Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Б.д.д. IV – III ғғ. қытай жылнамаларының авторлары көшпелілерді 
нақ осылай қабылдады. 


133


сазгер, гимнаст, мерген садақшы, шипагер емші және сәуегей 
болған. Өзінің шәкірттерін алуан ғылымға үйретіп қоймай, оларды 
нағыз жауынгерлік машықтарға баулыды.
Бірде Геракл мен Хирон керісіп қалып, қиян-кескі шайқасқа 
түседі. Геракл улы жебемен кентаврды ұшырып түсіреді. Бірақ 
дана шипагер өзінің жарасын кәдімгі көктікен деген гүлмен ем-
деп жазады. Сол кезден бері көктікен кентавр гүлі деп есептеледі.
Кентаврдың мифологиялық бейнесі тек гректердің өнер ту-
ындыларында ғана неше түрлі мүсіндер, бейнелер мен сурет-
тер түрінде сомдалып қоймай, жаратылыс ғылымдарында да, 
атап айтқанда, жұлдыздар жайындағы ғылым – астрономия-
да да көрініс тапты. Жұлдызды аспанның солтүстік жарты ша-
рында Кентавр шоқжұлдызы бар. Ал үш-төрт жарық жылы 
қашықтығында тұрған, біздің Күнге ең жақын жұлдыз Кентавр 
Альфасы деп аталады.
Осылайша, ежелгі гректердің «Кентавр жайлы мифінде» 
қорқынышты әрі жұмбақ, сонысымен өзіне тартатын сақара 
сарбазының бейнесі құпияланып таңбаланады. Салт атты адам 
– күн батарда көрінетін сұлба – астрологиялық әдебиетте Мерген 
белгісімен тіркелген Кентавр.


Ғұндардың діні 
мен
мифологиясы
Ғұндар – бір замандарда
Азия мен Шығыс Еуропаны
мекендеген аса байырғы
халықтардың бірі.
Хундар (ғұндар) үлкенді-
кішілі бірнеше мемлекет
құрған. Солардың ішінде
тарихта зор із қалдырған
ең үлкен һәм ең белгілі екі
империя мәлім.


136
Ғұндар мемлекеті
Ғұндар үлкенді-кішілі бірнеше мемлекет құрған. Солардың 
ішінде тарихта зор із қалдырған ең үлкен һәм ең белгілі екі импе-
рия мәлім. Оның бірі – қытайлар шаньюй Туман деп атаған Тұман 
(Туман, Теоман жабғу) құрған мемлекет. Тұман (Бумын) б.д.д. 209 
жылы дүние салған. Оның кезінде хун мемлекеті біршама әлсіреді, 
есесіне оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мао Дунь) «Хундардың ұлы 
империясын» құрып, б.д.д. 209 – 176-шы жылдарда билеп тұрды. 
Екінші империя – Аттиланың (Еділ патша) империясы. Оның зама-
нында ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейінгі байтақ жерді 
мекендеген халықтарға иелік етті, ол мемлекет «Хундардың батыс 
империясы» деп аталды.
Еуропалық оқымыстылар да, қытайлық ғалымдар да сол бір 
алыс заман көшпелілерін әртүрлі атаған. Әрбір ғасырда жылна-
машылар мен тарихшылар хундарға өздерінше ат қойып отырған. 
Ал қытайлар сол халыққа отыз екі түрлі атау таңған. Қазақтар мен 
басқа түркі халықтары оларды «хундар» деп атайды. 
Хун империясының оңтүстік шекарасы Ұлы қытай қорғаны-
ның бойымен өтіп, ұзындығы 5000 шақырымға созылған... Хун 
империясының шығыс шекарасы Сары теңізге дейін жеткен, солтүс-
тік шекарасы Байқал көлінде, батысы – Хазар (Каспий) теңізінде
межеленген. Бұл империя сол заман үшін ең ірі ел болған...
Хун мемлекетінде билікті мұрагерлік жолмен шешу берік 
ұстанған. Егер жазба жәдігерлерден белгілі алғашқы әмірші Тұ-
маннан бастап есептесек, Хун империясы Солтүстік және Оңтүстік 
болып бөлінетін б.д.д. 46 жылға дейін билік басында 22 қаған болған 
екен. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған «Хундардың батыс 
империясының» императоры Аттила өзін Құдай текті Мөденің 
ұрпағымын деп білген.
Хундарда ер адамдар шеттерінен жауынгер болған. Бейбіт 
уақытта мал баққан, бидай еккен, қол өнерімен айналысқан. Олар 
әлемде темір, мыс, қола қорытумен шұғылданып, алтыннан және 


137
металдан түрлі бұйымдар мен әшкейлер жасаған. Олардың ішінде 
теңдессіз шеберлер болған. Хундар биік қабырғалармен қоршалған, 
гүлденген қалалар салған. 
Хундардың күнделікті өмірдегі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, 
киім үлгілері, азық-түліктері мен тағамдары, ел мен шаруашылықты 
басқару қағидалары қазақтардікімен толық сәйкеседі. Кеңкөлдегі, 
Пазарықтағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі 
археологиялық олжалар мен зерттеулер бұл пікірдің дұрыстығын 
дәлелдейді. Тіпті, біздің заманымызға дейін хундардың жазба 
мәдениеті болмаған деп есептеліп келді. Тастардағы Орхон-Енисей, Та-
лас, Есік сына жазуларының хундарға қатысы жоқ деген пікір басым 
болды. Ұлы түрколог Лев Николаевич Гумилевтің еңбектерінде: «245 
– 250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (Кампучияға) сапар 
шегіп, өз естеліктерінде мынадай жазба жасаған: «...Кампучиялық-
тарда кітаптар бар. Оларды архивтерде сақтайды. Кітаптардағы жазу 
хундардың жазуына ұқсайды», – деген хундарға қатысты айғақ бар». 
Егер хундардың жазуы болмаса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан 
жазуын немен салыстырар еді? Бұл сұраққа, сірә, біздің болашақтағы 
зерттеушілеріміз жауап беретін болар.
Ғұндардың наным-сенімдері
ұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата-бабалары-
мыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет-ғұрыптарды, неке 
мен азаматтық салт-дәстүрлерді түгел ұстанған.
Ғұндар көсемін тәңірқұт деп атаған. Ол «көк пен жерден туған, 
күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл 
сайын көктемде өздерінің «ата-бабаларына, көкке, жерге және 
аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге: 
таңертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі 
жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұн-
дардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну 
бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы – Тәңір 
болған. 


138
Көне пайымдар бойынша, аруақтар – адамдардың табиғатынан 
өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайыр-
садақамен көңілін аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті 
емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиян- 
кестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады.
Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы 
адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің 
жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік 
табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде 
мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет 
етуі үшін достары мен кәнизактарын* құрбандыққа шалған. 
Құрбандыққа адам шалудың осынау қатыгез ғұрпы тәңірқұтты 
немесе атақты бекзаданы о дүниеге шығарып салу рәсімімен шек-
телмейді. Жауынгерлерге де құрбандыққа ержүрек тұтқындар ша-
лынды. Аруақтар болашаққа сәуегейлік айтатын абыздар арқылы 
құрбандық талап етті.
Алыс елдерге жасаған жорықтары кезінде ғұндар Шығыс пен 
Батыстың түсініктерін саналарына қатар сіңіріп, оларды ерек-
ше үлгіде ұштастырды. Үндістаннан олар буддизм сипаттарын 
қабылдады, Еуропада христиандыққа құрметпен қарады. Мыса-
лы, Еуропа ғұндарының көсемі Аттиланы Мәңгілік қала – Римнің 
түбіне келгенде Рим Папасы Пий төртіншінің елшілігі тоқтатқан. 
Оның сөзін жерге тастамаған ғұндар көсемі өз сарбаздарын айналма 
жолмен әкетіп, қорғаныс қаланы тонатқызбаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет