Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата12.01.2017
өлшемі2,04 Mb.
#1737
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

      
  
Көлбаев Т.   Сұрапыл жылдар жаңғырығы:[Ұлы Отан соғысындағы ерлік 
көрсеткен  қазақстандықтар  және  соғыс  жылдарындағы  Қазақстан]                   
/ Т. Көлбаев  // Ана тілі. - 2015. - 29 қаңтар - 3 ақпан. 
      
Құлияс Т.   Даңқы жер жарған: [Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан 
Қошқарбаев туралы] / Т. Құлияс //Астана ақшамы. - 2014. - 25 ақпан. 
       
Лушникова Н.   Қарғалының қарлығашы Зияда Досбергенова: [Ұлы Отан 
соғысында  ерлігімен  танылған,  ІІ  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы  ордені  қаза 
болғаннан  кейін  берілген]  /  Н.  Лушникова  //Егемен  Қазақстан.  -  2015.  -           
7 мамыр. 
        
Мекенбаева  З.  Жеңіс  мерекесі:[Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  арналған 
кеш] / З. Мекенбаева  // Сыныптағы тәрбие . - 2015. - № 1. - 22-23 б. б. 
        
Мусабаева  К.А.  Олар  жеңіспен  оралды  (Ұлы  жеңістің  70  жылдығына 
арналған  кеш)  /К.  А.  Мусабаева  //Мектептегі  кітапхана=Школьная 
библиотека. - 2015. - № 1. - 35-36 б. 
        
Мұқышева  А. Жеңіс  күні:  [Жеңіс  күніне  арналған  қойылым]                         
/ А. Мұқышева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2016. - № 5. -20-22 б. 
        
Мұхамеди Н.Қ.  Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс: [«Ешкім де, ештеңе 
де  ұмытылмайды»  атты  тәрбие  сағаты]  /  Н.  Қ.  Мұхамеди  //Мектептегі 
мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2016. - № 4. - 14-15 б. 

68 
 
      
Озғанбаев  Ө.   Өшпес  жара,  ұмытылмас  тарих:  [Ұлы  Отан  соғысына 
қатысқан  қазақстандықтар  туралы  республикалық  «Ардагерлер  ұйымы» 
қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы әңгімелейді] / Ө. Озғанбаев 
// Президент және халық. - 2014. - 9 мамыр. 
        
Оразбаев  Қ.   Момышұлының  біз  ескермеген  қырлары:  [Бауыржан 
Момышұлының  соғыс  тактикасы  туралы]  /  Қ.Оразбаев  //Қазақ  әдебиеті.  - 
2015. - 
10 сәуір. 
       
Рәш М.   Бресті қорғаған қазақ: [Брест қамалын қорғаған, Украина жерін 
азат  еткен,соғыстан  кейін  көп  жылдар  Қазақ  ұлттық  унитверситетінің 
профессоры болған, даңқты майдангер Ғаббас Жұматұлы  туралы ] /М. Рәш 
// Ана тілі. - 2015. - 19-25 ақпан. 
        
Сейітқали  Д.   Тылдағы  Ақмола:  [Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Ақмола 
өңірінің  халқы  майдан  үшін  аянбай  еңбек  еткен]  /Д.  Сейітқали  //Астана 
ақшамы. - 2015. - 21 ақпан. 
        
Темірханов  О.   Рейхстагқа  ту  тіккен  Рақымжан  Қошқарбаев  есімін  өзі 
өмірден  өткенше  басқарған  қонақ  үй  төбесіне  көтерсек  /О.  Темірханов 
// Алматы ақшамы. - 2015. - 19 ақпан. 
        
 
Төрежан  Қ.   Рейхстаг  қалай  құлады?:[Рейхстагқа  бірінші  болып  ту 
тіккен  батыр  Рақымжан  Қошқарбаев  және  басқа  да  ту  тіккен  жауынгерлер 
М.Егоров,  М.Кантария,  Г.Булатов,  А.Берест  т.б.  туралы  ]  /  Қ.  Төрежан 
//
Айқын. - 2015. - 9 мамыр. 
         
Тұрғанбайқызы  Г.   Генерал  Жексенбаевты  қалай  ұлықтасақ  та 
жарасады:  [Кеңес  Одағы  кезінде  қазақтан  екі  генерал  шыққан,  біріншісі 
Сабыр  Рақымов,  екіншісі  Шәкір  Жексенбаев]  /Г.  Тұрғанбайқызы 
// Айқын. - 2015. - 23 сәуір. 
       
    
Хасан  С.   Қазақтың  батыр  қызы:  [Ұлы  Отан  соғысында  ерлік 
көрсеткен  қаһарман  қазақ  қыздарының  бірі  -  бөлім  командирі,  сержант, 
радист Зоя Досбергенова туралы] / С. Хасан //Айқын. - 2015. - 18 наурыз. 
      
Шакибаева  А.С.  Біз  Жеңістің  ұрпақтарымыз:  [«Біз  Жеңістің 
ұрпақтарымыз»  атты  кеш]  /  А.  С.  Шакибаева  //  Тәрбие  жұмысы:  мектепте 
және мектептен тыс мекемелерде. - 2015. - № 1. - 5-8 б. 
     
Шарахымбай Б.   «Дала тажалдары» туралы шындық немесе түркітектес 
сұрмергендер  хақында:  [Ұлы  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен  мергендер 
туралы] / Б. Шарахымбай //Түркістан. - 2015. - 7 мамыр. 
     
Шертекова  С.   Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысының  шешуші 
шайқастарына қатысуы / С. Шертекова // Білім кілті=Ключ знаний. - 2014. - 
№ 10. - 30-31 б.
 
        
Шоқанова  Г.Ж. Батыр  ата  Бауыржан:  [Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына 
және  аты  аңызға  айналған  халық  батыры  Бауыржан  Момышұлының 
туғанына  арналған  тәрбие  сағаты]  /  Г.  Ж.  Шоқанова  //Тәрбие  жұмысы: 
мектепте және мектептен тыс мекемелерде. - 2015. - № 1. - 8-10 б. 
      
Ысқақов  Ә.И. Қаһарман  қайсар  қыздар:  [Жеңістің  70  жылдығына 
байланысты  ауызша  журнал]  /  Ә.  И.  Ысқақов  //Мектептегі  кітапханашы 
=Библиотекарь в школе. - 2015. - № 2. - 12-14 б. 

69 
 
 
 
Мамыр 
15 жұлдыз 
Әдебиет  зерттеуші,  ғалым,  мемлекет,  қоғам  қайраткер, 
филология  ғылымының  докторы,  профессор 
Мүсілім 
Базарбаевтың туғанына 90 жыл (15.05.1927-9.11.1995) 
      
Базарбаев  Мүсiлiм  1927  ж.  Қызылорда  облысы,  Сырдария  ауданы, 
Кекiрелi селосында дүниеге келген. 
      
1948  жылы  Қазақ  мемлекеттiк  университетiнiң  (қазіргі  әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тарих-филология факультетiн бiтiрген. 
1948-
1951 жылдары «Лениншiл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетiнде, Қазақ 
КСР Ғылым Академиясының тiл және әдебиет институтында жұмыс iстедi.  
      1952-
1956  жылдары  Қазақстан  Коммунистiк  партиясының  Орталық 
Комитетiнде  нұсқаушы,  1956-1970  жылдары  Қазақ  КСР  Ғылым 
Академиясының  әдебиет  және  өнер  институты  директорының  орынбасары, 
директоры, 1970-1981 жылдары Қазақ КСР мәдениет министрi, сыртқы iстер 
министрi  болды.  1981-1988  жылдары  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер  институтының  директоры,  жетекшi  ғылыми  қызметкерi,  1988  жылдан 
1995 жылға дейін осы институттың бөлiм меңгерушiсi болды. 
       
Ғылыми-зерттеу  еңбектерi  әдебиеттану  проблемаларына,  қазақ 
әдебиетiндегi  дәстүр  мен  жаңашылдық  мәселелерiне  арналған.  1971  жылы 
«Қазақ  поэзиясындағы  ұлттық  дәстүр  мен  жаңашылдық»  деген  тақырыпта 
докторлық диссертация қорғады. 
      
М.Базарбаев    орта  мектептің  10  сыныбына  арналған    «Қазақ  совет 
әдебиетi»,  11  сыныбына  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығы  авторларының 
бiрi. 
     
Мүсiлiм  Базарбаев  республиканың  қоғамдық  өмiрiне  белсене  араласты. 
Жоғары кеңестiң депутаты болып сайланды. Ғылыми кеңестердiң жетекшiсi 
және мүшесi болды. 
      
Көрнектi ғалым, белгiлi қоғам қайраткерi, бiлiктi ұстаз М.Базарбаев Отан 
алдында  сiңiрген  еңбегi  үшiн  екi  мәрте  «Еңбек  Қызыл  Ту»  орденiмен, 
көптеген медальдармен марапатталды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      
Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет: (таңдамалы ғылыми зерттеулерi) 
/Қазақстан  Республикасы  ғылым  министрлiгi  -  Ғылым  академиясы; 
М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты /М.Базарбаев. - Алматы: 
Ғылым, 1997. – 503 б. 
     
Базарбаев М.  Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы, 1994. 
     
Базарбаев М.  Қаһарлы жылдар жыры. – Алматы, 1968. 
     
Базарбаев  М.  Көрiктi  ойдан  –  көркем  сөз:  зерттеулер  мен  мақалалар 
/М.Базарбаев. - Алматы: Рауан, 1994. – 387 б.   
     
Қазақ  әдебиетi:  11-сыныпқа  арналған  оқулық  /Х.Әдiбаев,  М.Базарбаев, 
З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев. – 2 бас. - Алматы: Рауан, 1996. – 335 б. 
 
 

70 
 
Ол туралы: 
     
Базарбаев Мүсілім //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы: Білік, 1999. 
– 142-
143 б. 
     
Базарбаев Мүсілім //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық. – 
Алматы: Ана тілі, 2004. – 65 б. 
      
Базарбаев  Мүсілім  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.  Т.2.  -  Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 45 б. 
      
Базарбаев Мүсілім  (1927-1995) //Біздің элита = Наша элита. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2009.  – 111-112 б.  
     
Базарбаев  Мүсілім  //  Қазақстан  ғылымы:  Энциклопедия.  Т.1.  –  Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2009.  – 192-193 б. 
     
Базарбаев Мүсілім   //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – 
Алматы: Аруна, 2005. – 106-107 б. 
     
Қозыбаев  М.  Жаны  сұлу  Мүсілім!  (Базарбаев  Мүсілім)  //Қозыбаев  М. 
Тұлғалар тұғыры  /құраст. І.Қозыбаев. – Алматы:  ҚазАқпарат, 2009 –  
379-
381 б. 
      
Мүсiлiм Базарбаев туралы естелiктер. - Алматы: АБА «Айқос», 2001. – 
264 б. 
     
Байтоғаева  Г.  Есте  жүрген  естелiк:  [Мұхтар  Әуезовтың    шәкiртi 
М.Базарбаев туралы] /Г.Байтоғаева //Егемен Қазақстан. – 1996. – 19 маусым. 
      
Нарымбетов  Ә.  Көрнектi  ғалым,  қоғам  және  мемлекет  қайраткерi: 
[
әдебиетшi,  сыншы  М.Базарбаев  –  70  жаста]  /Ә.Нарымбетов  //Қазақстан 
Республикасы  Ғылым  министрлiгi  -  Ғылым  Академиясы  хабарлары.  Тiл, 
әдебиет сер. – 1997. - № 2. – 72-76 б. 
 
25 мамыр - Соңғы қоңырау 
Соңғы  қоңырау  –  оқуды  тәмамдайтын  оқушылардың  дәстүрлі 
мерекесі. Мектептерде соңғы қоңыраулар мамырдың соңында өткізіледі. Бұл 
кезде  оқу  әлі  жалғасып  жатады,  ал  бітіру  емтихандары  әлі  басталмайды. 
Соңғы  қоңырау  бүкіл  сабақтарымен,  үзілістерімен  және  бақылау 
сабақтарымен,  үй  тапсырмаларымен  бірге  көпжылдық  оқу  марафонын 
тәмамдайды. 
Соңғы  қоңырау  –  түлектерге,  мұғалімдер  мен  ата-аналарға  арналған 
үлкен жалпымектеп мерекесі. Салтанатты рәсім қонақтардың, директордың, 
алғашқы  ұстаздың,  ата-аналардың  сөздерін,  бірінші  сынып  оқушыларының 
құттықтауларын, 9 және 11 сынып оқушыларының тілектерін қамтиды. 
Дәстүр  бойынша  қыздар  мектеп  киімін,  кей  жағдайда  –  қара  түсті 
белдемше  мен  көйлек  киеді.  Жеткіншектер  бұл  күні  қатаң  костюм  киеді.. 
Бітіру  кешіне  қарағанда  соңғы  қоңырауға  дәстүр  бойынша  өспірімдер  мен 
қыздар киімнің үстіне «Жас  түлек» деген жазуы бар таспа тағып алады, ал 
костюмдеріне (қыздар фартуктеріне) кейде кішкентай қоңыраушалар, немесе 
қоңыраушалар түріндегі белгілер бекітіп алады. 
Мерекелеу  кезінде  символдық  тұрғыда  сабақтың  басталғанын  не 
аяқталғанын  білдіретін  мектеп  қоңырауын  бейнелейтін  қоңыраушаны 

71 
 
сыңғырлатады.  Бұл  ретте  әдетте  қоңыраушаны  түлектің  иығына  мінген  
бірінші сынып оқушысы ұл немесе қыз бала сыңғырлатады. Көбіне түлектер 
көшеге  шығып,  аспанға  әуе  шарларын  жібереді,  алғашқы  мектеп  вальсін 
орындайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
Ақ жол саған жас түлек!: [Алматы облысының мектептерінде соңғы 
қоңырау соғылып, жазғы демалыс басталды] //Жетісу. – 2013. – 28 мамыр 
        
Асанова  К.   Соңғы  қоңырау!:  [«Қош  бол,  алтын  ұя  мектебім»  атты 
салтанатты жиын] / К. Асанова // Сынып жетекшісі=Классный руководитель. 
- 2014. - 
№ 23. -10-14 б. 
       
Асанова  К.   Соңғы  қоңырау:[«Қош  бол,  алтын  ұя  мектебім!»  атты 
салтанатты жиынның сценарийі] / К. Асанова //Сыныптағы тәрбие. - 2014. - 
№ 2. - 14-17 б. 
          
Әмрина  Ғ.Қ.  Соңғы  қоңырау  салтанатты  жиынының  сценарийі 
/Ғ.Қ.Әмрина, Ұ.С.Қазыбаева //Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013. - № 7. – 11-12 б. 
        
Елубаева  Л.  Қош  бол,  алтын  ұя  –  мектебім:  [мектеп  бітіретін  жас 
түлектерге арналған салтанатты жиын] / Л.Елубаева // Мектептегі мерекелер: 
тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2014. - № 5. – 41-43 б. 
         
Ескендір Р. Тоқсаныншы «соңғы қоңырау»: [биыл қазақ білімінің қара 
шаңырағы  атақты  №  12  мектепке  90  жыл  толды]  /Р.Ескендір  //Алматы 
ақшамы. – 2014. – 27 мамыр 
       
Жаналина  Н.С.   «Құлақтан  үнің  кетпестей,  сыңғырла,  соңғы 
қоңырау»:[соңғы  қоңырау  салтанатты  кешінің  сценарийі]  /  Н.  С.  Жаналина 
// Средняя школа Казахстана=Қазақстан орта мектебі. - 2013. - № 10-11. - 53-
54 б. 
        
Жексембаева  К.Т. «Қош  бол,  алтын  ұям!»:  салтанатты  жиын:  [Есік  қ. 
«Айналайын»  балалар  үйінен]  /  К.  Т.  Жексембаева  //  Внеклассная  работа  в 
школах Казахстана=Қазақстан мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс. - 2015. 

№ 6. - 52-53 б. 
        Жолаушина С.Э.  Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі / С. Э. Жолаушина, 
А.  Ж.  Жалмұқанова  //  Внеклассная  работа  в  школах  Казахстана=Қазақстан 
мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс. - 2015. - № 6. - 15-17 б. 
      
Кенжебекова  С.Т.   Сыңғырла,  соңғы  қоңырау  /  С.  Т.  Кенжебекова                 
// Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2015. - № 11. 
- 38-
40 б. 
        
Кумышева  Б.М.  Ақ  жол  саған,  жас  түлек:  [мерекелік  кеш]                           
/ Б.М.Кумышева //Мектептегі мерекелер. – 2014. - № 6. – 41-42 б. 
        
Молдағалиева  А.Т.  Сыңғырла,  соңғы  қоңырау!:  [оқу  жылының 
аяқталуына  арналған  соңғы  қоңырау  салтанатының  сценарийі]                           
/  А.Т.Молдағалиева  //Мектептегі  мерекелер:  тәрбие  жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013. - № 5. – 36-37 б. 

72 
 
       
Раманқұлова  Қ.  Сыңғырла, соңғы қоңырау: [соңғы қоңырау мерекелік 
жиынының  сценарийі]  /  Қ.Раманқұлова  //Мектептегі  мерекелер.  –  2014.  -      
№ 4. – 38-39 б. 
       
Тулеубаева  Б.  Сыңғырла  соңғы  күміс  қоңырау...:  [соңғы  қоңырау 
жиынының  сценарийі]  /Б.Тулеубаева  //Республика  ұстаздары.  –  2014.  -         
№ 7-8. сәуір 
        
Хожахметова Л.  Сыңғырла соңғы қоңырау!: [2012-2013 оқу жылының 
соңғы қоңырауы] /Қ.Хожахметова // Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. – 
2013. - 
№ 4. – 41-42 б. 
        
Ырғызбаева  А.   «Сыңғырла,  соңғы  қоңырау»  (салтанатты  жиынның 
жалпы жобасы) / А. Ырғызбаева// Тәрбие құралы. - 2015. - № 2. - 14-15 б 
 
Мамыр 
26 жұлдыз 
Әдебиет  зерттеуші-ғалым,  филология  ғылымдарының 
докторы 
Алма  Мүтәліпқызы  Қыраубаеваның  туғанына 
70 
жыл (26.5.1947- 5.2.2001) 
     
Қыраубаева Алма Мүтәліпқызы 1947 ж. Қызылорда облысы Сырдария 
ауданы, Бірқазан  бекетінде дүниеге келген. 
     
1970  жылы    Қазақ  мемлекеттік  университетінің  (қазіргі  әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университеті)  филология факультетін бітірген. 
     1970-
1973 жылдары университеттің аспирантурасында оқыды. 1974 жылы 
«Қисас-и Рабғузи», «Махаббат наманың» идеялық-көркемдік ерекшеліктері» 
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 
     
1974  жылы  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық 
университетінің  (қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті) 
филология факультетінде ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылдан 
доцент  болып қызмет істеді. 
     1998-
2000  жж.  осы  университетте    әдебиет  кафедрасының  профессоры 
болды.      2000-2001 жж. Еуразия ұлттық университетінде профессор, Қазақ 
ұлттық музыка академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 
       
А.Қыраубаева  қазақ  әдебиетінің  ежелгі  дәуірі  мен  қазақ  әдебиетіндегі 
шығыс поэзиясының ықпалы жөніндегі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізді. 
      
Ж.Жабаевтың ұмытылған ән-термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ 
радиосының  алтын    қорына    жаздырып,  «Жамбыл  әуендері»  жинағын 
құрастырған.     А.Қыраубаева Жамбыл атындағы халықаралық  сыйлықтың 
иегері. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
     
Қыраубаева  А.  Ғасырлар  мұрасы:  (ХІІ-ХІҮ  ғасырлардағы  түркі  тілді 
әдебиет). – Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б. 
     
Қыраубаева  А.  Ежелгі  дәуір  әдебиеті:  қазақ  әдебиетін  тереңдетіп 
оқытатын мектептерге арналған оқу құралы. 3 бас. – Алматы: Мектеп, 2003. – 
88 б. 
    
Қыраубайқызы  А.  Ежелгі  әдебиет:  мектеп,  лицей,  гимназияға    арналған 
оқулық. – Алматы: Әл-Фараби, 1996. – 132 б. 

73 
 
    
Қыраубаева А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1. Ғасырлар мұрасы. – 
Алматы: Өнер, 2008. – 303 б. 
    
Қыраубайқызы А.  Бес томдық шығармалар жинағы. Т.2. Ежелгі әдебиет. – 
Алматы: Өнер, 2008. – 213 б. 
    
Қыраубаева А.  Қисса  жанрының  өзіндік  ерекшеліктері. –Алматы, 1985. 
    
Қыраубаева А.  Абайдың  поэмалары. – Алматы, 1985 
    
Қыраубаева А.  Шығыстық   қисса-дастандар. – Алматы, 1997. 
    
Қыраубаева  А.  Шығыстық  қисса-дастандар.  5  томдық  шығармалар 
жинағы.  3-том.  Томды  баспаға  әзірлеген  С.Дәрібайұлы.  —  Алматы:  Өнер, 
2010. — 
344 бет.     
    
Қыраубаева А.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1.  Ғасырлар  мұрасы       
/ А. Қыраубаева ; ред. Ж. Мәзбаева. - Алматы : Өнер, 2008. - 304 б.  
     
Қыраубаева  А.    Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.2.  Ежелгі  әдебиет         
/ А. Қыраубаева ; ред. Ж. Мәзбаева. -Алматы : Өнер, 2008. - 216 б.  
      
Қыраубаева  А.       Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.3.  Шығыстық 
қисса-дастандар / А. Қыраубаева ; ред. Г. Мұзафарова. Алматы : Өнер, 2010. 
-    
344 б 
     
Қыраубаева  А.       Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.4.  Жаным  садаға: 
деректі  әңгімелер  және  мақалалар  /  А.Қыраубаева;  ред.  Г.  Мұзафарова.  -
 
Алматы : Өнер, 2011. - 344 б 
    
Қыраубаева  А.       Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Мыңжылдық 
жолаушы: көркем әңгімелер, ғылыми мақалалар, естеліктер /А. Қыраубаева. -
 
Алматы : Өнер, 2012. - 528 б. 
      
Қыраубаева А.      Имандылық  әңгімелері  /А. Қыраубаева.  - Алматы  : 
Таймас, 2012. - 16 б. сур.  
      
Бір  қыз  бен он  алты  ақын:  айтыс  /ред.  Г.  Әдуова  ;  құраст. 
А. Қыраубаева. - Алматы : Жалын, 1985. - 256 б. - (Алтын сандық). 
     
Қыраубайқызы  А.  Мың  жылдық  жолаушы:  [М.Жолдасбеков  60  жаста] 
/А.Қыраубайқызы //Заман Қазақстан. – 1997. – 13 маусым. 
Ол туралы: 
     
Қыраубаева  Алма  Мүтәліпқызы  //  Қазақ  әдебиеті:  Энциклопедиялық 
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 346 б. 
     
Қыраубаева  Алма  Мүтәліпқызы  //Қазақ  әдебиеті:  Энциклопедия.  – 
Алматы: Білік, 1999. – 440 б. 
     
Қыраубаева  Алма  Мүтәліпқызы  (26.5.1947  –  5.2.2001 ) //Қазақстан: 
Ұлттық  энциклопедия.  Т.6.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 
редакциясы, 2004. – 195 б. 
      
Бектасова Г.   Көз жасына шыланған кеш. Алма апайды шәкірттері еске 
алды: [ұстаз, ғалым Алма Қыраубаева туралы] / Г. Бектасова // Түркістан. - 
2011. - 
2 маусым. 
      
Әжібекұлы  М.  Бар  шәкіртінің  сүйіктісіне  айналған  Алма  апай  еді...: 
[ғалым,  ұстаз  Алма  Қыраубаева  туралы]  /М.Әжібекұлы  //Айқын.  –  2011.  –    
26 мамыр. 

74 
 
     
Әбдір  К. А. Қыраубаева «Рабғузи қиссасындағы» «Қисса Жүсіп» туралы 
/К.Әбдір  //Ұлт тағылымы. – 2009. - № 2. – 283-288 б. 
     
Әбдірова  К.  Хорезмидің  «Махаббатнама»  дастаны  А.Қыраубаева 
зерттеуінде  /К.Әбдірова  //Қ.А.Яссауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университетінің хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сер. – 2008. - № 2. – 118-
124 б. 
      
Ергөбек    Қ.  Қайран  қазақ  қыздары!  (триптих):  [әдебиетші  ғалым  Алма 
Қыраубайқызы туралы] /Қ.Ергөбек  //Егемен Қазақстан. – 2011. – 11 наурыз. 
     
Қасымбек  А.   Сағындық  сізді,  Алма  апай!:  [ұстаз  Алма  Қыраубаева 
туралы] / А. Қасымбек  //Түркістан. - 2013. - 20 маусым. 
     
Мәдібай  Қ.   Ұстаздық  дастан:  [ғалым,  ұстаз  Алма  Мүтәліпқызы 
Қыраубаева туралы] / Қ. Мәдібай  // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 25 мамыр. 
       
Тілепов  Ж.  Еңбегі  ерлікке  тең  күрескер  Алма:  [ғалым,  филология 
ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева туралы] 
/Ж.Тілепов //Ақиқат. – 2010. - № 12. – 50-53 б. 
 
 
Мамыр 
27 жұлдыз 
Әдебиет  зерттеушісі,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері, 
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР 
Білім  министрі  (1987-1988),  ҚР  Президенттік  мәдениет 
орталығының  директоры 
Мырзатай  Жолдасбековтың 
туғанына 80 
жыл (27.05.1937). 
      
Жолдасбеков  Мырзатай  Жамбыл  облысы  Талас  ауданы  Қызылтау 
селосында 1937 жылы 27 мамырда дүниеге келдi. 
      
1954 жылы бұрынғы Шолақтау қазiргi Қаратау қаласындағы 10 жылдық 
мектептi  үздiк  бiтiргеннен  кейiн  Талас  ауданындағы  Ақкөл  ауылдық 
кеңесiнде  хатшы  болды.  1955  жылы  Қазақ  мемлекеттiк  университетiнiң 
(қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті)  қазақ  тiлi  мен 
әдебиетi  факультетiне  оқуға  түсiп,  1960  жылы  бiтiрген  соң,  университетте 
оқытушылыққа  қалдырылды.  Осы  университеттiң  қазақ  әдебиетi 
кафедрасында  ассистент  және  аға  оқытушы,  доцент,  филология 
факультетiнiң деканы болды. 
      1977-
1987  жылдар  аралығында  Талдықорған  педагогика  институтында 
ректор,  1987  жылдан  1988  жылға  дейiн,  Қазақ  КСР  Оқу    министрi,  ҚР 
Халыққа білім беру министрінің бірінші орынбасары   болды. 
      1988-
1990  жылдары  Қазақстан  Коммунистiк  партиясы  Орталық 
Комитетiнiң  Идеологиялық  бөлiмiнiң  меңгерушiсi,  1990-1991  жылдары 
Президенттiк  Кеңестiң  мүшесi  болды.  1991-1993  жылдары  Премьер 
министрдiң  орынбасары,  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  кеңесшiсi 
болды. 
      
1993  жылдың  тамыз  айынан  1996  жылдың  аяғына  дейiн  Қазақстан 
Республикасының  Иран  Ислам  Республикасындағы  тұңғыш  Төтенше  және 
Өкiлеттi  елшiсi  болды.  1997  жылы  ашылған  Қазақ  мемлекеттік 
Дипломатиялық  академиясының тұңғыш ректоры болды. 

75 
 
      
Түркiстан, 
Талдықорған 
және 
Қазақ 
мемлекеттiк 
ұлттық 
университеттерiнiң құрметтi профессоры, ғылым докторы. «Асыл арналар», 
«Тоқсан  толғау»,  «Жүз  жыл  жырлаған  жүрек»,  «Асыл  сөздің  атасы»  атты  
ғылыми монографиялар мен зерттеулердің,  «Ел тағдыры – ер тағдыры» атты 
елшілік қызметтің қыр-сыры туралы  кiтаптың және «Жас Жамбыл», «Ақиқат 
пен  Аңыз»  киносценарийлерiнiң  авторы.  2000-2004  жылдары  Л.Н.Гумилев 
атындағы  Еуразия    мемлекеттiк  университетiнiң  ректоры.  2004-2006 
жылдары «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет