126
«Алтын адам»
туралы миф
аяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған.
Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап
алған. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» – Көк Тәңірі-
не құрбандыққа шалынған жас жігіт (қыз) немесе абыз. Таңдалып
алынған құрбандықты жаңғырыққа байлап, қақ жүректен қанжар
қадап, айналасында сыйынған, содан соң құрбандықты өртеп жі-
берген. Құрбандыққа адам шалу ғұрпы бір отбасынан тоғызыншы
қыз (немесе ұл) алынғаннан кейін тоқтатылған. Бір күні осындай
рәсімді орындамақ болып жатқанда ақбоз ат мінген салт атты келіп,
«қызға тиіспеңдер, оның орнына тоғыз қозы сойыңдар» дейді. Ақбоз
атты адамды ел Тәңірдің аяны деп ұққан. Сол кезден бері адамдар-
ды
өлтіру тоқтатылып, оның орнына жануарларды құрбандыққа
шалатын болған.
Тәңірге құрбандық шалу.
«Алтын адам» кім
Қазіргі уақытта Есіктің «Алтын адамы» кім болған деген сұрақ
кімді болсын толғандырмай қоймайды. Ол жалғыз жерленген,
қасына тіпті әдеттегідей
жануарлар да көмілмеген, тек салт-
жоралғылық заттар, қарулар мен ыдыстар, соның ішінде сына жа-
зумен өрнектелген тостаған бар. Бүкіл киімі алтынмен апталған.
Осыған қарап, киімі рәсім өткізуге арналған емес пе екен деген ой
келеді. Әйтпесе, жайшылықта адамдар осыншама алтынға малы-
нып жүрмейді ғой.
Сонымен, Есік обасының «Алтын адамы» кім?*
*Қазақстан түркологы А.Аманжолов Есік тостағанындағы жазу-
ды мұқият зерттегеннен кейін оның мынадай нұсқасын ұсынды:
«Жоғарғы тармағы: «Аға, мына ошақ саған!», төменгі тармағы:
«Бөтен, тізеңді бүк! (Болашақ) ұрпақтың несібесі болсын!» дейді
(«Орхон жазулары», Семей, 2001, 243-бет). Жазудың осы оқылуын
әлі ешкім жоққа шығарған жоқ әрі басқа нұсқа да ұсынған жоқ.
Сондықтан оны ақиқат деп қарастырамыз.
128
Бұл –
сақ жауынгері, он жеті – он сегіздердегі жас жігіт. Жі-
гіт басына биік шошақ бас киім киген. Оның айналасы Жоғарғы
Әлемнің белгісі болып табылатын рәміздер – аңдардың, таулардың,
ағаштардың суреттері өрнектелген алтын жапсырмалармен зерле-
ніпті. Осынау әсем бас киімнің маңдай бөлігі ешкі мүйізді*, қанатты
және арқаларынан төрт алтын жебе өсіп тұрған екі алтын атпен
әшекейленген.
«Алтын адамның» мойнында
жиектерінде барыстың баста-
ры бедерленген алтын алқа бар. Үстіне үш мыңға жуық алтын
салпыншақ жапсырылған қызыл былғары шекпен киген. Беліне
алтын әшекейлермен зерленген жалпақ былғары белбеу таққан, оң
жағында – ұзын темір семсер, сол жағында – алтын зерлі қанжар.
Сонымен,
бұл жас жігіт көсем, не болмаса көсемнің ұлы.
Берел обасы – отбасылық қабір, онда көсем мен оның бәйбішесі
немесе шешесі бірге жерленген. Ал Есік обасы – жалғыз адамдық
қабір. Мұнда басқалардағыдай жануарлардың сүйектері табыл-
мады. Берелде көсем немесе ірі әскербасы жерленгендігі еш
күмәнсіз. Оның үстіне бас сүйегінің шайқаста не жекпе-жекте
күл-паршасы шыққанын анық байқауға болады. «Алтын адам-
ның» қалай дүние
салғанын, ұрыста қаза тапқанын немесе ау-
ырып өлгенін айыру мүмкін емес, өйткені одан қалған қаңқа
сүйектер тым аз. Тек ерекше назар аударатын екі жайт бар:
«Алтын адамның» өте жастығы және киген киімінің айрықша
салтанаттылығы мен қымбаттығы.
«Алтын адамның» шекпенін қарастырайық. Бірнеше мың алтын
әшекейлерден тұратын мұндай киімді
қысқа мерзімде дайындау
Достарыңызбен бөлісу: