Әдебиеттер:
1. Богданов В.В. Семантико–синтаксическая организация предложения. –
Л.: Изд. Ленинградский университет, 1977. – 202 с.
2. Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. – М.: Изд. МГУ, 1992. – 110 с.
3. Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. – М.: Прогресс, 1988. – 656 с.
4. Нуршаихова Ж.А. Алгоритмизированный синтаксис. – Алматы: қазақ
университеті, 2002. – 294 с.
5. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. – Л.: Наука, 1984. – 136 с.
6. Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис /
Жауапты ред. Жанпейісов Е. – Астана, 2002. – 84 б.
7. Аханов К. Тіл білімі негіздері. – Алматы: Санат, 2003. – 496 б.
8. Оразов М. Семантика казахского глагола: автореф. дис. д-ра филол.
наук. – Алматы, 1983. – 45 с.
Мұсаева Г.Ә.
Функция языковых материалов (усвоение казахского языка)
В статье говорится о том, каким образом грамматический материал функционирует в
структуре предложения. Автор предлагает оригинальные пути усвоения языка инофоном через
моделирование простого предложения. При процессе усвоения структуры простого
предложения казахского языка, инофон может свободно работать со структурой предложения,
рассматривая его с функциональной позиций. Для этого каждое новое слово усваивается как
функционирующий член предложения, т.е. как синтаксема. Внимание слушателя, изучающего
казахского как иностранный, должно быть акцентировано на роли каждого нового слова в
комплексе, как члена предложения его связей с другими языковыми единицами.
Хабаршы
№1- 2015ж.
260
Ключевые
слова:
структурная
лингвистика,
усвоение
языка,
синтаксис,
моделирование, функциональная грамматика.
Musayeva G.А.
Functions of language materials (assimilation of kazakh language)
The article discusses the functions of grammatical material within the structural model
proposals, as well as comprehensive optimal ways of their assimilation in the study of language in the
foreign audience. In the process of mastering the structure of the simple sentence of the Kazakh
language inofon can freely work with a sentence structure, consider it from functional positions. For
this purpose each new word is acquired as the functioning sentence part, as syntaxeme. The attention
of the listener learning the Kazakh language as foreign has to be accented for roles of each new word
in a complex, as sentence part of its communications with other language units.
Keywords: structural linguistics, assimilation of language,
syntax, modeling,
functional
grammar.
ӘОЖ: 82’:821.111
Чечетко М.В. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Баяхатова С.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
(Орал қ., Қазақстан)
E-mail: saida_bayahatova@mail.ru
ДЖЕК ЛОНДОННЫҢ «ТЕҢІЗ ҚОРҚАУЫ» РОМАНЫНДАҒЫ
АДАМ ЖӘНЕ АСҚАН АДАМ (ҚОРҚАУ ЛАРСЕН НЕМЕСЕ
ХЭМФРИ ВАН-ВЕЙДЕН?)
Аннотация. Мақала Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» атты атақты романына, сондай
– ақ қазіргі күндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын альтруизм және дарашылдық
мәселесіне арналған.Автор идеясының әдеби нақтылы іске асуы мақалада анық көрсетілген
және кейіпкер мәселесі дәлелді түрде мұқият айқындалған.
Кілт сөздер: кейіпкер, адам, асқан адам, дарашылдық , ницшеаншылдық, күш, қарама –
қайшылық, философия, сезім, кейіп.
Әлем әдебиеті тарихында оқырманға айрықша ықпал ететін бірқатар
әдебиет суртешілері бар, олар романтика мен ерлікте оқырманның ішкі
қажеттілігін көрсету арқылы біздің рухани серіктерімізге айналады. Осындай
суретшілер бізді өз кітаптарымен ғана емес, жеке өмірлерімен де қызықтырады.
Байрон, Сент – Экзюпери, Хемингуэй сияқты бірқатар әдебиет суретшілері
қатарына Джек Лондонды да жатқызуға болады. Оның маңдайына тағдыр
небәрі қырық жыл ғана ғұмыр жазған. Сол қысқа ғұмырының шамамен алғанда
17 – 18 жылын таза шығармашылық жұмысқа арнаған ол артына алпыс томдық
мұра қалдырған. Оның өмірінің өзі кітаптары сияқты жарқын әрі еліктіргіш
болды. Білімінде ақаулар болғанына қармастан, ол өз бойынан оқымысты
адамның табиғи нышандарын сезінді. Ол штурман бөлмесіндегіден кем емес
білім әлемінде де жөн таба алды. Ең бірінші ол экономика атасы Адам Смиттен
бастады, ары қарай жылжи отырып Мальтусов, Рикарди, Джон Стюарт Милль
еңбектерін оқыды. Саяси ілімдермен танысуда Аристотельден бастады. Одан
Хабаршы
№1- 2015ж.
261
кейін Гиббон, Гоббс, Локк, Юм. Гегель, Кант, Беркли, Лейбниц секілді
философтардың еңбектерін зерттеді.
Джек Лондон шығармаларының оқиғалары негізінен барлық адамның аяғы
бірдей жете бермейтін, өркениетті ортадан алыс, табиғаты ерекше, жаратылысы
бөлек, өзгеше бір өңірлерде өтеді. Осы өзгеше өңірлерге өз еркімен, өз
қалауымен тап болған адамдардың ішкі – сыртқы бітім – болмысы да бөлек. Жер
түбіндегі меңіреу мекендерге аман-есен жетіп, иттің өзі итжандылықпен ғана
өмір сүре алатын ондай жерлерге шыдап – төзіп кетуге тек рухы өте күшті,
денсаулығы мықты, табанды да жігерлі, акылды да батыл жандар ғана қабілетті.
Мұндай жерде, мұндай жандардың іс – әрекетінде, әрине, адам сенгісіз жайлар
болмай тұрмайды. Автор Джек Лондонның өзі кез келген жазушының тыныс –
тіршілігіне ұқсамайтын романтикаға толы, тосын оқиғалы күндерді басынан
көбірек кешірген. Оның Терістіктен (Аляска), Түстіктен (Гавай, Сүлеймен
аралдары),
Теңізден
(Беринг
бұғазы,
Жапон
жағалаулары)
жазған
шығармаларының барлығында да көркемдік шындық автордың өзі көріп – білген
нақты өмір шындығы негізінде кестеленген.
Ницшеандық философия XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында
бір қатар американ жазушыларының дүниетанымының қалыптасуында маңызды
рөл атқарды, бұл қатарға Джек Лондонды да жатқызуға болады. Жазушы
көптеген философиялық ілімдерге, әсіресе позитивизм, ницшеаншылдық және
марксизмге қызықты. Джек Лондонның өмірбаянын жазушы Ирвинг Стоунның
ойынша, Г. Спенсер, К. Маркс және Ф. Ницше «оны ойлауға үйреткен»
философтар болып табылады [7, 92 б.].
Джек Лондонға ең көп әсер еткен – Фридирих Ницше. Ницшеден
екіжүзділік, өтірік, сыр, дін туралы ойларына дәлел тапты. «Асқан адам»
теориясын да Ницшеден тапты. «асқан адам» философиясы Джек Лондонға
жақын болды, өйткені ол өзін барлық қиыншылықтарға төтеп бере алатын асқан
адам, алып ретінде санады. Лондонның әлеуметтік көзқарастары американ
менталитетінің негізінде жатқан ұлттық дарашылдық тұжырымдамасына қарсы
келді, және оның көптеген шығармаларынан байқалды. «Асқан адам» мәселесін
Лондон өзінің «Солтүстік жорығы» және «Қар қызы» атты шығармаларында
қозғады. Алайда «Теңіз қорқауы» жазушының шығармашылығындағы жаңа
қадам болды. Бұл алдымен жазушының саналы дамуын көрсетеді [2, 76 б.].
Джек Лондонның шығармашылығы – XX ғасырдағы американ
әдебиетіндегі жарық әрі терең халықтық көріністердің бірі болды. Ол алуан түрлі
және оның новелла мен романдарының арасында теңіз тақырыбы айтарлықтай
маңызды орынды алады – өйткені жазушы жастық шағынан бастап өмірін
теңізбен байланыстырған. Оның «Теңіз қорқауы» романы америка әдебиетінің
жаңа кезеңіне айналды. Бұл роман автордың атағын одан сайын нығайта түсті.
Теңізшілер оқиғалары туралы бұл туындыны ағылшын және американ теңіз
романдарының дәстүрін жалғастырушы, тіпті «Робинзон Крузоға» сілтеу немесе
Браунинг, Мильтоне, Суинберн, Киплинг сияқты ағылшын жазушылары мен
ақындарын талқылау деп атауға болады. Дәстүрлі теңіз романдары секілді онда
да қатыгез капитан бар және онымен команда көтеріліс жасап жанжалдасады.
Романның шытырман оқиғалы желісі, әйелмен байланысты дәстүрлі жағдай
хикаяны романтизммен жақындастырады. Оның барлық басты кейіпкерлерінің
романтикалық белгілері бар, мысалы, Хэмфри Ван Вейден – баяндаушы,
джентльмен кодексін және романтикалық сезімдерді таратушы, немесе Мод
Брустер – «гүл», ақын, оның болмысы мүлдем бөлек. Романның ең басты
Хабаршы
№1- 2015ж.
262
кейіпкері капитан Ларсен, матростар арасында «Қорқау» атанып кеткен,
романтикалық қаскүнемнің ролін ойнайды.
Романның негізгі оқиғалары теңіз саяхаты ретінде өріс алады. Кеме –
адамзаттың кішкентай моделі. Және дәстүрлі теңіз қақтығысы бұл жерде тек
басқаша айтылып тұр, өйткені мәңгілік капитан мен команда арасындағы жанжал
– жай ғана фон. Романның түп негізі – өркениет пен өмірге икемділік арасындағы
ішкі философиялық жанжал. Ал ол дегеніміз Ницшеге тікелей жүгінушілік.
Романда автор күшке табыну мен бас июді сынға алады. Ол өзінің осы
туындысын «ницшеандық философияға шабуыл» деп айтқан. Дәл осы роман
американ әдебиетіне жаңа бағыт берді. Оқырмандар алғаш рет «Елес» бортында
болып жатқан Қорқау Ларсен мен Хэмфри Ван Вейден арасындағы күресті –
рухани және материалдық бастама арасындағы күресті бақылай отырып,әдемілік
сезіміндегі үрей мен қорқыныш араласқан әр түрлі сезімдерге ие бола алды.
Бұл романда жазушы алдымен Ницше ұстанымындағы адамдардың
шынайы бет – жүзін көрсетіп, күш – қуатқа табынуды әшкерелеп және сынауға
тырысады.Қорқау Ларсеннің кейпінде оқырмандар ницшеандық «асқан
адамның» жеркенішті жақтарын, оның
айуандық
қатыгездігін, құлықсыздығын
және тоқтаусыз өзімшілдігін көре алды.
Автор өз романының беттерінде оның көкейінде жүрген мәселелерді
шешеді. Сұрақтардың ең бастысы – бұл дарашылдық мәселесі, «асқан адам»
мәселесі. Бұл мәселені шешу үшін жазушы қарама – қайшылық түйіндерін
буады, өзін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында өз алдында
әр түрлі адамдарды тағдырларын мысалға ала отырып, оларды қақтығыстырады.
Осы «асқан адам» мәселесін шеші барысында ең маңызды нысан – ол романның
басты кейіпкері Вульф Ларсен.
Ларсен – романдағы айтарлықтай қиын кейіпкер. Автор оны былайша
суреттейді: His height was probably five feet ten inches, or ten and a half; but my first
impression, or feel of the man,was not of this, but of his strength. And yet, while he
was of massive build, with broad shoulders and deep chest, I could not characterize his
strength as massive. It was what might be termed a sinewy, knotty strength,of the kind
we ascribe to lean and wiry men, but which, in him, because of his heavy build,
partook more of the enlarged gorilla order. Not that in appearance he seemed in the
least gorilla – like. What I am striving to express is this strength itself, more as a thing
apart from his physical semblance. It was a strength we are wont to associate with
things primitive, with wild animals, and the creatures we imagine our tree – dwelling
prototypes to have been a strength savage, ferocious, alive in itself, the essence of life
in that it is the potencyofmotion,the elementalstuffitselfoutofwhichthe manyforms
oflife havebeenmoulded;in short, that whichwrithesin the bodyofasnakewhenthe headis
cutoff,and the snake, as asnake, is dead,orwhichlingers in the shapeless lump of turtle –
meat and recoils and quivers from the prod of a finger [8, 14 б.].
Лондон өз бағытымен ницшеандық кейіпкер нұсқасымен өз Ларсенін
өмірге әкеледі. Ницше «асқан адам» үстемдігін сұрлық, дағдылық, дара биліктен
айыру, өзінің өзіндігін жоғалтумен түсіндіреді. Ал Лондондық ницшеандық –
американдық кейіпкер, ол төменгі топтан шыққан адам, self – made man, өмірдік
күреске қарсы тұрған және соның арқасында өзіне деген сенімінғ өміршеңдігін,
күш – қуатын, өмірлік тұрақтығын сақтаған адам. Оның мәдениетпен
арақатынасы бейқам емес, ол барлық білімді өзі алып, өзінен өткізген десек те
болады, сол себепті олар кітаптардан оқылған пікірлер мен басқа адамдардың
пайымдарынан әлдеқайда терең әрі бірқилы. Ларсен күн астынан орын ала білді
– ол кеме жүргізудің керемет шебері, оны тіпті оған қарсы шыққандарда
Хабаршы
№1- 2015ж.
263
мойындады. Бірақ осындай күш қуаттың арқасында пайда болған күрес, жеңіс,
өмірлік күш оның бойында қатыгездік пен онымен күресе алмайтын, қоғамның
төменгі сатысында қалып қойған адамдарға деген жек көрушілікті дамытады.
Жазушының өзі де «Теңіз қорқауында» ницшеаншылдықты сынағанын айтқан.
Өмірінің соңында өз баспагеріне: «Білесіз бе, мен зияткерлік бағытта Ницше
қарсы болдым» деген.
Сөйтіп Ларсенның бойынан бір – біріне қарама – қайшы сипат белгілері
орын алған. Бір жағынан, ол жөнсіз қатыгез және адамгершілігі жоқ адам.
Алайда сол уақытта оның ой – өрісі жеткілікті деңгейде жоғары дамыған: ол
астрономия, физика, философия сынды ғылымдармен таныс. Бұл адамға адамды
өлтіре салу түкке тұрғысыз нәрсе, алайда ол поэзияны бағалай білетін адам, оны
бағалай алады, мысалы ол Броунингтың өлеңдерінен рахат алады.
Бұл адамның өмірлік философиясы қарапайым: өмір – бұл күрес, бұнда тек
күштілер ғана жеңіске жетеді. Осы қағидаттың арқасында Ларсен өз әрекеттерін
басшылыққа алады, осы қағидат бойынша өмір сүреді. Ларсен үшін аяушылық,
рақымшылық таныту деген сияқты қасиеттер мүлдем тән емес. Бұл адам ауыр
дертке шалдыққан кезде де өзгермейді, ол өлімнің келуін күтіп жатады. Ажалы
келіп тұрса да – ол сол баяғы дарашыл, қатыгез, қаһарлы, құлықсыз адам болып
қала береді.
«Теңіз қорқауында» автор өмірлік сынақтың арқасында алынған өмірлік іс
– тәжірибенің маңыздылығана көңіл бөледі. Бұл тақырып екінші басты кейіпкер
– Хэмфри Ван Вейден бейнесімен тікелей байланысты. Оның «Елеске» тап
болмастан бұрын қандай болғанын көрелік. Көз алдымызда шынайылықтан әрі
қарай алыста жатқан, әдеттегідей бөлмесінен шықпайтын оқымысты адам. Ол
өнерді сынай алатын қисыншыл адам десе де болады. Оның «Елеске» келуінің
өзі нағыз өмірлік мектеп болады. Жаңа өмірлік шарттар оны өмірге басқаша
қарауға үйретеді, оны жақсы түсінуге, жалпы айтқанда бұрын түсінбеген
нәрселерін түсінуге үйретеді. Оның өмір туралы бұрынғы қиялдары мен мінсіз
түсініктерінің бәрі артта қалады, себебі іс – тәжірибедегі сынаққа шыдамайды.
Оның қиялдары қатаң шынайылық әсерінен түтін сияқты ыдырап кетеді,
картадан жасалған үй секілді шашылып қалады. Олардың орнына шынайы
күнделікті тәжірибеге негізделген парасатты ой – пікірлер қалыптасады.
Роман бойына жазушы әдейі істегендей қайта – қайта Хэмфриды
«Ларсенмен» сынайды. Ол оны тек бір мақсат үшін – өзінің авторлық ұстанымын
оқырманға жеткізу үшін істейді: «Хэмфри автордың ойындағы адамгершілігі бар,
қорғаушы ретінде өз адамдық болмысын жоғалтпай, жігерлі еркек бола
бастайды» [4, 349 б.]. Кейіпкер өзінің есею барысында былай дейді: «Wolf
Larsen, in large doses, I murmured, before and after taking» [8, 226 б.]
Романның басынан бастап соңына дейін Ларсен Хэмфри Ван Вейденге көп
ықпалын тигізеді, бірақ Хэмфри Ван Вейден оның ізбасары болмайды. Ларсен
оған тек әлемді тану құралы ретінде болады. Бұл танысу Ван Вейденнің
адамгершілік көзқарастарының нығаюына септігін тигізеді. Нәтижесінде
оқырман қиындыққа мойымай, онымен күресіп, белсенді әрекет жасайтын
қаһарман Ван Вейденді көреді.
Хэмфри Ван Вейден – оқымысты, гуманист, білім алған, ақылды, ержүрек,
мейірімді, берік адамгершілік қағидаттары бар адам. Ол роман бойына өмірлік
бастамаларды бағындырады, оларға шыдап, Модтың махаббаты үшін Ларсенмен
күресте жеңіп шығады. Алайда осындай мінсіз адам ретінде Хэмфри өзін өзі
көреді, себебі барлық жағдайларды баяндайтын ол. Ол әрдайым тыңдап, бақылап
шешім шығарып жүрді: «SometimesI think WolfLarsenmad,or half – madatleast,
Хабаршы
№1- 2015ж.
264
whatof
his
strangemoodsandvagaries.AtothertimesItakehimfor
agreatman,
ageniuswhohasneverarrived. And, finally, Iamconvincedthatheistheperfecttype ofthe
primitiveman,bornathousand yearsorgenerationstoo late andananachronismin this
culminatingcenturyofcivilization.Heis certainlyanindividualist ofthe most pronounced
type. Notonly that, but he is very lonely»[8, 54 б.].
Оқырман романның бірінші бетінен бастап – ақ Хэмфри Ван Вейденмен
бірге кемеге тап болады және сол кемедегі ерекше бір әлемге сүңгиді. «Елесте»
үстемдік еткен, автордың бізге таныстырып отырған, әлемі – айрықша бір әлем,
капитан Ларсен бекіткен заңдармен өмір сүретін әлем. Біздің көз алдымызда
жаңа басталып келе жатқан дауыл аясындағы теңізшілердің абыржып түксиген
кейпі, Ларсенның Личке деген қатыгез жазасы, капитан көмекшісінің жаназасы –
осының бәрі кейіпкерге шынайы емес, қорқынышты бір сұмдық болып көрінеді.
Осылай жазушы бізді романның басынан бастап қатыгездік пен азап шегу
көрінісне бастайды. Оқырманды қайғылы жайттың басталуына дайындайтындай
күш – қуатқа толы сезім пайда болады. Әрбір бет сайын әрекеттің шиеленісуі
арта түседі. Роман әлде бір өліммен көмкерілгендей: ол көмекшінің өлімімен
басталып, капитанның өлімімен аяқталады. Оның байланысы – шытырман оқиға
мен апат. Ең басты қақтығыс – әртүрлі психологиялар мен философияның
соқтығысуы. Ол соққы – кезеңдермен дамып отырады: кейіпкерлердің жабайы
айуан күшімен кездесуі, қарама – қайшылықтар мен салыстырулардың көпшілігі,
Хэмфридің нағыз өмірмен танысуы, оның заңдылықтарына бейімделуі, әйел
махаббаты үшін екі еркектік пен қмірлік бастама арасындағы бақталастық.
Кездейсоқ жағдайлардың тоғысуынан бақталастық күшейіп, қақтығысты
шиелендіре түседі: барлық жыртқыш ларсендардың жиналуы, дауыл, басты
кейіпкерлердің қашуы. Содан соң игілі адамгершілігі бар кейіпкердердің
белсенді бастамалапының пісіп жетілуі, қаскүнемнің шіруі. Ақырында бақытты
финал – жағымды кейіпкердің өз қолымен жасаған қайықпен елсіз аралдан үлкен
өмірге қайта оралуы.
Көптеген американдық әдебиет сыншылары Ларсенның бейнесінде
ницшеандық «асқан адамды» көрді. Бірақ Джек Лондон бұл «асқан адамды»
дәріптемейді, қайта оны әшкерелейді. Өзінің 1915 жылы Мэри Остинге жазған
хатында ол былай дейді: «Бірнеше жыл бұрын, жазушылық өмірінің бас кезінде
Ницшемен және оның «асқан адам» теориясымен әуестендім. Оның бәрі «Теңіз
қорқауында» болатын. Қанша адам «Теңіз қоқауын» оқыса да, ешкім одан «асқан
адам» философиясына қарсы тұруды көре алмады.»
Жазушы өз кейіпкерінің алып күшіне қарамастан, оның дәрменсіздігін
көрсетеді. Автордың көзқарасы бойынша, оның негізгі мәселесі – оның «Мен»
түкпірінде тығылып жатқан дәрменсіздігі. Жазушы, капитан Ларсен бейнесінде
жүзеге асқан, дарашылдық күші мен қоғамдық бастама – оның тобы арасындағы
жанжалды бейнелейді.Ларсенның философиясы: күшті болу – ол жақсы, ал әлсіз
болу – ол жаман. Ол адамгершілік негіздерінен айырылған, құлықсыз, арсыз.
Капиталистік қоғам нормаларына сәйкес басқаларды билеп – төстеу және өзін
басқаларға жалмап алуға жол бермеу Ларсенның өмірлік заңы. Джек Лондон
оның мінез – құлқынан жабайы күш, өрескелдік, қатыгездікке ерекше көңіл
аударады. Бұл күшті және аяусыз адамның да өз жанды жері бар – ол оның
мәңгілік жалғыз болуы. Оның бойынан орасан зор мүмкіншіліктер мен
тоқтатылмас күш орын алған, алайда олар дұрыс қолданылмайды. Адам ретінде
ол бақытсыз. Ал оның философиясы өмірге қорқаудың көзімен қарау. Жазушы
ницшеаншылдықты әшкерелеп, оның адамзатқа әкелер зиянын көрсетеді.
Хабаршы
№1- 2015ж.
265
Негізінде Джек Лондонның романды жазудағы ниеті келесілермен
байланысты: дарашылдыққа қарым – қатынасы ретінде Қорқау Ларсен бейнесін
жасады, және, роман барысында Ларсен бейнесіне қарсы тұрған Хэмфри Ван
Вейден бейнесі. Джек Лондон өзінің кейіпкерлері Хэмфри Ван Вейден мен
Қорқау Ларсен арқасында, оның ойынша, адам қандай болу керек және болмау
керек екендігін көрсетуге тырысты. Ішкі қайшылықтарынан көңілі қобалжыған,
өз мәселелерін шеше алмайтын Қорқау Ларсен шектен тыс қызу, ашулы
сайтанға айналады. Оның қатаңдығы мен аяусыздығы – оның ішкі әлсіздігі мен
қорқынышын жасыратын жай ғана бетперде. Оның үзілді – кесілді өзін – өзі
құртуы дарашылдықтың қисынды нәтижесі болып табылады.
Романдағы авторлық ұстаным шекті анықтықпен айқындалады. Джек
Лондон, гуманист ретінде, Ларсенге адамға қас, ницшеаншылдықтың зиянды
болмысын білдірушісі ретінде айыптау үкімін шығарады [6, 131 б.].
Өзінің әдеби дарыны арқасында Джек Лондон әрбір бөлшекті егжей –
тегжейлі шебер суреттеп, бірегей психологиялық бейнелерге толы бай туындыны
жасады. «Романның құндылығы «асқан адаманың» даңқын шығаруда емес,
оның, яғни романның, өз ерекшеліктеріне лайық әдеби шынайы суреттелуінде:
дарашылдықпен, қатыгездікпен, жігерлілікпен» [6, 132 б.].
«Теңіз қорқауы» жарыққа шыққаннан кейін К.Ч.Терстон, Х.Кейн,
Ф.Марион Крофорд сияқты жазушалардың еңбектері секілді «бестселлерлер»
қатарынан орын алды. Роман тек ағылшын тілінде ғана емес, орыс және қазақ
тілдерінде де беделге ие болды. Өз кезегінде Д.М.Горфинкель, Л.В.Хвостенко,
Т.А.Озерская, З.Вершинина романды орыс тіліне аударса, 2012 жылы Дидахмет
Әшімханұлы қазақ тіліне аударды. Романның қазақша аудармасы Қазақстан
Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы
бойынша шығарылды. Бүгінде қазақ оқырмандары қорқау Ларсен басқарған
теңіз әлеміне саяхаттап, оның күші мен билігін сезіне отырып, ницшеандық
философияның негізін түсіне алады. Көптеген сыншылар оны Джек Лондонның
ең күшті әрі қуатты нәрсесі деп есептейді. Романды оқи бастаған оқырман
онымен қайта қайта сүйсінеді.
Джек Лондон туындылары тек Америка жұрты мен ағылшын ұлтының
олжасы болып қала бермей, күн өткен сайын бүкіл адамзаттың ортақ игілігіне
айнала бастаған. Ол өз шығармаларын ағылшын тілінде жазғанмен жүрек тілі –
барша адамға тән ортақ мақсат – мүддені, қуаныш пен қайғыны, арман мен
мұратты, махаббат пен сүйіспеншілікті жыр етті. Ақиқатты айтуға келгенде, ол
әділеттің жағына шығып отырды. Бәрінен де бізге қымбаты – Джек Лондон
еңбектеріндегі биік рух. Ол мейлі адамды, мейлі итті, қасқырды жазсын, бірінші
орынға алдымен рухты шығарады. Осы құдіретті күш оларды кез келген уақытта
кез келген тығырықтан алып та шығады. Демек Джек Лондонды әлем
әдебиетінде асқақ рух пен рухы мықты адамдардың жыршысы деп бағалау тегін
болмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |