Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата29.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#676
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39

Литература
1.
 
Аскольдов  С.А.  Концепт  и  слово  //  Русская  словесность.  От  теории 
словесности к структуре текста: Антология / Под ред. В.П. Нерознака. – М., 1997. 
– С. 267–279.   
2.
 
Бахарева  Л.В.,  Базюлькина  И.В.,  Полежаева  Е.И.  Коммуникативные 
способности  //  Ежемесячный  научно-методический  журнал  «Начальная  школа. 
Плюс до и после». – 2001. – №8. – С. 49. 
3.
 
Брагуца  А.В.  Развитие  коммуникативной  компетенции  учащихся  в 
начальной  школе  //  Ежемесячный  научно-методический  журнал  «Начальная 
школа». – 2010. – №9. – С. 158. 
4.
 
Кобозева  И.М.  Лингвистическая  семантика:  Учеб.  пособие.  –  М.: 
Эдиториал УРСС, 2000. – 352 с. 
5.
 
Немов Р.С. Общие основы психологии, кн. 1. - М.: Издательский центр 
«Владос», 2000. – 688 с.  
6.
 
Немов Р.С. Психология: Учеб. Для студ. высш. пед. учеб. заведений: В 
3  кн.  -  3-е  изд.  Психодиагностика.  Введение  в  научное  психологическое 
исследование  с  элементами  математической  статистики.  _  М.:  Гуманит.  Изд. 
Центр ВЛАДОС, 2000. – 640 с. 
7.
 
Озерова  О.Е.  Русский  язык  и  культура  речи:  Учебное  пособие  для 
вузов. 9-е изд. Ростов н/Д: Издательский центр «Феникс», 2004. – 544 с.  
8.
 
Сиротюк 
А.Н. 
Развитие 
коммуникативной 
компетенции 
// 
Ежемесячный научно-методический журнал «Дошкольное воспитание». – 2008. – 
№8. – С. 153. 
9.
 
Ушакова  Ю.А.  Развитие  связной  устной  речи  на  уроках  письма  // 
Ежемесячный  научно-методический  журнал  «Начальная  школа  7/10».  –  2010.  – 
№ 7. – С. 154.  

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
91 
10.
 
Шеина  И.М.  Межкультурная  коммуникация  как  проявление 
лингвистического  и  культурного  опыта:  автореф.  дис.  …  д-ра  филол.  наук.  М., 
2009. – 50 с. 
 
 
Сардарова Ж.И., Тулегенова Э.С. 
Білім алушылардың когнитивті-коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың 
теориялық аспектілері  
Бұл  мақалада  когнитивті-коммуникативтік  біліктер  ұғымы  нақтыланып,  оларды 
құзыреттілік  тұрғыдан  жүзеге  асыру  және  дамыту  жолдарының  көкейкестілігі  дәйектеледі 
және лингводидактикадағы когнитивті-дискурсивтік тұрғы  қарастырылады. 
Кілт  сөздер:  когнитивті-коммуникативтік  білік,  когнитивті-дискурсивтік  парадигма, 
құзыреттілік, оқу дискурсы, когнитивтік лингвистика. 
 
Sardarova Z.I., Tulegenova E.S. 
To a question of formation the cognitive and communicative abilities trained 
In this article the concept the cognitive and  communicative  relevance their will start locates 
in realization of the purposes of competence – based approach and discursive approach in lingvo and 
didactics is considered. 
Keywords:  cognitive-communicative  abilities,  cognitive  discursive  paradigm,  competence, 
educational discursive, linguistics. 
 
 
ӘОЖ 371.3 
 
Куанбаева Б.У. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Х.Досмұхамедов атындығы Атырау мемлекеттік университеті  
E-mail: Bayan_Kuanbaeva@mail.ru, 
Сырбаева Ш.Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Х.Досмұхамедов атындығы Атырау мемлекеттік университеті 
(Атырау қ., Қазақстан) 
E-mail: Syrbaeva@bk.ru 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ОҚУ 
МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ РОЛІ  
 
Аннотация. Мақалада деңгейлік саралап оқыту педагогикалық технологиясын қолдану 
арқылы оқу мотивациясын қалыптастырудың әдістері ұсынылады. 
Кәлт  сөздер:  оқу  ынтасы,  танымдық  қызмет,  проблемалық  оқыту,  педагогикалық 
технология, мониторинг. 
 
Психология  мен  педагогика  ғылымында  ынта,  түрткі  (мотив)  белгілі  бір 
сұранысты  қанағаттандыру  мақсатындағы  іс-әрекетке  ұмтылыс,  адамды 
қарекетіне  шақырушы,  бастаушы  ішкі  психологиялық  шарттардың  жиынтығы 
түрінде  сиппатталады.  Мұндағы  іс-әрекет  немесе  қызмет,  танымдық  бағыттағы 
іс-әрекет  болса,  онда  сол  әрекетке  шақырушы,  бастаушы  болатын  түрткілердің 
жиынтығы  оқу  ынтасы  (учебный  мотив)  деп  аталатыны  белгілі.  Танымдық 
қызметтегі  оқу  ынтасы  немесе  танымдық  ынта  ойлау  процесімен  тығыз 
байланысты.  “Бұл  жерде  алдымен  ойлау  процесіне  кірісу  мотивы,  одан  кейін 
танымдық  мотивтер  іске  кіріседі,  яғни  тағы  да  белгісізді,  беймәлім  ақпаратты 
білуге деген пиғыл пайда болады”, - дейді С.Л. Рубинштейн [1]. 
Педагогикалық  технологияларды  оқу  процесіне  пайдалану  мұғалімнің  де, 
оқушының  да  шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  талап  етеді.  Осы  тәрізді  жеке 
тұлғалық = қызметтік парадигма да оқу-тәрбие процесін оқушылардың белсенді 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
92 
танымдық  қызметіне  арнап  құруды  қажет  етеді.  Танымдық  қызмет  Тқ= 
Әбн+Оә+Бә+Тә  (Б.П.Беспалько)  формуласымен  анықталатыны  белгілі.  Мұнда 
Тқ-танымдық  қызмет,  Әбн-әрекеттердің  бағдарлық  негізі,  Оә-орындау  әрекеті, 
Бә-бақылау әрекеті, Тә-түзету, коррекциялық әрекет. Сонда жаңа парадигмалық 
тұрғыдағы оқыту процесі мына формуламен сипатталады: мақсат - ынта (мотив) 
- танымдық қызмет - рефлексия - теориялық білім. 
Ендеше  білім  беру  саласын  модернизациялау  педагогикалық  жүйенің 
басты элементтерінің бірі - ынта, түрткі қалыптастырудың әдістерін жетілдіруді 
талап етеді.  
Ю.К. Бабанский  [2] оқу мотивациясын  қалыптастырудың мынадай  әдістерін 
ұсынады: танымдық пікір - сайыс (дебаты), қызғылықты (занимательная) жағдаяттар 
туғызу,  танымдық  ойындар,  танымдық  жаңалық  туғызу,  пікір-талас  (дискуссия), 
өмірлік  жағдаяттарды  талдау,  табысқа  жету  жағдаятын  жасау,  компьютерді  және 
басқа техникалық құралдарды пайдалану т.б. 
Оқуға деген қызығушылықты туғызу үшін В.Б. Бондаревский [1] мынадай 
тәсілдерді 
пайдалануды 
ұсынады: 
танымдық 
жарыстар, 
конкурстар 
ұйымдастыру;  шығармашылық  мазмұндағы  тапсырмаларды  құрастырып,  оқу 
процесіне  пайдалану;  оқулыққа  қосымша  әдебиеттермен,  оның  ішінде  ғылми-
көпшілік  әдебиеттерді  пайдалануды  ұйымдастыру;  қызғылықты  фактілер  мен 
басқада  мәліметтерді  жинап,  пайдалану;  құбылыстарды  оқушылардың  жеке 
бақылауын ұйымдастырып, талдау. 
Г.И.  Щукина  [3]  аталған  әдіс-тәсілдермен  қоса,  мұғалімнің  көрнекі 
құралдарды және оқытудың техникалық құралдарын пайдалануы, оқушының өз 
бетімен жасайтын танымдық қызметінің көп түрлілігін ұйымдастыру, оқытудың 
жеке  және  ұжымдық  формаларын  үйлесімді  пайдалану  т.б.  оқушылардың 
танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын ұсынады. 
М.Н.  Махмутов,  А.М.  Матюшкин  оқушылардың  белсенді  ізденіс-зерттеу, 
шығармашылық  қызметтерін  қалыптастыруға  бағытталған  проблемалық 
оқытудың тұтас теориясын жасады [4, 5]. 
Проблемалық  оқытуды  практикаға  енгізу,  сабақты  эвристикалық 
әңгімелер,  іскерлік  ойындар  т.б.  инновациялық  белсенді  әдістерді  пайдалану  - 
арнаулы тапсырмалармен сұрақтар жүйесін құрып, пайдалануды талап етеді. 
Біздің  тәжірбиеміз  төмендегідей  сұрақтар  мен  сол  сұрақтарды  туғызатын 
тапсырмалардың тиімді екенін көрсетті. 
1.
 
Пікірлер  қарама-қайшылығын  туғызатын  сұрақтар.  Қайшылықты 
жоюға  ұмтылу  -  ой-ізденісін  туғызатын  өте  күшті  түрткі.  Мысалы,  физика 
сабағында  Я.И.  Перельманның  “Қызықты  физика”  кітабынан  алынған 
“Жұмыртқаны жару жеңіл ме?”, “Қайнап тұрған су барлық уақытта ыстық па?” 
т.б. сұрақтарды пайдаландық. 
2.
 
Ұқсастық пен айырмашылықты таба білуге арналған сұрақтар. 
3.
 
Қойылған  мәселені  шешудің  әртүрлі  жолдарын  салмақтап,  тиімділігін 
салыстыруға арналған сұрақтар танымдық қызметтік белсенділігін туғызады
4.
 
Себеп-салдарлық байланыстарды табуға арналған сұрақтар. 
5.
 
Салыстыруға  арналған  есептер,  аяғына  дейін  шығарылмаған  есепті 
аяқтауға арналған тапсырмалар; 
6.
 
Басқа  бір  оқушының  жіберген  қатесін  тауып,  түзетуде  оқушының 
танымдық белсенділігін арттырады. 
Біздің зерттеулеріміз оқу мотивициясын туғызатын бұл тәсілдер әрі қарай 
ақыл-ой  қызметінің  тәсілдерімен  ұштасқан  (анализ,  синтез,  бақылау,  сипаттау, 
бастыны  бөліп  шығару,  салыстыру  т.б.)  жағдайда  ғана  ынта  ойлау  процесінің 
бастау  алатын  көзі  болып  қана  қоймай,  нәтиже  беретін  танымдық  қызметтің 
жүзеге асырылуына ықпал жасайтынын көрсетті. 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
93 
Ғылыми  зерттеулерде  оқу  мотивациясын  кез-келген  инновациялық  
әдістерді  сабаққа  пайдалану  туғызатынын  дәлелденген.  Бұл  әдістер  оқу 
процесіне  мұғалімнің  ұйымдастыруымен  берілсе  де,  оқушының  пікір-сайысқа, 
оқу  процесіне  белсене  араласуына  әсер  етіп,  ішкі  мотивациясының 
қалыптасуына үлкен әсер етеді. 
Бұл  ретте,  әсіресе,  танымдық  ойындардың,  рольдік  ойындардың,  ықпалы 
зор. Біз өз сабақтарымызда бұл ойындарды кеңінен пайдаланудың, соның ішінде 
физика  сабағы  үшін  ролі  зор  компьютерлік  имитациялық  модельдеу  тәсілін 
ерекше  атап  өткізгіміз  келеді.  Өйткені  жоғарыда  аталып  өткендей  сабаққа 
компьютерді  пайдалану,  танымдық  ойындар  әдістері  оқу  мотивициясын 
қалыптастырудың  өз  алдына  жеке  әдістері  ретінде  көрсетілсе,  компьютерлік 
имитациялық  модельдеуде  бұл  екі  әдіс  бірігіп,  қойылған  мақсатты  шешуге  зор 
ықпал  етеді.  Берілген  құбылыстың  өту  заңдылығын  математикалық  модельдеу 
арқылы,  компьютердің  конфункциональдық  дидактикалық  мүмкіндіктерін 
пайдаланудан  туған  компьютерлік  имитациялық  модельдер  тек  ынта  туғызып 
қана қоймай, оқушының ізденіс-зерттеу жұмыстарын жасауына қолайлы жағдай 
жасайды. 
Осындай  мультимедиялық  үйретуші  бағдарламаларды  пайдалану  арқылы 
физика  сабағының  көптеген  материалдарындағы  заңдылықтарды  дайын  ереже, 
формула  түрінде  емес,  ойын  түріндегі  ізденістің  нәтижесі  ретінде  қорытып 
шығаруға қол жеткізуге болады. Мысалы, горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған 
дененің  заңдылығын  сипаттайтын  формуланы  оқушылар  “зеңбірік  пен  нысана” 
атты ойын түріндегі имитициялық модельмен жұмыс істеу нәтижесінде қорытып 
шығады. 
Жоғарғы  сыныптардағы  физика  курсы  сабақтарында  виртуальды 
зертханаларды  пайдаланудың  да  орасан  зор  дидактикалық,  ынта  туғызушылық 
әсері  бар.  Мұндай  зертханалық  жұмыстарды  пайдаланып  кәдімгі    мектептің 
зертханалық  жағдайында  жүзеге  асыру  мүмкін  емес,  адам  денсаулығына  зиян 
құбылыстардың,  өте  шапшаң  немесе    өте  баяу  (ұзақ  жылдарға  созылатын) 
құбылыстардың заңдылықтарын  зерттеуге толық  мүмкіншілік  бар. Бұл,  әсіресе, 
жоғарғы  сынып  физика  курсында  оқытылатын  молекулалық,  атомдық  физика 
элементтерін оқытуда өте пайдалы. 
Біздің  зерттеу  жұмысымыз  оқу  мотивациясын  қалыптастыруда  оқыту 
әдістерімен  бірге  білім  мазмұнының  да  үлкен  әсері  бар  екенін  көрсетті.  Тек 
дайын  нәтижені  баяндауға  арналған,  орта  дәрежедегі  қабілеті  бар  оқушыға 
арналған  оқулықтар,  оқу  материалының  мазмұны  ынта  қалыптастыру  былай 
тұрсын, керісінше оқушыны жалықтырып, оның оқуға ұмтылысын басады. 
Бұл  проблеманы  оқу  материалы  мазмұнын  іріктеу,  құрастыруға 
қойылатын талаптарды толықтыру, жетілдіру арқылы шешуге болады. Мұнда біз 
негізінен  профессор  Ж.А.  Қараевтың  [6]  білім  мазмұнының  ізгілендіру 
принциптері  тұрғысынан  іріктеуге  арналған  тәсілдерін  пайдаландық. 
Эксперименттік  зерттеу  жұмыстары  біз  пайдаланған  деңгейлік  саралап  оқыту 
технологиясын жобалауға қажет: 
а) мазмұнды меңгеру деңгейлері үшін төрт деңгейлі етіп анықтаудың;  
ә)  мазмұн  анықтауда  компьютерлік  техниканың  дидактикалық 
мүмкіндіктерін ескерудің
б) ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескерудің; 
в) оқу материалына қатынасты тарихи фактілердің келтірілуінің оқушылардың 
физика  сабағына  деген  қызығушылығын  арттыратынын  көрсетті.  Жүргізілген 
теориялық  және  практикалық  зерттеулер,  сондай-ақ  бұл  талаптарға  қосымша  оқу 
материалын іріктеуге қажет төмендегі талаптардың тиімділігін көрсетті.  

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
94 
1.
 
Оқу материалына қолданбалы мазмұндағы тапсырмалар мен есептердің 
кіруі.  
2.
 
Білім  мазмұнына  қызғылықты  (занимательная)  мазмұндағы  оқу 
материалдарының кіруі.  
Оқушылардың 
мұндай 
мазмұндағы 
тапсырмаларды 
орындағанда 
жаттығулар  мен  есептерді  шығарғанда,  мәтінді  оқығанда  сабаққа  деген  ерекше 
құлшыныс танытатынын сабақ барысын бақылау нәтижелері көрсетті. Бұл ретте 
біз Я.И. Перельманның “Қызықты физика”, “Квант”, “Физика в школе”, “Зерде” 
т.б.  оқулыққа  қосымша  кітаптар  мен  әдістемелік  және  ғылми-көпшілік 
журналдарды пайдаландық. 
Қызғылықты  мазмұндағы  тапсырмалар  біз  пайдаланған  педагогикалық 
технологияның  барлық  меңгеру  деңгейлері  үшін  қолданылды.  Бұған  қосымша 
тапсырмалар кейде ойын түрінде: кроссворд (сөзтізбек), чайнворд, криптограмма 
т.б. түрлерде берілді. 
Мұнда  біз  оқушы  берілген  оқу  материалын  оқи  отыра,  өзіндік 
тапсырмаларды  орындай  отырып,  мазмұн  арқылы  “іштей  формада”  оқу 
мотивациясын өзі қалыптастыратынын байқадық. 
Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын,  шығармашылық  қабілетін 
дамытуға  арналған  және  осы  мәселеге  қатысты  шараларды  кешенді  шешетінін 
басты  дидактикалық  құрал  -  оқытудың  педагогикалық  технологиялары.  Бұл 
жерде  сөз  болып  отырған  оқытудың  педагогикалық  технологиясы  -  академик 
В.П.  Беспалько  тұжырымдаған  анықтама  мен  педагогикалық  технологияларға 
қойылатын  психологиялық,  педагогикалық  талаптар  негізінде  жасалған 
профессор  Ж.А.Қараевтың  деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясы  болып 
табылады  [6,  7].  Бұл  технология  өз  мәнінде  жұмыс  істеуі  үшін  педагогикалық 
жүйенің  кейбір  компоненттерін:  мақсат  қою,  мотивация  қалыптастыру,  оқу  іс-
әрекетін басқару мәселелерін тереңірек қарастыруды қажет етеді, сондықтан бұл 
мақала осы проблемаларды шешуге арналды
Аталған  педагогикалық  технология  біріншіден,  оқушының  өз  бетімен 
белсенді  танымдық  қызмет  істеуіне  және  соған  қажет  дағдыларды 
қалыптастыруына  бағытталып  құрылған  (технологияға  қойылатын  басты  4 
шартты қараңыз) [6]. 
Екіншіден,  оқу  материалының  қойылған  мақсаттар  таксономиясына 
байланысты  қарапайымнан  күрделіге  қарай  арнаулы  алгоритмге  сәйкес 
жүйеленіп 
берілуі 
даралап 
(индивидуализация) 
оқытуды 
саралап 
(дифференциация)  оқытумен  үйлестіріп,  әр  оқушының  қабілетіне  сай  білім 
алуына қамтамасыз етеді. 
Үшіншіден,  жоғарыда  аталып  өткендей  оқу  материалы  мазмұнын  іріктеп, 
пайдалану - оқу мотивациясын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.  
Қарастырылып 
отырылған 
педагогикалық 
технологияның 
басты 
ерекшелігі - педагогикалық квалиметрияның жетілген түрін пайдалануды қажет 
етеді.  Өкінішке  орай  қазіргі  дидактикадағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау  бір  жағынан  объективті  емес,  екінші  жағынан  дискретті,  яғни 
мониторинг  құру  мүмкін  емес,  үшіншіден  бағалау  -  жіберілген  қателігі  үшін 
сәйкесті жазалау түрінде болып отыр  ) [8]. 
Өз  мағынасы  жағынан  оқушылардың  танымдық  қызметінің  нәтижесін  
бағалау - оқушыны жаңа табыстарға жетелейтін, ынталандыратын құрал болуға 
тиісті.  Педагогикалық  жүйені  технологиялық  негізде  жобалау  бағалаудың 
объективті,  табысқа  жетелеуші,  итермелеуші  түрін  енгізуді  талап  ететінін 
жоғарыда  айттық.  Алайда  бұл  мәселені  шешу  оқу  мақсатын  диагностикалық 
түрде қойғанда ғана мүмкін. Ал бұл мақсаттардың иерархиялық тізбегін құруды, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
95 
соған сәйкес оқу материалын меңгеру деңгейлерін анықтауды талап етеді. Сонда 
ғана  білім  сапасын  қойылған  мақсаттың  алынған  нәтижеге  сәйкестілі  түрінде 
дәл, объективті сипаттауға болады. 
Бағалаудың айқын болуын сынып бөлмесінде ілулі тұратын оқушылардың 
оқу жетістігін белгілеп отыратын (әр деңгейдің тапсырмасын орындаған сайын) 
“айқын журналды” пайдалану қамтамасыз етеді. Өздік жұмыс сабағы үстінде әр 
оқушының  тапсырманы  орындау  қарқынына  сай  оның  жетістігін  бүкіл  сынып 
оқушылары  алдында  “айқын  журналға”  белгілеп  отыру  -  жарыс  ойыны  тәрізді 
жағдай туғызады. Оның үстіне бірінші деңгей тапсырмаларын орындай алмаған 
оқушыларға  баға  қойылмайды,  оның  өз  бетімен  қатесін  түзетіп,  орындауына, 
болмаса  (берілген  уақыт  таусылар  сәтте)  басқа  лидер  оқушының  көмегі 
ұсынылады.  Біздің  тәжірбиеміз  көрсеткендей,  көбіне  оқушылар  көмектен  бас 
тартып, өздері берілген “білу” деңгейі тапсырмаларын орындайды, өйткені оған 
бұл  кезде  дәстүрлі  жағдайдағыдай  түзетуге  келмейтін  “екілік”  бағасы  емес 
“сыналды”,  “сыналынбады”  белгісі  қойылады.  Біздің  бағалауға  және  оқушыны 
табысқа жетелеуге пайдаланатын “айқын журнал” мен “сыналды”, “сыналмады” 
белгісін қолдануымыз жаңашыл - педагог В.Ф. Шаталовтың бағалаудағы “ашық 
парақ”, “автомат - баға” тәсілдерін пайдалаумен үндес. В.Ф. Шаталовтың “ашық 
парағын”  ата-аналар да  қадағалап  отыратыны  тәрізді  “айқын журнал” және  сол 
арқылы  жасалған  оқушының  тоқсандық  даму  мониторингісмен  ата-аналар 
таныстырылып отырылады. 
Біздіңше 
педагогикалық 
технологияны 
енгізудің 
педагогикалық 
квалиметрияны  бұлайша  жаңартуды  талап  етуі  және  жаңа  квалиметриялық 
тәсілдерді  нәтижелі  практикаға  енгізуі  -  дидактикаға,  жалпы  алғанда  білім 
сапасын көтеруге арналған үлкен бетбұрыс деп санауға болады.  
Бұл  “табысқа  жетпеушілік”  синдромынан,  оқушылардың  сабаққа  деген 
ынтасыздығынан әр түрлі стресстерден құтылудың басты жолдарының бірі. 
Оқу  мотивациясын  қалыптастыруда  оқу  процесін  жүргізу  үшін  мектеп 
оқушыларына  қолайлы  жағдай  жасаудың  мәні  өте  зор.  Алайда  бұл  қолайлы 
жағдай  жасау  көп  факторларға  байланысты:  мектеп  ғимаратының  санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай болуы, сәйкесті материалдық-техникалық база: спорт 
зал, шеберхана, кітапхана, кабинеттер және олардың құралдары т.б. болуы шарт. 
Бұған  қосымша  қазір  педагогика  ғылымында  оқушы  мен  мұғалімнің  “субъект-
субъект”  тұрғыдағы  қарым-қатынасына  қолайлы  жағдай  жасайтын  (“комфорт” 
В.М.  Монаховты  қараңыз  [9],  “денсаулық  қорғаушы”  (здоровьесберегающая) 
педагогикалық технологиялары ұғымы қалыптасты. 
Жүргізілген  зерттеулер  біз  пайдаланған  деңгейлік  саралап  оқыту 
технологиясы  -  “денсаулық  қорғаушы”  технологиялардың  талаптарына  толық  
жауап беретіндігін дәлелдеді. Зерттеу міндетіне кірмегендіктен біз бұл мәселеге 
тоқталмаймыз. 
Республикамызда  ұсынылған  профессор  Ж.А.  Қараевтың  деңгейлік 
саралап  оқыту  технологиясын  барлық  пәнді  оқытуда  қолдануға  болады. 
Оқушылардың  білімін  тереңдету  мен  жүйеге  келтіру  технологиялық  процесс 
арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Бұл  технологиялық  процесті  іс  жүзінде 
«теориялық  биік  деңгейде»  жоғарыдан  құрып  беру  мүмкін  емес.  Білім  беру 
мазмұнының  педогогикалық  теориясын  оқу  процесі  барысында,  мұғалімнің 
күнделікті  сабақ  беруге  дайындығы  кезінде,  оқуға  қажетті  тақырыптың 
мазмұнын  анықтап  құруда  технологиялық  процеспен  ұштастыру  табиғи 
қажеттілік  болып  табылады.  Яғни,  оқу  процесінің  тиімділігі  мен  сапасы 
мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен амалдарына 
тікелей  байланысты.  Физика  пәнін  технологиялық  негізде  оқыту  процесін 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
96 
ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Оған  төмендегідей  ерекшеліктерді 
жатқызуға болады: 
Физикалық құбылыстарды, материяның әр түрде болатынын олардың бір – 
біріне өзара ықпалымен айналу процесін ұғыну үшін оқушылардан әртүрлі ойша 
елестетуді, зерделеуді, модельдеуді қажет етеді. Оқушының ойша елестете білуі 
олардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  дамуы.  Бұл  ерекшелік-  пәннің 
мазмұнына байланыстылығы. 
Физиканың 
басқа 
пәндерден 
ерекшелігі 
мұнда 
физикалық 
заңдылықтардың  модель  түрінде  берілуі  ж?не  әртүрлі  белгілеулері,  яғни 
формулалары,  графиктері,  диаграммалары  бар.  Бұл  оқушылардан  әртүрлі 
заттардың  белгілеуінен  нақты  өмірде  бар  түріне  көшуді,  керісінше  нақты 
заттардан суреттік белгілерге көшуді талап етеді. 
Оқушылардың  пәнге  деген  жоғарғы  сезімдік  қасиеттері  атап  айтсақ, 
белсенділігі, қызығушылығы, алдына қойған мақсатқа ұмтылғыштығы, өздігінен 
зерттеулер  жүргізіп,  тұжырымдай  және  өз  пікірін  айта  білуі  болып  табылады. 
Бұл  ерекшелік  пәнді  оқытуда,  әртүрлі  тәжірибелер  көрсетуде,  оқушылардың 
өздігінен бақылау жүргізгенде және практикалық жұмыстарды өздері жасағанда, 
өздігінен  іздену  барысында  көрінеді.  Мұғалім  оқушылармен  әртүрлі  өзіндік 
жұмыстарды  ұйымдастырғанда  осы  ерекшеліктерді  ескеруі  қажет.  Физикадан 
білім беруде төмендегідей негізгі міндеттерді қамтамасыз ету талап етіледі: 
Оқушылардың  жеке  басын  дамыту:  байқампаздығы,  өз  бетімен  білім  алу 
және  алған  білімдерін  қолдана  білуі,  физикалы?  құбылыстарды  бақылай  және 
түсіндіре білуі, оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту; 
Эксперименттік  фактілерді,  ұғымдарды,  заңдарды,  теорияларды,  физика 
ғылымының  өзіндік  әдіс-тәсілдерін,  дүниенің  қазіргі  ғылыми  бейнесін 
қалыптастыру,  бақыланатын  процесстерді  талдау  үшін  ғылыми  мағлұматтарды 
пайдалана білуi; 
Оқушыларда  эксперименттік  икемділікті  қалыптастыру,  құралдар  мен 
аспаптарды  пайдалана  білуі,  өлшеу  нәтижелерін  шығара  білу  және  тәжірибе 
мәліметтері  негізінде  қорытынды  жасай  білуі,  қауіпсіздік  техникасы  ережесін  
сақтай білуі; 
Физика  мен  техникаға  деген  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру, 
шығармашылық қабілетін дамыту
Мамандықты саналы таңдауына көмектесу. 
Оқушылардың  патриоттық  және  ұлттық  мақтаныш  сезімін  т?рбиелеу, 
адамгершілік тәрбие беру. 
Сонымен  бірге  білім  алудағы  маңызды  элементтердің  бірі  –  ғылыми 
ұғымдар жүйесін қалыптастыру. Физика заңдары мен теорияларды сапалы түрде 
меңгеру  үшін  олардың  арасындағы  байланысты  білдіретін  ұғымдарды  меңгеру 
керек.  Оқушылардың  ойлауын  дамытуда  ұғымдарды  қалыптастырудың  маңызы 
зор.  Ұғымдарды  меңгеру  үшін  оқушылардың  белсенді  таным  қызметі,  яғни 
оқушылардың  зейіні  мен  ойлауын  күшейтетін,  ынтасын  арттыратындай  өзіндік 
жұмыстар  жүйесін  ұйымдастыру  қажет.  Өзіндік  жұмыс  -  оқушылардың  оқу 
танымдық  іс-әрекетінің  формаларының  бірі.  Қазіргі  кезде  негізгі  талап  – 
оқушылардың белсенді іс – әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу 
болып табылады. 
Енді,  дамыту  ұғымына  тоқталатын  болсақ,  жалпылама  түрде  дамытудың 
өзі - организмге әсер ететін биологиялық процестер нәтижесінде және қоршаған 
әлеуметтік ортаның ықпалынан жеке тұлғадағы мінез-құлықтың, сонымен бірге, 
рухани күймен ішкі сезімнің уақыт ағымында өтетін өзгерістер жиынтығы болып 
табылады.  Бұл  процеске  байланысты  туындайтын  сұрақтар  өте  көп,  бұл  жерде 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
97 
физика сабағында оқушының өз бетімен ізденіп, дамуын қалыптастыру жөнінде 
тоқталамыз. 
Физиканы  оқыту  –  педагогикалық  процесс  болып,  оқыту  барысында 
оқушылар  мұғалімдер  басшылығымен  белгілі  жүйеге  түскен  ғылыми 
білімділігімен,  практикада  қолдану  үшін  ебдейліктер  мен  дағдыларға ие  болып, 
күнделікті  тұрмыс  тіршілікте  қолданылатын  техника  мен  приборларды 
қолдануды үйренеді. 
Физиканы  оқу  барысында  оқушылардың  ой-өрісінің  дамуы  олардың 
өздерінің  қаншылықты  жігерлі  ізденуіне  және  сабақ  беретін  мұғалімдердің 
оқытуды қаншалықты шебер ұйымдастырғанына байланысты. 
Егер  оқыту  барысында  оқушылар  айналасындағы  құбылыстарға  тікелей 
бақылау жұмысын жүргізбесе, өз беттерімен ешқандай қорытынды жасамаса, өз 
іс  -  әрекеттерін  тек  мұғалімнің  айтқандарын  тыңдаумен  тұйықтаса,  онда 
дамымайды.  Оқу  материалының  түйінді  мәселелерін  анықтауда  оқушылардың 
өздерін  қатыстыра  отырып  түсіндіру  тиімді.  Оқу  материалының  байланысын 
дұрыс  анықтап,  ол  туралы  тиісті  қорытынды  жасай  білу  керек.  Сонда  ғана 
оқушылардың  ойлау  жүйесін  дұрыс  дамытуға  болады.  Оқушылардың  өздігінен 
дамуын қалыптастыру үшін проблемалық жағдай жасау керек. Оған ең алдымен 
оқушыларды  физикалық  құбылыстарды,  зерттелетін  фактілерді,  олардың 
арасындағы сыртқы сәйкестікті теориялық тұрғыдан түсінуге ынталандыру. Бұл 
олардың  ізденіс  әрекетін  тудырады  да,  жаңа  білімді  белсенді  меңгеруге  
итермелейді.  Оқушылардың  проблемаларды  өздері  тұжырымдағаны  жөн. 
Сонымен  қатар,  мұғалім  оқушыларды  жаңа  фактілерді  алдын-ала  жалпылауға 
талпындыруы  қажет.  Оқушылар  өздері үшін  жаңа материалды  құрайтын кейбір 
эксперименттік  фактілерді,  физикалық  құбылыстарды  қарастырады.  Олардың 
өзгеше белгілерін өзара салыстырып, өзбеттерімен жалпылауға тапсырма алады. 
Білім берудің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге 
негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және 
бақылау  жұмыстарын,  сол  деңгейлік  жұмыстарға  сәйкесінше  талаптарды 
жетілдіру  көзделеген.  Осындай  деңгейлік  өзіндік  жұмыстар  арқылы  оқытудың 
педагогикалық  технологиясын  қолданып  физика  сабағында  оқушылардың 
шығармашылық қабілетін қалыптастыруға болады. 
Бірінші  деңгей  –  «үйренушілік».  Оқушылардың  жаңа  тақырыптан  алған 
білімдерін  бекіту  үшін,  еске  түсіріп,  қайталау  үшін  және  алған    білімдерін 
практикада қолдана білуге жаттықтырады. Мұнда заңдылықтардан, ережелерден
анықтамалардан,  формулалардан  хабардар  болу  қажет.  Берілген  есептермен 
тапсырмалар, өмірмен қоршаған ортамен байланыстырылған болу керек. Мұнда 
оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады. 
Екінші  деңгей  –  «алгоритмдік».  Мұнда  кері  байланысқан  функцияларды  
орындау  үшін  тексеру  тапсырмалары  іріленген  материалды  жүйеге  келтіруге, 
реттеуге  арналған    мазмұны  өзгертілген  жағдайдағы  тапсырмалар  беріледі. 
Сонымен  қатар  ұлттық  негізде  құрылған,  көбіне  танымдық  және  үйренушілік 
мәні  бар  тапсырмалар,  мысалы  сөзтізбектер,  ребустар,  ойлауға  арналған 
тапсырмалар беріледі. 
Үшінші  деңгей  –  «эвристикалық».  Оқушыларға  берілген  тапсырмалар 
танымдық  ізденіс  түрінде,  игерген  білімді  тереңдету  үшін,  әртүрлі  логикалық 
операцияларды  (анализ,  синтез,  салыстыруды)  керек  етеді.  Проблемалық 
жағдайларды  шешуе,  өздігінен  графиктерді,  диагррамаларды  құруға, 
формулаларды  қорытып  шығаруға,  лабораториялық  жұмыстарды  өз  бетімен 
жасауға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тәрбиеленеді.  

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
98 
Төртінші  деңгей  –  «шығармашылық».  Әрбір  тапсырманы  өз  бетімен 
түсініп,  талдай  отырып  орындау  ғылыми  шығармашылық  тұрғыдан  шағын 
зерттеу  жұмысын  жүргізіп,  «кішкентай»  жаңалық  ашқанмен  парапар.  Есеп 
шығару  барысында  ой-өрісінің  кеңи  түсіп,  негізгі  физикалық  заңдылықтарды 
тереңірек түсінуіне жол ашады. 
Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясында  оқушылардың  өз  бетімен 
орындауына  берілген  тапсырмалардың  мақсаттар  деңгейлеріне  сәйкес  бірте  - 
бірте күрделене түсуіне байланысты 1 -  деңгей жұмысын бастауға  түрткі болған 
ынта  (мотив)  кейінгі  деңгейлерде  тапсырмалардың  күрделенуіне  байланысты 
ойлау  қызметінің  тәсілдерін  қалыптастырады,  әлі  оларды  пайдалана  білуге 
үйретеді. Сөйтіп, психолог С.Л.Рубинштейн  тұжырымдағандай ойлау қызметіне 
кірісу  мотиві  танымдық  мотивтерге  ұласады.  Біз  оқу  мақсаттары 
таксономиясының    меңгеру,  білім  сапасы,  белсенділік,  білім  және  ынталар 
деңгейлерімен байланысы заңдылығын қарастырдық. Мысалы, “білу” мақсатына 
“үйренушілік”  меңгеру  деңгейі  сәйкес  келеді,  оқушының  білігі  үлгі  бойынша 
тапсырма орындау, қайталап айта білу, яғни стандартты жағдаяттарда танымдық 
қызмет  жасай  білуімен  сипатталады.  Бұл  деңгейдегі  білім  сапасын  - 
“дұрыстылықты”,  яғни  берілген  тапсырманы    үлгі  бойынша    дұрыс  орындауы 
анықтайды.  Оқу  мақсатының  бұл  деңгейіне  сәйкес  келетін  ынтаның  деңгейін 
психологтар  құлықсыздық  (индифферентность)  түрде  сипаттайды.  Бұл  ойлау 
қызметіне кіріспе сәт болғандықтан құлықсыздықты талпынысқа айналдыратын 
себеп, яғни педагогикалық жағдятқа сай түрткілер қажет. Жоғарыда біз мұндай 
түрткі  болар  тапсырмалар  мен  сұрақтардың  кейбіреулерін  келтірдік. 
Мақсатттармен  оған  сәйкес  меңгерудің  екінші  -  “алгоритмдік”  деңгейінен 
ынтаның  “жағдаяттық  қызығушылық  (ситуативный  интерес)”  деңгейі  сәйкес 
келеді.  Мұнда  танымдық  қызмет  оқушының  алған  білімін  кейбір  өзгерген 
жағдайда пайдалана білуімен, үлгіге ұқсас есептер шығара білуімен сипатталады. 
Жағдаяттық  қызығушылық  оқу  процесінің  кейбір  елең  еткізер  жағдаяттарына 
сәйкес пайда болатын мотивтер. 
Жағдаяттық  қызығушылық  меңгерудің  эвристикалық  деңгейінен  бастап 
тұрақты  қызығушылыққа  ұласады.  Бұған  білім  сапасының  “жүйелілік”, 
“саналылық”  көрсеткіштері  сәйкес  келеді.  Ендеше,  оқушыларда  тұрақты, 
орныққан  қызығушылық  қалыптастыру  үшін  оларды  меңгерудің  үшінші, 
эвристикалық  деңгейіне  жеткізуіне  талпынуымыз  қажет.  Эвристикалық 
деңгейден оқушыларға ішінара ізденіс, зерттеушілікті қажет ететін тапсырмалар 
жүйесі беріледі. 
Қойылған  мақсат  пен  меңгерудің  шығармашылық  деңгейіне  танымдық 
қызметке  деген  сұраныс,  қажеттілік  қалыптасқан  ынта  деңгейі  сәйкес  келеді. 
Мұнда  білім  сапасының  беріктігі  қалыптасады,  оқушының  танымдық  қызметі 
іздену, зерттеу, өз бетімен нақты шешім қабылдай білуімен сипатталады. 
Қорыта айтқанда, педагогикалық технологияны оқу процесіне пайдалану - 
оқу  мотивациясын  қалыптастырып,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттырып,  олардың  ізденіс  -  зерттеу  деңгейіндегі  шығармашылдық  қызметін 
жасауға  басты  себепші  екен.  Алайда  педагогикалық  технологияның  құру  - 
дәстүрлі жағдайдағы педагогикалық жүйені жетілдіруді қажет етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет