Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
*Берел обасындағы сияқты, аттар неліктен ешкі мүйізді болып 
бейнеленген? Бұл да үлкен жұмбақтың бірі. Ертеде бірінші түн 
құқығына көсемдер ие болған. Яғни қалыңдыққа баратын бірінші 
түннің құқын күйеу тайпа көсеміне берген. Бұғылар табынында 
да осылай. Ондағы айғыр бұғы өзінің шамасы келмей жатса ғана, 
басқаларға үйірге түсуге рұқсат етеді. Еркек бұғының айбыны мүйіз 
болғандықтан, біздің заманымызда алданған бейбақтың көзіне шөп 
салынуын «мүйіз өсіру» түрінде келекелейді.


129
мүмкін емес. Егер қаза күтпеген жерден келсе, оның күнделікті 
өмірде мұндай киіммен жүрмейтінін ескерсек, онда ол өлгеннен 
кейін жасандырған барлық алтын заттарды жерлеу рәсіміне дейін-
гі үш-төрт күн аралығында дайындап шығу әсте бос қиял. Демек, 
«Алтын адамның» жерленетін киімін сақ зергерлері күні бұрын 
дайындаған және алтын киіммен жерленуі тиіс екенін біреу білген. 
Яғни әлдебір жас адамның осындай киіммен қабірге салынатыны 
жайында тек бір адам – тайпа көсемі ғана білуі мүмкін. Бұлай деп 
пайымдауға мынадай себептеріміз бар.
Әміршінің ұлын құрбандыққа шалу – көптеген көне халықтарда 
бар ғұрып. «Аңыз бойынша, швед королі Аун өзінің тоғыз ұлын Один 
құдайына құрбандыққа шалған. Екі ұлын құрбан шалғаннан кейін 
король Құдайдан жауап алады: оның ғұмыры әрбір тоғыз жыл сайын 
бір ұлдан құрбан шалып тұрғанға дейін жетеді екен. Жетінші ұлды 
құрбан шалатын уақытта Аунның әлсірегені сондай, оны серуенге 
көтеріп шығарып жүреді. Тоғызыншы ұлдың өлімінен соң, бір жасар 
нәресте сияқты, корольді тоғыз жыл бойы қолдан тамақтандырады. 
Ол енді соңғы ұлды құрбан шалмақ болады, алайда бұл тілегі жүзеге 
аспайды, оған қол астындағы халық кедергі жасайды. Сөйтіп Аун өледі. 
Оны Упсаладағы әулеттік қорымға жерлейді».*
Үлкен ұлды құрбандыққа шалу дәстүрімен байланысты алтын 
жүнді қошқар жайындағы аңыз бар.
Алос қаласын Атамант есімді патша билеген. Оның бірінші әйелі 
Нефеладан екі баласы: ұлы Фрикс пен қызы Гелла болыпты. Патша 
екінші рет Ино деген әйелге үйленеді. Өгей шеше өзінен тумаған ба-
лаларды суқаны сүймейді. Тек өз баласын тақ мұрагері ету үшін ол 
өгей балалардың көзін құртуға бекінеді... Сөйтіп, бидай егісі алдын-
да әйелдерді тұқымдық дәнді қуырып қоюға үгіттейді. Олар мұның 
айтқанын істейді. Қуырылған бидай шықпай, халық өнім ала алмай, 
елде аштық басталады. Патша дельфилік сәуегейге жұттың себебін 
*Д.Д.Фрэзэр, «Алтын бұтақ», М., 1986, 276-бет.


130
білуге кісі аттандырады. Қайтып келе жатқан жаушыны Ино алдап-
сулап айтқанына көндіреді. Жаушы абыздың жорамалын сұрқия 
әйелдің жауабымен ауыстырып, «Атамант бірінші некеден туған
балаларын құрбандыққа шалмайынша, ашаршылық тоқтамайды» 
деген хабар жеткізеді. Жауапты ести сала, Атамант қой бағып 
жүрген балаларын алып келуге әмір береді. Бірақ қой ішіндегі ал-
тын жүнді қошқарға адамша тіл бітіп, Фрикс пен Гелланы өздеріне 
төнген қауіптен сақтандырады. Олар қошқардың арқасына отырып, 
ел кезіп ұша жөнеледі. Теңіздің үстінен өтіп бара жатқан кезде Гелла 
биіктен қорқып, басы айналып, суға құлап кетеді. Фрикс Колхидаға 
жетеді. Мұнда ол патшаның қызына үйленеді. Өзін құтқарғаны үшін 
Зевс құдайға алтын жүнді қошқарды құрбандыққа шалады, алтын 
жүнді терісін патша қайын атасына тарту етеді. Ол оны қасиетті 
Арес тоғайында еменге қақтырып, күні-түні айдаһарға күзеттіріп 
қояды. 
Көріп отырғанымыздай, екі жағдайда да әңгіме тақ жолындағы 
құпия тартысқа тіреледі. Біріншісінде, патша-әке өз ұлдарына би-
лікті бергісі келмей, әртүрлі ізгілікті ниетті сылтау етіп, ұлдарын 
бірінен соң бірін құрбандыққа шалады. Екіншісінде, өгей шеше 
патшалық биліктің заңды мұрагерлерінің көзін жоюға тырысады. 
Осы оқиға желісі Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегісінде» 
қайталанған...
Адамды құрбанға шалу ғұрпы скифтер, сақтар, фракиялықтар 
мен дактарда ғана емес, бағзыдағы басқа да көптеген халықтарда 
болған. Мұндай рәсім Америка құрлығында ацтектер мен майялар, 
семиттерде де қолданылған. Осынау киелі құрбандар бүкіл ел мен 
халықты жау шапқыншылығынан, келешектегі ғаламат апаттар-
дан құтқарудың өтемі болған. Бірақ уақыт өте келе құрбандыққа 
адам шалу адамзат қоғамына қайшы деп танылып, жануарлар ша-
лына бастады. 
Бірақ нақ сол антикалық мифологиядан тағы бір білетін жайт 
бар. Аркадия патшасы Лаокоон мен оның елу ұлының арамзалығы 


131
жайындағы сыбысты тексермекші болған Зевс олардың үйіне дуана 
кейпінде келеді. Лаокоон мейманның Құдай тектілігін сезіп, соны 
тексеру үшін оған өз ұлының етін тартады... Қаһарланған Зевс дас-
тарқанды төңкеріп тастап, Лаокоонды ұлдарымен қоса жай оғымен 
жайратады.
Құрбанға адам шалу жорасы – көне салт. Нақ осы мифтің басқа 
нұсқасында, Зевстің қатты қаһарланғаны соншалық, ол жер бетін 
адамды құрбан шалу зұлматынан тазарту үшін топан су қаптатады.
Сонымен, «Алтын адамның» кім болғандығы жайындағы біздің 
мәліметтеріміз тым аз: құрбанға шалынған көсемнің ұлы ма, әлде 
басқа ма – анығы белгісіз. Бұл сұраққа біз қазір тұжырымды жауап 
бере алмаймыз.
Кентаврлар жайлы миф
ылқыны адамның осыдан үш мың жылдай уақыт бұрын 
қолға үйретіп, Азия мен Еуропада көлік және жүк тасу 
құралы ретінде пайдаланғаны мәлім. Христофор Колумб 
ашқанға дейін Америка құрлығында аттар болған жоқ... Ежелгі 
гректер мен мысырлықтар аттарды қос доңғалақты арбаларға жек-
ті. Олар атқа салт мінуді білмеді.
Бүгінде қолымызда бар археологиялық және палеографиялық 
жадығаттар мен деректерге жүгінсек, біздің дәуірімізге дейінгі адам-
дар мекендеген барлық белгілі жерлерде «салт аттының киімі» деген 
ұғым мүлдем болмаған. Ерлер де, әйелдер де ұзын етекті киім ки-
ген. Шалбарды, ең алдымен, салт атты адам киімінің қажетті бір 
бөлігі ретінде көшпелі малшылар ойлап тапқан. Оны әдемі болғанды-
ғы үшін емес, атқа мініп-түскенге ыңғайлы һәм қолайлы болғаны үшін 
киген. Алғашқыда бұл тікенек бұталардың арасымен жүргенде 
аяқты қорғайтын берік былғарыдан жасалған киім болған.
Ер-тұрман әбзелінің аяқ салуға арналған бөлігі – үзеңгінің 
шығуы етіктің жаңа нобайын ойлап табуға жол ашты. Үзеңгіге 
аяқты тіреу үшін үшкір тұмсықты, аяқ үзеңгіде тиянақты тұруы 


132
үшін биік өкшелі, балтырды қажамас үшін ұзын қонышты етік 
пайда болды.
Кентавр – мифологиялық бейне. Оның ежелгі грек әдебиеті мен 
өнерінде пайда болуы – ежелгі Эллада тұрғындарына құдды атпен 
тұтасып кеткен далалық адам бейнесінде көрінген сол замандағы 
ақиқаттың түсініксіз әрі ғажайып құбылысын санаға үйлесімді 
сіңіруі. 
Салт атты далалықтардың сипаттамасы мынадай: «Динлин 
патшалығы бар. Ондағы адамдардың тізесінен төмен жүн өседі, 
(олар) жылқы тұяқты, жаяу жүргенді ұнатпайды». «Тағы да онда 
жалбыр жүн басқан, жылқы аяқты батырлар бар. Бұлар Динлин 
елінің тұрғындары екен. Олар өз-өздерін аяқтарынан қамшымен 
сабалап, күзгі аспандағы жабайы қаздардай «га! га! га!» деп қиқу-
лап, сақарада желдей жүйткіп өтеді».*
Кентаврлардың (жартылай адам-жартылай ат) бейнелеріне, 
әсіресе, антикалық классикалық әдебиет пен өнер бай. Мифтер-
де кентаврлар құмарлыққа салынған, кепкен етпен қоректенетін 
дөрекі, хайуан кейпінде көрінеді. Олардың негізгі қаруы – ауыр 
шоқпарлар мен дұшпанға жойқын күшпен лақтыратын зор жартас 
сынықтары. Олар құдды грек өркениеті мен мәдениетіне дұшпан, 
дөкір күштің бейнесіндей болды. Сірә, Грекия мен Даланың алғаш 
беттесуі, белгісіздік пен таңғажайыптың алдындағы үрей осындай 
бейнелерді тудырған болар. Жануар терісінен жасалған киіммен 
жапан далада желдей жүйткіген салт аттыларды ежелгі жаяу грек-
тер басқаша пайымдай алмас еді. 
Бірақ уақыт өте келе дөрекі жануар бейнесі неғұрлым жұмсақ 
сипатқа ауысты.
Антикалық орта дәуірде кентавр мүлдем басқа кейіпте 
қабылданды. Мұнда кентаврлар көптеген атақты грек қаһарман-
дары мен батырларының – Ахиллестің, Леонның, Кастордың, 
Полидевкінің және Гераклдың ұстаздары ретінде танылды. Әсіресе, 
дана кентавр Хиронның аты жұртшылыққа кеңінен мәлім. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет