Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы № мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: Орындаған



бет3/10
Дата13.02.2023
өлшемі348,5 Kb.
#67364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеудің деректік негіздері. Жұмыстың деректік негізін өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай мұрағаттық құжаттар, баспасөз материалдары мен құқықтық актілері, кәріс және тағы басқа да ұлттық-мәдени орталықтарының мұрағат қорларында сақталған деректер құрайды. Онда тоталитарлық жүйеде қабылданған актілер, анықтамалар мен бұйрықтар, ішкі істер министрлігі және басқа да ресми мекемелердің арнаулы мұрағаттарының құжаттары да бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстанға депортациялау себептері, жер аударылған халықтардың жағдайы, орналасқан аймақтары және соғыстан кейінгі жылдардағы Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі отандық тарих ғылымында аз зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан жұмыстың осындай өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ескере отырып алға қойылған мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
-Қазақстанға депортациялау себептері, олардың саны және халықтардың орналастырылуы;
-жер аударылған халықтардың материалдық-тұрмыстық жағдайы;
-жер аударылған халықтарды шаруашылықты қалпына келтіруге қатысуы;
Зерттеу жұмысының методологиясы. Зерттеу жұмысының методологиялық әдістерін тарихи даму үрдісінің қазіргі тұжырымдарына, кеңестік кезең тарихын зерттеудегі отандық және шетелдік тарихнама жетістіктеріне негізделеді. Саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдауда салыстырмалы сараптау әдісі қолданылып, оқиғалардың шынайы объективті тұрғыдан баяндауына мән берілді. Сонымен қатар зерттеу барысында тарихилық және жүйелеу тәсілдері қолданылды. Деректер көздері, ресми, органдардың ресми құжаттары сараптау, арқылы пайдаланылды. Сондай-ақ зерттеу барысында кеңестік қуғын-сүргін саясаты тәуелсіздік тұрғысынан талданып, бүгінгі Қазақстанды мекендеуші, жарасымдық пен бірлік тұрғысынан баяндалды.
Ғылыми жобаның хронологиялық шеңберіне депортацияға ұшырап, Қазақстанға жер аударылған және олардың соғыстан кейінгі кезеңіндегі тарихы алынды. Зерттеу нысанына Қазақстанға жер аударылған корей және басқа халықтардың соғыс кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетудегі еңбек еткен аймақтары қамтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет