Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы № мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: Орындаған



бет4/10
Дата13.02.2023
өлшемі348,5 Kb.
#67364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Депортация-7

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Қазақстан бойынша депортацияланған халықтардың орналасуы, жалпы саны және жер аударылған халықтардың шаруашылықты қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі нақты деректермен зерттелді.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе саясаты.



    1. Қазақстанда әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуы.



30-шы жылдардың екінші жартысындағы елімізде, дәлірек айтсақ, Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси-террор, қуғын-сүргін тарихымызда әлі де толық зерттеле қойған жоқ. 1935-1938 жылдар аралығындағы И.Сталин бастаған шағын арандатушы топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысын кезінде шетелдік тарихшы Роберт Конквест "үлкен террор" деп атаса, ал оның әріптестері Михайл Геллер мен Александр Некрич көрсетілген кезеңдегі қырғын өзінің көлемі жөнінен 1930-34 жылдардағы шаруаларға қарсы геноцид көлемінен төмен екендігін ескеріп, "кәдімгі террор" деп сипаттады [9].
Әсіресе, Қазақстан жағдайында М.Геллер мен А.Некричтің тұжырымдары ащы шындыққа жақын екенін мойындай түрсақ та, осы кезендегі сталиндік қуғын-сүргін көлемінің әлі де нақты анықтала қоймағанын байқауға болады. Кейбір деректер 1937-38 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңының түрмелерге түсіп, 22 мыңының атылып кеткенін айтса, басқа деректерде 1930-50 жылдары жазалау диірменінен 100 мың 971 қазақстандықтың өтіп, оның ішінде 20.170 адамның атылғаны айтылып жүр. Әрине, Одақ көлеміндегі қасіретпен салыстырғанда Қазақстан мәліметі көп төмен болуы заңды. Мысалы, жоғарыдағы Роберт Конквест 1937 жылы қаңтарда кеңес түрмелерінде қамалғандар 5 миллион болса, ал 1938 жылдың желтоқсанына дейін тағы да 7 миллионға жуығы қамалғанын, ал шығынға келер болсақ, Ежов басқарған жазалау науқаныңда ғана (1937 ж. қаңтар — 1938 ж. желтоқсан) 1 миллионға тарта адам атылып, тұтқында 2 миллион адам өлгенін айтады. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда, 1950 жылға дейін Колыманың бір өзінде ғана өлгендер 3 миллионнан кем емес. Дегенмен де, Қазақстандағы сталиндік қасіретті Одақтық көрсеткіштермен емес, өзімізге этникалық жақын, көрші республикалармен салыстырып қарастырсақ, біздегі адам шығынының тым көп екендігін байқар едік. Мұны белгілі демограф Мақаш Тәтімов дөп басып, төмендегідей сипаттап жазған еді: "Рулық-тайпалық санадан әлі арыла қоймаған халқымыз бұл жолы да басқа туысқан халықтарға қарағанда, шығындар мен куғындауға көп ұшырады. Мысалы, 1937-38 жылдарда нақақтан жазаға ұшырағандар процентке шаққанда қазақтарда өзбектерге қарағанда үш есе көп болған.
Осы кезенде көзі жойылғандар ішінде Қазақстанның екі басшысы — Орталық Комитет мүшесі, Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің хатшысы Левон Исаевич Мирзоян жене Орталық Комитет мүшелігіне кандидат, Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Исаев Ораз Жанұзақұлы болды. Тарихи деректер Қазақстан басшысы Л.И.Мирзоянның 1938 жылы қызметінен босатылып, 1939 жылдың 26 ақпанында С.В.Косиор, П.П.Постышев және В.Я.Чубарь тәрізді партия қайраткерлерімен бірге атылғанын көрсетіп берді. Қазақстан басшыларына алдын-ала олардың тұтқындалатыны ескертілген. Мысалы, Л.И.Мирзоянды тұтқынға алу былай жүзеге асқан: "1938 жылдың 15 мамырында Левон Исаевич жеделхат адцы: "Үш күндік мерзім ішінде істі екінші хатшы міндетін атқарушы Скворцов Николай Александровичке тапсырып, Саяси Бюро қарауына келу керек". Қол қойған: Сталин... "Бірінші" бірденнен барлығын жинап, Мәскеуге кететіндігін айтты. Әрине, күдігін тысқа шығара қоймады, бірақ кабинетте ең сенімділермен қалған кезде, болжамын мәлімдеді.
1937 жылдың 25 ақпаны мен 8 наурызы аралығында ғана республикалық және облыстық партия-кеңес органдарының 500 бірінші басшыларының атылғанын айта кеткен жөн.
Қазақстандағы интеллигенция өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің 1948-1953 жылдардағы үшінші толқыны туралы біз не білеміз?
Сталиннің соғыстан кейінгі кезеңдегі негізгі соққысының интеллигенцияға қарсы бағытталғаны белгілі. Қоғамдағы қалыптасқан қатал төртіпті, сталиңцік жүйені жаңарту немесе өзгерту әрекеттері зиялылар ортасында ірге тебуі мүмкіндігін сол жылдардағы Кеңес өкіметі басшылары жақсы түсінді. Өмірдегі келеңсіз құбьшыстарға терең ой жүгіртіп, оны шынайы таразылай алатын, кез-келген оқиғаға сын көзбен қарайтын да осы интеллигенция еді. Осыны ескерген сталиндік басшылық, біздің ойымызша, өзінің алдына екі түрлі мақсат қойды. Оның алғашқысы — идеологиялық қысымға төтеп бере алмай, ықпалға оңай берілетін ғалымдардың, жазушылардың, публицистердің және халықтың қалың тобын рухани және саяси тұрғыдан "өндеуді" күшейте түсу, екіншіден, басқаша ойлайтындарға қарсы ашықтан-ашық жазалау және куғын-сүргін науқанын ұйымдастырды. Мәселенің бастауы ақын А. Ахматованың және М.М.Зощенконың шығармаларын қаралайтын және басқа беттерінде жариялауға тыйым салатын БК(б)П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ле-нинград" журналдары туралы қаулысы (1946) бодды. Осы мәселеге байланысты А.А.Ждановтың Ленинград партия активінің жиналысында сөйлеген сөзі интеллигенцияны қуғындауға жол аша түсті. А.Ждановтың сөзіңце Қазақстан астанасы Алматыда тұрып жұмыс жасаған Зощенко, Хазин тәрізді кісілер сынға алынды. Бұлар"космополит-гастролерлер" деген айдарға ие болып шыға келді. "Батыспен" байланысы бар космополиттерді іздеу Қазақстанда да қанат жайды. 1946 жылы 16 наурызда "Казахстанская правда" газеті "К новому подъему идеологической работы" деген тақырыппен өзінің бас мақаласын жариялады. Онда мынадай жолдар бар еді: "...Публикуемая сегодня в "Казахстанской правде" статья "Буржуазные космополиты на университетской кафедре" сигнализует, что на кафедру всеобщей литературы Казахского государственного университета проникли антипатриоты-космополиты, беспаспортные бродяги, отравляющие сознание молодежи ядом разлагающейся буржуазной культуры. Нужно до конца разгромить антипатриотов-космополитов этих выродков, хлопотствующих перед буржуазным западом, стремящихся остановить бурный рост советской культуры и искусства..." Сөйтіп, Блюфенфельд, Рубинова, Богуславский, Фридман, Серовайский және басқа Қазақ университетінің оқытушылары космополиттер ретінде сынға алынды, қуғындалды. Музыка мәдениеті саласьнда БК(б)П Орталық Комитетінің "В.Мураделидің "Ұлы достық" операсы туралы" (1948 ж) қаулысы куғын-сүргіннің жаңа толқынына жол ашты. Мұнда аталған шығарма ғана сынға алынбай, көрнекті композиторлар С.С.Прокофьев, Д.Д.Шостакович, А.И.Хачатурян, Б.Д.Кабалевский, В.Я.Шевалин, Н.Я.Мясаковский "халыққа қарсы формалистік бағытты" жасаушылар ретінде кінәланды.
Ал, енді қазақ музыкасы туралы мәселеге келсек, Ж.Шаяхметов Қазақстан партиясының V съезінде композитор А.Жүбановты жазықсыз айыптады. Оның халықгық дәстүрден бастау алған кемел шығармаларын республика басшысы түкке түрмайтын, буржуазияшыл-ұлтшыл бағытта жа-зыжан туындылар катарына жатқызды. Ахмет Жұбановқа қарсы науқан осы съезден бұрын-ақ басталған еді. Бұған дейін оны Алматының Сталин аудандық партия комитеті партиядан шығарды, консерватория директорлығынан, Композиторлар Одағына мүшеліктен босатты. Оның еңбектері -"Қазақ композиторларының өмірлері мен творчестволары", "Қазақ халқының музыка мәдениеті", "Орталық Қазақстанның музыка өнері" феодалдық-байшылдық дәстүрлерді дәріптейтін шығармалар қатарына жатқызылды.
Тағы бір айта кетер нәрсе, 1946 жылы 26 тамызда БК(б)П Орталық Комитеті "Драмалық театрлар репертуары және оны жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылдады. Онда кейбір орын алған "қателіктер" атап көрсетіліп, Қазақстандық Ә.Тәжібаевтың "Біз қазақпыз" деген шығармасы саяси тұрғыдан қате пьеса ретінде сынға алынды. Авторға өткенді көксеуші, қазақ халқының тарихын бұрмалаушы, хандар мен феодалдар өмірін марапаттаушы деген жала жабылды.
Осы ахуалды Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1948 жылы тамызда кабылданған "Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және онан әрі дамыту туралы" шешімі ауырлата түсті.
Алғаш Алматыда болған идеология қызметкерлерінің қалалық жиналысы, онан соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің IV съезі Қазақстан шекаралық республика болғандықтан, қырағылықгы күшейте түсуге, буржуазиялық-ұлтшыл, шовинистік жау элементтерді дер кезінде әшкерелеуге, байлардан және феодалдардан қалған қалдықтарға қарсы күресуге шақырды.
Осы бағыттағы Мәскеуден жасалған қысымға, тіптен, кезінде замандастары білімділігі, әдептілігі және мәдениеттілігі үшін аса кұрметтеген республика партия ұйымы Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Ілияс Омаровтың өзі төтеп бере алмай, аталмыш жиында негізгі айыптаушы Ж.Шаяхметовты құптап сөйледі. "Панисламизмді, буржуазиялық-ұлтшылдықты және феодалдық-байлық қалдықтарды" әшкерелей келіп, ол: "Батыстың ықпалы бізге Шығыстың алқызыл халатын киіп келуі мүмкін екенін ұмытпауымыз керек", — деп Таяу Шығыста болып жатқан" "империалистік тіміскі әрекеттерден" жұртты сақтандырды.
1948 жылы Казақ ССР Ғылым академиясының Тіл жіне әдебиет институты "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-ші томын жарыққа шығарды. Оның бір бөлімін жазған Қ.Жұмалиевтің: "Қобыланды батыр" патриотизмге, халықты сүюге шақыратын шығарма" - деп пікір айтуы оны буржуазияшыл-ұлтшылдар қатарына қосты да жіберді. Ал, Ә. Марғұлан болса өзінің докторлық диссертациясында "моңғол басқыншылығы кезіндегі эпикалық поэмалардың реакциялық мәнін дәріптеуші" ретінде айыпталды. Әсіресе, ғалымның осы кезеңді Қазақстан тарихындағы "алтын ғасыр" деп бағалауы ресми орындарға тіптен де ұнамады. Академик А.Орлов өзінің "Казахский героический эпос" деген шығармасында Алтын орда хандары Едіге мен Тоқгамысқа "сүйсінгені" және "қанқұмар қатал Шора батырды, Ер Сайынды, Қобыландыны көтермелегені" үшін жақпай қалды. Тіптен Шығыс тарихының ғұлама білгірі академик В.Бартольд шығармалары да "зиянды" еңбектер қатарына жатқызылды.
Бұл кезеңде, сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин де өткір сыннан тыс қалмады. Оны өзінің "Қобыланды батыр" жырын зерттеуге арналған кандидатгық диссертациясында М.Әуезовтың, Қ.Жұмалиевтің және Ә.Марғұланның пікірін қолдағаны үшін айыптады. Қазақ интеллигенциясын қуғындауда Кенесары Қасымұлының көтерілісі төңірегіндегі айтыстар үлкен роль атқарды. Сәл шегініс жасап айта кеткен жөн, жалпы Кенесарыға көзқарас ұзақ жылдар бойы қайшылықты болып келеді. 1939 жылы "Большевик Казахстана" журналы Кенесары қозғалысын реакциялық қозғалыс деп жариялаған болатын. Бірақ, соғыстың басталуына байланысты Қазақстан басшылығы өзінің көзқарасын өзгертті. 1944 жылы маусымның 18-інде "Социалистік Қазақстан" газеті Ұлы Отан соғысына аттанып бара жатқан жауынгерлерге арналған Ж Шаяхметовтың мақаласын басты. Онда республика басшысы қызыл әскерлерге үлгі ретінде халық батырларын атай келе, олардың қатарыңда Кенесары мен Наурызбайды да ауызға алды. Солай болса да, кейіннен біз әңгімелеп отырған кезеңде ұлтшылдықты айыптау науқаны өрістегенде республика басшысы өз пікірінен тайып кетті. "Мен, - деп атап көрсетті 1951 жылы 17 казанда болған республика Компартиясының пле-нумында Ж.Шаяхметов, - 1944 жылы Аманкелді Имановтың қайтыс болуына 25 жыл толуына арналған "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған мақаламда елеулі саяси қате жібердім. Қазақ жауынгерлерін неміс-фашистерге қарсы күресуге шақыра отырып, мен оларды өздерінің даңқты бабаларына лайықты болуға үндеді, сөйтіп, Сырымның, Исатайдың, Махамбеттің, Амангелдінің есімдерімен қатар Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың аттарын да атадым. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясында Оңдасынов жолдас та осындай қате жіберді".
Ж.Шаяхметовты мұндай "қателікке" ұрындырған, біздің ойымызша, И.Сталиннің орыс батырларын құрметтеген 1941 жылғы 7 қарашадағы әскери парадтағы сөзі және Невский, Суворов, Ушаков, Нахимов, Хмельницкий атындағы ордендер тағайындауы болды [7].
1943 жылы маусым айында "Қазақ ССР тарихы" жарық көрді. Оны дайындауға соғыс жағдайында Алматыға қоныс аударған А.М.Панкратова бастаған ресейлік ғалымдар және М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Мұстафин, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Е.Бекмаханов тәрізді қазақ зиялылары қатысты.
Кітаптың Кенесары қозғалысына байланысты тарауын Е.Бекмаханов жазды. Бұл көтеріліс патшаның отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қимыл ретінде бағаланды. Бірақ, көп кешікпей-ақ, Орталық партия комитетінің "Татар партия ұйымында бұқаралық-саяси және идеологиялық жұмысты жақсартудың жағдайы және шаралары туралы" (1944 ж. 9 тамыз) және "Башкирия партия ұйымындағы үгіт-насихат жұмысының жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" (1945 ж. 27 қаңтар) қаулылары буржуазиялық ұлтшылдыққа айыптау науқанының жаңа кезеңін бастап берді. Хан және төре тұқымынан шыққан тарихи тұлғаларды көтермелеушілер енді буржуазиялық ұлтшылдар қатарына жатқызылды. Мұндай көзқарас жоғарыда аталған А.Ждановтың сөзінен және 1947 жылы қабылданған Тіл және әдебиет инсти-туының жұмысы туралы қазақстандық қаулыдан соң тіптен орныға түсті. Мұндайда Кенесары тілге тиек болды. 1949 жылы наурызда Жазушылар Одағының партия жиналысында белгілі ғалым Есмағамбет Ысмайыловқа "Кенесарыны дәріптеуші" деген кінә тағылды. "Ол жақтан ақындарға Кенесарыны жырлауды тапсырды, ал бұл жыр әдейі жазылып алынып, өткен ғасыр фольклоры ретінде ұсынылды", — деп атап көрсетті сөйлеушілер. Біраз кейінірек республика басшысы Ж.Шаяхметов Е.Ысмайыловты "Кенесары Қасымовтың қазақ халқын азат ету жолындағы күресі туралы" (1940 ж.) деген монографиясында және "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-томында (1948 ж.) Кенесарыны "ұлт-азаттық қозғалысының көсемі деп дәлелдеуге тырысып, оның қырғыз халқына шабуылын ақтағысы келді" де, Қ.Бекхожинді "Батыр Науан" атты поэмасында "Кенесарының інісі, қарақшы Наурызбайды халық батыры деп көрсетті", ал соғыс кезінде "Кенесарыны еске түсіріп, қазақ халқын қан қақсатқан осы қанішер жендеттей" болуға шақырады" деп М.Әуезовты "отызыншы жылдардың өзінде "Хан Кене" деген ұлтшылдық пьесасында, соңдай-ақ, 1949 жылы "Әдебиет және искусство" журналында басылған "Ақындар ағысы" деген жаңа романында да Кенесарыны дәріптеді" деп, С.Мұқановты "1932 жылы "Жайлауда" деген поэмасында Кенесары мен Наурызбайды, ал 1942 жылғы "Балуан Шолақ" повесінде Кенесарыны "құрметті батыр" ретінде көтермеледі" деп, Қ.Жұмалиевті 1943 жылғы "Батыр Мәлік" деген мақаласында "Мәлік Ғабдуллиннің батырлығын халықгарды тұншықтырушы Едігенің, реакцияшыл Кенесары ханның және басқаларының қарақшылық зорлықтарынан туғызады", — деп айыптады.
Тарихшы Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген "Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында" деген монографиялық еңбегінде осы тарихшы Кенесарыға қатысты екінші тарауын жазған "Қазақ ССР тарихының" екінші басылуында Кенесарыға байланысты бұрынғы көзқарастың сақталуы жағдайы шиеленістіре түсті. Ақыры осыған байланысты 1950 жылы 26 желтоқсаңца "Правда" газетінде Т.Шойынбаевтың, Х.Айдарованың, А.Якуниннің "За марксистко-ленинское освещение вопросов истории Казахстана" деген мақаласы жарық көрді. Е.Бекмахановты тарихты бұрмалаушы ретінде айыптаған бұл мақалада мынадай жолдар бар еді: "Все исторические данные говорят о том, что движение Кенесары не было ни революционным, ни прогрессивным. Это было реакционное движение, которое тянуло казахский народ назад, к укреплению патриархально-феодальных устоев, к реставрации средневековой ханской власти, к отрыву Казахстана от России и великого русского народа". Осыдан соң көп кешікпей-ақ Е.Бекмахановты жақтаушылар-дың бәрі дерлік, сонымен қатар Ж.Шаяхметовтың өзі де "қателерін" мойындай бастады.
Осы мәселеге байланысты Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет институты 1952 жылы 5-9 ақпанда пікірталас өткізіп, оған Орта Азия республикаларынан, Башқұртстаннан, Мәскеуден ғалымдар, интеллигенция өкілдері келіп катысты. Онда Қазақстанның тіл білімі саласындағы ғалымдары Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ж. Доскараев өздерінің марксистік деп танылған көзкарастарын өздері сынға алып, "қателестік" десті.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.С.Сүлейменов өзінің "Қазақстандағы астық дақылы мәдениеті" деп аталатын диссертациялық еңбегінде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында, әсіресе құрғақшылық аймақтарында аңызға күздік егіс себу туралы Лысенконың ұсынысы қанағаттанарлықтай нәтиже бере алмайды" деген пікірі үшін арнайы сынға алынды.
Қ.И.Сәтбаев ғалымдарға бағытталған соққыны әлсіретуге тырысып бақты. Ал, мұның салдары да ауыр болды. Ол 1952-1955 жылдар аралығында өзі ұйымдастырған және алғашқы президенті болған республика Ғылым академиясының басшысы жұмысынан айырылды. Осы қуғындаудың шыңы 1952-жылдың 15-17 сәуірі аралығында болып өткен Қазақ ССР Ғылым академиясының жалпы жиналысы дер едік. Оған Ж.Шаяхметов қатысып, ұзақ сөз сөйледі. Ол академияда орын алған кемшіліктерді тізіп шықты. Қ.И.Сәтбаевты нақты сынау Ғылым академиясы төралқасының бас ғылыми хатшысы Д.В.Сокольскийдің баяндамасында орын алды. Ол Қаныш Имантайүлы ғылыми қызметкерлер жетекшісі ретінде төралқа алдында есеп бермейді, ғылым мен өндірістің байланысын әлсіретіп жіберді, кадрлар тандаудың сталиндік принципін бұзды, академияны іскерлік және саяси сенім артуға болмайтын адамдарға толтырды деп кінәлады. Қ.Сәтбаев қызметінен босатылып, ақыры ол кісінің М.Әуезов тәрізді Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғаны белгілі.
Сталинизм осылайша ұлттық интеллигенцияны рухани тұрғыдан тоздырып жіберуге негіз қалап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет