Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
*Үмбет – қызметші, бағынышты малай. 


182
Перілер – Көк періштелері
аулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен
қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан 
арулары ағындап ұшып жүреді. Кейде елсіз, жапан далада 
сырты күн сәулесімен жарқыраған, іші атлас, жібек кілемдермен, 
зерлі көрпелермен, алтын, күміс ыдыстармен жайнаған алтын ке-
регелі, күміс уықты ақ шаңқан киіз үйлерін тігіп, аял жасайды. 
Сондай сәттерінде олардың ән шырқап, ағаштардың арасында би 
билеп жүргенін аңшылар мен бақташылар да талай көрген.
Олар – аспанды мекен ететін Көк періштелері, пері қыздар.
Пері қыздардың сұлу болатыны сонша, олар жүрген жерінде 
айналасына нұр шашады, адамдардың жанын қуаныш, шаттыққа 
бөлейді екен. Сондықтан Көк періштелерін көргендер мәңгі ты-
ныштығынан, ұйқы, күлкісінен айырылып, күні-түні сондай 
сұлуды армандайды.
Жерде тіршілік ететін пәни дүниенің жігіттері арасында осын-
дай қанатты сұлу періштелердің махаббатына қол жеткізгендері 
де бар...
Перілерге үлде мен бүлдеге оранған, көзге көрінбейтін қызметші 
әйелдер қызмет етеді. Перілер сәуегейлік қасиетке ие. Сондай-ақ 
олар жануарлардың, құстардың кейпіне де ене алады. Әдетте, ерте 
ме, кеш пе, перілер өздерінің пәнилік күйеулерін тастап, бәрібір 
аспандағы тіршілігіне оралады.
Таң қаларлық жайт, Көк періштелері мен жердегі адамның ара-
сынан өрбіген балалар не ғажайып сұлу, көрікті келеді, не болма-
са олардың бойында тек сайтандық сұмдықтар ұштасады. Сөйтіп 
пері мен адамнан туған ұлдар, негізінен, есімдері аңыздар мен 
жырларда мәңгілік сақталған батырлар, ал, қыздар қарғыс атқан, 
түрі жаман, қорқынышты албастылар болатын көрінеді.


183
Көнаяқ – орман перісі
т мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, 
адам аяғы сирек басатын ми батпақтар арасында жауыз ор-
ман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді. Аяқтарының орнында 
қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп 
жатады екен.
Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан 
шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ 
сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған 
Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен 
байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап 
мініп жүреді.
Су перісі – Күлдіргіш
алалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай-салаларын-
да, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар 
– су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп 
атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс 
пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді. 
Ағаштардың жуан діңдерін аймалаған су ақырын ағып жатады. 
Қайраңды саланың мөлдір суында серке балықтардың шорши 
жүзгені жоғарыдан байқалып тұрады. Осындай аялы да саялы жер-
лерде қауіп бар деп ешкім ойламайды. Тұңғиықта, сарғыш қоңыр 
өзен балдырында Күлдіргіш жасырынатынын біле бермейді. Пері-
лер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып 
арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай берген-
де жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып, 
өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді.


184
Шимұрын
гер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын 
асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол 
жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт болуы мүмкін. 
Қаскөй шайтан оны дұрыс жолдан адастырып, милауыт тартпаға 
бастап, сөйтіп құртуға тырысады. Егер оның осылай шатастырмақ 
болғаны іске аспаса, ол кісінің құлағына қайдағы жоқты сыбыр-
лайды, келекелеп, қытықтап, күлдіреді. Шимұрын шайтанның бұл 
қылықтары жай, еріккеннің ермегі, алайда бұл аңғырт жолаушы-
ны үлкен жайсыздыққа ұрындыруы бек мүмкін.
Албасты
лбасты – су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албасты-
лар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жал-
быраған, емшегі арқасынан асып салбыраған ұсқынсыз әйел 
кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап 
отырады.
Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген 
нанымдар бар. Кейде көпене (үйілген шөп), ағаш немесе арбаға 
айнала қояды. Олардың аяқтары теріс қараған, құс табан немесе 
тұяқты болып келеді. Кейбіреулерінің маңдайында жалғыз көзі, 
тас немесе қызыл жез мұрны, қолдарында өткір тырнақтары бар. 
Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады. 
Олардың қолында әрқашан да сиқырлы кітап, тарақ, күміс теңге 
жүреді. Албастының күйеуі – әзәзіл Теміртөс сайтан. Ол – орман-
ды мекендейтін пері.
Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, ауруға шалдық-
тырады. Әсіресе, жас босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге 
өш. Ол жас босанған әйелдің жүрегі мен өкпесін ұрлап алып, суға 
жүгіреді екен. Оларды суға салса, әйел өліп қалатын көрінеді. 
Албасты – өз құрбандарының қанын ішетін қансорғыш. 
Жылқыны жақсы көреді, түнде мініп, жалдарын шимай-шатпақ 


185
қылып өріп тастайды. Албасты жалғызілікті адаммен немесе 
аңшылармен бірге тұрып, оларға сәттілік әкеледі, өзінің сүтін 
ішкізіп, қабырғасынан кесіп алған етін жегізеді.
Адам албастыны бағындыруы үшін оның үстінен бір тал 
қылшығын немесе бір затын, сиқырлы кітабын, тарағын не бол-
маса теңгесін қолына түсіруі керек. Сондай-ақ оған айтқанын 
істеткізу үшін киіміне ине шаншыса да болады, сонда адам не 
қаласа, албасты соны орындайды.
Тейран
ара пері Тейран артынан қарасаң адамға ұқсайды, оны 
кәдімгі жолаушы екен деп қаласың. Бірақ бұрылып қара-
уы мұң, ұсқынын көріп зәрең ұшады. Оның басы дөңбектей, 
жалғыз ғана аяғы бар, бір көзінен қан сорғалап, екінші көзінен 
су тамшылап тұрады. Басында бір шөкім шашы бар, алайда, сол 
шашы ғаламат сиқыр, қасиетке ие.
Тейран адамға түрлі ауру-сырқау, кесір-кесапат, тіпті, өлім де 
жібере алады. Әйткенмен, осы қара дәуперімен түнде жапан түзде 
жалғыз өзі жолығуға тәуекел еткен, байлыққа құштар батылдар да 
табылған. Мұндай адам елсізге келіп, ұсақ тастарды жинап алып, 
«Мынау – сенікі, мынау – менікі» деп күбірлей сөйлеп, оларды 
екі жерге үйеді. Қараңғыда адам тас емес, дәндерді бөліп отыр 
екен деп ойлап қалған Тейран жақын келіп, үймелерге үңілгенде, 
әлгі батыл кісі оның басындағы бір шөкім жирен шашын шапшаң 
қимылдап, жұлып алуы тиіс.
Тейран шашсыз, өзінің сиқыр құдіретінсіз жүре алмайды. Ол 
жалынып-жалбарынып, жылап, шашын қайтаруды сұрайды. Сон-
да адам шаштың қарымтасына қажетінше алтын мен күміс талап 
етеді. Тейран оған қалағанын қолма-қол беріп, өзінің шашының 
өтеуін төлеп, қайтып алып, шүберекпен басын орап, тұрған же-
рінде жата кетеді. Содан соң Тейран біресе даусын шығарып, бі-
ресе сыбырлап, біресе тез, біресе баяу, түсініксіз сөздерді айта 
бастайды. Қазынаны алған пысық үшін ең бастысы – дәуперіден 


186
Жезтырнақ
аулаққа қашып үлгеру. Өйткені, егер ол Тейранның тым құрыса 
бір сөзін ұғып қалса, бірден жан тәсілім етеді, алтыны да, басқасы 
да құтқармайды.
езтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу
жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ 
ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. 
Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. 
Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтар-
ды айламен жеңеді.
Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас 
келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келге-
ні баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ 
жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап 
әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың 
қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын 
оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, 
бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. 
Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
Обыр
ауыз пері обыр түнде молаларды кезіп, өлген кісілердің
мәйіттерін қазып жейді. Көбіне-көп обыр – қаусаған өлмелі
кемпір. Ол қараңғы түнде келіп, тауықтың жұмыртқасын 
ұрлайды, сиырдың сүтін еміп қояды, қорада тұрған малды айдап 
әкетеді. Кейде обыр ұйықтап жатқан адамдардың қанын соратын 
қансорғыш қара мысыққа айналады. Зұлым адамның жаны обыр 
болады. Ол тыншымай, адамдардың зәре-құтын алып, берекесін 
қашырады.


187
Мыстан кемпір немесе
Жалмауыз кемпір
сқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық
жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде
тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты 
патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен 
бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің, 
Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді.
Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық. 
Оның жеті басы болады.
Кейде Жалмауыз кемпір батырлардың қамқоры, оған ерлік 
жасауға көмектесетін мейірімді мыстан кейпінде көрінеді. Бұл 
әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кеше-
ді. Алба-жұлба киінеді.
Момо – мама
омо – мама (әже, орыстың «мама», яғни шеше дегенімен
шатыстырмау керек). Момо – кіндік шешелердің желеп-же-
беушісі, елші әйелдердің жәрдемшісі. Олар шымқай ақ киін-
ген салиқалы бәйбішелердің кейпінде болады. 
Өзбектер мен қазақтар момо атауымен басқа ие, пірлерді де 
атай береді. Ілтипат белгісі ретінде «момо» сөзі, көбінесе, басқа 
мифологиялық кейіпкерлердің есімдеріне қосақталып айтылады. 
Мысалы, найзағай иесін – момо Күлдірек, Хауа ананы – момо Хауа 
дейді.


188
Айна
йна – ажал әкелетін әзәзіл әйел. Ол қоныстанған үй
қырсықтан арылмайды. Барлығы өліп біткенше ондағы
адамдар азып-тозып, ауыра бастайды. Айнадан құтылудың
жалғыз амалы – үйден ештеңе, кілем де, төсек те, киім де, ыдыс 
та алмай, біржола кету. Өйткені, Айна заттардан қалмай қоюы 
мүмкін.
Еркіліктің жерасты әлемінде әйел кейпіндегі барлық жын-
шайтандардың падишасы әмір жүргізетін Айна елі бар.
Айна бізге көрінбейтін әлемде тірілердің жандарын ғана емес, 
өлгендердің жандарын да қуалап жүріп, жұтып қоюға тырысады.
Үй иесі
азақтардың ырымы бойынша, үй иесі – адамға қастық
қылатын кемпір. Ол түнде жасырынған жерінен шығып,
үйдегі заттардың орындарын ауыстырып, нәрселерді тығып
қояды, тарсылдатып, сыбдырлатып, аһылап-үһілеп адамның маза-
сын алады. Өз үйінде қорқып-үркіп, мәңгілік тыныштығынан айы-
рылуы үшін, адамдардың үрейін ұшыруға тырысады. Егер үйде үй 
иесі пайда болса, одан құтылудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – үйден 
кетіп қалып, өзеннен өтіп, біршама уақыт арғы жағада күту. Сонда 
үй иесі де ілесе шығып, суды көргенде сасқалақтап, одан жүзіп өте 
алмайды, үйге кейін қайтатын жолды ұмытып қалады.
Кермездер
ермез – кесірлі жын-шайтан. Ол кіммен сөйлессе, бар бәле
соның басына үйіріледі, үйіне ауру не ажал келеді.
Кермез адамға сұржекей ат мінген ер кісі кейпінде ұшыраса-
ды. Жолаушының аты тегіс жолда жайдан-жай тоқтап, ары қарай 
аттап баспай қояды. Жылқы өзінің алдында жолын кес-кестеген 


189
кесірлі кермездерді, жын-шайтандарды сезеді. Мұндайда тек от 
қана тазалап, жолды аша алады.
Егер адам осындай жын жайлап, сайтан иектеген жерлерге тап 
бола қалса, әлдеқайдан бір дыбыстар: мысықтың мияулағаны, 
жапалақтың жалпылдағаны, ертеде өлген достары мен туыстары-
ның дауыстары естіледі. Бұл да жаман ырым, бәле-жаланың бел-
гісі болып саналады. Кермездер кешке қарай, күн батар шақта, 
адамның белсенділігі күндізге қарағанда саябырлаған кезде жанда-
нады. Ұйқы кезінде денеден ажырайтын адам жанын ұрлап алғысы 
келеді. Сондықтан қызыл іңірде ұйықтауға болмайды. Бұл мезгілде 
кішкентай балалардың жылауына болмайды, өйткені жын-шай-
тан қорғансыз нәрестенің дәрменсіз үнін естіп қалып, түнде келуі 
мүмкін.
Кермездер ауылда тұратын адамдарды иектеп, билеп алмас үшін 
ауыл сыртына сүт шығаруға болмайды.
Адамға абайлау керектігін еске салып, кермездер кешкі іңірде 
көрінбес көлеңкелер болып кезіп жүреді.


190
Ата-бабаларымыз
неге Көк Тәңіріне
табынған
Сірә, сіздердің көпшілігіңіз біздің аталарымыз бен әжелеріміздің 
жаңа туып келе жатқан айды көргенде, қолдарын кеуделеріне 
қойып, оған мынадай сөздермен үш мәрте иіліп, тағзым еткеніне 
назар аударған боларсыздар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет