, оның ішінде қазақ ғарышкерлері жөнінде білімдерін кеңейту]
/Қ.Бозгозина //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 4. – 25-26 б.
Жанаділов М. Айдын ғарышқа аттанды: [ Қазақстан Республикасының
ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов, ресей ғарышкері Сергей Волков,
Даниялық астронавт Андреас Могенсен "Союз-ТМА-18М" ғарыш кемесімен
2015 ж. 2 қыркүйекте ғарышқа аттанды] / М. Жанаділов
// Президент және Халық. - 2015. - 4 қыркүйек.
Лебаева Б. Ғарышкерлер күніне арналған кеш /Б.Лебаева //Математика
және физика. – 2014. - № 1. – 57-59 б.
60
Сахитова К. Ғарышқа түрен салған қыран – қазақ!: [тәрбие сағаты
ғарышкерлер мейрамына арналған және қазақтың тұңғыш ғарышкерлері
Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев жайлы] /К.Сахитова //Мектептегі сыныптан
тыс жұмыстар. – 2013. - № 3. – 34-39 б.
Сүйінбай Т. Үш ғарышкер: [қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров,
Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы] / Т. Сүйінбай // Егемен
Қазақстан. - 2016. - 12 сәуір.
Төрежан Қ. Тоқтар ғарышқа ұшқан күн: [2 қазан - түркі әлемінің
тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш көгіне самғаған күн]
/ Қ. Төрежан //Айқын. - 2012. - №184. - 2 қазан.
Шәріп А. Президент ғарышкерге «Халық қаһарманы» атағын берді:
[еліміздің үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов туралы] / А. Шәріп
// Айқын. - 2015. - 15 қазан.
Достарыңызбен бөлісу: |