Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Кәнизак – сарайдағы қызметші әйелдер.


139
Ғұн ханшайымдары
және Көк Бөрі
ұн елінің көсемінің ай десе аузы, күн десе көзі бар, әлемде 
теңдесі жоқ екі қызы болыпты. Көсем сол қыздарына жер бе-
тінде ешбір адам жар болуға лайық емес деп, оларды Көк 
Тәңіріне атағанын айтады. Билеуші екі қызына шаһардан жырақ 
жерден арнайы қорған тұрғызып, екі қызын сол қорғанға апарып
тастайды да, Тәңірге жалынып, оларды өзіне әкетуін өтінеді. 
Сөйтіп, екі қыз әлгі қорғанда ешбір адамның көзіне түспей өмір 
сүріп жатады.
Бірде қорғанның түбінен Көк Бөрі апан қазып, қыздардың 
жатқан жерінен тесіп шығады. Мұны көрген көсемнің кіші қызы:
– Бізді ата-анамыз Көк Тәңіріне атап, осынау қапасқа қамады, 
бірақ Тәңірдің еркімен бізге Бөрі келді. Мүмкін, оның осы келісі 
біздің болашағымыздың бақытты болуының белгісі шығар, – деп 
сұлу қыз Бөрімен жұптасып, бірге кетпек болады.
Сонда үлкен әпкесі сіңлісінің сөзінен қатты шошынып:
– Қарабет, ол не дегенің, сені ата-анамыз адамға қимағанда, 
өзіңді мақұлыққа қиып, сүйекке таңба салғалы тұрсың ба? – деп 
сіңлісінің Көк Бөрімен көңіл қоспақ ниетіне үзілді-кесілді қарсы 
болады.
Бірақ сіңлісі әпкесін тыңдамайды. Ол Бөрімен көңіл қосып, 
одан ұл табады. Олардың тұқымдары тез өседі. Тіпті, тез өскені сон-
ша, бірнеше жүздеген жылдардан соң олар үлкен мемлекетке айна-
лады. Сондықтан да бұл елде ән айтқанда созып, Бөрінің ұлығаны 
сияқты орындағанды жақсы көреді.



141
Ғұндар тәңірқұты мен
үйсін ханзадасы
йсін мемлекетінің батыс шекарасы хун шекарасымен 
қабысып жатқан. Жауынгер хундар үйсіндерге тарпа бас са-
лып, көршілерін жаулап алады. Халқын түгелдей, соның 
ішінде, көсемі мен оның әйелдерін де қырып тастайды. Тек үйсін 
көсемінің ұлы Кун-Мо ғана тірі қалады, ол әлі мүлдем жас сәби 
болатын. Хун қолбасшысы кішкентай ханзаданы өлтірткізбей, 
аяушылық жасайды, бірақ оны құтқарып та жатпады. Ол нәрестені 
шалғын шөпке тастап, тағдырдың еркіне қалдырады.
Бала даланы басына көтеріп жылайды. Жылаған дауысты естіп, 
қарға ұшып келіп, піскен ет әкеліп береді. Бала оны жеп алады. 
Хун қолбасшысы мұны көріп, қатты таңырқайды. Әлгі ұл өзеннің 
жағасына дейін еңбектеп барып еді, ол жерден оны жақында 
күшіктеп, емшегін сүт кернеген қаншық қасқыр байқап қалады. 
Қасқыр жүгіріп келіп, бала тойынғанша емізеді. Хун қолбасшысы 
бұл сәбиді құдайлар желеп-жебейтінін, аң-құстар оны өлтірмей 
бағатынын түсініп, кішкентай ханзаданы өзімен бірге ала кетеді де, 
ұлындай тәрбиелейді.
Бала ерен күшті әрі ержүрек жауынгер болып өседі. Алғашында 
хундар көсемі оны жүз жігітке басшы қылып қояды. Жас жігіт 
шайқастарда өзін батыл әрі тапқыр сарбаз һәм сардар ретінде та-
нытады. Өзінің алғырлығының арқасында өзі құралпы жігіттердің 
арасынан дара шыққаны сонша, хундардың билеушісі оны, баяғы 
әкесі сияқты, үйсін жұртының патшасы етіп тағайындайды. Осы-
лайша, құдайдың рақымы түскен ханзада Кун-Мо заңды түрде өз 
халқы – үйсіндердің патшасы болды.


Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун)
империясы Солтүстік және Оңтүстік
болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап
ол ыдырап, әлсірей берді, ақыры, құрып
тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон
мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол
енді Ұлы Түркі қағанаты деп аталды.
Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар,
оғыздар, қарахандар, қыпшақтар ХV
ғасырдың 1468 – 1470 жылдары Қазақ
хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта
өз мемлекеттерінің негізін қалады.
Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалық
одақтар қазақтардың ата-бабалары
болып табылады.
Ежелгі
түркілердің
мифтері


143
«Ергенекөн» қиссасы және
қаншық қасқыр ұрпақтары
ргенекөн (Ергенекүн, Эргене күн, Еркіне көн, Еркінді күн) 
Көк түркілері дәуіріндегі аса құнды әдебиет ескерткіштері-
нің бірі болып табылатыны еш күмәнсіз. 
«Ергенекөн» сөзінің өзі жағрапиялық ұғым ретінде ХІІІ ғасырда, 
Шыңғыс хан билеген заманда пайдаланыла бастады. Монғол тілінен 
аударатын болсақ, «ергенек» – тік, құлама, қия, ал «көн» – жартас. 
Сонда бұл «тік жартас», «қия шың» болып шығады.
Бұл қиссаның бірнеше нұсқалары белгілі. Мысалы, Орта Азия-
да кең таралған аңызда түркілер өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз 
(«Ашинаның ұлдары») дейді. Ал монғолдар қисса мазмұнының 
өздеріне тек жанама ғана қатысы болғандықтан, «Ергенекөнді» та-
рихи негізі жоқ, жай аңыз деп есептейді.* 
Түркілермен араласып-құраласқанға дейін Шығыс Сібір мен 
Алтайда тұрған халықтар темірді пайдалануды білмеді. Ал, Көк 
түркілері темірді және басқа металдарды баяғының баяғы за-
мандарынан бері қорытып келген. «Ергенекөн» қиссасының ескі 
мәтінінде нақ осы жайында айтылған. Өкінішке орай, қиссаның 
әуелгі, өлеңдік нұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізде оның 
тек қара сөзбен айтылған мазмұны ғана бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет