Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Автоматтандырылған ақпарттық жүйе (ақпараттық жүйе)



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Автоматтандырылған ақпарттық жүйе (ақпараттық жүйе)
ақпараттың 
енгізілуімен, жіберілуімен, сақталуымен, өңделуімен жəне ұсынылуымен қам-
тамасыз ететін техникалық жəне бағ дарламалық құрал дар, сонымен қатар, олармен 
жұмыс істейтін пайдаланушылар жиыны.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер (ААЖ) 
– интерактивті режимде жұмыс 
істейтін жəне пайдаланушыларды анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз ететін ав-
томатты жүйелер.
Ақпараттық-басқарушылық жүйелер (АБЖ) 
– ұйымды, кə сіп орынды, сала-
ны т.б. басқару кезінде қажетті ақпаратты жинау жəне өңдеу жүйелері.
Ақпараттық-іздеу жүйесі (АІЖ)
– негізгі мақсаты əдетте түрлі қашық жерлер-
ге таратыла орналастырылған түрлі деректер базасында, түрлі есептеу жүйелерінде 
қамтылатын ақпаратты іздеу.
Алгоритмдік құрылым.
Ол қолданылатын алгоритмдер жиын 
тығы мен 
олардың бөлшектеу реттілігін көрсетеді, бұл кейіннен бағдарламалық жасақтаманы 
құруға өтуге мүмкіндік береді.
Басқару органы (БО)
таңдалған мақсатқа сəйкес басқару нысаны эле-
менттерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Басқару үрдісі 
басқару нысаны мен басқару органының өзара əре кеттестігі 
негізінде жүзеге асырылады.
БЖ құру жүйелері
– бағдарламалық жасақтаманы арнайы бағ дарлама лау тілінде 
жасақтау үшін арналған бағдарламалық кешендер (мысалы, С, Object Pascal, Java). 
Бір бағдарламалық режим есептеуіш жүйелердің барлық ресурстары бір тапсырма-
ны басынан бастап аяқталуына дейін ше шу үшін қолданылатын кезде орын алады.
Деректер базасын басқару жүйелері 
– деректер базасын (элек трондық ақпарат 
сақтау орны) құру, толтыру, жаңарту жəне жоюға арналған бағдар ламалық құрал.
Деректерді өңдеу жүйелеріне (ДӨЖ) 
негізгі қызметі үлкен көлемдегі 
деректерді өңдеу жəне мұрағаттау болып табылатын ақпараттық жүйелер сыныбы 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет