Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы № мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: Орындаған


Депортация саясатының басталуы және барысы



бет6/10
Дата13.02.2023
өлшемі348,5 Kb.
#67364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Депортация-7

2 Депортация саясатының басталуы және барысы.


2.1. Корейлердің депортацияға ұшырауы.


Бүгінгі қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. "Неліктен?" деген сауалға КСРО Одағы Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитеті бірігіп шығарған "Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы" қаулысы (1937 жылдың 21 тамызы) бір ауыз сөзбен:... "Киыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында..." — деп жауап береді.
Мәселенің байыбына баруға, әрине, мұндай мәлімет жеткіліксіз. Сондықган, сол жылдардың қосымша деректеріне жугінелік. И.Сталиннің өзі редакциялаған, 1938 жылы "БК(б)П Орталық Комитеті ұнатқан "БК(б)П тарихында" мынадай жолдар бар: "1932 жылы Жапония тарапынан соғыс каупі күшейді... Жапон империалистері Қытайға соғыс жарияламастан және өздері шығарған "жергілікті жанжалдарды" зымияндықпен пайдалана отырьш, ұрланьш келіп Маньчжурияға әскерлерін кіргізді... Жапонияның ашықтан-ашық көздеген мақсаты — Қытайды өзіне бағындыру, сөйтіп, ол жерден европалық-америкалық империалистік белді мемлекетті куып шығару болды...
Бірақ, Жапония советтік Қиыр шығысты басьш алу мақсатын да алдына қойған болатын. Әрине, КСРО мұндай қауіпті еске алмай отыра алмады, сөйтіп, Қиыр Шығыс өлкесіндегі отан қорғау ісін барынша нығайта бастады [11].
Иә, бәрі түсінікті деуге болады. Бірақ түсініксіз нәрселер де аз емес. Егер сталиндік окулық тұжырымына қарасақ, корейлердің өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған тәрізді де болып көрінер еді. Бірақ, жоғарыдағы ресми қаулы бұл науқанның "жапон шпионажының" еніп кетуіне" жол бермеу үшін жасалып отырғанын анық атап көрсетіп отыр емес пе? Айта кеткен жөн, Корея мемлекетінің өзі ол кезде жапондар қол астында болғандықтан, жекелеген корейлерді Жапонияның барлау-шпиондық жұмыстарында пайдаланғаны белгілі. Сондықтан да, осы мәселені кеңінен зерттеген қазақстандық тарих ғылымының докторы Г.В.Кан бұл туралы былай деп жазады: "Это было наказание за предательство отдельных людей, от которых не застрахован ни один народ, это было наказание за национальную принадлежность к возможным сторонникам возможного противника".
Тарихшы Г.В.Кан өзінің басқа бір зерттеуінде мәселенің байыбына бару үшін корейлерді жер аудару туралы 1937 жылдың 21 тамызында қабылданған жоғарыдағы қаулыдан басқа, дәл осы күні өмірге келген тағы бір құжатқа— шабуыл жасаспау туралы совет-қытай келісім шартына назар аударуды ұсынады және осыған байланысты өзі төмен-дегідей қорытынды жасайды:
"...Это были две стороны одной медали. Де-портацию корейцов под предлогом "пресечения проникновения японского шпионажа" следует рассматриавать как один из моментов "большой политики", как демонстрацию Советским Союзом, твердости своих союзнических отношениий с Японией (Корея же находилась в колониальной зависимости от Японии, а корейцы были японскими подданными), своих позиции в дальне-восточной политике".
Сонымен, көріп отырмыз, нақгы тарихи жағдай ол кезде корейлерге қолайлы бола қоймады. Мұндайда қазақтың "екі түйенің ортасында шыбын өледі" деген макалы еріксіз еске түседі. Дегенмен де, қалай десек те, қалыптасқан жағдайға корей халқы, әрине, кінәлі емес еді. Бұған күштеу мен зорлау өдістеріне, жер аударуға балама, тұйықтан шығудың басқа карапайым халықка жай-лы жолдарын жете іздестірмеген сталиндік тоталитарлық жүйе кінәлі деп батыл айтуға толық негіз бар.
Осылайша, жоғарыдағы 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулыға сәйкес Қиыр Шытыс өлкесінің 23 I ауданынан Оңтүстік Казақстан облысына, Арал теңізі және Балқаш көлі аудандарына, сондай-ақ, Өзбек КСР-не корейлерді жаппай, шұғыл көшіру басталды. Бұл іс қысқа мерзімде — 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс болды. Қағаз жүзіндегі қаулыда үкімет пен партия көшірілетін корейлерге өздерінше "қамқорлық" жасап бақты. Оларға өздерімен бірге заттарын, тіптен дүние-мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді [12].
Қаулының 5-ші бабында "қайта қоныстанатын корейлерге шетелге кетуді қалайтын болса кедергі жасамау, шекарадан өтудің оңайлатылған тәртібіне жол беру" қажеттігі атап көрсетілген. Қаулы, сондай-ақ, көшкен кезде корейлер қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние-мүліктің және егін алқабы шығымының оларға қайтарылатынын да атап көрсетті. Бір өкініштісі, осы айтылғандар іс жүзінде орындала қоймады. Көшкен корейлер шын мәнінде аса қажетті нәрселер — киім-кешек пен азық-түлікті ғана өздерімен алып шыға алды. Ал, шетелге кеткісі келген корейлер (олар жапондардан қорыққандықтан мұндай шешімді жаппай қабылдай қойған жоқ) НКВД тарапынан қысымға ұшырап, өздерінің "жапон тыңшысы" екендіктерін "мойындауға" мәжбүр болды.
Сонымен қатар, аталған қаулы жоғарыда айтылған "қамқорлыктарды" өзінің келесі баптарында теріске шығарғанын да айтпасқа болмас. Мысалы, оның 6-шы бабында КСРО Ішкі істер халкомына "көшіруге байланысты корейлер тарапынан болуы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа және тәртіпсіздіктерге қарсы шаралар қолдану" тапсырылды. Оның үстіне, қаулының 11-ші бабы корейлер көшірілетін аудандардағы шекара бойын 3 мың адамдық шекара әскерлерімен толтырып тастауды ұсынды.
Иә, осылайша көшірілетін корейлер шекара әскерлерінің және НКВД-ның тікелей бақылауына алынды. Оның үстіне, оларды жер аудару ісімен НКВД-ның лагерьлер, еңбекке орналастыру және тұтқында ұстау бөлімі тікелей айналысты. Мұның өзі жер аударылатын корейлердің шын мәнінде "халық жаулары" дейтіндердің кебін кигенін айқын дәлелдеп берді. Жер аударуды ұйымдастыру да жау қуып келе жатқандай, шұғыл да қауырт жүзеге асырылды. Жедел түрде: "қоныстандыруға байланысты аудандық үштіктер" ұйымдастырылды. Олардың құрамына аудандық атқару комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитеті және НКВД өкілі кірді. Бұл "үштіктер" екі аптаның ішінде жер аударылатын корейлерді жиналу мекендеріне топтастыруды талап етті және аталмыш жұмыс 1937 жылдың 1 қыркүйегінде басталды [13].
Жер аударылатын корейлер қасіретін ауырлата түскен ахуал — осы кезеңде бүкіл елде "жапон-герман шпиондарын" іздестіру науқанының кең өріс алып кетуі еді. Мәскеуде 1936 жылы-ақ "Мәскеу процестері" деген әйгілі "халық жауларына" карсы сот процестері басталып кеткен болатын. Оның үстіне, корейлердің көпшілігі жер аударылатын Қазақстанда да жергілікті "халық жауларын" тұтқындау ісі белең алып кеткен еді. Этникалық жағынан түр-кескіні де, аты-жөні де корей екенін көрсетіп тұрған КСРО-ның кез-келген елді мекеніндегі, қаласындағы тіптен бұрын қоныстанған корей ұлтының өкілі Отанға, партияға сіңірген еңбегіне қарамастан, НКВД тарапынан күдікті саналып, бақылауға алынды және ақырында "шетелдік контрреволюциялық ұйымның" мүшесі ретінде аяусыз жазаланды. Осының нақты көрінісі — Мәскеудегі ағасының шақыруымен 1928 жылы Қиыр Шығыстан келген, сол кейінірек Ярославль Коммунистік университетін бітірген және осында еңбек еткен И.Пактың 1946 жылдың 11 аусымында БК(б)П-ның өкіліне жазған арызында мынадай жолдар бар:
«...Университетті бітірген соң мен БЛКЖО ОК-нің қарауында болдым. Өйткені партиялық жұмыс үшін мен тым жас едім. Мен бар болғаны 21 жаста болатынмын. 1935 жылдың 17 қыркүйегіне дейін, яғни НКВД органдары тұтқындағанға дейін, БЛКЖО ОК-нің өкілетті өкілі ретінде Ярославлъ қаласында жұмыс істедім. 11 айдай Мәскеуде қамауда болдым. Мені менің ағам қатысқан, ол кейіннен жеті жыл түрмеге қамалған, корейлердің "Ем-Ель-Дан" контрреволюциялық партиясына қатысушы ретінде жауапқа тартты.
Бірақ мені қандай да бір болмасын саяси қызметке тарта алмайтын еді және негіз де жоқ еді. Өйткені менің өзім ешқандай да контрреволюциялық ұйымға қатысқан жоқпын және оның үстіне, Кореяның реакциялық күресі жанданған кезде мен бар болғаны 11-12 жасқа келген едім. Тіптен, НКД-ның органдарындағы тергеу кезінде мені қылмысқа айыптайтын бірде-бір мәселе болған жоқ. Осының бәріне қарамастан, КСРО НКВД-ның Ерекше Кеңесінің шешімімен мен екі жылдай айдауда болуға мәжбүр болдым. Ежовтың атына бірнеше рет жолданған менің арызыма ешқандай жауап болмады».
Міне, тарихи дерек осылай дейді. Әсіресе, корей оқыған зиялыларының сол жылдардағы қасіретін сипаттайтын құжат осы.
Сонымен, 1937 жылғы қыркүйектің алғашқы күндерінде корейлерді Қазақстанға шұғыл көшіру ісі басталып кетті. Жоспар бойынша Қазақстанға 14600 корейлер шаруашьшығы көшіп келеді деп күтілді. 1937 жылдың 9 қазанында Қазақ КСР Халкомы корейлерді Қазақстанның аймақтарында орналастыру туралы арнайы қаулы қабылдады. Бірақ, көшіп келген корейлер қожалықтары белгіленген жоспардан асып түсті. 1938 жылдың ақпанына дейін Қазақстанға 20.789 корейлер жанұясы, яғни 98.454 адам жер аударылды. Қазақстанның өзі күшпен ұжымдастыру және зорлықпен отырықшыландыру зардаптарынан толық айығып үлгермеген жағдайда, мұнда корейлердің көшіп келуі жергілікті жердегілерге де ауыр тиді. Сондықтан да қоныс аударушыларға қажетті көмек дер кезінде және қажетті көлемде беріле қоймады. Ал, осының салдарынан азық-түлік жетіспей, корейлер арасында аштық орын алды. Мысалы, Қызылорда ауданында осындай жағдай қалыптасты. Мұнда көшіп келген 12200 корейлердің 8000-ы бүрын Қиыр Шығыста егін егумен айналыспаған, кәсібі жағынан жұмысшылар және қызметкерлер еді. Яғни, бұларда тіптен аз көлемде болса да азық-түлік қоры жоқ болатын. 1937 жылдың қараша айында оларға бөлінген 650 центнер көлеміндегі азық-түлік көмегі тез таусылды да, корейлер аштықка ұрынып, ісініп кетті. Аудан басшылары облыстық ұйымдарға бірнеше рет өтініш жасаса да қажетті көмекті ала алмады, сондықтан да олар республика басшыларына — халком төрағасы Исаевқа және Орталық Комитет хатшысы Нұрпейісовке арызданып, корейлерді аштықтан құткару үшін 250 тонна көлемінде азық-түлік көмегін босатуды өтінді.


Жалпы алғанда, тоталитарлық жүйе басшылары өздері жасаған қылмыстың ауыр салдарына жеткілікті көңіл бөле қоймады. Көшіп келген корейлерді қаржымен және материалдық көмекпен қамтамасыз ету мардымсыз деңгейде болды. Мысалы, корейлерді шаруашылықгық орналастыруға бөлінген ("суландыруға арналған ауыл шаруашылығы" деген жабық атпен аталған) қаржы әрбір қоныс аударушы қожалықка 200 сомнан ғана айналды. Бірақ, осының өзі де корейлер қолына түгел тие қоймады. Ал, 1938 жылы жоспарланған 3.400 мың сомнан ғана, яғни, небәрі 1 процентін ғана пайдалана алды. Оның үстіне, оларға арналған тұрғын үйлер және әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық құрылыстар салу жоспардағыдан әлдеқайда артта қалды [14].
Кейде корейлерге арналып салынып жатқан құрылыстарға жергілікті басшылар сондағы бюрократиялық аппаратты орналастыруға әрекеттер жасады. Мұндайда әртүрлі сылтаулар айтылды. Мысалы, Қызылорда облыстық партия комитеті революционерлері мен партизандары халық жаулары ретінде жарияланды. Ұлт-азаттық қозғалысында, азамат соғысының отты майдандарында және социалистік қүрылыста дайындалған, шыныққан корейлердің ұлттық кадрлары (партия, кеңес, әскери, шаруашылықгық, ғылыми-техникалық және мәдени) түгелдей дерлік жойылды.
Корейлер бірқатар конституциялық және азаматтық құқықтарынан айрылды. Туған жердегі паспорттық шектеу милицияның қадағалауына ұласты. Корей жастары Совет Армиясында қызмет ету құқығынан айрылды...
Барлық корейлік оқу орындарын жапты, корей тілін оқытуға тыйым салды, өте көп корей кітаптарын жойып жіберді. Олардың ішінде ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы басылымдарға жататын тарихи кұнды кітаптар көп еді...
Осындай әрекеттің бәрі социализм жеңген елде жасалды... Иә, қуғыңдалған корейлер қасіреті, міне осындай! Бір жақсысы — бүгінгі тәуелсіз Қазақстан осы қайғыны жеңілдету, азайту бағытын ұстап отыр. Ал, бұл — қазақстандық корейлер тағдырына біздің қоғамда толық түсіністікпен қарауға жол ашылды деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет