Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата12.01.2017
өлшемі2,04 Mb.
#1737
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

Мамыр 
1 жұлдыз 
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан 
Республикасы  Жоғары  мектеп  Ғылым  академиясының 
академигі   
Мая  Мұхамед-Әлиқызы  (Михайловна) 
Бағызбаеваның туғанына 85 жыл (1.5.1932-9.12.2000) 
     
Бағызбаева  Мая  Мұхамед-Әлиқызы  (Михайловна)  1932  жылы 
Шымкент  қаласында  дүниеге  келген.  1954  жылы  Мәскеу  мемлекеттік 
университетін үздік бітіргеннен кейін еңбек жолын Шымкент педагогикалық 
институтында  орыс  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының  оқытушысы  болып 
бастады. 
     1961-
1963  жж.  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  орыс  фольклоры 
кафедрасы  бойынша  аспирантурада  оқып,  1963  жылы  филология 
ғылымының кандидаты  болды. 
      
1963  жылдан  өмірінің  соңына  дейін  Қазақ  мемлекеттік  университетінде 
(қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті)  аға  оқытушы, 
доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті.  
    
М.Бағызбаева  орыс  халқының  сөз  өнерін  зерттеуге  зор  үлес  қосты. 
Қазақстандағы орыс  фольклорын жинау, жүйелеу және зерттеу тұрғысында 
100-
ден  астам  ғылыми  еңбектер  жазып,  Қазақстандағы  орыс  ауыз  әдебиеті 
үлгілерін бірнеше том етіп дайындап, баспадан шығарды, оқулықтар мен оқу 
құралдарын жазды.  
      
1985 жылы «Қазақстандағы орыс фольклорын зерттеу мәселелері» деген 
тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғады,  1990  жылы  оның  тікелей 
басқаруымен  филология  факультетінде  фольклортану  мәселесі  бойынша 
ғылыми-зерттеу  лабораториясы  құрылды.  Осы  лабораториямен  қоса  орыс 
және  шетел  әдебиеті  кафедрасын  басқара  жүріп,  ол  білікті  мамандар 
тәрбиеледі, 20-ға жуық ғылым кандидаттары мен  докторларын дайындады. 
Сөйтіп, Қазақстан ғылымында өзгеше ғылыми бағыттың негізін салды. 
      
М.Бағызбаева  Қазақстан  мәдениет  қоры  төралқасының  мүшесі,  Жоғары 
аттестациялық  комиссияның  Диссертациялық  кеңесінің  төрайымы  секілді 

61 
 
түрлі қоғамдық қызметтер атқарды. Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым және 
техника қайраткері. 
    
Еңбектері орыс тілінде жазылған. Ол туралы 2017 жылғы орыс тіліндегі 
атаулы даталар күнтізбегінен қараңыз. 
Ол туралы: 
      
Бағызбаева  Мая  Мұхамед-Әлиқызы  (1.5.1932-9.12.2000)  //Оңтүстік 
Қазақстан:  Энциклопедия.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 
редакциясы, 2005. – 124 б. 
     
Бағызбаева  Мая  Михайловна  (1.5.1932-9.12.2000)  //Қазақстан  ғылымы: 
Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2009. – 190 б. 
     
Бағызбаева  Майя  Михайловна  //Қазақ  әдебиеті:  Энциклопедия.  – 
Алматы: Білік, 1999. – 142 б.
 
     
Бағызбаева  Майя  Михайловна  //Қазақ  әдебиеті:  Энциклопедиялық 
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 106 б. 
      
Пірәлиева  Г.   Өмірбек  Жолдасбековтің  өмірлік  жары:  [филология 
ғылымдарының докторы, профессор Мая   Бағызбаева туралы] / Г. Пірәлиева 
// Жас Алаш. - 2012. - 6 наурыз. 
 
 
1 мамыр - Қазақстан халқының 
бірлігі күні 
          
Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын 
мереке.       Мереке  1996  жылдан  бастап  тойланады.  1995  жылдың  18 
қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы 
бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. 
      
Бұл  күн  мемлекеттік  мейрам  болып  табылады  және  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығына  сәйкес  1996 
жылдан бастап атап өтіліп келеді. 140-тан астам ұлт өкілі тұратын Қазақстан 
үшін бұл мереке дәстүрлі де маңызды мейрамдардың біріне айналды. Себебі 
Тәуелсіз  Қазақстанның  басты  жетістіктерінің  бірі  -  оны    мекен  еткен 
халықтардың арасындағы келісім мен еліміздегі тыныштық. 
     
Осы күні еліміздің барлық өңірлерінде театрландырылған қойылымдар,  
мерекелік концерттер, фестивальдар мен көпшілік шерулер өтеді. 
     
Бұл  күнді  еліміздің  басты  мерекесіне  айналдыру  идеясына  Мемлекет 
басшысы  Н.  Назарбаев  бастамашылық  жасаған  болатын.        Көптеген  
ұлттардың  ортақ  шаңырағына  айналған  Қазақстан  бейбітшілік  пен  келісім 
арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен 
дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе 
қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел 
иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас 
сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. 
Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын 
танытты.  Кеңестік  жүйе  қыспағымен  қазақ  даласын  паналаған  бөтен  жұрт 
осында  мәңгілік  тұрақтап  қалды.  Тәуелсіздік  тұсында  да  қырықжамаудай 
болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда 

62 
 
болуы  ықтимал  үлкен  қақтығыстар  алаңы»  ретінде  қазақ  даласын  меңзеген 
еді.  Алайда,  қазақ  халқының  даналығы,  кеңдігі  мен  сыйластығы  этностық 
тегіне,  әлеуметтік,  діни  және  де  шығу  тегіне  қарамай,  жаңа  мемлекеттің 
барша  азаматының  ұйысуына  себепші болды. 
     
 
Көпұлтты  Қазақстан  халқының  татулықпен,  бірлікпен  өмір  сүріп 
жатқаны  жайлы  танымдық  ойларын  дамытып,  барлық  ұлттардың  бір-бірін 
құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз 
бәріміз»  атты  тәрбие  сағатын  өткізуге  болады.  Тәрбие  сағатында  нақыл 
сөздерді,  көгершінді,  шарларды,  жалаушаларды  көрнекілік  ретінде 
қолданады. Сабақ екі бөлімнен тұрады: 1-бөлім - әдеби–монтаж. 2- бөлімде 
оқушылар  әр  ұлт  өкілдерінің  салт-дәстүрлері,  ұлттық  киімдері  мен  ұлттық 
тағамдарын көрсетеді және әр түрлі ұлттың биін билеп,  әндерін орындайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
         
Әбдіғаппарқызы  Б.   Нұрсұлтан  Назарбаев:  Ұлтты  біріктіруші  басты 
фактор - қазақ тілі: [Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 
ХХ сессиясына қатысып, сөз сөйледі] / Б. Әбдіғаппарқызы //Ана тілі. - 2013. - 
25 сәуір - 2 мамыр. 
       
Бөкен Ж.С. Қазақстан Халықтары Ассамблеясына 20 жыл / Ж. С. Бөкен   
// Орта мектеп жаршысы=Вестник средней школы. - 2016. - № 1. - 32-33б. 
         
Досболов  Ә.   Бақ  берерде  елге  ырыс  қонады:  [Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының ХХ сессиясы туралы] / Ә. Досболов //Егемен Қазақстан. - 
2013. - 
20 сәуір. 
        
Жанділдин  Ж.   Бойтұмардай  сақтайтын  мереке  1  мамыр:  [1  мамыр 
Қазақстан халқының бірлігі күні] / Ж. Жанділдин // Айқын. - 2014. - 1 мамыр. 
         
Жүсіпов  Б.   Қазақстан.  Этностар.  Музыкалық  мұралар  (Қазақстан 
халқының  көпұлтты  мәдениеті:  дәстүр  және  қазіргі  заман)  /  Б.  Жүсіпов           
// Егемен Қазақстан. - 2015. - 16 желтоқсан. 
       
Ибраева ААссамблея жылы - Қазақ елінің бірлігі жылы: [тәрбие сағаты] 

А. Ибраева // Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 
2015. - 
№ 3. - 34 б. 
        
Иманбаева  П.  1  мамыр  –  халықаралық  достық    үні  /П.Иманбаева              
//  Бейнелеу  өнері-Изобразительное  искусство,  музыка  и  черчение.  –  2013.  -  
№ 1. – 25-26 б. 
        
Құрманғали  А.   Ынтымақ  қайда  болса,  ырыс  сонда!:  [1  мамыр  - 
Қазақстан  халқының  бірлігі  күні]  /  А.  Құрманғали  //Заң  газеті.  -  2013.  -            
1 мамыр. 
       
Мансұров  Б.   Бейбітшілік  -  біздің  ортақ  еңбегіміздің  нәтижесі:  [2015  - 
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы] / Б. Мансұров //Егемен Қазақстан. - 
2015. - 
20 қаңтар. 
      
Менькова  Н.Ф.  1  мамыр  -  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  күні                       
/  Н.  Ф.  Менькова  //  Сынып  жетекшісінің  анықтамалығы=Справочник 
классного руководителя. - 2016. - № 3. - 45-47 б. 

63 
 
      
Молдахметұлы Ж.   Ассамблея - бірлік пен татулық айнасы: [Қазақстан 
халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл] / Ж. Молдахметұлы //Айқын. - 
2015. - 
19 наурыз. 
       
Назарбаев  Н.   «Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  бір  халық  -  бір  ел  -  бір 
тағдыр»: [Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзі]    
/ Н. Назарбаев // Ақиқат. - 2013. - № 5. - 5-9 б. 
         
Пермұхамбетова  Д.  Тіл  –  білім  мен  достықтың  кілті                                   
/ Д.Пермұхамбетова  //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 4. – 29-31 
       
Примжанова  А.  Қазақстан  халқы  ассамблеясына  20  жыл                              
/ А.Примжанова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. -2015 - № 3. -21-23 б. 
        
Самрат Ж.   Иә, солай! Иә, солай! Қазақ елі осындай!: [Астанада «Қазақ 
елі»  монументінің  алдында  1  мамыр  -  Қазақстан  халқының  бірлігі  күні 
мерекесі аталып өтті] / Ж. Самрат // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 мамыр

        
Тоғжанов  Е.   «Бірліктің  барар  жері  -  Мәңгілік  Ел»  :  [1  мамыр  - 
Қазақстан халқының бірлігі күні] / Е. Тоғжанов //Егемен Қазақстан. - 2013. - 
1 мамыр. 
         
Халмұрадов Р.   Халықтық дипломатия арқауы - Ассамблея: [Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  туралы]  /  Р.  Халмұрадов  //Астана  ақшамы.  -  2014.  -          
1 мамыр. 
         
Шегебай М.   Қазақстан халқы Ассамблеясы: этносаралық үнқатысудың 
ұтымды  ұйымы:  [Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХХ  сессиясы]                
/
М. Шегебай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 16 сәуір. 
        
Ырыс алды ынтымақ. Астанада, еліміздің өзге өңірлерінде, Қазақстан 
халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған салтанатты рәсім болып 
өтті  // Егемен Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан. 
 
7 мамыр  -  
Отан қорғаушылар күні 
          
1991  жылы  25  қазанда  Қазақстан  Президентінің  Жарлығымен  Қазақ 
КСР-ң  мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  құрылды.  Кейін  республиканың 
қорғаныс  мәселелерін  толық  түрде  жеке  шешуге  көшуіне  байланысты 
қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып 
қайта  құрылды.  1992  жылдың  7  мамырында  тәуелсіз  елдің  заңдық 
құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы 
мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығы  шықты.  Бұл  Жарлық  бойынша,  Қазақстан 
аумағына  орналасқан  Қарулы  Күштер   өздерінің  мүліктерімен  қоса, 
республиканың  қарауына  өтті.  Жоғарғы  Бас  Қолбасшы  ретінде  Қарулы 
Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс 
ісімен  тікелей  шұғылданатын  алғашқы  Қорғаныс  министрі  болып  генерал-
полковник  С.Нұрмағанбетов  тағайындалды.  Бұл  күн  Қазақстан 
Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан 
«7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. 

64 
 
      
Аталған  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы 
күштері  мен  әскери-теңіз  күштерінің  бас  штабтары  бекітілді.  Аэроұтқыр 
күштерге  Жоғарғы  Бас  қолбасшының резерві  құзыры берілді.  2001  жылдан 
Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. 
       
Бүгінгі  күні  Қазақстан  өз  азаматтарының  әскери  қызмет  атқаруының 
жағдайы  мен  тәртібін  дербес  анықтайды,  өз  аумағында  әскерлердің,  қару–
жарақтың  және  техниканың  орналасу  мәселесін  шешеді.  Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Күштеріне  жалпы  мақсаттағы  күштер,  әуе-
қорғаныс  күштері,  мемлекеттік  шекараны  қорғау  күштері  және  де  ұлттық 
гвардия  мен  ішкі  әскерлер  кіреді.  Өз  кезегіне  қарай,  қарулы  күштер  түрлі 
бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 
      
Мектептерде  бұл  мереке  қарсаңында  көптеген  іс-шаралар  өтеді. 
Оқушыларды  Қазақстан  Қарулы  Күштерімен  таныстырып,  олардың  қандай 
түрлері бар екенін түсіндіру  мақсатында әр сыныпта тәрбие сағатын өткізу 
керек. Сонымен бірге осы күнге лайықты басқа да  шаралар ұйымдастыруға 
болады.  Атап  айтсақ,  5-8  сынып  оқушылары  арасында  «Қауіпсіз  дөңгелек» 
атты  әскери-спорттық  жарыстар  болса,  9-11  сыныптар  арасында  «Саптық 
байқау» жарыстары өтеді. Сонымен қатар патриоттық әндерден мектепішілік 
байқау ұйымдастыруға болады. 9-11 сынып оқушыларының «Саптық байқау» 
жарыстарында  оқушылар  әскери  киімдер  киіп,  өздерінің  ұрандарын  және 
патриоттық әнді сап түзей жүріп айтып шығады. Одан кейін әртүрлі әскери 
жаттығулардан жарыстарға қатысады.  
ӘДЕБИЕТТЕР: 
       
Аймуханов  Б.Қ.   Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушыларды 
отансүйгіштікке  тәрбиелеу  /  Б.  Қ.  Аймуханов  //Алғашқы  әскери 
дайындық.Өмір  қауіпсіздігі  негіздері=Начальная  военная  подготовка. 
Основы безопасности жизнедеятельности. - 2014. - № 1. - 5-6 б. 
        
Алтынбаев  М.   Мұхтар  Алтынбаев:  Қысқа  мерзім  ішінде  қарулы 
күштерімізді  құра  алдық:  [Отан  қорғаушылар  күніне  орай  Армия  генералы 
М.Алтынбаевпен  сұхбат]  /әңгімелескен  А.Қалжанов  /  М.  Алтынбаев 
// Астана ақшамы. - 2014. - 6 мамыр. 
      
Әлжанова  Ж.Т.   «Бүгінгі  ұландар  -  ертеңгі  ел  қорғаушылар»:  тәрбие 
сағаты: [7-мамыр - Қазақстан қарулы күштерінің туған күн] / Ж. Т. Әлжанова 
//  Внеклассная  работа  в  школах  Казахстана=Қазақстан  мектептеріндегі 
сыныптан тыс жұмыс. - 2015. - № 2. - 33-б. 
       
 
Балқыбекова  Б.П.   «Отан  қорғау  -  азаматтық  борышың»:  [7  мамыр 
Ұландар  күніне  арналған  кеш]  /  Б.  П.  Балқыбекова  //Қазақ  тілі  Қазақстан 
мектебінде=Казахский язык в казахстанской школе. - 2013. - № 4. - 48-49 б. 
     
Джамалбаев  М.С.   Сыныптан тыс әскери-патриоттық жұмыс тәжірибесі    
/  М.  С.  Джамалбаев  //Алғашқы  әскери  дайындық.  Өмір  қауіпсіздігі 
негіздері=Начальная 
военная 
подготовка. 
Основы 
безопасности 
жизнедеятельности. - 2015. - № 3. - 25 б. 

65 
 
      
Еділқызы  Л.   Еліміздің әскери әлеуеті мен айбынын айшықтаған парад: 
[7  мамыр  -  Отан  қорғаушы  күніне  арналған  әскери  парад]  /  Л.  Еділқызы, 
Д.Бітікова // Егемен Қазақстан. - 2014. - 8 мамыр. 
       
Ескендір Қ.   Армиямыз - айбынымыз!. Тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш 
жауынгерлік шеру Отан қорғау сенімді қолда екенін көрсетті: [7 мамыр Отан 
қорғаушы  күніне  орай  өткізілген  тұңғыш  жауынгерлдік  шеру  туралы]             
/ Қ. Ескендір // Егемен Қазақстан. - 2013. - 8 мамыр. 
       
Жолдыбай  О.   Армия  сақадай-сай  болуға  тиіс.  7  мамыр  күні  Астанада 
Отан  қорғаушылар  күніне  арналған  әскери  шеру  өтті  /  О.  Жолдыбай 
// Президент және халық. - 2014. - 9 мамыр. 
      
Жугунисова А.А.   Патриоттық тәрбие - уақыт талабы / А. А. Жугунисова 
// Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері=Начальная военная 
подготовка. Основы безопасности жизнедеятельности. - 2015. - № 5-6. - 9-10 
б.
 
      
Қабиев П.Ғ.   Ерлікке тағзым ету - ұрпақ парызы: [автор өзінің «Ерлікке 
тағзым  ету  -  ұрпақ  парызы»  атты  Ерлік  сабағын  ұсынады]  /  П.  Ғ.  Қабиев 
// Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері=Начальная военная 
подготовка. Основы безопасности жизнедеятельности. - 2015. - № 4. - 8-12 б.
 
      
Қарасаева  Р.  Бауыржан  -  байтақ  елдің  өр  намысы:  [атты  әлем  халқына 
аңыз  болып  тараған  қазақ  елінің  ақиық  қыраны  Бауыржан  Момышұлы  
туралы] / Р. Қарасаева // Тәрбие құралы. - 2016. - № 2. 12-18 б. 
     
Маликова К.Д.  «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым».(Кеңес әскерлерінің Ауған 
жерінен шығарылған күніне арналған Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу) 
/  К.  Д.  Маликова  //Қазақстан  мектебіндегі  басқарушы  =Администратор  в 
казахской школе. - 2016. - № 1. - 50-52 б. 
      
Мәмбетқазиев Қ.   Айбынды әскер - Тәуелсіздік тірегі: [Отан қорғаушы 
күні] / Қ. Мәмбетқазиев // Президент және халық. - 2013. - 9 мамыр. 
      
Мықты армия - мықты Қазақстан!:  [7 мамыр - Отан қорғаушы күні] 
// Егемен Қазақстан. - 2013. - 9 мамыр. 
      
Нәлібаев Б.   Әскеріміз - айбынымыз: [7 мамырда Астанада өткен әскери 
шеру туралы] / Б. Нәлібаев // Ана тілі. - 2014. - 15-21 мамыр. 
    
Оспанқұлов Е.Е.   Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жарғылары 
туралы  ұғым  /  Е.  Е.  Оспанқұлов//  Алғашқы  әскери  дайындық.  Өмір 
қауіпсіздігі  негіздері=Начальная  военная  подготовка.  Основы  безопасности 
жизнедеятельности. - 2016. - № 1. - 5-6 б.
 
      
Самрат Ж.   Еңбек пен ерлікке лайықты баға: [7 мамыр - Отан қорғаушы 
күніне орай Елбасы айрықша көзге түскен бір топ әскери, құқық қорғау және 
арнайы  қызметтер  қызметкерлеріне  мемлекеттік  наградалар  тапсырды]            
/ Ж. Самрат // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 мамыр. 
       
Төлеуова  А.Т.   «Жігіт  сұлтаны»  (Астананың  15  жылдық  мерейтойына 
және  Отан  қорғаушылар  күніне  орай  ұйымдастырылған  өнер  сайысының 
сценарийі) / А. Т. Төлеуова  //Отбасы және балабақша. - 2013. - № 4. - 13-16 б. 
 
 

66 
 
9 мамыр - Жеңіс күні 
           1941—1945-
жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн. адам, 
соның ішінде 1,5 млн. қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 
бен  50  жас  аралығындағы  ересектердің  70  пайызы.  Ұрыстардың  алғы 
шебінде  Қазақстаннан  жіберілген  23  бірлестік,  50  шақты  полктар  мен 
батальондар  шайқасты.  Қазақстандықтар  Мәскеу  мен  Ленинградты  жанын 
қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге 
атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. 
      
Ондаған  мың  қазақстандық  ерен  еңбегі  мен  ерліктері  үшін 
марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт 
адам  бұл  атаққа  екі  мәрте  ие  болды,  142  адам  Даңқ  орденінің  толық 
жинағының иегері атанды.  
     
Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстандықтардың  ерен  ерлігімен 
таныстыру,  адамгершілік  қасиеттерді  бойларына  сіңіру,  Отансүйгіштікке 
тәрбиелеу  мақсатында  мектеп  қабырғасында  көптеген  мерекелік  шаралар 
өтіледі.  Солардың  бірі  «Ер есімі  –  ел  есінде»  атты  тәрбие  сағатын өткізуге 
болады. Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, сыныпты гүлмен, 
шармен, жалаулармен безендіруге болады. Барысы: 1.Жеңіс күніне арналған 
өлеңдер  мен  қанатты  сөздер.  2.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  қазақ 
батырларының ерлігі және жеңіс туралы әндер айтылып, билер биленеді.    
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      
Бұлқышев  Б.  Адамзатқа  хат.Шығармалар  жинағы.  Ұлы  Отан  соғысы 
жеңісіне 60 жыл /Б.Бұлқышев. – Алматы: Санат, 2005. -208 б. 
      
Жұмағалиев  Б.  Қазақтар  Ленинград  майданында  /  Б.Жұмағалиев.  – 
Астана: Елорда, 2005. – 184 б. 
      
Көлбаев  Т.  Бәрі  де  майдан  үшан,  бәрі  де  жеңіс  үшін!  /Т.Көлбаев.  -  
Алматы:  Асыл сөз, 2015. – 384 б. 
      
Қазақ  жауынгері  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  (тарихи–құжаттық 
зерттеу). – Алматы:Өнер, 2010. – 640 б. 
     
Қайсенов Қ. Жау тылында /Қ.Қайсенов. – Алматы: Санат, 2005. – 288 б. 
      
Момышұлы  Б.  Соғыс  қателікті  кешірмейді  /Б.Момышұлы.  -  Алматы: 
Өнер, 2009. – 304 б. 
     
Момышұлы  Б.  Алыстан  сәлем  жолдаймын  /Б.Момышұлы.  –  Алматы: 
Өнер, 2010. – 200 б. 
    
Сейітов С.  Майдангер көзімен /С.Сейітов. – Алматы: Санат, 2005. – 208 б. 
*     *     * 
         
Айбекова А.  Шығыстың қос жұлдызы - Мәншүк пен Әлия:[салтанатты 
кештің  сценарийі]  /  А.  Айбекова  //Мектептегі  мерекелер:  тәрбие 
жұмыстарының сценарийлері. - 2016. - № 2. -20-22 б. 
       
Абдрасилова  Б.А.   Қаһарман  батыр  ұстаздар  (Ұлы  жеңіске  -  70  жыл)                               
/  Б.  А.  Абдрасилова  //Білім  берудегі  менеджмент=Менеджмент  в 
образовании. - 2015. - № 1. - 116-119 б. 

67 
 
      
Алпартегі  Ж. «Марсқа» қатысқан қазақ бригадасы: [Ржев қаласының 
маңында  соғысқан  бригададағы  қазақ  жауынгерлерінің  ерлігі  туралы]             
/ Ж.Алпартегі // Айқын. – 2014. – 1 мамыр 
        
Аупбаев  Ж.   «Қара  қабылан».  Соғыс  кезінде  немістер  барлаушы 
Мұхамеджан  Бәйтеновті  осылай  деп  атап  кетіп  еді.  /Ж.  Аупбаев 
// Егемен Қазақстан. - 2015. - 22 сәуір. 
       
Аупбаев Ж.   Ресейдегі қазақ батырлары: [Ұлы Отан соғысына қатысқан 
ресейлік  қазақтар  туралы]  /  Ж.  Аупбаев  //Егемен  Қазақстан.  -  2015.  -  21 
қаңтар; 22 қаңтар. 
         
Ахметова Ғ. Отан үшін от кешкен – ару қыздар: [Ұлы Отан соғысында 
ерлік көрсеткен батыр қыздар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,  Хиуаз 
Доспанова,  Рахила  Ералина,  Әкима  Ақжолаева  туралы  сахналық  көрініс]         
/ Ғ.Ахметова //Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 
2014. - 
№ 5. – 4-7 б. 
        
Әбішева  Т.   Майдандағы  қазақ  арулары:[Ұлы  Отан  соғысына  тарихи 
деректер  бойынша  Қазақстаннан  5183  қыз-келіншек  аттанған.  Ерлік 
көрсеткен батыр қыздарымыз, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк 
Мәметова, Шәрипа Тұрымбетова, Халима Өзбақанова туралы] / Т. Әбішева 
// Президент және халық. - 2015. - 27 наурыз. 
       
Әлімжан  Е.   Бауыржан  Момышұлы  кім?.Бұл  сұрақтың  толыққанды 
жауабын  беретін  уақыт  жетті  /  Е.  Әлімжан  //  Егемен  Қазақстан.  -  2014.  -          
9 қаңтар. 
             
Домбай  Н.   «Ана  аты  бәрінен  қымбат»:  [Ұлы  Отан  соғысының 
батыры, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы баласы Ерболат Әміров 
әңгімелейді] / Н. Домбай  //Ана тілі. - 2015. - 5-11 наурыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет